Шешендерді іріктеу №6: Қазақстан экономикасына туризмнің пайдасы жоқ!


Мынаны да қарай отырыңыз


Yesman — Пікірді жақтайды.
Noman — Тақырыпқа кері пікірді жақтайды.

Өткізілу уақыты:
Сейсенбі. 16-шы қыркүйек, 2011 жыл.
Жеңімпазға біреу 2000 бірлік ұсынғалы отыр.
Бөлісу:

153 пікір

Gastarbaiter
Сайыстың дәл-ме-дәл уақыты анықталуда.
Noman
Уа, аса қадірменді қауым! Уа, үриттеп-айтақтап, қан жоса қырғыды қарап болып, кенет поэзияға жүрегі елжірей салатын екіжүзді көрермен қауым! Ассалаумағалейкүүм!
Мен Турзимнің экономикаға қажеттілігін дәлелдемекпін. Өз кезегімде оппонентіме — оған жеребе бойынша(бұдан соң оның лексиконында «херебе» деген түсінік пайда болуы кәдік) алдын-ала сорлы позиция тап келгеніне қайғырып, көңіл айтамын!
Yesman
Саламатсыздар ма?

сорлы позицияның кімге тап болғанын сайыс соңында өздеріңіз анықтарсыздар. тақырыпқа кіріспестен бұрын алдымен Туризм және оның экономикаға пайдалары туралы кіріспе жасайын дедім:

Алдымен Туризм деген не соны дұрыстап анықтап алайық.
Туризм – адамдардың тұрақты мекендерінен басқа жерге қарай жалғыз немесе топпен саяхаты және сол саяхат кезіндегі іс-әрекеттерінің барлығы.

Туризмнің қандай түрлері болады?
1. Демалу туризмі: Ең басты туризм түрі, бос уақытын демалыспен өткізу. Мысалы теңізге бару.
2. Спорт туризмі. Әлем чемпионаттары немесе сүйікті командасының ойынына бару.
3. Мәдениет туризмі. Фестиваль, көрме, конкурс, концерт.
4. Діни туризм. Діни маңызды нүктелерге саяхат.
5. Бизнес туризмі. Жұмысына байланысты басқа жерлерге бару, сапарлар.
6. Саяси туризм. Саяси маңызы бар жиналыстарға бару.
7. Конгресс туризмі. Халықаралық семинар, конференция, жиналыстар.
8. Отбасы туризмі. Ағайын, туғандарды көріп қайтуға бару.
9. Денсаулық туризмі. Санаторий немесе басқа емделу орындарына бару.

Ал ел экономикасына қандай пайдалары бар?
— Елге валюта кіреді.
— Туризм секторына инвестициялар.
— Жұмыссыздық азаяды.
— Халықтың табысы өседі.

осы басты нәрселерді оқып алыңыздар да Қазақстан және Туризм деген екі ұғымды елестетіп көріңіздер. жағдай аянышты иә?

келесі каментімде неге олай аянышты екенін айтамын.
Noman
Уа Ешман, дат! Бұлай айтатының белгілі болған!
осы басты нәрселерді оқып алыңыздар да Қазақстан және Туризм деген екі ұғымды елестетіп көріңіздер.
Сен менеджмент жоқтығын — Табиғат ананың кемшілігі деп көргенің не еткенің? Мысалы мынау Швейцариядағы сурет:


мынадай да болуы мүмкін еді ғой:
s19.radikal.ru/i192/1109/0f/614427f4a007.jpg

Бұ жерде жағырапия кінәлі ме, әлде барды ұқсатып көрсете білмейтін кер жалқаулық кінәлі ме, уа Ешман!!!
Gastarbaiter
Сваровскийдің тастары және басқа мүшелері

