Біздің өнімдер мен қызметтерімізбен таныс болыңыздар!

Алдыңғы постта біздің шеберханамызбен таныстырған едік. Міне, бүгін сол кішкене ғана шеберханамызда біз қандай ұлттық аспаптар жасайтынымыз және неге сіздер тапсырыс бере алатындарыңызды жазғымыз келіп отыр.



Суреттен көріп отырғандарыңыздай, жоғары сапалы барлық ұлттық музыкалық аспаптарды жасаймыз.

1. Қобыз -43900 тг

2. Нар қобыз тұғырымен — 116 900 тг

3. Балаларға арналған қобыз — 36 600 тг

4. Дауылпаз — 43 700 тг

5. Прима қобыз — 73 400 тг

6. Шіңкілдек — 29 900 тг

7. Ортеке — 29 200 тг

8. Жетіген — 102 200 тг

9. Сазсырнайлар — 5000 тг

10. Шабылған домбыра (қалақ) — 36 700 тг

11. Домбыра және жас ерекшелігінен қарай жасалынған домбыралар:
Балдырған (4-7 жастағы балаларға арналған) домбырасы- 10 000 тг **
Мұрагер (12-15 жас аралығы)- 15 000 тг **
Бойжеткен- Бозбала (15-17 жас аралығы) — 30 000 тг**
Сары- Арқа (стандарт) — 35 000 тг **

** — домбыраның бетіне тапсырыспен оюлау күрделілігіне байланысты

Әр бір бізде сатып алынған музыкалық аспапқа қосымша тиектері мен ішек бірге беріледі. Ал футляр, тұғыр, үкіс, бау жиынтығын да жеке тапсырыс беру арқылы алуға болады.

* — Егер біздің домбыралар сынып қалып немесе әлдебір зақым келіп жатса біздің өзімізге қайта әкелуіңізге болады. Бізден алынған домбыраларды қайтадан жасап береміз.

Ғаламарт орталығы ұлттық аспаптармен қатар мынандай өнімдерді де ұсынады:
Түрлі өлшемді мүсіндер
Портреттер
Кәдесый
Қабырғаға сурет салу
Үй интерьерінің дизайнын дайындау
Картина жазу
Фибробетоннан үйдің сыртын безендіру
Сәндік әшекей бұйымдар
Субұрқақтар (фонтандар)


Фирма өз өніміне мына талаптар бойынша жауап бере алады:
Домбыралардың бауыры жұмсақ
Үннің әдемілігі
Тербелісі ұзақ
Дыбысы таза камералық
Мойыны, шанағы ойнауға ыңғайлы
Тиектің өлшемге дәлдігі
Ішектің сапасының жоғарлығы
Аспап материялының жоғары сапалылығы
Тазалық
Сапа


"Ғаламарт" ЖШС нің музыкалық аспаптар бойынша
бас сарапшы Тұрдығұлов Жолаушы Әбілғазыұлы


