Тілдер мерекесі қазақтың жоғын жоқтадыма?

1989 жылы тіл туралы заң қаылданған еді алғаш рет. Өкінішке орай... Бүгін ел болып тілдер мерекесін тойлатып жатыр. Естуімше Көкшеде тіл көсегесін көгертеміз деп тіл жанашырлары терлеп жатқан көрінеді.

Тілдер мерекесі қазақтың жоғын жоқтадыма?

Бөлісу:

41 пікір

omarbirat
Мереке мен жоқтау — екеуі қалай сыйысатынын меңгере алмаспын бұл қу пәниде.
izbasar
Біреу мәз мейрам. Біреу түгендеп жанын жейді. Не істейсің омарбырат!
asaubota
сұраққа қарап жауабы белгілі болып тұрған сияқты ма, қалай?
VKM
Аэропортта, регистрация өткеннен кейін отыратын бөлмеде бір әңгіменің куәсі болдым. Бір қазақ әйел мен орыс жігіт қазақ тілі туралы сөйлесіп отыр екен. Неге орыс тілін рсми тіл қылып қалдырмайды?Қазақ тілін үйрететін дұрыс методика да жоқ деп. Жыным келіп, сұрадым: қай курсқа,қанша уақыт барып, тіл үйрене алмадыңдар деп.Бірдеме-бірдеме деді. Сендерге 1991 жылдан бері уақыт берілді,үйренбеген өздерің кінәлі. Америкаға барып, орысша сөйлемейсіңдер ғой. Үйреніңдер, тіл білген өздеріңе жақсы дедім.Ұнамаса, ешкім ешкімді ұстап тұрған жоқ десем: біз осында тудық, біз неге кетуіміз керек дейді. Онда жаттаңдар дедім.Сол кезде посадкаға шақырды. Әйтпегенде рукопашныйға кетқалайын деп тұр еді… хехе)))
Janasil
Ертең солар алда-жалда соғыс болса шет елге бірінші болып қашып кетеді.
satibaldi
Болмаса да тайып тұрып жатыр ғой сәл жағдай нашарласа.
Zilola
казекемдер де кашады
, оны ендi орыстарга телу дурыс емес
Janasil
Бұл жерде тек орыстар деп түсінбеңіз.
satibaldi
Сендерге 1991 жылдан бері уақыт берілді,үйренбеген өздерің кінәлі.
Осы фразаңыздан соң Реввоенкомның Үкімін оқып, екеуін табанда атып тастағаныңызда, елде тілге деген жаңа бетбұрыс басталатын еді.
Janasil
Сол мезетте 7 арна түсіріп тұрса.
VKM
Кімде мылтық бар еді?
kyshkentay
Орыстарға тиіспей, өзіміздің жағдайымызды дүзеп алу керек біріншіден: «Неге Қазақстанда қазақ қазақша сөйлемейді?»