Ойбай, обай ішім Уаъхаха…
balzaminka
Жоқеке, дегенмен креатив
Yesman
әрине жағрапиямыз да біздің менталитет те кінәлі. жағрапиямыз тек біздерге ғана әдемі болып көрінеді. біздегі су мен таудан да әдемі талай ер бар әлемде. біз тек өзіміздегіні көреміз де «Ой, Қазақстанда әдемі жер көп» дейміз. барып көр сол әдемі жеріңе. алатын әсерің тек 5 минуттық. фотоға түсесің, болды. Фотоға да түсетін жер іздеп кетесің. қоқысы жоқ жер. ал менеджменттің қандай екенін өзің де білесің. бізде қазақша менеджмент қай салада да, яғни менеджмент жоқ.
meirzhan
классика жанра. +100
Yesman
ал енді жоғарыда аталған туризм түрлерінің Қазақстандағы түрлерін қарап көрейік:

Бізде демалатын дұрыс жер де жоқ. Бурабай, Қапшағай деген жерлер әлемдік демалыс орындарымен салыстыруға да келмейді.

Спорт жағынан елімізде үлкен жарыстар өтпейді. Өйткені үлкен спорт державасы да емеспіз. Үлкен объектілер салдық Азиадаға деп. ал сол Азиада ол әлем спортында үлкен жарыс болып саналмайды. бізге шығыннан басқа пайдасы болған жоқ.

Елімізде үлкен халықаралық фестивальдар да өтпейді. Дәстүрлі кино, ән фестиваль, конкурстары да жоқ. тек ТМД көлеміндегі показуха фестивальдар.

Дін жағынан да Түркістанды, Бекет атаны керемет діни туризм орталықтары деп айту қиын. Қазақтардың өздерінен басқа ол жерлерді кім біледі?

Бизнес туризмі көп жағдайда келушінің осында қалуымен немесе келген жақты біздің жақ күтіп алуымен аяқталады. түк пайда жоқ.

Саяси аренада да елімізде үлкен жиындар өтпейді. ОБСЕ үлкен шығын.

Конгресстер туралы да жағдай сол. Пәленбай қатысушы және турист келетіндей үлкен жиындар өткізе алмаймыз.

Отбасы туризмі де үлкен пайда әкеледі деп ойламаймын.

Ал денсаулығын дұрыстауға әдетте халық шетелге барып жатады. Бурабай, Сарыағашта үнемі орын болмайды және қымбат.
Gastarbaiter
Жеңілген адамға электронды мәйтіке заказ беріп қойдық;*)
Шап, жүгір, өрмеле, жорғала аяма!
Noman
Уа Ешман, жоқ дегенде оқ келіп қадалса деуші еді әжелеріміз. Бурабай мен Қапшағай емес, тіпті қу мекиен болса да, оны туристік Қағбаға айналдыру дегенмен менеджерлік қағылездікте жатқан шығар?
Одан да гуслиім айтсын! — деген екен Сраж ағам менттер ұрланған сиыр қайда дегенде. Одан да суреттер сөйлесін, уа Ешман. Ендеше мына бір қамалда:



әруақ бар деген легенда таратып, енді туристер ағылып келуде. Уа ғақылия уәсасуа мұғжиза ва мүкәммал мүмминдер, дәл солайша — мына бір мазардың артынан:



мына жандар кенет атып шығатын болса:

— мал әкесс туристер тіл-құлақтан айрылып, ағылшынның әруақ-елестері далада қалар еді ғой, уа христиандар?!
Gastarbaiter
Бұте-е-е-ее-е-е-е-ем! Бұте-е-е-ем! Позити-и-и-ив!
blackbeard
Лібәәәәәәәә! Здесь @sigma))))))))))))))))
balzaminka
түсіңде де көріп жүрген жоқсың ба?
blackbeard
Түсімде келед те бетімді тегістеп кете беред
Qojeke
Нұрбегернді түнде туристер көрмей қалады муахахха

ШАП, ЖІБЕР АТТІКІНІҢ БАСЫН!
Yesman
негізгі тақырыпқа көшейін:

Қазақстанда неге туризм рентабельді емес?

ең алдымен бізде турист тартатын дұрыс жер жоқ. келген туристке дұрыс қызмет жоқ. транспорт және жол жағдайы өте нашар. демалыс орындары өте қымбат. адам қауіпсіздігі туралы үндемейін.