***- Бізде арнайы жеңілдіктер қарасытырлған.

****- Қазіргі уақытта бізде акция жүріп жатыр, арнайы жеңілдетілген бағамен 20 қазанға дейін ала аласыз.
Бөлісу:

57 пікір

patick
Ғаламарт, ініме домбыра керек еді. Мен үшін арнайы жеңілдік жасайсың ба?
Galamart
келіңіз, жасаймыз
KILYZAMAN
Балдырған (4-7 жастағы балаларға арналған) домбырасы- 10 000 тг
— немереме алсам деп едім… Өзімде жоқ өнер мүмкін немереме жұғар деген мақсатпен. Ол болса
гипер белсенді
— атасының үн шығармай(келген қонаққа арналған) тыныш тұрған домбырасының шанағын толтырып тастап, кейін оны тзалау мақсатында түбіне жетіп еді:-)(әлі бар)!!!
Бұзығыма(қызығыма) алып берсем:
Егер біздің домбыралар сынып қалып немесе әлдебір зақым келіп жатса біздің өзімізге қайта әкелуіңізге болады. Бізден алынған домбыраларды қайтадан жасап береміз.
— ол қадіріне жеткенше мазаларыңызды алмаймынба деген мышықой мазамды алғаны :-)
Beytanis
Бағаларыңыз шарықтап тұр екен!!! Қарапайым халыққа қолжетімді емес.
Ottegin
Егер сапасы бағасына сай болса…
Шарықтап тұрғаны-көше бой сатылатын пирожки емес қой… Ал заттың бағасы кеткен еңбек пен шеберліктің ақысына сай болуы қажет.
Galamart
Қолыңызға түскен кез-келген арзан домбыраны алып келіңіз, айырмасын, сапасын айтып дәлелдеп береміз
Abilakim
Ғаламарт: Мына домбыраңызды біз бес мың деп бағалаймыз. Ағашы да нашар екен, дұрыс кептірмеген
Домбыра әкелген адам: Қойыңызшы, осыдан екі жыл бұрын Жолаушы ағадан 25 мыңға сатып алып ем…
Galamart
Жолаушы ағаның қолынан шыққан домбыраны бірден танимыз ғой, шәкірті болғасын. Сондықтан ондай келеңсіздіктер туындамайды деп ойлаймыз
izbasar
Жоқ бұл орташа баға. Құнын білген адам бірнеше мың долларға алады.
Beytanis
Ақиқаты, ақшасы бар адам десеңіз орныды болар.
satibaldi
Нар қобыз тұғырымен — 116 900 тг
Тек нарды алсам бола ма, жарты бағасына?
Zilola
домбыралар арзан екен, Шертерде кателеспесем 70 мыннан жаксы домбыра
Aizhantabyn
өте қымбат. Легче базардан балалайку купить… ұлттық дүниенің бәрі қымбат, Рымбаева дискі Пугачеванікінен қымбат, сол себеп легчу слушать, дешевле Пугачеву, қытайдың жаман киімі біздің жаман киімнен арзан, ал біздікі қымбат, сол қытайдың матасынан тігілсе де, не болмаса ұлттық әшекей, күмістен жасалған, бағасы удай, тап сол салмақтағы басқа сырға екі есе арзан. Будто, қазақша, ұлттық дүниеден басыңды аулақ ұста деген сияқты.
Мысал, дохлый көйлек, еще дохлее сәукеле (жай ғана матамен оралған конус) бағасы более чем 2000 доллар. Ни ручной работы, ни материи супепупер, просто ұлттық болған соң…
balzaminka
ras aitasn, Aizhan. Bizdn ulttyk onimder ote kymbat. Marketing durys kolga alynbagan. Mamanyn 70 jyldygyna norka wapan alyp bergimiz kelgen, 700 myn, sonda norkadan jasalgan bolsa eken 1 sari, bar bolgany jagasy norka, boldy. Delhide sapasy norma wubany 500 u.e-ge aluga bolady. Osydan kein kalai gana bizde sauda onsin.
Gastarbaiter
Қазір қайдам бұрын жасыл базар мен барахолкада сондай бұрыштар болатын, сапасы нашар арзандарынан бастап, қымбаттарына дейін барлық диапазон қамтылған болатын. Гитара іздеген кезімде көргем.
Мұндағы заттар шынында да қымбаттау сияқты.

Бірақ, Айжантабынның, бізде бәрі говно, ана жақта бәрі лучше дегені аз да болса асыра сілтеу дер едім.
Ол жақтың кейбір шеберлері жасаған инструменттерді ең бай модницаның бүкіл меховой трусыоларын сатып жіберсе де ақшасы жетпейді.
Ғаламарт уақытпен сыналған бренд болса, өнімдерін сатып алған адамдар музыкадан хабары бар авторитетті адамдар болса, және гарантиялар болса қымбат емес.
Страдивари мен Гварнерилерді тіпті ауызға да алмаймын.