Ал орыстарға келетін болсақ, олардың ішінде балаларынның болашағын ойлайтын қазақ тілі тегін сабақтарына апарып жүр. Ал біздің шалақазағымыз осылай өмір бойы қазіргідей «лафа» болады деп ойлайды. Біріншіден заң жоқ, екіншіден мотивация жоқ, мұқтаждық жоқ қазақ тілін үйренуге. Ұлтшылықты сақтап қалуды, намысты айтпағанда, адам болам, жақсы денгейде өмір сүрем десен — онын бәрі орысша-ағылшынша сөйлесіп, жазып, оқып, тындап информацияны алуға болады.Тіпті шет елде де білім алып, сонда жұмыс жасап, отбасын құрып,өмірдің соңына дейін паспортта ұлтың қазақ болса да, Қазақстанға еш қатысын болмай тұруға болады.
Соңдықтан 20 жыл бойы тіліміздің жағдайы мәз емес. Біздің ұлтымыздың басқа елдерге еліктеумізбең бара-бара қазақ елі тұралы баяғыда тұрған данозаврлар секілді энциклопедиядан окитын боламыз.
Ал қазіргі таңда, жұрттың барлығын өтірік «для галочки» жаттанды концерт қойғызып, "ұлтымыз қайда, көрсетейік!" деп керек емес той тойланып жатыр. Показуха! жыным келеді!
Осы әрекеттер меніңше іш-құрылысы ауратың аурудың үстін йод пен жаққандай секілді. Зияны жоқ, бірақ ауруы асқынып адамды жайлап өлтіреді. Біз де солай.
Заң керек! Заңсыз мемлекет болмайды. Жақсы, басқа ұлтты ренжітпейік — өз тілдерінде сөйлей берсін. Бірақ қазақ Қазақстанда қазақша сөйлеп,өкып, радиосың тыңдап (түнде емес, күндіз), баласың оқытып, жұмыс істеп, барлық қызметтер қазақ тілің қолданып көрсетілу керек. Ал біздер ше: 22 қыркүйек деп алтыбақан ойнап жүрміз! Дұрыс болыпты! Осылай қазақ боламыз десе жоғардағы пиджактар — флаг им в руки!
Тақырыптан бөлек, менің пікірімді оқып толып тұрған грамматикалық қателерден шошып жатырған шығарсыз. Сол үшін кешірімді сұраймын — орысша оқығанмын, бірақ өзімнін ұлтыма қатты жаным ашыйды үндемей шыдай алмаймын.
satibaldi
Пікірдің демеушісі: Көвәрів technologies.
kyshkentay
түсінбедім, менің қателеріме күліп жатырсыз ба?
я тут о наболевшем — жаль что что Вы увидели лишь грамматику…
Орысша сөйлейтіндер, орыс тілінде ойлайтындар қазақтар қазақша сайттарға қосылғанына құанудын орынына, сіз мені мазақ қылып жатырсыз.
Я думаю так: человек не выбирает в какой семье и где ему родиться. РОдился, воспитали — а оказывается тут у государства независимость, стране нужно вернуть свое лицо, свою нацию. Понимаешь что это трудно в 30лет перестроить свое мышление на казахский, но необходимо для нации в первую очередь — и стараешься, с ошибками, но стараешься. И детей отдаешь в казахскую школу, садик, стараешься говорить по-казахски, а тут на тебе — ха! ха! ха!
Просто Вам повезло родиться в казахском ауле (сохранить речь традиции), повзрослеть в независимом Казахстане — вот вроде у вас все правильно! остальные "қазақша оқымайтын еріншектер, тапаншамен ату керек!". А остальные как раз таки дети советских городских родителей с русскоязычным образованием. И их вины в этом нету! это все результат политики 70 летней давности!
meirzhan
Грамматикаға байланысты емес, ол көвәрів яғни, көбәріп дейді. пікірде әріптің көп екен айтты. много букаф деген сияқты, көбәріп.
сізге ешкім күлген жоқ. Грамматика дұр-дұрыс.
kyshkentay
Олай болса, кешірімді сұраймын, бірақ жалпы осы проблеманы көптен айтыйын деп едім. satibaldi -ның жаман ойы болмаса да, жалпы халықта осындай ой бар шалақазақтар туралы.
meirzhan
иә, тығындар ағытылғанға ұқсайды.
satibaldi
satibaldi -ның жаман ойы болмаса да,
Неменеге менде жаман ой жоқ екен? Немене, мен тоқалдан туыппын ба, әлде мешіт тұрған көшеде мысық зорлап жатқанда қоға түсіп пе едік?
Менің ойым тіпті жаман: шалақазақтарды атып қана қоймай, дарға асып, кейде суға тұншықтырып тұру керек деп есептеймін.
Araylim
Не деген мейірімзіздік! Ортамыздын толғанына қуанып, адамды тартудың орнына, сіз ол адамнын бетін кері қайтарғаныңыз жөн болмады мырза!
satibaldi
Хороший мәңгүрт — мертвый мәңгүрт.
e_zhalgas
 
айтысқа кірісіп кеткеніңе қарағанда, өзіңнің троллің болды ғой
qisyq
Хороший мәңгүрт — мертвый мәңгүрт.
шешес уішівөл, Сатыбалды
kyshkentay
ДДааа!!! әнгімеміз осындай сөзге әкеледі деп ойламаппын!
Біреу айтқандай: ең мықты қорғаныс — бұл шабуыл.Сізде солай үріпқоятын шығарсыз.
e_zhalgas
ол өзінің жаман бола алатынын да дәлелдеп отыр  көңіл бөлме!