міне сондықтан да үкімет те туризм секторына аса үлкен көңіл бөлмеуде және шетелдік инвесторлар да. қарасаңыз неге еліміздегі бірнеше салада үлкен инвестициялар жасаған түріктер бізде туризм секторына да ақша салмайды? әлемде туризм алпауыттары қатарына кірмесе де өз елінің басты кіріс көздерінің бірі болып отырған туризмді түріктер жақсы түсінеді. олар ақымақ емес әрине Қазақстанда инвестиция жасайтындай. өйткені ешқандай пайда болмайтынын олар біледі.
Noman
Бі не бар, не жоқты іріктеп отырмыз ба, АХАЖ-ға барып айрылысар алдында, әлде Туризмнің экономикаға пайдасын зерделеп отырмыз ба?
Мейлі сор, мейлің шөл — тап осы туризмнің жер жағдайына еш қатысы жоқ. Мысалы, достарым Дубайға барып келдік деп, суреттеін жібереді. Не, Сүт өзеннің жағасында алтын алма жеп отырып суретке түсіпті дейсің бе? Жоқ! Кәдімгі Маңғыстаудың пейзажы + Імрәннің түйесі! Экзотика епті, малшашарлар!!!
Yesman
Маңғыстау мен Дубайды салыстыруға да келмейді. тіпті шөл даласын да. олар шөлдің өзін де туризмдеріне пайдаланып отыр. дұрыс қойылған менеджмент бар. ал бізде тек облакимат, управление экономики және тендерлер.

негізі бостан босқа ананың бәрін жазып әуре болғанша жәй ғана бізде МЕНЕДЖМЕНТ жоқ деп айтсам болады екен ғой.
Tarazkyzy
«ең алдымен бізде турист тартатын дұрыс жер жоқ» дегенмен келісе алмас едім. Ұялмай көрсете алатын жерлеріміз баршылық.
balzaminka
Жоқеке, басқа да аргументтер болса екен
Yesman
Noman, суреттермен прикол ұстауды қойып мүмкін кішкене болса да тақырыпқа көшіп, позицияңды қорғауға тырысып көрші. жеңіл күлкіні мен де істей аламын.

менеджерлік қағілездікдің жоқ екенін жоғарыда айтып өттім. тіпті бола қалған жағдайда да ол жерге қалай әкелесің, қайда түнетесің, не жейді, ішеді. мұның бәрін ойластыру керек. Туризмді тек бір нүктеден қарамау керек. жұртты тек әдемілік қана тартады деп ойлауға болмайды. ал барды, көрді. бірақ оның басқа да дене мүшелері бар басқа да қажеттіліктері бар. туризм өте кең ұғым және өте нәзік. бір ренжітіп алсаң одан кейін ешкім келмейді. ал біздің адамдарда агрессия басым екенін білесің.

және баға факторы өте маңызды. мысалы есептеп қарасаң Бурабайға 1 аптаға барғанша сол ақшаға Түркияның 4 жұлдызды отелін шертіп жүріп таңдауға болады. және ұшақ және одан кейінгі транспорт және 5 мезгіл тамағың сол ақшаның ішінде. ал бізде бару/келу, ішу/жеуіңді есептемей тек түнеуіңнің өзі қымбат!

адам ақымақ болмаса әрине шетелге барады. сондықтан бізде incoming туризмнен гөрі outgoing туризм басым.
Noman
бізде қазақша менеджмент қай салада да, яғни менеджмент жоқ.
Ендеше Сіз әңгіменің менджмент жоғында тұрғанына келісіп отырсаңыз, несіне туризмнің пайдасы жоқ деген үстірт тұжырымды қорғап отырғаныңыз белгісіз.
Yesman
ау, епты енді менеджмент жоқ деген, пайда да жоқ деген сөз емес пе?

әлде туристер «лібә сервистерің нашар, ұйымдастыру жағы мүлдем нашар, транспорт жоқ ат боп кеттік, бірақ сонда да мына ақшаны алыңдар» деуі керек пе?

