Құран кереметтері

Жак-Ив Кусто есімі теңіз әлемімен тығыз байланысты. Аквалангтың авторы мұхит әлемін зерттеуде ғылым үшін көптеген еңбектер сіңірді. Оның атын бұл күнде әлем таниды. Талай жаңалықты ашқан ол 1962 жылы адам нанғысыз оқиғаға куә болады. Аден шығанағында жүрген зерттеуші топ Қызыл теңіз бен Үнді мұхитының суы араласпайтынын көріп таң-тамаша қалады. Физика мен химия заңдылығына қарсы шыққан құбылыс Атлант мұхиты мен Қара теңізге жүргізген зерттеуде екі үлкен алып су басейінің бір-біріне араласпай мыңдаған жылдар бойы жатқанын көрсетті. Әлемді таңдандырған бұл жаңалық 14 ғасыр бұрын түскен қасиетті Құран Кәрімде былай баяндалған екен: “Алла тағала екі теңізді ағызды, олар бір-бірімен қабысады, бірақ араларында перде болғандықтан бір бірімен араласпайды”. (“Рахман” сүресі, 19-20-аят).

Ресейлік ғалым Александр Фридман мен Бельгиялық Жорж Леметр XX ғасырдың басында ғаламның тоқтаусыз кеңіп жатқанын теория жүзінде дәлелдеп шықты. Бұл шындық 1929 жылы америкалық ғалым Эдвин Хаббл тарапынан дәлелденді. Ол өзі жасап шығарған алып телескоп арқылы жұлдыздар мен галактикалардың бір-бірінен қашықтап жатқандығына көз жеткізді. Физика заңы бойынша жарықтың шыққан жеріне жақындауы күлгін түспен білдірілсе, алыстаған сайын қызыл түске енеді. Хаббл жұлдыздардың қызыл түске еніп, тек бізден ғана емес, бір-бірінен тоқтаусыз кеңіп жатқанын анықтайды. Бұл осы ғасырдың теңдессіз ғылыми жаңалығы болды. Осы теорияны негізге алған ғалымдар бір-бірінен қашықтаған жұлдыздар уақытты кері айналдырса жақындайтынын, және бір нүктеге жиылатынын дәлелдеп шықты. Бұл теорияны – «Биг Бэнг», яғни «Үлкен Жарылыс» деп атады. Мына әлемнің жоқтан бар болғанын батыс ғалымдары жанталаса жариялап жатты. Ал, 14 ғасыр бұрын түсірілген Құранда «Біз аспанды құдіретімізбен жараттық және күдіксіз Біз оны кеңітеміз»(Зәрият сүресі, 47-аят) деп айтылса, «Әнбия» сүресінің 104-аятында «Ол күні көкті, кітаптың бетін бүктегендей бүктейміз де, әуел бастағыдай қайта жаратамыз. Бұл Бізге бір міндет. Шынында Біз орындаймыз» деп жазылған. Бақара сүресінің 117-аяты «Ол, көктер мен жерді жоқтан бар етуші. Егер бір істің болуын қаласа, сонда тек қана оған «бол» дейді. Ол, бола қалады»

Құранның бұдан өзге талай кереметтері бар. Әзірге мен жаза алғаным осы болды. Негізге Харун Яхьяның «Kuran Mucizeleri» кітабы алынды
Бөлісу:

60 пікір

Serzha
Лібәәә, konvict өлтіресің нақ. Кішкене ғана бір-екі ауыз сөзге қалай сенесің.
Aramza
лібәәә жігіттер келіп "әдемі" екенсің деп қырта салса бір жерің шелектей болып қаласыңғой, оған қарағанда Конвиктікі ақиқатқой Кержа
know_how88
Көрмес түйені де көрмейді… Ақиқат барынша айқайлап тұр емес пе мұна арада?.. Ғылыми дәлелдерді келтіріп қуалап та кетпей-ақ қояйық… Бірақ «бір тамшы» ұйыған қаннан жаратылып, жетіліп, өсіп, өркендеп, осы күйге дейін жетіп, блогта, осы жерге, пікір жазып қалдыра алатындай дәрежеге дейін жеткеніңіз — құдыреттің айғағы емес пе? «Менің бар болуым — Алланың бар екендігінің айғағы...» деген сөз дұрысы…
ken
Көрместің түйені де көрмейтінін біліп тұрып, оның бәрібір көрмейтін нәрсесін оған көрсетуге тырысуды қалай түсінуге болады? Ал көретіндер бұны осылайшы "ғылыми" жолмен көрсетпей-ақ көреді емес пе? Енднше бұлай, өздерің айтатын, фитнаны тудырудың қажеті ұанша?
know_how88
өздерің айтатын, фитнаны тудырудың қажеті ұанша?
