Құдай жынды қылмасын...

«Жазым болса быламыққа тіс сынар» деген бар емес пе? Бүгін сол мақалдың дәмін сездім. Тісім сынбасада, тіс тазалау үстінде көзім жетті. Басынан бастайыншы…
Бүгін таңертең жұмысқа тұру үшін, кеше кешке 23.00ден аса бере жатқам ғой. Содан, қалта телефонымның оятқышы белгілі уақытта оятты. Ұйқылы-ояу жүріп, тісімді жумақ болдым. Тіс пастасын алып тісімді ысып жатқам.Шамалыдан соң қан аралас көпіріктердің тамып жатқанын байқадым. Қызыл еттің қанауы дегенде білем, дәл бұлай қанамайтын тісімнің еті. Аузым аши бастады, кәдімгідей ашып ауырды. Аузымды сумен шайып жатырмын, қан тоқтайтын түрі жоқ. Не керек, тіс щеткамды шайып орнына қояйын десем… Тіс щеткасы дегенім сақал қыратын станогым!
Суретке сілтеме
Бөлісу:

23 пікір

a63a1
Абеке байқамайсызба, шөткемен сақалқырғышты шатастырып көзіңізге не көрініп жүр сонша?
a63a1
сақал қырғыш ауыз қуысыңызға қалай сиып кеткен?
KILYZAMAN
Сақалыңды бояп жібердің ғой, бояушы деген сайын Әбекесі… Бір күні, «Ершпен тазалаптым» — деген әңгіме жазып жүрмесең болды
qisyq
Қателеспесем, бұл Әбіләкімнің "Өтірік әңгімелер" сериясынан. Сондықтан жазғырудың қажеті жоқ деп ойлаймын.
KILYZAMAN
Сериясы жайлы штрих кодта(ілмекте) ештеңе таппаған соң ғой…
Abilakim
ілмегімнің түбіне терең бойла…
KILYZAMAN
«Сірә, көзден кетейін десем керек» — дегеннен басқа не қалды?...(Түзетулер жайлы ақпар болғанда ғой)
satibaldi
Көпті көрген қария басыңызбен қызбалыққа салынсаңыз, басқаларға не жорық?
Abilakim
Шлемафон киіп отырған адамдар үшін, ілмектер арасына "өтірік әңгіме" ілмегін қостым
KILYZAMAN
Қашан қостың?
Abilakim
Бүгін, сағат 10:07 кезінде
KILYZAMAN
Қанша қырың болса да, бір сырлылығыңды көрсеттің ей! Жарайсың. РАХМЕТ! Бәсе, «көзден кетсем не боламын» — деген сарыуайым жиди бастап еді миымда :-)
Abilakim
көзден кетсеңіз құлақтың амандығын тілеп отырар едіңіз деп ойлаймын)))Әрине, ондайдан барлығымызды аулақ қылсын
bazuka
мынауың ваще енді, жұртты құрттын ғо)))
сақал қырғыш ауыз қуысыңызға қалай сиып кеткен?

))))))))))))))))))
Abilakim
мен былай жоғарыдан төмен қарай ысам ше)))
bazuka
))))))))) хе хе көз алдыма елестетіп отырым
өтірік әңгімелер қауымдастығың құрып қой інішек. кісілердің шығармаларын оқиық)))
Abilakim
інішегіңіз не? інішегіңіздің сізді түртіп ойнауға ниеті бар)))
bazuka
інішек бұзық болма)))
serjan
Өтіріктің өзіне сенбе, ебіне сен.
Gulistan
Әбеке, мынаны оқым, денем дір етті...өтірік болса да… Не деген қатал едіңіз!
Abilakim
Оданша «крем для бритья» мен тісімді жудым деуім керек еді,ә
Abilakim
Дәрігердің мені қалай сүндетке отырғызғаны туралы жазғанымда, дәрігерде қатал демегендер мына жердегі өтірікке неге сонша шүйлікті. сүндет жайлы әңгімедегі қан шын қан ғой қанша дегенмен))))