мен позицияңды түсіне алмадым. Қазақстан экономикасына туризмнің пайдасы бар дегенді неге сүйеніп айтып тұрсың?
blackbeard
Noman нәзік жандылардың бірі сияқты ма? ма? ма?
balzaminka
Қатты жылдамдықпен келе жатып резко тоқтап қалған да жаман екен

Қыз болса екен бүгінгі жеңімпаз
Yesman
мен қыз емеспін, келіншекпін десем ә? )))
balzaminka
негізі Сіздің кім екеніңізді біліп отырмын
Qojeke
Гендерлік жік тудырмаң.
Noman
жеңіл күлкіні мен де істей аламын.
Менің өз тұжырымдарымды арзан әзіл әлде қымбат қайғы формасында жеткізу құқығым дегенмен өзімде қалса екен.Аргументтерім жетсе болды ғой.
адам ақымақ болмаса әрине шетелге барады
Бұл жерде шет елге бару үшін ақымақ болмағанмен қоса, ақшаның болғанын да шарт екені білген жөн.

Ал енді рентабельділік туралы әңгіме — бос әңгіме. Білесіз бе, тіпті кен орнын қаза бастағанда, оның рентабельділігі нөлге тең болады, арада жылдар өткесін барып, пайда әкеле бастайды. Туризм де тап қазір үстіңе пайданы лақ ете салатын сала деу әбестік болар еді. Мысалы, со Бурабайға не Қапшағайға, мейлің оның жағасын Мәрмәр теңізі шайып жатпаса да — барады. Ендеше туризмнің дегенмен пайдасы болғаны. Оның үстіне қаззақтар — 3 000 пайыз пайда болмаса, көтін көтермейтін халық, ендеше — пайда тіпті шаш етектен болғаны. Ал енді сервис жағынан әрине, туризммен жан сақтап отырған Түркия сияқты ел мен итке арналған шампунь болатынын кеше кһрген біздің елді салыстыру тіпті қисынсыз. Ұят тіптен.
Yesman
Қапшағай, Бурабайға бару әрине ақымақтық. қайталап айтамын ол жаққа бару шетелге барудан да қымбат. бірақ, адамдар неге барады? сауатсыздықтан әрине және ақпаратсыздықтан. біздің халық әлі шетелге шығуды шик көреді, көбісінде шетел паспорты да жоқ.

жақында бір ағам отбасымен Бурабайға барып «демалып» келді. жолдама жағын біліп беру үшін менімен хабарласты. өзім білгесін айтып отырмын, бағасы сұмдық қымбат! және тек қана таңғы ас қана тегін екен. және 5-ке толмаған 2 баласына да ақша төлеген. жолақысы да өз қалтасынан, жолдамаға кірмейді. Түркияға бар дегенді тыңдамады. қымбат және шик деп ойлайды.

Қазақстан Туризмнің пайдасы шаш етектен, қазірден бастап ақша салыңдар деп жеке кәсіпкерлер мен инвесторларға айтып көр. олар ақымақ шығар.
Yesman
негізі тек менеджмент қана емес бізде туризмнің қай түрі болса да пайдаға ыңғайлы жер және жағдай жоқ. Спорт, Мәдениет, Конгресс туризмдері тек қана шығын әкеледі. Жұрт Олимпиада, чемпионаттарды өткізу үшін неге таласады? өйткені үлкен ақша әкеледі олар. Фестивальдар да үлкен пайда көзі. ал бізде үкімет қана шығынданады, табыс жоқ.

Денсаулық және демалыс үшін де жақсы жерлер керек. және уникальдылығы болуы керек және қосымша атрибуттар да керек. мысалы бір жерге барған адам ол жерден жалығуы да мүмкін тек бір жерде отыра бергісі келмейді. мысалы теңізге барған адам тек суға түсе бергісі келмейді ғой, су спорттары, дайвинг, аэро, үңгірге бару сияқты қосымша қызметтер керек. ал бізде ондай мүмкіндіктер де жоқ.

мойындау керек Қазақстан жағрапиялық жағынан да туризм үшін ыңғайлы ел емес. әйтпегенде Қазақстан туризміне де жағдай жасалып, инвесторлар да құлшынар еді.
Onlasyn
Жұрт Олимпиада, чемпионаттарды өткізу үшін неге таласады? өйткені үлкен ақша әкеледі олар. Фестивальдар да үлкен пайда көзі. ал бізде үкімет қана шығынданады, табыс жоқ.
Мен бұл шығындардың кірісі он-он бес жылдан кейін түседі деп жүрсем.
Gastarbaiter
Дикарь Турист: -Аға, Пирамида қай жерде, атақты хеопстың пирамидасы?
Бәдәуи: — Тәәк, маған он доллар берсеңіз түйемен жеткізіп тастаймын. Ал былай барам десеңіз, алдымен тура мына соқпақпен жүре бересіз, сосын оңға, сосын солға, сосын екі төмпектен өтесіз де сүрлеудің сол жағымен жүріп отырасы, әлгі бәлеллерің, не мене ед, Хуйопс дедің бе? Аха сол бәлелерің көрінеді. Ал енді мазамды алмай жоғал нақ.
blackbeard
Турист бала: — Ата, Пирамида қай жерде, атақты Хеопстың пирамидасы?
Қария кісі: — Базарқұл атаңның шөп қорасын барып қара, шырағым! Биыл олар шөп науқаны кезінде көрші ауылдан 2000 пресс жоңышқа тиеп әкелгенін өз көзіммен көргем
Gastarbaiter
Мен негізі шынымен болған оқиғаны айтып отырмын
Noman
Кешірерсіз, бірақ Ешман мырза — туризм лидерлерінің бірі Түркиямен — Қазақстанды салыстырып, біржақты кетіп қалған сияқтысың. Образдарың да бассейн-судан әрі аспай отырғанына қарағанда, тек сол елдің туризмімен таныс сияқтысың. Көне қорғандар, қорықтар, тау бөктерлерін нақышына жеткізіп жарнамалай білсе, туризм 10-15 жылда қазақтарда да рентабельді болады. Тек оны жеткізе білу керек. Су жоқ, күн жоқ деген аргументтеріңіз енді шынын айтқанда, ыңғайсыз. Тек жер жағдайына ештеңе айтпай-ақ қойыңыз, Қазақстанды ол жағынан бай екені белгілі. Гәп сол — осындай алдын-ала қорытынды шығарып, дамытпай жүргендерде жатыр.
Yesman
қарсыластан ешқандай нақты агрумент оқи алмадым. сондықтан осы 10-шы каментыммен өз сөздерімді қортындылап, аяқтайын.

1. Жағрапиялық себеп: Қазақстанда пайда әкелетін туристік нүкте жоқ.
2. Ұйымдастыру және басқарушылық себеп: Бізде ешқандай менеджмент жоқ.
3. Баға факторы: Сапа төмен, баға жоғары.
4. Транспорт: Автожол туралы үндемейін, әуе және теміржолы әлі дамымаған.
5. Менталитет: Халық турист күтуге дайын емес және агрессия басым, турист өміріне қауіп көп.

мүмкін осы себептердің барлығын ашып айта алмаған шығармын, бірақ абсты себептерді айттым деп ойлаймын. қарсыластың дәйекті аргументтері болмағандықтан жақсы дебат болды деп ойламаймын. қызықсыз болса кешрірерсіздер.
meirzhan
Ноумэн позиция қорғауда қателік жібергенмен, жақсы айтысады негізі.
balzaminka
Жоқеке, әлі де айта түсіңіз, айтыңыззз
Noman
қарсыластан ешқандай нақты агрумент оқи алмадым.
Әрине, викиден, гугльден фактілер қарап алып, цифирьлермен сөйлеуді ар санадым. Айтыс мейлінше біздің өз білетінімізге негізделгені дұрыс болар дедім. Менің аргументтерім алғашқы посттарымнан бастап қуалап келе жатыр, ол: «туризмнің пайдасы бар, тек ешкі боп отырған — өзіміз!» дегенге саяды.
5 пункттен тұратын себептер — бәрібір мынабір қисынның қасында түк емес. Ол былай. Бес жасар баланы — сен адам болмайсың! — деп, оқытпай тастауға бола ма? Ендеше туризм де сол: алдын-ала диагнозын қойып тастап, болашағына балта шаптық.
Yesman
Әрине, викиден, гугльден фактілер қарап алып, цифирьлермен сөйлеуді ар санадым.

