Бәрі қалпында

Уа, Жаратушым! Ламерлерден сақтай гөр, хакерлермен өзім сөйлесемін.

© Сисадмин

Клиент комтар сірә, сисадмин үшін басты проблемалардың бірі болар. Шәйнек қолданушылар дұрыс тұрған компьютерді білмейтіні бар шұқыламай, офистік бағдарламаларын, браузерлерін дұрысымен қолдана салмай, Құдайдың құтты күні проблема шығарып қоятыны бар.
Жүйелік файлдарды өшіріп, баптауларды өзгертуге тырысып, қайдағы жоқ сайттарды тауып алып, білмейтін бағдарламаларын орнатып алатыны бар. Өткенде осылардың барлығына шамалы болса да тосқауыл қоятын бағдарлама тауып алдым, мен үшін сенсация! Deep Freeze бағдарламасы қосылғанға дейін компьютердің жағдайы қалай болды, бағдарламаны өшіріп тастағанға дейін ол мәңгіге солай қалады. Мысалы былай: компқа қажетті бағдарламаларды орнаттым, баптауларын жасап, керекті файлдарды компқа сақтап қойдым. Бәрі аяқталған соң, Deep Freeze бағдарламасын орнатып тастаймын. (программа автозапускта тұрады және білуімше оны шәйнектер процесстен шеше алмайды) Меннен кейінгі компқа отырған шәйнек мейлі С, Д қатқыл дисктеріне құжат сақтасын, мейлі жаңа бағдарлама орнатсын, мейлі түрлі сайттарға кіріп вирус жұқтырып алсын, мейлі компьютердің кез-келген баптауларын өзгертіп тастасын, компты өшіріп қайта қосқан соң, келтірілген тізімдегі әрекеттердің бәрі жоғалып кетеді. Юзверь қажетті құжатын сервердегі дискісіне сақтайды. Уф…
Бөлісу:

17 пікір

blackbeard
Жақсы екен! Есте болсын! Меніңше ашық Desktop-пен жұмыс істейтін компьютерлік клубтар, осындай бағдарламалардың аналогтарын қолданатын болуы керек! Бәрі емес әрине
AL-ASTER
+админ праваны шешіп тастау керек) Комп өшкенше бір комптың админ правасымен серверді тоңқайтып кетсе, юхысыз өтер түндер күтпесіне кім кепіл.
blackbeard
Әйтеуір, кірген кезде Гость ретінде емес Барлық құқықтар бар! Тек компютерді өшіріп қайта қоссаң, Mozilla браузеріне орнатқан барлық плагиндер жоғалып кетеді
AL-ASTER
Мозилла демекші, бір ретте бір интернет кафенің барлық комтарын көтеріп, браузерлерінің үй парақшасына керекинфо.кз деп, Дееп Фризимен қатырып кеткем))) Әлі тұр))
blackbeard
Бейшара программисті (құдай білед) қандай қарғысқа ұшырадым деп, құдайға құрбандық шалып жүрген шығар
Onlasyn
Шәйнек қолданушылар дұрыс тұрған компьютерді білмейтіні бар шұқыламай, офистік бағдарламаларын, браузерлерін дұрысымен қолдана салмай, Құдайдың құтты күні проблема шығарып қоятыны бар.
Негізі шәйнектердің шығарып қоятын осындай проблемалары, сисадминнің тәжірибесін арттырады
AL-ASTER
Шынымен. Рас айтасыз. Бәлен жылғы оқыған теориядан, бірнеше айлық практика нан тауып береді.
blackbeard
Мектепте принтердің (+сканер, ксерокс) қағазы бітіп қалса да, астын ашып салып беру үшін шақырып алатын Лібәәә! Сисадминнің жұмысы ұнамайды. Бір сайт тауып алып: — Мынаны қарашы, күніне 200 доллар табуға болады екен! — дейтіндер де аз емес
— Уа, Тәңірім! Қазақтардың ақпараттық сауаттылығын арттыра гөр! — деп дұға етуің ғажап емес
AL-ASTER
Аха. Сисадминдікпен көп әуестенбеу керек меніңше де. Бірнеше тілді үйреніп алып, (С шарп пен рНр да жетеді негізі еріншек прогер үшін) дистанционно тапсырма алып, соны үйде жатып орындай салып, айлықты карточкаға жібере салып тұрғанға не жетсін.…
blackbeard
Быратандар да соны айтады  — Java Developer или PHP Developer болсаң жақсы ғой! Офиске барыыып, кастюм үтіктеп әуре болмайсың! Сағат 11-ге дейін ұйықтап, ішкиіміңмееен компьютер алдында комфортпен жұмыс істейсің! — дейді
Onlasyn
PHP Developer-лерге жұмыс көп пе?
blackbeard
Ебін тапқанға қашанда жұмыс бар ғой PHP түгілі CMS-терді де жартылай үйреніп алып, 4000-5000 долларға сайт істейтіндер бар(Циперович)
Onlasyn
CMS-терді де жартылай үйреніп алып, 4000-5000 долларға сайт істейтіндер бар
Қойш нақ
blackbeard
Сондай тема болған екен бір кездері
blackbeard
бір кездері деп қоям Әлі де бар
AL-ASTER
Аузыңыздан ақиқат бақырып тұр!

© satibaldi
asaubota
дистанционно істеу арман ғо арман қазақтар үшін. қазақ бастық үшін сен не істесең де таңғы тоғыздан кешке дейін обязательно жұмыста отыруың керек. дым істемесең де отыруың керек