Мен тыңдайтын әндер тізбегі.

Айстың бастаған эстафетасын жалғастырып көрейін, жалпы мпүште әртүрлі жанрдағы әндер бар, тек қана қазақша тындаймын деп те айта алмаймын, бірақ қазір тек қазақша әндердің үштігін ұсынамын.

Осы жерде айта кетейін супер-пупер тыңдайтын әнім бар, ол «Балапан қаз» әні Қарақаттың орындауындағы. Оны үштіктен бөлек гран-при қылдырып қойсам дымда болмайды шығар иә.
Бірінші әнім: Баян Нұрмышева орындауындағы «Жақсылықтың бағасы» әні. Баянның шығармашылығын жақсы көремін, барлық әндері ұнайды десем жалған айтпаймын. Ал «Жақсылықтың бағасы» ерекше ән.(әрине мен үшін)
Екінші әнәм: Марат Омаровтың орындауындағы «Анашым» әні. Марат Омаров керемет сазгер, «Анашым» әні бала күнімнен сүйікті әнім.
Үшінші әнім: «Самал» тобы «Сезім азабы» әні. «Самал» тобы туралы ешқандай ақпаратым жоқ, бірақ осы «Сезім азабы» әндерін тыңдай беремін неге екенін білмеймін.
Бөлісу:

39 пікір

Zilola
Сезім азабы аздап рокқа келеді (софтрок) сондықтан болар менде тыңдай беремін.
Самал тобы үш жігіттен құралған топ. Жалпы топтың орындайтын әндерінің барлығы дерлік маған ұнайды.
bazuka
иә рок ән, тағы бір "Ғашығым" әні бар менде, олда жаман ән емес.
Zilola
Ал Баянның Жібектің елі әні ерекше ұнайды, тащусььь
bazuka
Баянның бар әніне тащусь)))))(
satibaldi
Баян: "Қап, еркек болғанымда..."…
qisyq
Еркек: «Кет, бәлекет, кетя! Құдай сақтасын...»
sammita
Жерлесім мықты менің))
Баянның мына әннің МР3 тауып берген адамға… алғысым шексіз.
bazuka
менде бірнеше әндері бар ноутымды ақтарып шығам, бірақ кештеу қазір кетіп барам.
sammita
менде альбомы бар.
Тек соңғы шыққан 2-3 әнін іздеп жүрмін. Күтем.
Abilakim
Бір кездескенімізде Баян үйден сурет альбомым жоғалып кетті деп еді…
meirzhan
Қателеспесем ақтаулық «Самал» тобының «Сезім азабы» атты әнін қырғыз әншісі Абдразақов орындаған. «Самал» тобы сәл сөздерін қазақшалап айтты.
«Жақсылықтың бағасы» маған да ұнайды. «Кімге жетті өтінішім» деп келетін сөздері бар еді.
bazuka
Баян әніндегі «Достың өзін сақтау үшін сатқындығын кешірдім» деген жері қатты ұнайды.
meirzhan
«Бітер емес сағынышым, сезім неге жомарт тым,
Бір бақытты табу үшін бір бақытты жоғалттым.
Кімге жетті өтінішім, кімнен нені сұраймын,
Бір шаттыққа жету үшін бірнеше рет мұңайдым».

Жақсылықтың бағасы
AKA
meirzhan
Иә, иә, менің де бір сәт поэзияға, жанға жылу беретін әндерге бой ұратыным бар.
sammita
Күләш Ахметова сөзін жазған
Aizhantabyn
супер әндер! Әсіре Баянның әні! Тыңдай берем мен де)) Соңғы әнді білмейді екем.
satibaldi
Қайда барсаң да — талғамсыздық(((…
Aizhantabyn
ағамның талғамы маған бұйырмаған ғой)
satibaldi
Шуберт, Шопеннен соң мынабір қарғаңыз… Кешіріңіз әрине…
Aizhantabyn
өз басым Вивалдиді сүйіп тыңдаймын, ара арасында қазақтың да әуені мен даусын сағынатыным болмаса…
satibaldi
Қойш.
Aizhantabyn
айтсаңыз болды, аға)
satibaldi
Осы сен-ақ аға, аға деп шеттетесің қарағым, «ағаң да» қыз-қырқыннан әлі кетәрі емес, қарғам.
know_how88
Антонио Вивальдидің 4 жыл мезгілі адамзаттың теңдессіз тамаша туындыларының бірі ғой… Фа минор концерті — "Қыс мезгілі" аса әсерлі…
Aizhantabyn
ал мен Көктеміне ғашықпын! Күнде күнім содан басталады)))
izbasar
Әділ Сламханның орындауындағы Қиялдағы ару қиялдататын әндер қатарынан табылады.
e_zhalgas
«Анашымнан» өзгесін тыңдамаппын
AKA
Жақсы әндер!  Өзімнің соңғы кездері тыңдап жүрген қазақша әндер тізбегін жаза салайыншы
1. Қайрат Нұртас "Әке".
2. Еркін Нұржанов «Анашым».
3. Айгүл Каден «Бір кем дүние».
4. Қайрат Нұртас «Сені ойлай».
5. Әлия Әбікенова "Өкініш тамшылары".
6. Асқар Жүнісбеков «Кірмеші жиі түсіме».
Қазақша күй мен термелер, ошым айта берсе көөөп, «Меломен» тобының орындауындағы барлық әндер ұнайды
asaubota
балапан қаз менің де үздік топымда. біраз уақыт телефонымның рингтоны болды
saken
Баянның әндері мағанда ұнайды. Алдында бір әнін естіп едім.
«Мойыма, бекінші,
Болмас өмір екінші...» деген сөздері бар. Таба алмай жүрмін әлі.
bazuka
Баянның орындауындағы "Үміт" әні. төмендегі сілтемеден жүктеп алыңыз.
Скачать Баян Нұрмышева — Үміт (2011).mp3 с megafree.kz
meirzhan
Рахмет. Жақсы ән екен.
sammita
көшіре алмадым. Сөзін айтшы, мүмкін естіген болармыз.
saken
оОО, рахмет!!! Кеттім көшіруге!