Рауан туралы

Атлетико Минейро осы жылы құрамын күшейтуде сәтті қадамдар жасады. Клуб президенті Александр Калил мен директоры Эдуардо Малуф тәжірибелі, әрі талантты ойыншыларды команда сапына шақыруда аз тер төкпеді. Мысалы, Ришалисон, Гильерме, Дуду Сеаренсе, Патрик, Леонардо Силва, Торо, Каио және Андре сынды ойыншылар «Қораздар» сапын толықтырды. Солардың ішінде жанкүйерлерге таныс емес дарынды жас ойыншы да бар. Ол – Рауан Сариев, клубтың жастар құрамасына келген 17 жасар жас шабуылшы. Еуропа мен Азияның арасында жатқан алып ел Қазақстанда туылған шабуылшы туралы мағұлмат бере кетсек. Саша Барон Коэннің персонажы Бораттан кейін Қазақтар туралы Бразилияда мұншалықты қызығушылық тумаған болатын.
Әрі қарай

Рауан Сариев "Атлетико Минейро" клубында ойнайды


Бүгін қолыма түскен Литерді оқып отырып көзіме бір таныс фамилия шалынып қалды. Өткенде ғана Админ твиттері туралы жазған Рауан Сариев Бразилияның «Атлетико Минейро» клубымен құны 1 млн.евролық келісім-шартқа қол қойыпты. Келісім -шарт мерізімі 3 жыл. Газетте Рауанның Алматы облысының Крупское ауылынан екендігі, кішкентайынан әкесінің баулуымен футболшы болуды мақсат тұтқаны жазылыпты.Уаууу деп өзім келісім-шартқа отырғандай қуандым.Сәттілік Рауан!

Айтпақшы бұл келісім-шарт туралы ескі ақпарат болуы да мүмкін. Бірақ өз басым бүгін оқыдым. Мүмкін мен сиқты оқымағандар бар шығар. Сол үшін бөлісуді жөн көрдім.
Әрі қарай

Ең мағыналы Твиттер

  • KazNET
Твиттер қолдануды қойып кеткем. Себебі саясатшылардың құсықтары, типа қазақ рухты, патриот шалаорыстардың маразмдары, акциялары, «данышпандардың» ақылды сөздері, мен сияқты сілтеме лақтырушылардың сілтемелері, жеке хабарлама бар екенін біле тұра публик твиттер лақтыратындардың диалогтары… Обшым бұл құсықтан қаштым.
Әрі қарай