Рубик кубигін жинадым



Бүгін бір жылдық еңбек демалысым аяқталып, жұмысқа шықтым. Демалыста ешқайда барған жоқпын. Бар бітіргенім бір жылдық ұйқыны ұйықтап тастау, бұл енді аса үлкен құлшыныс және мұқияттылықпен орындалды. Демалыстың басты жаңалығы әрине кіші ұлымның дүниеге келуі болды, біраз уақыт соның әуресімен өтті. Содан кейін өзіме жаңалық болған нәрсе: Рубик кубигін жинау.

Бала кезімде ішінде шариктері бар 1 тесікті цилиндрден бастап, 3 бұрышты пирамидаға дейін небір басқатырғыштармен бас қатырып көрдім. Пирамиданы 16 секундта жинауға дейін жеттім. Ал Рубик кубигін жинай алмай-ақ қойдым сол кезде. Орысша ғылым және техника журналдарынан таптым формулаларын, бірақ сол кезде түсінбедім соларды. Қазір енді интернет бар, Youtube бар. Бірден үйреніп алдым. Үйренгенім ең қарапайым жинау түрі. Енді тез жинаудың басқа методтарына кіріспекшімін. Қазіргі рекордым 2 жарым минут шамасында.

Рубик кубигі ең көп сатылатын ойыншық түрі екен. Ал жинау рекорды 7 секунд. Көзі байлаулы күйде жинау рекорды 2 минут.

Мен мына видео сабақ арқылы үйрендім. Алдымен бір түсті жинаймыз, барлық бүйірлерін және шеттерін бірдей қылып. Сосын жиналған жақты төмен қаратып, ортаңғы жолақты жинаймыз. Яғни, бірінші жиналған түсті қосқанда екі жолақ жиналуы керек. Сосын үстіңгі түстің орталарын жинаймыз, крест қылып. Бірақ, әр қайсысы өз орнында болуы керек. Содан кейін үстіңгі түстің бұрыштарын жинаймыз, бұл жерде олардың орналасулары қалай болса бәрібір. Ең соңғы адымда үстіңгі түстің бұрыштарын келтіреміз өз орындарына.





Қызыққандар болса сәттілік тілеймін!
Бөлісу:

60 пікір

omarbirat
Өте жақсы ермек екен. Бұрын бала кезімде бір-екі рет жинап көрмекші болып, бас қата бастағасын қойнақ дегем
Abilakim
ал мен кубиктерін жұлып алып рет-ретімен керегімше құрастыра салушы ем.Үлкендер таң қалатын
Aldarkose
Тасыңды сындырып алмадыңба?
konvict
Мен де осылай істеуші едім. жинап отырғанға нербі шыдамайд. былай екі жағын ғана жинай аламын
tolagai
БҰНЫ «БАҚЫТ ІЗДЕУ» ДЕГЕН КИНОДАҒЫ УИЛЛ СМИТТЕН АРТЫҚ ЕШКІМ ЖИНАЙ АЛМАЙДЫ! ИОПТЫКЫНЫКЫЛЕР!!!
blackbeard
Кішкентай кезімде екі бетін жинағаныма мәз боп жүретін едім Мықты кубик алу керек! Әйтпесе, көбісі шыдамай шашылып кете береді!
asaubota
менің алғаным китайский ғой, 250 теңгеге. басында қатты болады, кейін бұрай-бұрай оңай бұралатын болады. қазір күнде бірнеше рет жаттығып жүрмін. енді бұдан да тез методына көшемін.
blackbeard
Бір ағам бар! Машинасында үнемі Рубиктің Кубы тұрады. 'Пробкада тұрғанда т.б жағдайларда ермек қылам' дейді. Бірақ бір рет те болсын дұрыстап жинамапты
balzaminka
Arshat aitp ketken metodpen jinaim men, baskalai joln bilmeid ekem. Uzak kutp otrganda ermek edi, kaz agent bar, kol timeidi
asaubota
Джессика Фридрих методы деген бар, сол тез дейді. соны меңгеру керек енді.
know_how88
Джессика Фридрих методы деген бар, сол тез дейді. соны меңгеру керек енді.
Бұл «шаршыны» жинаудан жапондықтар мықты деседі ғой… Әдістердің не бір сұмдығын игерген. Бір жапондық 13 секундта құрастырып тастаған деседі… және осы «шаршыны» құрастырудың 43252003274489856000 комбинациясы бар дей ме…
мына жерде
know_how88
Біз бұл «шаршының» бір бетін ғана құрастырудан ары аспаймыз ғой, шіркін…
Мынау сабақ видео жақсы-ақ екен…
asaubota
көбісі біреуін құрастыра алады, бірақ дұрыс орналасуын қарамайды. бұрыштарды және орталарды дұрыс қоймайды. осыларды дұрыс қоя алса, логикасын да түсінеді әрі қарай да оңай болады.
know_how88
Ия… демек, бар логикасы сонда жатыр гой…
know_how88
Мынау әр жақ бетінде 9 бөлшектен тұратын классикалық түрі ғой… Одан өзге де 15, 20-лықтары да бар емес пе… Бірақ оларды да жинау қиын емес шығар… логикасы бір бой барінің, шамасы…
TOTY
Мәәә… маған бір қиын іс сияқты мынау…
balzaminka
Toty, kiyn emes, azart bolsa boldy
balzaminka
piramidany jinagm kelp jur songy uakytta. Satp aluga ew tappai koidm  Astanada da, osynda da tappadm. Internatta mundai oinwyktar kop bolatn, warigi bar, cifrasy bar…
Zilola
алдын сатып алғанмын, әпкеме сыйлыққа бердім.
Әпкем беріліп жинай бастады. Содан именны бір жері ғана жиналмаған соң, ғаламтордан іздей бастады, ақыры форумдарда брак болады дегенді оқыпты. Шашып тастап, қайта дұрыстап жинап еді, бәрі орнына келді. Өте тез, әрі белгілі бір әдіспей жинайды.
Сондықтан да, кейде брак етіп шығаратын кубиктерді қайта шашып жинаған дұрыс
asaubota
барлығы өз орнында тұрса алынған кезде демек брак жоқ. байқамай біреуін түсіріп алып, орнына дұрыс салмаған шығар.
Zilola
жоға дүкеннен алғанымда бәрі өз орнында тұрды. Бірақ араластырып қай жинарда екі түс бір-бір штуктен ауыспай қойд. Әпкем уж жынданайын деп жүргенде форумнан оқып, содан кейін барып қаншалықты шатастырса да жинап алатын болды бұзбай
asaubota
дұрыс қой ондай болады. сол кезде бір формула бар соны істеуі керек еді.
Zilola
ааа, қазір уже ас болып алған
asaubota
бала кезімде Квант журналында көрген методым мынау: zna4koff.ru/kak-sobrat-kubik-rubika-zhurnal-kvant/#more-163

