Ұмыта алмадым бірақ

Жүзіңе байланған жанарым,
Өгей қып тастады бәрін.
Ертеңге мен жалғыз барамын,
Болмайсың бәрібір жарым.

Жаныңды жегідей жеген,
Білемін бір мұңың ерек.
… жауабын сұрама менен,
Жауабы: «Адасу керек».

Өртеніп жүрсің-ау жалғыз,
Жұптасып жатқанмен түнде.
Біреуге біз бәлкім жармыз,
Енді сен табалап күлме.

Жалғанның Ақылы Ұзын,
Ақынның Пайымы тым ТАР.
Жүректен өткізіп:
Сезімнің СЫЗЫН,
Таппадым, жамылғы қымтар.

Көзімен қарасам Ойдың,
Өткенді ұмыту Оңай.
Жолдары Тағдырдың ойдым,
Әй, қойшы… бәрі де солай…

Өткенім расымен құнды,
Жүрсем де өзіңнен жырақ.
Еңсере алсам да мұңды,
Ұмыта алмадым бірақ…
Бөлісу:

29 пікір

Gastarbaiter
Рахмет. Неге соңғы өлең?
Aqiqat
Түсінгенім, авторды қызы лақтырып кеткен бе?
Gastarbaiter
Сенде түсінік деген нәрсе бар ма ед өзі?
Aqiqat
Өзіңді шексіз жақс көресің ғой дим а?
Gastarbaiter
Былай байқалмай ма не?
Aqiqat
Соныңды өзіңде сақтасаң деймін де.
Gastarbaiter
Қойш.
dauren85
Өлең біреудікі ғой екеуіңе не жетпей қалды?
kuniqumar
нең бар? енді енді бықсып тұтанғалы тұрған отқа қайта май тамызудың орнына, не жетпейді дегенің не?
dauren85
Айтысып,қырқыспасандар іштерін пысады ма?
Gastarbaiter

Ақиқатты дебатқа шақырамын, қасына тағы бір екі адамды ертіп әкелсе де болады.
Aqiqat
Дебаттан қашпаймын. Бірдеме жазсам, түк қиянаты жоқ пікірлерді де жабылып минустап тастайсыңдар. Кім жасайтынын білмеймін, рухани урод біреулер кім болса да. Қолдарың талмаса сала беріңдер, просто, солардың кесірінен сайтта 3 рет жазу құқығынан айырылдым. Ешкімде өшім жоқ, айтатындарына жекеде жаздым. Мына жақта жасап жатқандарың (минустап) ішітардың ісі.
Gastarbaiter
Жылауықтығың үшін, өзіңе өзің аушылық талап еткенің үшін мә тағы да минус.
Gastarbaiter
Плюс қойыппын байқамай. Хершірім өтінемін. Сен жазу құқығынан айырылсаң, менің ішім пысар еді.
Tabigat
Іштерің пысып қапты иә, әбден)))
zarema84
Табиғаттың өзімен жеке, қалай сөйлесуге болвды екен а?
Beytanis
Бетпақ далаға шығып үш рет «Табиғат» деп айқайласаң жетіп келеді!!!
VKM
Табиғаттың өлеңдерінде ылғи кворум)))
satibaldi
Сен сияқты көңілжықпастардың пікірлерінің кесірінен макулатура көбейе беред.
VKM
басталды… в деревне утро ) Кісі «Керекті» сағынып келсе,өстіп тиісе береді екен, бақшада пісетін жеміс ағай))))
Gastarbaiter
Бақшада пісетін қандай тағы қандай жемістерді білесіз?
VKM
Сіз сатыпалды ма едіңіз?
Gastarbaiter
Неге олай сұрадыңыз?
VKM
келесің біраз)))
Gastarbaiter
Жоқ. Ол менің кумирім. Одан үйренгенім көп болса да. Мен олай жаза алмаймын.
Tabigat
Әйт, шу, шабыңдар)))
Beytanis
Бәттібай, атшабыс басталып кеткен бе, не? уәқәқәқәқәқә
izbasar
қарайсың, не пайда. Ере алмайсың тек көз ал көңілдеше…