Рауан туралы

Атлетико Минейро осы жылы құрамын күшейтуде сәтті қадамдар жасады. Клуб президенті Александр Калил мен директоры Эдуардо Малуф тәжірибелі, әрі талантты ойыншыларды команда сапына шақыруда аз тер төкпеді. Мысалы, Ришалисон, Гильерме, Дуду Сеаренсе, Патрик, Леонардо Силва, Торо, Каио және Андре сынды ойыншылар «Қораздар» сапын толықтырды. Солардың ішінде жанкүйерлерге таныс емес дарынды жас ойыншы да бар. Ол – Рауан Сариев, клубтың жастар құрамасына келген 17 жасар жас шабуылшы. Еуропа мен Азияның арасында жатқан алып ел Қазақстанда туылған шабуылшы туралы мағұлмат бере кетсек. Саша Барон Коэннің персонажы Бораттан кейін Қазақтар туралы Бразилияда мұншалықты қызығушылық тумаған болатын.
Рауан «Атлетико Минейро» сапына бір ай бұрын қосылды. Ол екі ел арасында болған келісім шарттың нәтижесінде Бразилияда екі жылдан бері жаттығып жүр. Жаттықтырушы Диего Гиакомини футболшының әлеуеті жоғары екендігін байқады.
 Мен Рауанның бойынан қайталанбас дарынды байқадым. Ол шабуылды өте жақсы аяқтайды. Осынысы бізге қатты ұнады. Рауан екі аяғымен де қатты, әрі нық тебе алады. Оның фундаменті жақсы қаланған. Әрине, болашақта оның басқа да техникалық мүмкіндіктерін өсіруге тиістіміз, сонда да техникасы жақсы деңгейде.
Рауан күннен күнге өсіп келеді. Ол Бразилияға келген кезде үлкен клубтарда өнер көрсету арманы ғана болатын. «Минейроға» ауысуымен оның үлкен футболдағы карерасы басталды.
 Мен «Атлетико Минейроға» ауысқаныма өте қуаныштымын. Бұл жаққа келместен бұрын мен Сант-Паулда болдым. Мен бұл жерге бой үйрете алдым. Мен шабуылшымын және болуға тиістімін,  дейді португал тілінде таза сөйлеп.
Рауанға «Минейро» сапында тер төгіп жүрген Даниель Карвальо ұнайды. «Мені Карвальоның өнері қатты қызықтырады. Қазақстанға ол «ЦСКА» сапында жүрген кезінен танымал» дейді Рауан. Ол ата-анасы, бауырларымен телефон, немесе скайп арқылы хабарласып отырады. «Атлетико Минейро» сапындағы жастар бір-біріне тез бауыр баса алды.
 Бізде австралиялықтар, кореялықтар, бразилиялықтар және басқа елдерден де жастар бар. Солардың барлығы дерлік Рауанмен жақсы сөйлеседі және бәрі өздерінің салт-дәстүрлері туралы әңгіме шертеді. Олардың барлығы Рауанды жақсы көреді және ол команда ішінде жақсы беделге ие. Бұл болашақ футболышының бойынан табылатын жақсы қасиет.
Дереккөз: globoesporte.globo.com/futebol/times/atletico-mg/noticia/2011/08/de-borat-rauan-galo-aposta-em-jovem-revelacao-do-cazaquistao.html
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше