Шешендер сайысы: Ширек финалисттер!


Іріктеу сайыстары аяқталып, енді тек таңдаулы шешендердің талас тартыстары қалды. Бірақ, алдымен өткен аптаның қысқаша қорытындысын келтіріп жіберейік.

1) Жалғас Ертай ака e_zhalgas Дәурен ака Dauren_85 жеңіп шығып,
Көп білген зиян еместігін қорғады.
Шайқасы мына жерде: www.kerekinfo.kz/blog/debats/4746.html

2) Абзал ака a63a1 Мейіржан aka Meirzhan -нан басым түсіп, көп баланың бір баладан жақсы екенін қорғап, келесі д*ебатқа жолдама алды. Талас-тартыс мына жерде: www.kerekinfo.kz/blog/debats/4769.html

3) "Қыздарды сәтті күйеуге тиюден басқа да ойлар мазалайды" деген Гүлшат ака Бальзаминка сыпайы сызылып Абай ака Конвикт-тің жауырын жерге тигізді. Пікірталас мына жерде: www.kerekinfo.kz/blog/debats/4819.html

4) «Сәтті күн деп сәрсенбіні таңдаған жұп өткен аптаның ең жұлысқан „төбелесі“ аталды.Біресе біреуіне, біресе екіншісіне қол соғуға мәжбүр қылған, төрешінің соңғы ысқырығы, тойыс коментіне шейін жаға жыртысқан Нұржол мен Димаштың д*ебатының орны ерекше. Бұл шайқаста, ресми түртеqisyq жеңгенімен, жамағат екеуін де келесі айналымда көруге ынта білдірді. Сөйтіп,
Дінмұхаммед -Qisyq те, Нұржол — Al-Aster де келесі кезеңге билет алды.
Текетіресті мұнда көруге болады:http://www.kerekinfo.kz/blog/debats/4845.html

5) „Любойын жыртам“ деген ұранмен „Диплом көт сүртуге жарамайтынын“ дәлелдемек болған „Қарасақал“ Садық ака Blackbeard — Дипломның түрлі тұрғыдан алып қарағанда әлденеге жарайтынына сендірмекші болған Алмас ака Sigma- ға қарсы ыңғайсыз пікірталаста жолы болмай, қазылар Sigma-ны таңдады.
Позициясын екі түрлі (тура/ауыспалы) мағынада қорғауға кіріскендердің шабысын мында көресіздер: www.kerekinfo.kz/blog/debats/4870.html

6) Және жұмыс аптасының соңғы күні, яғни жұманың түскі үзілісінде айтысу Фортуна (Құдай ақы, әдейі ұйымдастырған жоқпын) деп аталатын пәтшағардың қатыны екі алпауытқа бұйырыпты.
Біреуге қыран топан күлкі, біреуге біраз мағлұмат берген, ал көбісіне екеуін де сыйлаған бұл шайқаста Satibaldi мен Аршат бақ таластырады деп кім ойлаған?
Бұл тартыстың қорытындысы да әзер шығып, 2-1 есебімен жеңістің тәтті дәмін ақыр соңында қазылар Noman-ға қияды. Есесіне Noman Есманға бір сыра қоятын болады. Бұл сайыс жеңімпазына 2000 бірлік тігілді.

Сонымен бізде ширек финалда 7 ойыншы бар.
8-ші дебатердің орны бос.
8-ші дебатерді анықтаудың жолы былай болмақ.

Бір тақырып ашылып, оған бірнеше дебат тақырыбы тізіледі.
Үміткерлер (бірнеше үміткер бар) сол жерде кез-келген тақырыбын таңдап, соған бір ғана пікір жазады.
Ал әділ-қазылар қай пікірдің ең үздік екенін таңдайды.
Сол пікірдің иесі 8-ші ойыншы болып, ширек финалда бақ сынайды.
Бөлісу:

