Шешендерді іріктеу: 8-ші билет кімге бұйырады?



Сонымен бізде ширек финалда 7 анықталған ойыншы бар. 8-ші дебатерді анықтаудың жолы былай болмақ:

1) Үміткерлеріміз төменде берілген 4 пікірдің бірін таңдап, соны жақтайтын/даттайтын жазбасын маған жеке хат қылып 19-Қыркүйек (дүйсенбі), сағат 10-00-ге дейін жібереді. Жазба мейілінше ықшам, әрі түсінікті болғаны жөн. Сондықтан қатысушылар асықпай, дұрыстап, қатесіз, ойланып жазғандары дұрыс. Екінші шанс болмайды.
2) Мен оларды нөмірлеп осы жерге қоямын. Ал көрермендер қай үміткердің посты ең үздік екенін таңдайды.
3) Сол пікірдің иесі 8-ші ойыншы болып, ширек финалда бақ сынайды. Қалғандары… қалғандары көрермендерге қосылып, келесі айналымды тамашалайды.
4) Жеңімпазға ақша, мал, ед/бірлік тігем, демеушілік білдірем деушілер болса, алғысымыз шексіз!

Үміткерлер:

1) 19852407 — Гульфайрус, ия, ия әлгі Сатыбалдының үнемі тілге тиек ететін, Гүлфайрусы Кез келгенімен, кез-келген тақырыпта гладиаторларша шапылдасуға дайындығын білдіруде.
Мейлің теріске, мейлің оңға шығару керек болса да, аргумент пен айғақтарын аямайтынын білдіруде.

2) nurbergen_makym — Нұрберген Мақым. Пәтақтың Сарысынан тәлім алған қас шешен, колумнист, Дәруішөлген автономиясына шектеусіз визасы бар. Ең оқибельді блогерлердің бір. Әділетсіз мынау қу пәниге кейде налып ішіп, тышып, құсып кеткісі келетін қараиық ахун.

3)Qojeke — Қожеке Қарасақалдың сақалын бірталдап жұлмақшы болған бейпіл ауыз. Шымкент туралы жазбаларымен біраз Шымкенттіктерді тролльдеп, түртпектеп, жындарын ояттып, ақыры «жерлес» амиголары оны айқыш ағашқа минуспен шегелеп, керіп тастады. Қайта тірілді. Реинкарнацияға ұшырап айтысқа қатысуға ниет білдірді. Қолын қақпайық.

4)know_how88 — Дастан. Тіркеле сала Gastarbaiter- дің арзан күлкісін сынға алып, Абайдың қарасөзімен шабуыл жасаған, қайтпас-қайсар сөзуарлықтан үміт күттіретін жас жаңа жігіт. Саусақтары қышып, шайқасқа сұранып-ақ тұр.

Датталатын/жақталатын тақырыптар:

1) Мемлекет өнерге ақша бөлмеуі керек!
2) Қиын жағдайға түскен адам ешкімге керек емес!
3) Мода және сән ағымдарына бағыну бос тірлік!
4) Ақымақтардың жолы болғыш

4 тақырып, 4 үміткер, 4 пікір, жалғыз орын. Ол орын кімге тиер екен? Тәліптің алдын бағайық!
Бөлісу:

64 пікір

Gastarbaiter
Талқылаңдар, сұрақ қойыңдар.
TERISKEY
Қожекеден өзгесі жеңсе, бірлік тігем
Gastarbaiter
Ой, бәрекелді қанша тігесің?
TERISKEY
2000!
AKY
Мынадай пікірлерге бәс тіккенше, келесі айналымға алып қалғаның жүн секілді.
TERISKEY
Гаста брат айтсын төрелігін. Өзім айта алмаған болғасын, тым болмаса, «сен тұр, мен атайындардың» өнеріне тәнті болғандықтың белгісі болғай.
Qojeke
Шымшкеттіктердің әңгімесі осы на, араға жік салу, бөліну дегендер осы шымкенттіктердің ауыздарынан шығады.
Сенің қалтаңа ауырлық түспес үшін барынша жеңіп шығуға тырысамын, ДоS!
TERISKEY
муахахахаха! Әзіл ғой, смай тұр ғой, дегенмен өзіңді көрсетіп, жеңіп шығуыңа тілектеспін!
Qojeke
Канешні тілектес боласың! Өйткені қалтаңда жоқ екі мың теңгені тігіп қойдың басқалар үшін. Мен жеңсем, өзіңде қалады
TERISKEY
көп сөйлемей, айтатыныңа дайындал, амиго
sammita
көп сөйлемей
өміріңде айтқан қатты сөзің осы болар сірә
2000 долл. аз емес, аз емес
JAKO
Әрине тілектес боласың, бірлігің қалтаңда талтаңдайды.
Zilola
Шымкенттiк болмасам да, мына пiкiрiн тиiп кеттi. Жер мен улт маселесiн абайлап котерген дурыс.
Qojeke
Зилога ӘПШЕ, неге алдыңғы пікір тиіп кетпеді? Маған тиіп кетті ше.
Zilola
улт пен жер туралы ма ол пiкiр?
араларында болган тусiнiспеушiлiк маган неге тию керек?
жауап жазып такырыпты таптамайык.
Qojeke
Әркімнің ойын құпия шығаратын болғаның дұрыс бопты. Менің атыма бола осындағы аға жауларым жолымды кесулері ықтимал һәм мүмкін.
Gastarbaiter
Шағымдана берме, өз басым жексұрындарды жақсы көрем. Олардан не күтуге болатынын білесің дә
Gastarbaiter
1-үміткер пікірін жіберіп үлгерді, қалғандарымыз да асығайық.
satibaldi
Кез келгенімен, кез-келген тақырыпта гладиаторларша
Дұрысы — «гладиаторшаларша».
Шынымен, қорқынышты қыз, өзіңді басжіверетін сияқты әсер қалдырады…
Gastarbaiter
Пысықсымаш нақ, төбелескің келіп отыр ма?
Qojeke
Фасс, айтақ, Ақтөс! Шап, шап!
Qojeke
Ауылдағы шопанның сөзі еді на.
19852407
не нақ, ағашка, пыртензияң бар ма, шығып кетцей қора жаққа…
Qojeke
Екіаяқтылар, @TERISKEY-дің өкінішіне орай, мен мына айтыстан шет қалуға мәжбүрмін. Уақыт тапшы болып, ми ашып, басқа да істеріме уақыт таппай жатырмын. Сәттілік.

@TERISKEY, ренжімесей, д0с. Кетсе 2000 теңге кетіпті.
Gastarbaiter
Үміткерлеріміз төменде берілген 4 пікірдің бірін таңдап, соны жақтайтын/даттайтын жазбасын маған жеке хат қылып 19-Қыркүйек (дүйсенбі), сағат 10-00-ге дейін жіберетінін ескерте кетейін.
Gastarbaiter
1-ші пікірші "Қиын жағдайға түскен адам ешкімге керек емес!" деген пікірде
Ия. Өкінішке орай, қазіргі келбетіміздің ащы шындығы бұл. Басына бұлт үйіріліп, қиыншылық жағдайға түскен жанның қасына барып, қолдау көрсетіп, сүйеніш болған адамды көрмейсің қазіргі таңда.
Аш пәледен қаш пәлі дейді бәрі де. Неге үй демеске?!.. Қиыншылығы басынан артқан, шарасыз, күйсіз адамға жақын барса оған қол үшін беріп, көмек көрсету керек, ақшасын шығындап, уақытын жұмсап, күшін кетіріп, талай эмоция, нервісінен айырылу керек. Мұның бәрі өз басында қайғысы жоқ адамға не керек. Бар нәрсенің құны ақшамен есептелетін заматта босқа шығындалып неее қажеті бар?
Әдемі сөйлеп не керек? Мойындау қажет… Заманымыз сұрқия… Сұрқия болмаса мынау суреттерді мен қиялдан, ойдан салып отырмын ба?..