Фитна деген не?
blackbeard
Ел арасындағы алауыздық
a63a1
өзіңнің пікіріңді білдірівжівер, жоққа шығара алсаң
Serzha
жоғалыңдар наққа, өзінің айтқанын өзіне қайтарып отырмын
satibaldi
Жак ИвКустоға байланысты құсық мысалға жабысып алып айрылмайды екен осы діндарлар, нақтың. Лібә, бұ пяншік діндарлардың түсінбейтіні: Құдайға не тіпті еш дәлелсіз сену керек, не сенбеу керек. Әйтпесе, көзімізше ғажайып істегенфокусник те өзіне табынуды талап ете алар еді. Сенсең сен, сенбесең өз еркің деудің орнына, өздерінше ғылыми аппаратпен жабдықтамақ. Галактикалардың кеңеюі — нихуя да «Біз аспанды құдіретімізбен жараттық және күдіксіз Біз оны кеңітеміз» делінген сөзді дәлелдемейді, ни нихуя да!
Құдай тек жүрекпен сенетін нәрсе, мимен емес.
nurbergen_makym
Құдай тек жүрекпен сенетін нәрсе, мимен емес.
Ақиқат /б/ақырып тұр!
Onlasyn
бір тамшы ұйыған қаннан жаратылған...
деген аятқа не дейсің?
satibaldi
Лібә, жаңалық тағы. Айтып тұрмын ғой: не — Құдайға, дінге ғылыми негіздемесіз, түсіндірмесіз сеніңдер, не — тіпті сенбеңдер. Әйтпесе, бүгін дәлел қылып алған физикалық құбылыстарыңыз ертең баналды көрініс болып шығып, басқаша зарлап қалуларың мүмкін.
blackbeard
Мәәә! Мынауыңнан ақиқат шыңғырып жатыр! Рас-ей!
Onlasyn
Қай жерінде?
blackbeard
Оңеке! Менің Сатыбалдыны қолдап отырған жерім мынау:
Соңғы кездері, бір біліпаздар, адамды қорқыту арқылы дінге шақырады. Немесе, өтірік ғылыми дәлелдерімен! Немесе біреу ауырып келеді.
Іргетас деген нәрсе бар ғой! Үйдің іргетасын сапасыз цементпен соқсаңыз, бірер уақыттан соң жарылып немесе үгітіліп кетсе, еңбектеніп тұрғызған үйіңіздің қираған орнын ғана табасыз!
Иманыңызды материалдық нәрселердің негізінде баптаудың да қаупі осында болып тұр!
Мысал айта кетсем: — Бірер жыл алдын, досым қатты ауырып қалып намаз бастап еді. Ауырып жүрген кезінде шынында да жақсы көмек, күш берді. Содан соң жазылып шықты. Ал намазы, ауруымен бірге қалып кетті, өкініштісі!
Onlasyn
Ох лібәәә,
Құдайға, дінге ғылыми негіздемесіз, түсіндірмесіз сеніңдер, не — тіпті сенбеңдер
дегенді қайдан алдың? Исламды зерттедім демеш.
satibaldi
Есесіне христиандық пен синтоизмді зерттедім. Ислам олардан оңай болмаса, қиын деп айта алмаймын.
Ренжіме, бірақ со жаңалықты ашқан Кусто өз өсиеті бойынша бәрібір өз әулеті жатқан христиан зиратына жерленіпті.
Onlasyn
Мынадай нәрсе бар: Бір жағынан сенің айтқаныңның да жаны бар, яғни ойбай Кусто мұсылман болыпты деп мұсылман болып, немесе ол исламнан шығыпты деп исламнан шығу жоқ. Бірақ, құранда айтылған нәрселерден ғибрат алу деген нәрсе бар.
