Алматыда журналистер мен блогерларға арналған Media Open Air өтеді.



Алматылық блогшылар мен журналистерге арналған хабарландыру оқып, өздеріңмен бөлісуді жөн көрдім.

Осы сенбі күні, яғни қыркүйектің 24-інде масс-медиа мен бизнес өкілдеріне арналған ойын-сауық шарасы өтеді. Шара Media Open Air'11 дейтін жаңа ақпараттық маусымның басталуына орай ұйымдастырылып отыр дейді. Басы-қасында жүргендер «Ренессанс» PR-агенттігі екен.

Күні ұзаққа созылатын шара кезінде табиғат аясында түрлі ойындар ойнауға болады, байқауларға қатысуға болады немесе түскі асқа тойып алып қыдырамын десеңіз де Өзіңіз білесіз 

Әрі жаңа таныстар табуға да мүмкіндік туып тұр екен.

Ұйымдастырушылар шараға белді қоғамдық-саяси және іскери басылымдардың журналистері, танымал блогерларды, жаңа медиада жүрген жандарды және "Қазбанкрот", «Тетра Пак», «Procter&Gamble» компанияларының өкілдерін шақырып отырмыз дейді.

Журналистердің жиналатын уақыты: 24 қыркүйек 2011 ж. 10:00

Журналистердің жиналатын жері: Достық д-лы, Құрманғазы к-сінің қиылысы («Ри-о-Ри» дүкенінің жаны)

Шараның өтетін жері: орман шаруашылығының далашығы (Медеу шатқалындағы экобекеттен жоғары)

Шараның өту уақыты: 10.30 — 17.00

Media Open Air’11-ға қатысамын десеңіз жұма күнгі (23 қыркүйек) сағат 12.00-ден қалмай келесі адамға хабарлаңыз: Анна Грибанова, PR-жобалардың менеджері +7 (727) 267 78 38, +7 777 369 32 62, a.gribanova@rns.kz

Менің бару-бармауым белгісіз болып тұр. Сенбі күні қолы бос блогшылар, журналистер жиналып барып қайтсаңыздар болады.
Бөлісу:

13 пікір

qisyq
Ертерек берген дұрыс шығар заявканы. Нақты қанша адам алатыны белгісіз, бірақ, ертерек хабарласқандар проблемаға жолықпайды деп ойлаймын.
e_zhalgas
тегін жерден қалыппыз ба?  көңілді кампания жиналса, барайық… барғысы келгендер, қол көтерсін
madlen
Сосын жазарсың қалай болғанын… Ренессанстың іс-шаралары қалай өтетеіні қызық боп тұр маған.
asaubota
бізде Астанада рахат, дым болмайды. өзіңмен өзің жүресің өзіңді бір жерге баруға міндеттемей
balzaminka
bizde de kop narseler bar goi

Mysalyga, ar jeksenbide azangylyk uakytta parkte estafeta bolp turady, Saken murajainda tegin koncertter, muzakademiada organ koncerti tegin, ulttyk kitaphanada da waralar bolp turady, jastarga pohod degen siyakty oindar bar barin umytyp otrmyn, 1ak waralar jetkilikti

Aitpakwy, astanalyktar, ippodromga nege baryp kormeisnder? Unaitynyna senimim kamil, baryp korsenderwi

Avtordan kewirim suraimyn, Almatyga ew katysy jok Astanany jazp ketippn
Aqiqat
Баратын кісіге Астанада көп қой. Мысалы, Digital Communications Kazakhstan 2011
asaubota
Министрлік ұйымдастыратын шаралар көп, оларға барғым келмейді. отчет үшін ғой көбісі.
Aikona
Мен осы басқа план боп қалған кезде осында бірдеңкелер болады екен ((…
KILYZAMAN
… Көрсетілген телефонмен әңгіме орысша жүрді:
Жиылыстың мақсаты — демалу??? Тек өзіңді ертіп барсаң болды аталған жерге.
Әрі қарай автобустан бастап түгелі өздерінен.
Сөйлесе келе демалыстыңда мақсаты бар емес пе, деген сұраққа «Командо образующие игры журналистов» — дегенді айтты…
Арекеңнің
Министрлік ұйымдастыратын шаралар көп
-дегені расау өзі…
Tarazkyzy
Барып көруге болатын сияқты а
ushkin
көп болып жиналып барсаң қызыыыыыыыыық шы )