пы.сы. тақырып тапталып кеткен… оны аяқ астынан шығарып, күмілжіген иісімен ортаға қайта тастай салғанына қарағанда, сезондық нәрсе боп отырғаны ғой. мен жазба жайлы айтып отырмын, пікір туралы емес.
izbasar
Шала қазақ деген жаңа тап па әлде жүзбе. Қазақ мейлі ақазақ, мейлі шала болсын қазақ. Тек…
Gastarbaiter
Кішеке (сізді осылай атасам ренжімессіз, ник таңдаған өзіңіз) тым жақсы қазақша сөйлей алатыныңызды алдыңғы комменттеріңізден көрдік, так шо неча прибеднятся
Таза қазақша жазуға тырыссаңыз, білмейтін сөздеріңізді сөздіктен қарап дегендей, біраз сөздер үйреніп қаласыз.
Қаладағылар орысша сөйлейтін отбасында туды, немесе сондай ортада өсті, орысша оқыды. Ал менің олай жолым болмады.
Мен де кішкентайымнан қазақ мектебінде оқысам да, оңтүстіктің қазақи ауылында тусам да орыс кітаптарын оқып, өзімше орыс тілінің әдебиетін қалдырмай оқып, үлкен қалаға келдім, бәрібір «мәмбет» болдым. Ешбір шалақазақ маған, "өй, мынау қазақ Қазақстанда тұрса да, біз сияқты орысша сөйлеуге тырысып жүр ғой, осыны бағалайық!" деп айтпады. Ешкім маған «осы ауылбай орысша біледі екен» деп қалалықтардың алдында бонус бермеді. Менен қанша күш жұмсайтынымды емес, қанша іс бітіре алатынымды сұрады. Мен оған түсіністікпен қарадым.
Сіз де шалақазақтардың қазақ тілін үйренудегі ерен еңбегін елемеді, мотивация жасамады, патшаға қарағандай қарамады деп ренжімеңіз. Біз шыдадық. Сіз де шыдаңыз.
Терпи-терпи Маша, коза будет наша!
Onlasyn
Понимаешь что это трудно в 30лет перестроить свое мышление на казахский
Осындайларды естігенде Энгельстің 15 тіл білгені ертегі ма деп қалам
direct
Бұл мереке кімнің несін жоқтағаны түгіл, бұл мерекенің бар екенін бүгін ыРадиодан естіп қалдым. Сондықтан білмейді екем, бұл мереке не жоқтап жүргенін.
izbasar
Әй көке тіл мерекесі. Мен үшін ол қазақтың тілін жоқтау керек еді. Сен не ойлайсың?
meirzhan
Әлемде тағы қай елде мемлекеттік тіл күні бар екен. Өз елінде өгейдің күнін кешкен қайран тілім-ай.
KILYZAMAN
**************************************************************************************************************************** — осы бір көп сөздің(мімкін сөйлем) аясына бір көңілшек досымның — «Аллам сақтаған екен........» -деген пиғылы АРХАЙЗМнің кезегін күтіп тұрған сияқты. @satipaldi «Дәруішөлген» мемлекетінің қисық тұяғы ретінде дәруіштердің өлмейтін ұрпағының келешегіне не КЕРЕК деп тауып едің? Бағасын айтшы…
meirzhan
Бағасын айтар едім. Тек мына сөздеріңізді біреу тәржімалап берсе.
KILYZAMAN
Көңілшек пиғылымыздан тіліміздің тапқан дерті ғой Меке, айтайын дегенім. Ылғи жұлдызшада тұрғаны Тілімізгедеген қарғыс емес алғыс(ашынғаннан ұшынғаным болмаса)…
Бағасын айтар едім. Тек мына сөздеріңізді біреу тәржімалап берсе.
— ыммен түсінуді Ниндзялар бабаларымыздан үйренгені жайлы дерек таппай әлекпін…
boztorgai
үйдің жаманын қонағы билейді

түрікпен төрін бермес
бомаса төрге өзі жайғасывалатын арабтардікі дұрыс

бабаларымыз көзіне де ілмеген әлдебіреулердің аузымызға шөп өлшеп алып отырғаны батады
Janasil
Кезінде Бауыржан атамыз "Індемесең басқа шығып кетеді!" — деп әлдекімге ашуланып жатқан баласына, «Оған ол кінәлі емес. Басың шығуға ыңғайлы, өзің кінәлісің» деген екен.
balzaminka
halyk, osy tirlik uyat emes pe?

El kurauwy ultpyz, 1ak soite otyra ogei baladan kem sezinbeimiz ozimizdi, tilimizdi jetimsiretti deimz, ozimiz goi sony tusirip otyrgan. Jetim boldy demei uly til dep nege PR-lamaska? Adamnyn kabyldauyn da oilau kerek koi, jetim boldy dep jylai bergen tildi kim kurmettesin, ayauwylyk kana tuady. Al, uly, ademi, keremet, bai til dep aitkanda kurmet tuady, kuanyw tuady osyndai kudyretti til bilem degen. Wyny kerek songy uakyttagy makalalardy okyp tilge bailanysty kandai biwara til edin degen oi kelp jur. Bul oi ana tilin suietin, kasterleitn, kurmetteitn menin basyma kelgende ozge kisiler ne oilamai jatr deisz goi. Kandai narseni bolsa da adam psihologyasn eskere otyryp jasau kerek dep oilaimyn, eger ana tilimizdi kurmettesin desek aldymen ozimiz jetim til degendi dogaruymyz kerek.
Aqiqat
Жазуыңыз орынды. Бұл пікіріңізбен таласудың өзі ақымақтық.

Бірақ, мен келгеннен-ақ, сходу қазақша айтқанда айтқан көзі қарақты ауыл азаматтары: Бұяхта көтриоттық тақырыптар өтпейді деп. Себеп сонда болар
balzaminka
osy jerdin leksikonymen aitkanda til takyrybyn at kylyp minip, sut kylyp iwip otyrgandarga bagyttalgan, sondai-ak Meirzhan sekildi kairan tilim-ai degen kisilerge
Beytanis
Кім не десе о десін, ұлтым қазақ, конституциялық құқығымды пайдалана отырып қазақша сөйлеймін. Осы қағида дұрыс. Әр адам өзіне жауап беруі керек, бала-шағаларыңның тілін қазақша шығарыңдар, жегжат-жұрағаттарыңа осыны «жұқтырыңдар». Қазақшаны бір адамдай білетіндер шағын блогтарына: «в7 привет», «отошел» демей, «бәріңе сәлем!», т.т. деп жазсаңдар қылмыс емес қой. Әйтпесе, небір грек, орыс, татарлармен қазақша сөйлесіп жүрмін ғой, ешбірі қабақ шытпайды.