ол кезде оны түсінген жоқпын
Zhan
Мен шыдамым жетпей лақтырып тастағам… Бас емес төзім керектігін түсіндім
asaubota
асықпау керек. әр адымды қайта-қайта істеп жаттығу керек. басында формуламен, кейін формуланы жаттап алып формуланың неге олай екенін түсініп істеу керек. сонда күшті болады.
Zhan
Былтыр квартирада бірге тұрған қыз сатып әкелген-тұғын. Ол өзі түгел құрастырмаса да, бір түстілерді бір шетіне түгелімен жинай алатын… Күн сайын соны менде солай жасай қаламын деп кешкісін жұмыстан келген соң, әбігерім шығып жататын
VKM
Админ аға-маладеееес десем))
konvict
Мен екі күн жұмсадым үйренуге. Әлі шатыса беремін
asaubota
қай жерінде шатасасың?
konvict
Екі қатарын жинап болып соңғы қатардың үстін жинайтын кезде шатысып кете береді. видеоға қарап отырсам ғана болады
asaubota
кейде бір формуланы екі рет қайталасаң шығады.
sammita
қызықтым. Осындай пайдалы дүниелерді көп үйренейік, бос әңгіме айтқанша)
asaubota
демалыс күні Керуенде осындайлардың 3х3 емес 5х5 және одан да күрделілерін шұқып отырған балаларды көрдік. ұялдым, 3 те 3-ті құрастырып жүргеніме
sammita
видеоны түсіріп алдым, енді кубик алам.
@AKY сыйлашы маған кубииик
asaubota
ойыншық сататын жерлерде толып тұр. мен паркте алдым, ол жерде сәл қымбаттау шығар.
sammita
))аха. бүгін АКУ-мен кездесеміз, шақырған түрім ғой.
AKY
Қазірде «Сіз туралы айтып жатыр» деген хабарлама келмейді
sammita
ееееее, тым жақсы функциялар құрып кетіпті, Белсенділік қолайлы еді өзіме.
asaubota
жақында болады ол да, уақытша жабық. біз өткенде жабық қауымдастық құрған едік, сондағы жазулар Белсенділік пен Лентаға шығады екен. АКҮге рахмет, ол үндемегенде білмес едік.
sammita
Солай ма… өткенде сұрап ем сенен "Қыздарға ғана арнап жабық қауымдастық құруға бола ма?" деп. Жауап алмадым.
AKY
Ойыбаай, құрмай-ақ қой
sammita
агенттегі конференция аман болсын)))))))))))))))
asaubota
құрсаңдар құра беріңдер, тек қана шақыру арқылы келгендер ғана оқи алады. ал Белсенділік пен Лента қазір жабық.
sammita
Телефон деген ойын болушы еді баяғыда. Соны ойнамайсыңдар ма ұлдар? Телеком басшысы өзің болып)
asaubota
тақырыптан ауытқымайық. мен тек Рубик кубигін ойнаймын
asaubota
жиі-жиі құрастырып тұрмасаң ұмытып қалуың мүмкін. соңғы кезде қайтадан құрастырып жүрмін, төрттегі ұлыма үйретіп жүрмін. үйренгендер тастап кетпеңдер, ұмытып қаласыңдар
konvict
Өткенде осыны алып қайтадан құрастырып көрмек болып едім. Базарға барғанда есімнен шығып кетіпті.
asaubota
көп ұстамасаң ұмытып қалады екенсің. енді күнде жаттығып жүрмін. керемет стресс алушы
Daniar-Alan
еремет стресс алушы
груша жақсы сияқты стресске…
Aldeken
груша жақсы сияқты стресске…
не ғо, Даник, бірден басын ашып алайық, ия?
мысалы, груша дегеніміз не?
1. кәдімгі алмұрт жемісі
2. қолмен жұдырықтап ұратын боксшылардың грушасы
3. клизма жасатын Эсмарх кружкасының да бір аты груша деп аталады.
4. нәзік жандылардың төсінің сипатын да орыстар грушаға теңейтіні бар орыс әдеби шығармалырында…
уооот, стрессске осының қайсысын жақсы дегеніңді анықтап кеткенің дұрыс болар…
Daniar-Alan
үшіншіден басқасының бәрі жарайды екен
asaubota
әншілердің ішінде де ақылдылары болады

zholantai
бастауышат оқып жүргенде мамам алып беріп, жинататын, көбіне жыным кеп бзып тастап, ретімен құрастырып шығатын едім. кейін, інілерім де қызығатын,өзімнен кейін туған інім бәрін ұмытып кіріп кететін
asaubota
кеш емес әлі. мен 31 жасымда үйрендім бәрін шығаруды
zholantai
интерес пайда болып жатса, қайта айналдыру керек екен онда ,әзірге қызықпайм
Marco
Менің екі жылым бар екен
dark_nazgul
Мен бір рет ашуланып отырып, автобуста жинап шығарғам. Өзім таңқалып қалдым. Сосын, болмай қойды.
Ispek92
тағы ашуланып көрмедіңіз ба?
asaubota
40 жыл болыпты бүгін Рубик кубигіне