П.С: «Сантехниктің медицина саласында сөйлеуі дұрыс емес деп ойлаймын.» Қазіргі таңда исламға ең қатты соққы болып тиетін нәрсе осы. Қай жерде исламнан сөз болса, әркімнің бір қосары табылып тұрады. Ислам тақия мен шапан киюден тұрмайды. Ислам деген әр алқаштың аузында жүретін жеңіл-желпі нәрсе емес. Ол өз басына бір ғылым болып саналады. Пайғамбардың "Ғылым жоқ жерде ислам жоқ" деген сөзі бар.
blackbeard
Толық қосылам! Бірақ, айып дінде емес, айып Пайғамбарда емес! Айып бүгінгінің мұсылмандарында болып отыр емес пе? Мұсылмандарда ғылым болмады емес болған! Қайталайын БОЛҒАН! Қазір жоқ! Соңғы жүз жылдықта мұсылман ғалымдары ғылымға дауыстап айтарлықтай ешқандай да үлестерін қосқан жоқ! Хотя, әлемде 1,5 миллиардтан астам мұсылман баласы бар! Дәл қазір ғылым исламды дәлелдеп отыр деуге негіз аз сияқты…
Құранда ғылыми нәрселер көп екендігіне сенемін. Уақыт өте ашыла беретіндігіне де сенемін. Осы ортада Харун Яхьяның деректі фильмдерін мен секілді бірін қалдырмай көргендер аз шығар… Мұсылман елдері жоқ дегенде сапалы медицинаға қол жеткізіп алсыншы… Сол кезде ғана адам жүрегінде Аллаһ деген жазу бар екен десе, сенетін боламын
konvict
Сатекесі, Кустоны келтіргенде мен оны мұсылман деген өсекті естімей қалғаным жоқ, немесе шет ел газеттері жазған Кустоның табытқа жерленгенін білмей қалғаным жоқ. Байқасаңыз мен Кустоны мұсылман болды деп мақтанғаным жоқ. Болса да ол маңызды емес. Маңыздысы ол ашқан жаңалық Құранда бірнеше ғасыр бұрын жазылып қоюы
Serzha
сол жаңалықты христиандар ашпаса, қараңғы болып жүре беретін едіңдер
Gastarbaiter
Ең іштіріп, құстырып, тыштыратыны бұ ептілер Мохамед Али мен Майк Тайсон мұсылман болған, сондықтан типі, табыныңдар дейтін аргументті бұтаққа тірек ететінін айтсайшы
Gastarbaiter
Ептібайымайт-ай дещейш… Кейбір бір жасушалы амебаларға ақтың ақ екенін түсіну үшін де дәлел, ұстаз пайғамбар мен кітап керек енеңді-ай
Gulistan
Үшеуің де минусталып қапсыңдар, авторға ұнамағансыңдар ғой
meirzhan
Автордан басқа тағы 3 адамға.
blackbeard
или автордың қосымша ашқан 3 аккаунтына))))))))))
meirzhan
Айтпа жаңа ашылған аккаунттардың дауыс күші аз болады ғой. 4 балл жинапты пост.
konvict
Лібә, шатыспа менде 4 аккаунт нақтың
blackbeard
@asaubota! мынау нәрсе, оффлайндағы жалған құжатпен айналысу сияқты қылмыс қой! Аффторды банға плииз
konvict
Тфуу, сені ме сақалИТ ай
meirzhan
ескерту ретінде қосымша аккаунттарын банға жіберсе
blackbeard
Жалпы Абайдың IP-ін банға қойса Жаңа аккаунт аша салуға береді ол Актив болмай жүрген аккаунттардың жартысы Конвиге тиесілі шығар
meirzhan
Бәсе керекте еркектер қыздардан неге 2 есе көп десем.  Конвиктің клондары ма не
blackbeard
Әйел болып жазудан да тайынбайды бұл тәліб
Gastarbaiter
Жалпы Абайдың IP-ін банға қойса
Аямаңдар бір біріңді, біріңнің етін бірің жеңдер! Нағыз мұсылман болу деген сол емес пе?
e_zhalgas
екінші абзацты сіңіре алмадым. ғылыми теория мен құрандағы айтылғандар бір-біріне қаншалықты қатысты?!
ал, Кустоны мысал етпеген адам қалмаған шығар
satibaldi
Құдайды жақсы көріп, оған сенуді ғылым тұрғыдан дәлелдеуге тырысу — анаң мен әкеңді жақсы көру үшін себеп іздеген жақсы.
Шындарыңды айтыңдаршы: шешелеріңді ақ сүтін бергені үшін, түн ұйқысын төрт бөлгені үшін жақсы көресіңдер ме? Өтірік айтпаңдар: ол жақсылығы есте қалу мүмкін емес. Әке-шешелеріңді жәй, адамгершілік тұрғысынан жақсы көресіңдер. Біреулер тастап кеткен, алқаш шешелерін де жақсы көреді. Себеп керек емес, себеп біреу — «ол — менің анам ғой».
Құдайды да жақсы көру үшін еш себеп керек емес. Оған ғажайыптары үшін сену — қорыққаннан сену болар еді.
