Елбасы туралы ертегі

Соңғы күндері Роза Ақболатова деген кісі жазған Елбасы туралы ертегі кітап жайлы жиі айтылып жүр. Бақандай үш кітап — «Менің президентім Ақпатша», «Елбасы – Нұрсұлтан», «Золотые яблоки Даригуши». Бұл кісі осыдан 3 ай бұрын бізге де келген еді. Осы туралы жазсаңдар деп кітабын тастап кеткен. Жақында БАҚ беттерінде гулей бастаған соң, не нәрсе деп сөреде жатқан әлгі кітапты парақтамаймын ба. Айтарға сөз жоқ. Авторы жақсы ниетпен жазған шығар. Бірақ, өз басым Президенттің атына нұсқан келтіретін дүние деп ұқтым. Күлкің кеп әрі түңіліп оқисың. Дүмшеліктің де түр-түрі болады екен-ау…
Бөлісу:

11 пікір

Zilola
Әр кәлләда бір қиял. Бәлкім бірдеңеден дәметіп жазған шығар
Aramza
иттер-ай, қыңсылаған бұралқы иттер-ай!
saken
Бірақ, өз басым Президенттің атына нұсқан келтіретін дүние деп ұқтым.
+1000

осыны Елбасының жан-жағында отырғандар неге ұқпайтынын түсінбеймін
Aramza
шамалы не жайлы туралы жазған бір екі жолын жазып жібересіңбе?
Erbol
www.azattyq.org/content/kazakhstan_nazarbaev_tales/24328615.html
Осында талдағаны бар екен. Бұнда алты кітап дейді. Менің көргенім үшеу.
Aramza
Президенттің шынайы өмірін ертегіге теңегеніме

Нұрсұлтан отанына теңдесіз көмекпен келген».
мына жерде тіпті пайғамбар келгендей қылып жазыпты иепт.
Qojeke
Оны Мұзаммед, Нұх пайғамбарларға теңеген ақын-жазушыларды екі қолдың саусақтарымен санауға болады.
Janasil
Кө.ке кірудің бір түрі.
konvict
Аты айтып тұр ғой, ЕРТЕГІ деп! Меніңше дұрыс! Осындай ертегі болуы керек. Онсызда ертегімен өмір сүріп келеміз, сүре де береміз ғой.

П.С. Ертегі деп ойдан шығарылған дүниені айтушы еді ғой
Ottegin
Сәбет кезеңінде Ленин туралы кітаптарды оқығаны өтіп кетті ғой дим, Ленин тышпайтын шығар деп ойлайтынмын