45 пікір

Gastarbaiter
Әсерлеріңізбен бөлісе отырыңыздар Ұсыныстар, тыйымдар жалпы әсерлеріңізбен бөлісе отырыңыздар. Сұрақ қойыңыздар.
blackbeard
Үміткерлер сол айтысып жеңілген адамдардың қатарынан алынса, мені де қосып қоя сал Асеке
balzaminka
Жеті сайыскердің төртеуі әділ-қазы алқа мүшесі екен  Өзгеріс керек емес пе?
Gastarbaiter
Керек, бұдан былай тікелей көрермендер дауыс береді. Қазылардың келуін, олардың оқып шығуын күұтпестен, тіркелгеніне 3-4 айдан астам көрермендер дауыс бере алатын болады.
e_zhalgas
сегізіншінің анықталуы қызық болатын сияқты ғо
balzaminka
кілең сен тұр, мен айтайынның ортасында жалғыз өзім біртүрлі екен, оның үстіне жігіттер, бәйтеректердің арасында жалғыз гүл , қыздар қатысыңдаршы, а?
Gastarbaiter
бұл жынысаралық сайыс емес екенін баса айтқым келед, сондықтан гүл, пүл, қызғалдақ и прочие красивые глазки исключены
balzaminka
қойшиш, мен қыздарды үгіттеп отырсам
Gastarbaiter
Дұрыс. Бірақ қатысатын қыздар өзінің бетжыртысып, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығару қабілетіне сүйенгені дұрыс. Әншейінде сыналып-мінеліп жүрген бетпақтық қасиеттер бұл ойында тек қолдауын табады
balzaminka
Енді дәл осылай айтудың еш реті жоқ. Қыздардың бетпақтығын көрмедім, қайта жігіттердің ЖІГІТ басымен сөз таластыруына, базардағы жабылмайтын дарбаза сияқты екеніне куә боламын осы жерде, сондай-ақ, керекинфоға ырзамын ғой, әшейінде өсекші, бәдік екенін мойындамайтын жігіттерді біздің алдымызда жығып бергені үшін (ашылғанына бір апта болмаса да, рейтінгімен бірінші орында тұрған жігіттер клубына рахмет  )
satibaldi
На брата Рас что то имеешь против?
balzaminka
Истина атты сестра бар да просто
satibaldi
Уфф лібә, пронесло…
Gastarbaiter
Енді дәл осылай айтудың еш реті жоқ. Қыздардың бетпақтығын көрмедім,

Әңгімен бірден жынысаралық боқжағысқа бұра қойғаның. Ал мен қыздар еркектерге қарағанда бетпақ деген ойды емес (хотя әйелдер жеңілгенін мойындамайды, әлгі Қожа—Мақтаншақ синдромы), жалпы кез-келген қатысушы жынысына, немесе сұлулығына, аптарихатына емес, аталған қасиеттеріне сүйенсін дегім келген.
Мен үшін адамның қабілеті оның бұтының арасындағы белгімен емес, ептілігімен өлшенеді. Қыздар VS Еркектер деген идеяны тықпалап отырған сен мен емес.
balzaminka
жағдайың қиын екен, дегің келгені мен дегенің үйлеспей жатқаны ненің нышаны болды екен
Gastarbaiter
жағдайың қиын екен, дегің келгені мен дегенің үйлеспей жатқаны ненің нышаны болды екен

Сен қайта қайта жекеге өте бердің ғой, сосын жылап отырып ренжисіңдер, «неге мен осы жалғызбын» деп. Менімен шатасқың келіп отырса оны айт, ұйымдастырып жібере саламыз аноним пікірталас
balzaminka
сен де жылай бермесең екен жекеге тие бердің деп, қой дегесін есі дұрыс адам қою керек қой, саған басында айтылды қыздарды тартып отырмын деп, өзің ілінісіп алып тағы бірнәрсе дейсің
Gastarbaiter
Тап осындай қарқында бетпақтық танытсаң, финалған дейін жететініңе күмәнім жоқ. Бірақ, аренада достым, аренада. Мен саған жау емеспін, сонша ашуға булығатындай. Әр жерге пысықкөтен боп қыстырыла тұра, жобаға тілеулестік танытатының бар ұйымдастырушының пікірімен анда-санда, (үнемі емес), санасып тұрсаң, қызылордалық намысың кішірейіп қалмайды.
ПС.Қой дегенде не ғой, сенің ойлаған мағынаңда есі дұрыс деп кім айтты мені?
balzaminka
Endi tusindim, oz betpaktygyndy jarnamalap jur ekensn go, base nege koimai anagan da, mynagan da betpaksn, pysykkotensn dep koimaidy desem  srazu aitpaisn ba sagan soz wygyn kylmaitn edik ko, fanfar oinatp, gulindi berer edik. Ai-ai, biraz uaktn ketti-au, kewr, endi senin betpaktgndy ew umytpaimn. Jigitsn, ol mumkin emes dep senbei kalp jatkan jan bolp jatsa betpaktygyna osynda jibere sal, sagan komektesuge tyrysamz