Нақтың.
konvict
Сөзіңнің жаны бар Сатеке. Бірақ Құранды бұл тұрғыдан зерттеу оны адам жазған дейтін кісілерге жауап үшін керек. Әйтпесе, Аллаға ешбір дәлел, себепсіз сену керек
sigma
Қызыл теңіз бен Үнді мұхитының суы араласпайтынын көріп таң-тамаша қалады. Физика мен химия заңдылығына қарсы шыққан құбылыс Атлант мұхиты мен Қара теңізге жүргізген зерттеуде екі үлкен алып су басейінің бір-біріне араласпай мыңдаған жылдар бойы жатқанын көрсетті.
Тап осы шайнаған сөз. Кусто физикалық сауатсыз болса оған өзі кінәлі, ерікеннен су кешіп жүрген бай адам ол. Физикалық тұрғыдан қарастыратын болсақ кез келген тығыздықтары әртүрлі сұйықтар араласпайды. Бұның айғақ мысалы су мен майдың араласпауы. Теңіз суларына келер болсақ екі бассеннің құрамы екі түрлі болғандықтан, тығыздықтары екі түрлі
ken
тура/рас/дәл айттың.
satibaldi
Теңіз суларына келер болсақ екі бассеннің құрамы екі түрлі болғандықтан, тығыздықтары екі түрлі
Енді не дейсіңдер, Кустоның қауымы???
Aizhantabyn
екі бассейннің суларының тығыздығы екі түрлі боп, араласпауы да ғажап қой.
satibaldi
Спирт пен суды4 араласпауын көріп, храмға тұра жүгірген ештеңеміз жоқ: әлі де төпеп келеміз.
Abilakim
Жалпы, дін тақырыбында қатты өзеуреу қажет емес. Себебі, біздің көбіміздің оған білім дәрежеміз жетпейді. Құранда адамның түсінігіне жат, мағынасын тек Алла ғана білетін аяттар да бар дейді ғой. Алланың барын я жоғын бір-бірімізге дәлелдеп қажет емес.өлерміз, сосын көрерміз.
know_how88
Рас-ау. Сіздікі жөн…
Qojeke
Е, соны айтсаңшы. Көтті қысқан бай болар деп атам қазақ бекер айтты дейсіңдерме, сөзуарлар? Білімдерің жетпесе, нахқа таласасыңдар. Сенсеі сен, сенбесеі сенбе. Бір айт, болды.

Әй, осы діни таөырыптарға пікір жазылмайтын қылып қойыңдаршы. Діни сенім деген нәзік нәрсе. Онымен ойнауға болмайды. Біреуіңнің жазған бір діни мақалаң үшін талай адамның ауыздарынан қағынып қалуы мүмкін.
Aigolek
Куран гажайыптары (Чудеса корана1 ,2) киносында бундай гылыми теориялардын барлыгын кураннан алганын далелдейди. Школды да. универды да окымай ак куранды окып галым болуына болады
satibaldi
Школды да. универды да окымай ак куранды окып галым болуына болады
Школда оқып, әріп танып алмасаң, Құранды қалайша оқуға болады?
Жалпы, мен бұрыннан айтып жүрмін: діни істерді қайтадан Ташкент Имаматына тапсырып, қолдан келмейтін шаруаны қою керек.
Onlasyn
Школды да. универды да окымай ак куранды окып галым болуына болады
Бұл жерде қатты қателесіз. Сіз өзіңіз құранды оқып көрдіңіз бе?
satibaldi
Иә, әрине, бірақ алдымен байқамай школға барып қойып едім.
Aigolek
Арине окымадым (окысам да коооп жерлерин тусимбедим). Окысам 20 жыл партада отырып уакытымды боска откизбес едим го
Beytanis
Лэйди 20 жыл партада: 11 жыл — орта мектеп + 4 жыл — ЖОО + 2 жыл — 2-інші мамандық ЖОО = 17 жыл. 3 жыл — ?
meirzhan
Нөлебай мен колледж болуы мүмкін.
a63a1
бала бақша
meirzhan
партада оқыған ғылыми бала-бақша
Aigolek
сандарды донгелету дит оны казактар. Акруглять ете сагам го; )
timurrr
Харун Яхьяның еңбектері материалист атеистерге арналған дер едім… Өйткені, олар әлемді тек материалдық дәлел арқылы қабылдайды. Қолмен ұстап, көзбен көрмесе сенбейді. Ал енді Құдайға сенетіндер Харунсыз да сеніп қойған…
Serzha
атеисттар туралы ештеңе білмейді екенсің