Ал егер оның ешқайсысы жоқ болса, оңтүстік облыстарда бұлардан анағұрлым арзан алуға болады. 8-10 мыңға ойнап тұрған емес, күбірлеп адамның тілімен сөйлеп тұрған домбыраны алуға болады.
Aizhantabyn
қайда, анда, Гаста? Бәрі де бізде. Мен біздегі рынокты айтам. Кеше ғана ювелирка шарладым, ради праздного интереса, қалтамда көк тиын болмаса да. Сонда, ұлттық әшекей, өңір жиек, алқа, сырға, сақина (жүзік емес) бәрі 280 000 мың! Авторская работа емес, қымбат тасы да жоқ, кереметтей қол еңбегі, атақты ювелирдің туындысы, қайталанбас дүние емес. Штампованный әшекей, соның өзінде бағасы анау.
Мен үшін жоғарыдағы баға қымбат, Страдивариге жетіп алу да керек қой, шіркін…
satibaldi
Сіздің баклаваларыңыздан ақиқат бақырып жылап тұр!
ken
біздегі жұмыс күшінің қымбаттығынан ғой бұл
Zilola
демек жалакы коп соответственно
Aizhantabyn
жұмыс күші қымбат емес, жұмысты жасау үшін жұмсалатын материалдар қымбаттығы… мысалы, электричество, налоги, жылуды айтпағанда.
Бізде көйлек тігеді бір фирма, екі метр «дешевый» матадан ең оңай сарафанный фасон 15000 теңге, сондай көйлектерді Бишкектен алып келеді 3000 теңге, тап сондай жұмыс, тап сондай мата, бірақ бағасы екі түрлі.
Просто біздікілер «зажрались»)
Gastarbaiter
«Зажрались» деген түсінік жоқ маркетингте. Жұмысы өтіп жатыр ма, демек сұраныс бар. Сұраныс ұсынысты меңгеріп отырады.
tolagai
қалтамда көк тиын болмаса да
қалтаңда көк тиын болмаса, почему провоцируеш сатушыларды
бағасын сұрама. ол өзбек сенің қалтаңда көк тиын бар екен деп қымбатырак айтқан ғой,
Zere
Домбыра 10000 тг көлемінде екен ғой. Мысалы, әуесқой домбырашылар үшін нормальный баға сияқты. Ал қобыз дегендер жасалуында біраз шеберлікті қажет етеді сол үшін де бағасы сәйкес.
Ұлттық киімдер жайлы айтатын болсақ, олардың барлығының бағасы әркез қымбат болған. Өйткені қолмен жасалатын дүниелері көп. Сонымен қатар ұлттық киімдер бренд ретінде пайдаланылады, құны да сәйкес болу керек деп ойлаймын. Егер арзан-парзан дүниелер болса өз құнын түсіріп алады.
satibaldi
О, менің Ақзерем, ұлттық киімдерді қолмен тігудің орнына — конвейерлік өндіріс жолына қойғандары қашан! 24 000-ға алынған шапанды өз сәйкесінше мүшеммен көргенмін:
— Материалы суға түсіп кеткен мысықтың жүні сияқты, түктері сояу-сояу бов тұр;
— Ал ою-өрнегін — о, Аспан Әміршілері… оракалмен(!!!) жапсырған!!!
— Жіптерін жасырып тіге алмағасын, киімнің элементі сияқты көрсеткісі келіп, өнерлеп тіккен болған, бірақ тігістің дөрекілігі сонша — теріс киіп алған сияқты әсер аласың;

Очм шапан емес, аурухана халатымен граффитишілер жұмыс істеп кеткен сияқты.
Zere
: ) Мүмкін, енді ондайлары да болады мойындау керек.
satibaldi
«Ондай болады» деген — жекелеген көрініс деген сөз болар еді, ал мынау күнделікті көрініске айналып кетіп тұр ғой.
P.S. Плоттермен ою-өрнек кесіп берш деп келетін тігіншілер болмай ма Сіздерде?
Zere
Кездестірмеппін. )
satibaldi
Айтпақшы, оракал түсіп қалмасын деп: «Бұл — декоративный шапан, символический то есть, ну енД — біреудің иығына жабуға» деп сатад. Әйтпсе ана шапанмен тапырқтап билесең — клейі ажырап кетед!!!
Zere
Бәлкім иық жабу үшін ғана деп біз де маңыздылығын түсіріп алған шығармыз )
Aizhantabyn
маған папам он жасымда домбыра алып берген тап сол бағаға.))) мәселе, онда емес, мәселе ұлттық өнімге, ұлттық нақышты дүниеге бағаның ужас болуында. Мысалы, бір апайдың айлығы 24000 теңге, баласына домбыраны қалай алып бере алады? ол кісі үшін ол домбыра как для некоторых рояль «Штейнуэй энд санс»!!! Менімше, конвейрлі дүние, қарапайым халыққа қолжетімді болу керек. Ал нағыз «хэндмэйд» (атақты шебер болса) — мархабат, хоть за миллионы.
Gastarbaiter
қазір саған екі есе арзан бағаға сатса сатып алатын адам сияқты сөйлемеш
Gastarbaiter
Халаттардың қымбаттығын да ғаламарттың мойнына іліп жіберейін деп тұрсыз ғой
satibaldi
Ал нағыз «хэндмэйд» (атақты шебер болса) — мархабат,
хоть за миллионы
.
Өйдөйт, щас же может выложит!!! Нағыз еркек деп, міне — осы қызды айт!!!
Zere
Мен кішкентай кезде фортепианоға баруды армандадым. Бірақ ол кезде ата-анамда жағдайы болмады. Сөйтіп, ол арман орындалмай қалды. Ну и пусть, өлген жоқпыз. Сондықтан әр бала домбыра алу, не фортепиана алу деген міндет болу керек емес деп ойлаймын. Жалпы көрпеге қарап көсілу амалы.
satibaldi
Ну и пусть, өлген жоқпыз.
Керемет қорытынды
patick
Осылай әмбебап сөйлеуді қайдан үйретеді? Курстары қымбат па? Мекен жайын берші а?
Gastarbaiter
Тамашадағы кемпір шалдардың дандайсыған қалалық келіндері сияқты эталондық образ иә?
Galamart
Сіздің айтқаныңызды түсінеміз, базардағыдай қалай болса солай арзан, сапасыз өнім ұсынайық деп отырғанымыз жоқ, біздің мақсатымызда сол сапалы өнім ұсыну, әрине білесіз сапалы өнім бағасының әрқашанда жоғары тұратынын.
Gastarbaiter
Сорри, коммерциялывқ ұсыныстың төменгі бөлігін оқымаппын.
* — Егер біздің домбыралар сынып қалып немесе әлдебір зақым келіп жатса біздің өзімізге қайта әкелуіңізге болады. Бізден алынған домбыраларды қайтадан жасап береміз.