мен де
Gastarbaiter
Археологиялық туризм мен экстремал туризм, сосын секс-туризм де қозғалмаған сияқты екі жазпен
balzaminka
ендігі қалмағаны секең туризмі еді бізде

Соңғы өсектерден, Украина осы жағынан қатты дамып жатыр екен, максимум отыз доллар дейді білгіш кісілер, соған бола ерінбей баратын еркектер еркек емес қой негізі
Gastarbaiter
Қайдам-ау, менің бір әріптесім журналдан көрген жезөкшеге ғашық боп, Румынияға барып кепті-мішү Румынияң қазір пезнес туристтік орталық боп кетті ма деймін.
Yesman
тақырыптан ауытқымай одан да тез қортындыла.

жеңімпазды салтанатты мараппаттау сағат нешеде? обедке кетіп қалып қоймайын.
Gastarbaiter
Бетің ашылмай жатып, команда бересің ғо түге, гладиатор неме, Лонистаға қарсы шыққаның үшін жолбарыстарға тастатайын ба?
Yesman
жеңетінімді алдын ала білдім ғо. быраттар бар да пыроста паддержка беретін
Noman
Олар былай да белгілі ғой.
Gastarbaiter
Ал екі жақ айтарыңызды айтып болдыңдар ма?
balzaminka
Ноумэннің бір оғы калды емес пе?
Yesman
өзіне өзі атса да болады. желательно ауызды ашып ішке жіберу керек немесе самай тұстан.

а то Қазақстан тарихында өзін өзі 3-рет атқанда ғана өлген тұлғалар болды
Noman
Жеке мен болдым. Барлығыңызға рақмет. Оппонентке бір жарты, қыз болып шықса — мартини.
AKY
satibaldi
Студент: «лібә, апай өзінше қатты-ақ болып отыр, ал керекинфода шұлығы кеппей жатыр, неғылған үшжүзді адам...»…
AKY

Образда отырам сабақта… Қабағым үйін-түйін
satibaldi
Тіпті: «не күлкі, не ыржалаң сендердікі?» деп, дікеңдеп қоятын шығарсың ә, бетім-ай.
asaubota
«Бабаниязов, айт. бірге күлейік» деп пе мысалы ))
blackbeard
Болды ғо! несі қалд айтатын?
Gastarbaiter
Болса, дауыс беріңіздер. Жарты сағаттан соң қорытам.
Жеңімпазға 2000 бірлік жіберіпті біреу.
Nurgisa
Бүгінге дейін алты дебаттың ішіндегі мазмұндысы, тиянақтысы болды деп ойлаймын. Қос тарап та аргументациясын шебер кәдеге асырды. Бастапқыда әзілмен түйреп алғысы келген «жоқтаушы» тарап "қостаушы" оппоненттің бір-екі соққысынан кейін басқа тактикаға көшті.
Мен итжығыс болды деп есептеймін. Дегенмен, тек жеңіс беру керек болса, аз ғана артықшылықпен Жақтаушы тараптың риторикасына бұрар еді бүйрегім.
Gastarbaiter
Yesman-ға кетті бір дауыс!
qisyq
Біздің айтыс Сізге ұнамайтындай не жаздық, Құдай
balzaminka
Қилеке, жүрегіңізге қатты ала бердіңіз ғо, алдағы таңда жағдайыңыз қалай болмақ екен
qisyq
Қилеке емес Қисеке деңізші, Гүлшат ханым.
Өзегімді жарып шыққан қу пікірлерімді аяймын да. Алда олай-былай кетіп жатсам… еске алып тұрарсыздар.
balzaminka
упс, бигге сорриенто, Қисеке мырза, алайда, мына ойынмен бар назар шармалғанын түсінесіз ғой деп үміттімін

Сіз мәңгі есіміздесіз!!!
qisyq
Эс альго нуэво пара ми!? өзіңзідей жанның есінде болғанды мақтан тұтамын! Конвикт, кел, құйып жіберші, мұнда жақсылық болып жатыр!
balzaminka
уно моменто, грасиас, Рио-де-Жанейро, есіме Ереван КВН командасы түсіп кетті ғо
balzaminka
Бірлікпен бөлісер болса дауысымды берем

Шутке  Біріншіден, бірлік маған жетпейді, екіншіден алдыңғы күндерде дауыс беріп жүргендіктен бұл жолы дауыс беруді Айжанға ұсынсам деймін.

