Жылт еткен ойлар...

Иә-ә-ә, пенде болған соң бір ой келіп бір ой кетеді…
Кейде жаныма жайлы «пана» таппағанда бас ауған жаққа ҚАШЫП КЕТКІМ келеді…
Құзырлы мекемелер түкке тұрғысыз өздерінің «заңдылықтарын, тәртіптерін» алдыңа кесе-көлденең тарта бергенде бәрінің астан-кестенін шығарып ШАШЫП КЕТКІМ келеді…
Танауын көкке көтеріп, тым масайрап кеткен жанды көрсем «тәубеңе түссеңші» деп кешегі жарасының ауызын ҚАСЫП КЕТКІМ келеді…
Кейде осындай өзімшілдікке негізделген пенделік ойлар жылт береді…
Бөлісу:

26 пікір

madlen
Соңғы кезде осы тема мода болып жатыр
patick
айтпанақ, геродотссстың
edige
Ештеңеге ешкімше мән бермей жұмыс істегіңіз келмей ме?
madlen
Ештеңеге қарамай, жұмыс жасай берсе, ешкім пост жазбас еді ғой.
kuniqumar
Енді ”Қылт еткен ойлар” деген постты күту қалды.
Lyaila
Қылт ете қалған, жылт ете қалған ойларыңызбен бөлісе отырыңыздар
meirzhan
жалт еткен ойлар да болады. бірақ есте қалмайды көбінесе.
жарқ еткен ойларыңызбен де бөлісе отырыңыздар
Lyaila
ғұмыры ұзақ жарқ еткен ойларға не жетсін?!
AKY
«мыңқ» еткен оймен бөлісуге рұқсат па екен?
edige
Менде әр кезде түсімде күшті-күшті киноның сценариін көрем. Аз уақыттан соң тура сондай кино көрем… Шет ел шығарып қойған… Ракишевке айтқам осы жағдайды, казір телефонды алмайт звондасам… неге… тусінбейм…
Сол дарын біздің киношыларда болса жер жаһанда алда жүрер едік. Қысқасы «Жылт еткен түстер»
meirzhan
Иә-ә-ә, пенде болған соң бір ой келіп бір ой кетеді…
Кейде ұйқым қанбаса бәрін тастап үйге тартып кеткім келеді.
Кейде автобус аялдамада тұрғанда рөлге отырып айдап кеткім келеді.
Кейде осындай есуастыққа негізделген пенделік ойлар санамда тарс береді…
KILYZAMAN
Ойлардың түрі көбейе бастаптаы, шүкір деп қояйық!
edige
Қаншама қазақты кондуктор болу мүмкіндігінен айырған автобустағы валидаторды түбімен жұлып тастағым келеді.
KILYZAMAN
Едіге, кондукторлық жұмыстан басқа жұмыстар да бар емеспе?…
edige
ия, мәселен "Ұлттың ерекше жұмысы" ОХРАНА бар
KILYZAMAN
Едіге кім кінәлі? Білектен гөрі(оның өзі екіталай) білімге(сатып алған емес(сатқындыққа жақындықтың НАҚ белгісі)) біліміңді жұмсай білер біліктілікке ұмтылу деген ой жоқпа? Мысалы @satipaldi сияқтылар неге іріпі, шіріп бара жатыр?
e_zhalgas
сақтау мерзімі өте бастаған ғой
araika
Иә, пенде болған соң… кейде періште рөлінде мәңгі қалып қойғым келеді…
«Тазару» үшін барлық құпиямды біреуге жайып салғым келеді…
Кейде жаңбыр астында қалып, жылап алғым келеді…
Lyaila
«тазару» үшін кейде купедегі жандарға құпияңды жайып салған, сырласқан таптырмас әдіс, ауырлықтың бәрі жол үстінде қалатындай…
araika
иә, шет-жағасы шертілді ғой талай
Бірақ әркімге бұлай ақтарылғым келмейді, тек бір ғана адамға.
Lyaila
сол бір жанның құпия сақтар «көмбесі» щвейцарлық сейфтей болса ғой, шіркін…
Zilola
купедегі жандарға?
Қазақстанда олай жасау қауіпті, ертең ағыңнан ақтарылған кісінің қайын ағасының нағашысының бөлесінің жездесінің күйеу баласының бажасына тиіп жатсаң ))
araika
иә, түптеп келгенде қазақтың бәрі біріне-бірі туыс боп шығады.