Бұл баланың жағдайы біздің басымызға кіріп те шықпайды…


Сөзімнің түйіні ретінде есіме түсіп отырған бір анекдотты айтайын…
Бір күні Рим папасының хәлі мүшкілдеп, ауыр жағдайға тап болады. Бүкіл ел жиналып, оның үйінің алаңына келіп, балконының астында тұрады. Бәрі де Папаның амандығын тілеп, өзара күбірлесіп, жанашырлықтарын білдіріп жатады. Сол кезде Папаның қасындағы күтуші дәрігер балконға шығып:
-Халайық! Папаны аман алып қалудың бір жолы бар. Оның жүрегін ауыстыру керек. Кім өз жүрегін беруге әзір?-деп сұрайды.
Сонда жиылған жұрттың бәрі:
-Мен!, Мен!, Мен! беремін деп таласа бастайды.
Дәрігер:
-Қуаныштымын! Бірақ, бәріңнің бірдей жүректеріңді ала алмаймын ғой. Қазір құстың қауырсынын ұшырамын. Ол кімнің басына барып қонса, соның бақыты жанып, үлкен жақсылық істеуге шынысы пайда болып, Папаға көмектесе алады.-дейді де қауырсынды төмен қарай ұшырып жібереді.
Одан кейінгі картина — жұрттың бәрі:
-Үфффф-деп үрлеп тұр! )))…
Қысқасы… Аман болайын өзім. Басқаның жағдайы піштууу…
AKY
Түкке тұрмайтын пікір. Қарсы дауыс берем.
meirzhan
Аргумент те бар. Әнек те бар. Суретпен бейнелеу де бар. Дайындық жақсы. Жауапкершілікті подход та жоқ емес.
Болашақта сөзбен де, мысал-әнектермен де, суреттермен де атайын деп тұр.
Сен тұр мен атайын дегені осы.
AKY
Әнек те бар.
Құсық әнек
Суретпен бейнелеу де бар.
Орысша боянн демотиваторлар, оның үстіне кілең жоқшылық пен аштыққа байланысты. Қиыншылық тек сонымен шектелмейтін шығар.
Қарсымын, келесі айналымға өтпесін!
Zilola
о, сіңілім саған қосыламын!
AKY
Қосыл, қосыла түс! Минуста ана пікірді аямай
meirzhan
Сені қатыстыру керек еді негізі.
мен өз пікірімді ғана білдірдім ғо
AKY
Пікірі, суреті және әнегі 3 жаққа қарап айқайлап тұр, ешқандай жүйе жоқ.
Мен — жюримін: Я круче:
JAKO
Мен де осы пікірді қолдаймын.Дауысымды 1-пікірге.
meirzhan
Кеш қалдың, бауырым. 2-ші пікір уже ширек-финалға жолдама алды. Енді шрек-финалға шыққандарға бәріне өз фионасына жетуге тілектестік білдіріп, тақым қысып отырайық
blackbeard
Орыстардың демотиваторларына құсқым келед!
Gastarbaiter
2-ші үміткер:
1) Мемлекет өнерге ақша бөлмеуі керек! деген пікірді таңдады. Бүй дейді екен.
Ақша бөлді екен, өнер өлді дей беріңіз. Өнер – мемлекеттік меншікке өтіп «өнерге» айналады. Ал, өнер – халықтыкі ©. Деуін деп алып, жеп кетті Ленин. Кеңес Үкіметі кезінде биліктің қолшоқпарына айналды өнер. Ал, өнер идеологиядан ада болуы керек. Әйтпесе, ол өнер емес, құралға айналады. Мұны бір десек, мемлекеттің өнерге ақша бөлмеуі керектігіне екінші себеп, бұл – «халтурщиктердің» пайда болуына әкеліп соғады. Тамағы тоқ, көйлегі қызыл, кітабымды қалай шығарам дейтін уайымы жоқ, жазармандардың соцреализмі бүгінде ешкімге қажетсіз, өйткені, олардыкі өнер емес. Керісінше, қуғынғы түскен Бұлғақ шалдың немересі әлі де халықтың, тіпті, тұтынушылық сұранысына ие: «Мастер мен Маргарита» эркандалуы өте сәтті шықты деп айта аламын. Со туындыдағы «Москвичей испортил квартирный вопрос» дегені де әлі күнге дейін көкейкесті, яки, өміршең. Ал, Семен Петрұлы Бабаевский ше? Ия, ия, әлгі үш дүркін Сталин сыйлығын алған. Әлгі, кітаптары миллиондаған тиражбен КСРО-ның 15 республикасы былай тұрсын, шетелде де басылған Бабаевский ше?
Gastarbaiter
Жоғарыдағы екеуінің арасында ойналады бәйге, қалғандары кешігуіне, жұмысына, т.б жағдайларға байланысты қатыспайды. Ал, көрермен, оқырмандар, таңдаңдар. Жоғарыдағы пікірлердің қайсысының иесі 8-ші ойыншы болуға лайықты?
Zilola
маған екеуініңкі де ұнамады
Gastarbaiter
Ұнағанын таңдаңыздар, дауысты тіркелгеніне 4 айдан астам уақыт өткен, және 20- пікірден астам пікір жазған кез-келген қолданушы бере алады.
Баршамыз еш ұялмай ойыншыларға барынша объективті дауыс берейік.
ПС. ДАУЫС БЕРУ БҮГІН ТҮНГІ 00-00 де АЯҚТАЛАДЫ. Одан кейінгі жауаптар есептелмейді.
qisyq
Дауысымды екінші үміткерге ердім.
balzaminka
Ekinwi pikir bildirgen janga beremin dausymdy
Nurzhol
2-ші үміткерге дауысымды беремін
a63a1
Қожекеге дауыс берем!
saken
екеуіде онша емес.
-1
-1
AKY
Біріншісі өткенше… Екіншіге бердім даусымды.
AKY
Анау негірдің сюретін ап тастайтын игі жақсылар бар ма екен, қарасам, жылағым келед.
meirzhan
Сурет сенің психофизикалық жағдайыңа әсер етсе тегін қойылмағаны ғой.
AKY
Шынымен-ақ, макбук хачу.
Aqiqat
Менің ойымша, дайын демотиваторды қолдану пікір иесінің ізденбейтіндігін білдіреді. Сондықтан ол адам сегізінші жұпқа енбеуі тиіс
Gastarbaiter
Жамағат, ширек финалда Сатыбалды, Сигма, Аль-Астер, Қисықтармен қатар Нұрберген Мақымның сөз-саптау өнерін тамашалау бақытына ие болады
Ширек финалдың аты «Еркін тақырып» болсын деп отырмын. Егжей тегжейін, келесі тақырыпта айтамын.
Gastarbaiter
know_how88 — Дастан -ға көрермендер қатарынан орын алып жайғассын дейміз.
Гульфайрус — берілген уақытта пікір жіберіп үлгермегендіктен. Ойыннан тыс қалды.
estetika91
Жалпы сұрақ: Ақымақтардың неліктен жолы болғыш?
socrates
бірінші ақымақтардың жолы болғыш па, соны анықтал алу керек.
Aldarkose
Екі дәруішті бір тақырыпқа түсір, Гаста! Көрейік дәруіштердің ұрысын