Бүгінгі айтыс шынымен де қызықты болды, Йесекенің арқасында білім базамды кеңейтіп, Номекенің арқасында көңіл-күй көтерілді, екі азаматқа алғысым шексіз!!!
qisyq
Ешмәмбеттен гөрі Нөумәмбет, меніңше, жақсы айтысты (айтыс тұрғысынан!). Креативі үшін, тайпалаған жорғадай су төгілдірмес сөздері үшін дауысымды Ноуманға бердім. Ал жалпы айтыс мазмұны бойынша екеуі тең болған сияқты.
Gastarbaiter
Noman -ға кетті бір дауыс!

1:1
Келесі адам дауысы шешеді айтыстың нәтижесін. (егер тағы бір жюри қосылып кетпесе)
Gastarbaiter
Онлайнда отырғандар сызылмай дауыс берулеріңді сұраймын.
Зилола, Қисық, Айжан өтініш. Қорытынды шығарайық
e_zhalgas
йесменнің айтқандары — жүйеленген, таза. ал, ноуменнің айтқары — ұнамды, сезімге шақырады, патриот болайық дегендей
Gastarbaiter
Интрига, интрига интрига
qisyq
Цирктейгідей «барабанная дробь» ойналып тұр.
balzaminka
тууу, неге кешігіп жатыр, бекер-ақ дауыс беруден бас тарттым деп ішім күйіп отыр қазір

Ау, халайық, тездетіңдерші
Yesman
шығып бара жатырмын.

егер мен жеңе қалсам бар ойым сәтті жұмысқа тұрып кету болғандықтан, пікірталаста шындық туу да тумауы да мүмкін екенін ескере отырып, білдей Туризм және қонақүй менеджменті дипломым үйде көт сүртуге жарар позицияда жатқанын айта отырып, біріншіден осы тақырыпқа сай білімім бар болғандықтан қарсыластан біраз форам артық екенін ескеріп жеңісті қарсыласыма беруді сұраймын. алдағы тақырыптарда оның айтары ойы меннен көп және 2000 бірлікті бұдан бұрынғы жеңімпаздарға қылдай бөлініп берілуін сұраймын.

рахмет!
Beytanis
Өзіңе шектен тыс сенімдісің ғой…
Yesman
егер деп бастадым ғой сөзімді
Beytanis
Десе де бұл сөзің Марафон шайқасына себеп боларлықтай екен десем қуып увахахахаха
Aldarkose
Дипломына сенімді
Gastarbaiter
Негізі 10 пікіріңіз таусылды ғой Йесеке!
Yesman
обедке кетуім керек болып жатыр, сендер әлі қортындыламағасын тездетіп жатқаным ғой. вдруг жеңе қалсам сөйтіңдер деп "өсиет" айтып бара жатқаным ғой
qisyq
Цирктегідей «барабанная дробь» ойналып тұр.
Yesman
және қарсыласымның кім болғанын шамалап отырмын. менен гөрі алдағы жарыстарға оның қатысқаны дұрыс. менде қайда ондай потенциал?!
Gastarbaiter
Соңғы сұрақ: Бұны жеңілгеніңізді мойындау деп түсінуге бола ма?
balzaminka
Сонымен, жеңімпаз Ноумэн?
qisyq
Цирктегідей «барабанная дробь» ойналып тұр.
blackbeard
Өзіңнің сол цирктегі қапаста бітімі өзіңе ұқсаған екі аяқтыларға қарап тұрғаныңды да айта кетсең
qisyq
Өзіңнің сол цирктегі қапаста бітімі өзіңе ұқсаған
Наталия Андреевна Сольвина, логопед, тел — 265 64 54 (после семи чевера).
qisyq
чевера
лібә, Садық, бармай тұра тұр, бірге барамыз.
blackbeard
Өзің осы әйелден емделіп пе едің?
qisyq
Ия. Үйіне барсаң, табалдырығын байқа, тым жоғары, сосын көзге түсе қоймайды.
balzaminka
Гаста, болды ғой. Иямэн мойындады, жариялашы, плиззззззззз
nurbergen_makym
Сатыбалды VS Админ — нихуясе д'Ебатшылар :-))
blackbeard
Да нуу на! Олай емес шығар!
e_zhalgas
мен де осылай ойладым  бірақ, кім білсін!
konvict
мен де осылай ойладым басын оқығанда
AKY
Мен даусымды Номанға бердим. Сабақта отырм нақ, қызықтан құр қалдым-ау…
Gastarbaiter
2:1 — есебімен минимум басымдықпен Noman жеңді.