Bul jerde pri4em namys? Azart aman bolsn!
Gastarbaiter
Жарайды, не деп шәңкілдеп, қайда лағып кетсең де өз еркің ғой. Сәттілік тілейімн алдағы ойындарыңда. Ұятқа қалдырма ӘНшейінде аузын жаппас, той дегенде өлең таппастың күнін кешіп жүрме.
Gastarbaiter
бәдік екенін мойындамайтын жігіттерді біздің алдымызда жығып бергені үшін (ашылғанына бір апта болмаса да, рейтінгімен бірінші орында тұрғанжігіттер клубына рахмет

Жіггіттер мынаны оқыдыңдар ма?  Ішегім-ай, ішегім-ай Мен байқамаппын алғашында
Неліктен жігіттерге щүйлігіп отыр десем
Zilola
мен бұндай сөз жарыстыруға жоқпын
Qojeke
Баста! Қыз (балзаминка) дайын болса, біз дайынбыз!
Gastarbaiter
Спойлер: Келесі аптаның аяғында, дәлірегі жұма күні, Ширек финал біткен соң, ойынға қатысты біраз құпияларды ашып салмақпын.
AKY
Фа-тя-тя-тям, фа-тям… (интрига музыка)
satibaldi
Фа-тя-тя-тям, фа-тям…
Түрі сондай жағымсыз музыкалық аспап елестеп кетті…
meirzhan
Офф-топ: Тақырып қайта-қайта «Шрек финалситер» болып елестейд.
a63a1
берәкел )) түнімен айқасуға бармын
izbasar
Сонымен кіммен кім жұптастыпты біз айтаққа дайынбыз.
Esmeralda
Осы дебат басталғанда қызығып оқымақ болдым, сосын комментер араласып кетті ме, әлде күрделі жазылып кетті ме, онша түсінбей оқығым келмей қалды. Кейін Алдаркөсе ағайдың қысқа жазған вариантынан оқыдым. Бірінші дебаттан, Абзал ағайдың идеясын бәріміз де қолдаймыз ғой, бірақ Мейіржан ағайдың өзін қорғауы жақсы шықты. Басқа дебаттар түсініксіз болды, әсіресе Қарасақал мен Сигма ағайлардың дебаты жаман сөздерге толы болды, оқу мүмкін емес. Соңғы дебат ұнады, Сатыбалды ағайдың креативтілігі, Асаубота ағайдың мәдениетті жазылған ойлары ұнады)
Қыздар мен қыздар дебатқа шықса екен деген ойымды тағы айтып кетейін)
qisyq
Ма*ма, сізге де біздің дебат ұнамаған ба, не жаздым, Құдай, не жаздым!?
Esmeralda
сіз айтқасын тағы бір оқып шықтым ғой) скорее всего, сіздердің сөзбен айтқанда, мен меңгереалмаған сияқтымын. Дебатыңыз күшті екен, бірақ бар ғой… Ма*ма, сіздің бір сөйлеміңізді түсіну үшін маған бір апта керек қой дейм)) Қазір еще философиядан конспект жазып отыр едім))
Сосын сіздің қарсыласыңыз 1993 жылғы екен ше, соған болельщица болдым ғой))
meirzhan
Соған жанкүйер болуды жалғастыруға болады. Ал-Астер 8 дікте бар.
Gastarbaiter
Аль-Астер 85-ші жылғы.
Ал сіздің терең мағына туралы айтуға құқығыңыз жоқ. Сіз үшін жәй бар мағынаны тапсаңыз да прогресс.
meirzhan
Терең мағына жоқ деп айтпаған сияқты. Жай ған кейбір дебаттың тілі қиын екенін, түсіну қиын екенін айтып еді.
Gastarbaiter
Мен стихоға сілтеме жасап жатыр едім. Сосын не ғой Митхун аға Чакраборти өз нигіңізбен кіріп жазыңызшы
meirzhan
Стиходағы тереңдік туралы әңгіме жабылды ма десем.
Gastarbaiter
кетшнақ, мен дупілмін
saken
жұмысбасты болып, 1аз қызықтан құр қалдым
әсіресе кешегісі мықты шығыпты.
Qojeke
Кешегісі қояндардың секасындай жылдам өтті.
araika
Гаста, өткен дебаттарды қарап шықтым. Неге тоқтап қалды, жалғастырайықшы?