Пақыр...

Неліктен іркіліп қалды,
Жүрісі өнбеген пақыр.
Ешкімге зияны жоқ ед,
Ал оны жазалап жатыр.

Жүрісі өнбеген пақыр,
Бірдеңе бүлдірді мекен?
Ол бүгін өлмейді бәрбір
Үйренген бәріне көтен

Жүрегі нәзік те қатты,
Қайтесің бүгінгі күйін.
Өмірді сүріп ақ мәнсіз,
Мас болып қалады жиі.

Балаққа жабысып батпақ,
Мент біткен тоқтатар оны.
Құлдырап адами құны,
Бітер ме киноның соңы.

Адасса адами жолдан,
Жаратқан, жанын ал оның.
Болсаңшы басқаға Қорған,
Құртып жүр қаланың «фонын»
Бөлісу:

16 пікір

Aikona
а че бізде біреу өлең жазса ответный, сынақ өлеңдер туатын үрдіс пайда болған ба не нақ?
Beytanis
Мұндай "қарсы өлеңдер" ештеңе емес, біреудің жазғанына «еліктеп» он адам дәл сондай пост жазатын кездер де болады.
Zilola
осы орта шынығатын орта, айтысып, сайысып алатын орта.
Ертең шетке шыққанда дайын жүруі тиіс қиындықтарға, айтыс тартыстарға
meirzhan
Шетке қайда шыққанда? шетелге ме.
Zilola
ертең қазнет дамып, бас басың бір бір сайтта жүргенде, ауызында тарысы бар балақораздар секіреді емес пе, сол кезді айтып отырмын.
meirzhan
 жаттығатын интернети полигонға айналдырып жүрмейік.
Zilola
мыжып пікір жаза беруді әдетке айналдырыпсың, бәлкім тынығып аларсың аз
Tabigat
Негізі пародия жазуға талпынған жақсы ғой, бірақ өлеңнің ырғағын, ішкі атмосферасын бұзбай жазсаң ырза болар едім, өздерің білерсіңдер, менің қылым да қисаймайды ғой, тек күлкім келеді)))
tamerlang
Осындағылардың баршасы ақымақ та, сен ғана ақылдысың ғҰә? Қаяқты жемещь.
Aramza
Тиісу керек екен деп бет жоқ тиісуге болмайды бауырым, Табиғатта жөн айтады негізі
Tabigat
Енді оны өзің білерсің, біреу ақылды, біреу ақымақ болуға тиісті емес.