Домбыралардың бауыры жұмсақ
Үннің әдемілігі
Тербелісі ұзақ
Дыбысы таза камералық
Мойыны, шанағы ойнауға ыңғайлы
Тиектің өлшемге дәлдігі
Ішектің сапасының жоғарлығы
Аспап материялының жоғары сапалылығы
Тазалық
Сапа

Мынадай шарттартмен, 35-мың теңге жақсы именной домбыра үшін көп емес.
Galamart
Біз талаптардың бәрін орындауға тырысамыз, себебі бізге сапа маңызды!
a63a1
Жетігендерің арзандау екен
bekmur
bazardagy 10 myn tengelik dombyrany alyp bizge keliniz. sol jerde aiyrmashylygyn kozinizben korip oz baganyzdy beresiz!!!
Gastarbaiter
Нормально, қымбат емес деп ойлаймын.
Ешқайсысында ойнай алмаймын, әйтпесе алуға болар еді. Айтылғандар бойынша, инструменттеріңіз конвеерден шыққан бықсық емес, нағыз өнер туындылары екенін сезіп тұрмын.
Нағыз өнер сүйетін адам сапа үшін соңғы дамбалын шешіп береді.
satibaldi
Нағыз өнер сүйетін адам сапа үшін соңғы дамбалын шешіп береді.
Оның рас. Өзіңнің лыпасыз қалуға дайын бір екі-бұйымды айтсаңыз.
Мысалы мен нағыз «Шнапстың» дәмін қайта көру үшін, өзімдікімен қоса, төменгі балконда кептіруге жайылған көршісымақтың дамбалын да берер едім.
Gastarbaiter
Мен өзімді нағыз өнер сүйетін деп атай алмаймын. Бірақ қалтам көтеретін ұсыныс келсе, Джимми Хендрикстің гитаралары үшін сыпырып тастар едім, нәлеттің шүберегін.
e_zhalgas
хэндрикстің фанаттары бізде де бар екен ғо
Gastarbaiter
Бізің кім? Мен Космополитпін (әдемі сөз үшін Нұрберген Мақым мен Диогенге нақмет)!
e_zhalgas
керекшілерді айтам, жүктелме, артық пафоссыз айтып отырмын. менің тыңдағаным, ешкімге ұнамаған соң
Gastarbaiter
Көкөмді көргөндөй қуандұм деш
e_zhalgas
қуанышымды жасыра алар емеспін, ыңғайсызданбастан, осы туралы жаза беруге болад кен
JAKO
Ха-ха-ха өлтірдің.
saken
нағашыларымның ауылына бір шебер келеді екен көктемде. Домбыраларын арқалап. Көктемде 1 қозыға сатады екенде, бірақ күзде келіп алып кетемін дейді екен. Күзге дейін ана қозыларыңыз әжептәуір қойға айналады. Сөйтіп бір жазда біраз табысқа кенелетін көрінеді.
Gastarbaiter
клиент қалай тегін банк қызметін атқарғанын білмей қалады деш.
omarbirat
«Бір қозыға деп келіскен болатынбыз» деп, бір қозы ұстатып жіберген ешкім болмағаны ма?
JAKO
Күзде қайдан қозы тапсын,қой беріп құтылғанына қуанар.
Abilakim
Жолаушы ағамыздың жасаған домбыраларынан кемшілік табу қиын шығар. Шәкірттеріне де өз ісінің бүге-шігесін үйреткен болар. Домбыралардың бағасы қымбат та емес, арзан да емес