Басты кейіпкерлер:
Noman- Cатыбалды
Yesman — Аршат ака Asaubota
sigma
Сат екен ғо, фотошоппен фотошок жасап жүрген, Біразымызды одүниелік қылып, мазар артына жасырып та қойған екен.
konvict
Лібәәә, бірден сездім ғо Сатыбалды мен Аршатты
Gastarbaiter
Сатыбалдының арабшалауы мен Аршаттың Түркия-Түркия-лауынан таныған шығар бәрі.
meirzhan
Иә, бұған дейінгі айтысккерлер өз стильдерін бүркемелеп еді.
konvict
Сатыбалдының сурет салғанынан ақ сездім. Өйткені ондай ой одан басқа ешкімнің басына келмес еді
Gastarbaiter
сурет постерлерге жалпы тыйым салынбаан
balzaminka
Жеңіс құтты болсын, Сатекесі
Gastarbaiter
Жеңімпаз маған жекеге телефон нөмірін жіберсін.
Біреудің тіккен бәйгесін жымқырып қалғым жоқ.
AKY
жеке хатпен поштасына жвере салшиш. егер 13 сипрлы ед-ца болса.
Gastarbaiter
Рахмет, сенің жауабыңды күте-күте күтешек болдым
AKY
Әрқашан дайынмын ғұӘ
Aldarkose
Админнің дипломын сыйламайды екенсіңдер!
Айтыстың тақырыбы белгілі болғанымен, екі жақ туризм мәселесінің бүгіні мен ертеңін екі бөлек қарастырды. Йесмэн қазіргі уақыттағы туризмді даттаса, Ноумэн туризмнің қазіргі халі мүшкіл болғанымен, болашағы бар үлкен сала екенін айтты. Осыған байланысты, тақырыпты "Қазақстандық туризмнің болашағы бар ма?" деп қойғанда бержыртыс басқаша өрбитін бе еді.
Aldarkose
Йесмэннің айтқандары да дұрыс (осы күйдеҚазақстанның туризмі дамымайды, тек шығын болады), Ноймэндікі де дұрыс (көттеріңді көтеріңдер, қазақтар! Бір сәтте пайда бола қоймайды). Екеуі бір тақырыпқа қатысы бар екі бөлек тақырыпшаны қорғап кетті.
Aldarkose
Бүгінгі айтыстың тасы мына сурет болды
Aldarkose
Мына суреттен Ноумэнннің бақалшақ, тастарына дейін дайындалып келгенін білуге болады нахтың.
Gastarbaiter
Жалпы барлық қатысушылар осылай дайындалып келгенінде, керемет болар еді.
AKY
Міне, дұрыс байқадың
Gastarbaiter
Сені сөйлемнің нүктесінің орнына пайдалануға болады екен
AKY
Ия, дұрыс байқадың
asaubota
них… себе. мен жеңіліп қалдым ба не?!

жеңдім ғо деп отырсам

эххх… 7 жылда әрең алынған адал дипломым, бір суретке бола құрбан кеттің ғой.

зы: дипломым мында да пайдаға аспады
e_zhalgas
ол тақырып талқыланып қойды
Gastarbaiter
Ережесіз дебат ғой Ережемен болса, сен жеңер ме едің? Бұл жерде Сатыбалды таза харизмасы ойнап кетті, рационалдығынан бұрын.
Zilola
өзімдікі болсам да, Сатеке сіз мендіксіз ))
edige
Талай қызық өтіпті… ех…
Gastarbaiter
Тағы бір оқып, демалып қалдым ау. Рахмет саған Керекинфо))
Daniar-Alan
мен ол кезде жоқ екенмін… мүмкін қайталармыз… қызық кен…