Шешендерді іріктеу №4: «Пікірталаста шындық тумайды!»
Кейінгі түсініксіздердің алдын алу үшін қатысушыларды төмендегі ақпаратты мұқият оқып шығуына кеңес беремін.
Шайқасушы үміткерлер:
Сары аватарлы Yesman — Пікірді жақтайды.
Көк аватарлы Noman — Тақырыпқа кері пікірді жақтайды.
Өткізілу уақыты:
Сейсенбі. 14-ші қыркүйек, 2011 жыл.
Жаңа ережелері :
1) Әр қатысушы 10-пікірден артық жазбайды (флуды, флеймі, сөзсіз смайлы, демотиватор, сурет, постерлері бәрі пікір болып саналады).
2) Айтыс 1 сағаттан 1 күнге дейін созылуы мүмкін.
3) Жеңімпазды жариялау үшін кемінде үш әділ қазы осы тақырыпта пікір білдірулері қажет.
Құзырлы қазылар:
1) Сатыбалды/Омарбырат
2) Сигма / Нұрғиса
3) Асаубота /Қисық
4) Саммита / Айгерім
5) Алиша / Зилола
6) Бальзаминка/ Айжанатабын
4) Мүшелердің шын есімдері мен логиндері шайқас нәтижесі анықталғанда белгілі болады.
- Кибердебаттар жюри пікірін күтпестен аяқталады, егер:
2)Бір жақ екінші жақтың кейінгі жазбасынан
кейін 1 сағаттан
ұзақ уақытқа еш ескертусіз, хабар ошарсыз жоғалып кетсе, жеңілгенін мойындаған болып есептеледі.3) Бір ойыншы өзінің не екінші ойыншының лақап атын шайқас аяғына дейін айтып қойса, ол ойыншы автоматты түрде жеңілген боп есептеледі.
2)Бір жақ екінші жақтың кейінгі жазбасынан кейін 1 сағаттан ұзақ уақытқа еш ескертусіз, хабар ошарсыз жоғалып кетсе, жеңілгенін мойындаған болып есептеледі.
Сұрақ: @Yesman мен @Noman пікірталас барысында бірін-бірі (лақап аттарын) біліп тұра ма? Үміткерлер даттау және жақтау позициясының бірін өз еркімен таңдайды ма, әлде жеребе бойынша өте ме?
ЗЫ. әдеттегідей сәтсіздік тілеймін херметті д ебатшылар шабыңдар шап!!!
Енді осы айтылған сөзімді, табиғатынан бар, даусыз нәрсені ақиқат дәлелдермен дәлелдейін. Адам қанша жерден ғұлама, шешен, тілмәр, емші, проктолог, пайғамбар болса да, күнәсі шашынан көп, ет пен сүйектен жаратылған пенде. Қателеспеуі де анбеливел. Бірақ, құймышағына қарамай, «менің өмірім!», «менің ережем!» деген сияқты пафосты, пайдасы да жоқ емес, зияны да бар, ұрандарды ұстап, далақтап жүреді. Міне осы ұран, осы ереже, осы ұстанымдар пікірталас кезінде ана тесік, мына тесіктен сығалап, сықсиып шығып-ақ қалатыны бар. Адамның шалыс басып, шалынысар тұсы да осы.
Уа жамағат, дамбалға түскен бит тәрізденбей саусақтың ұшы мен, ақылдың күшіне сүйенген батырларды қолдап отырайық!
Екі адам сөзге келіспей, дауласып тұр екен. Біреуі менікі дұрыс деп айқайлап тұр, екіншісі факт келтіріп, қарсыласының сөзінің түбінде шындыққа жанаспайтынын дәлелдеп тұр. Қайсысын қолдайсыз? Айқайға басқанды ма, көпті көрген, көзі жеткен, сонысын факт қылып түсіндіруге тырысқанды жақтайсыз ба?
Қазіргі мәселен дін проблемасы. Олар дінді жақтаймыз, Алланың құлымыз деп қаншама бейкүнә адамдарды қырып жатыр, олар өздерінше біздікі дұрыс дегеннен тайынбайды! Бірақ, саналы түрде тереңірек сараласаңыз, бұлардың әрекеті дұрыс па, дұрыс емес пе? Өз өзін жаратын жастар, аз көргендер өмірді. Бізге ата-бабаларымыз аталы сөздерді, жыр-дастандар мен термелерді жәйдан жай тастап кетті ме? Көпті көрген олар, шындықты тастап кетті. Осы ата дәстүрін көрген, ұлтының құндылықтары мен шежіреден хабары бар адам және өмірі ұлттық дәстұр дегенді көрмей өсіп, тарихтан жұрдай болып, пепси заманына еліктеген екі жас екеуінің қайсысы ақірет күнінде өз ары алдында таза болуы мүмкін? Жалпы, көп көрген, білетін адамның қателесері аз. Білімсіз бен білімдінің айтысы болғанда, білімдінің тұжырымы өзі -ақ қалқып шығары сөзсіз көкірегі ояу адамның көзіне. Әйтпесе, оқығандарымызды, білген-көрген адамдарымызды сыйламасақ, онда оқымай, білмей ақ қояйық. Бәрібір әркімнің өз дұрысы бар ғой, сол арқылы білген боғын езіп жүре береді ғой. Онда тіпті, пікірталасты шындық үшін емес, күндестік үшін ұйымдастырғаннан не артықшылығы бар?
Мәселе, біреудің біреуді жақтағанында емес. Мәселе, сол дауласып тұрғандардың бәрібір шындықты анықтай алмайтындығында. Бәрібір, «бірқой, менікі дұрыс» деп кететіндігінде. Көпті көрген «менікі рас қой, факті келтірдім» дейді, айғайға басқаны «ну, е-мое, шындық мен жақта ғой» дейді.
итпікірталастырушы екі жақ бар дейік. Міндет, мақсат, миссия — шындықты шешіндіріп, шынысынан сығалау. Сонымен, төреші ысқырық берді, судья балғаны ұрды, гонг соғылды, сөз сайысы басталды. Көзінде көзілдірігі бар, жұқалтаң келген аққұба жігіт сондай зиялы, мәдениетті дауыспен амандасып алды да, жұмсақ, қоңыр үнмен өз ойын дәлелдей бастады. Қарсысында отырған бидай өңді, биязы жігіт те қарсыласын кірпік қақпай тыңдауда. Алайда, әлдебір уақыт өткен соң, екі даукес бойларының ысып-суи бастағанын сезінеді. Себебі, анау (немесе мынау) өзінің шегедей қылып айтқан, соқыр болмаса, басқа көретін шындығына қарсы небір аргументтерді үйіп, гүрс-гүрс соққы беруде. «Ох, йоп, че он сее позволяет!?» Бұдан кейінгі сценарий белгілі, қызарған бет, қылқынған тамақ, сермелген қол, жек көрген көзқарас… Яғни, Сіз адамсыз, қанша жерден гуманды ойлардың, адамшылықты сезімдердің жетегінде отырғаныңызмен, табиғатыңыз, инстинктыңыз (яғни кез келген дау-төбелесте жеңіске жету деген), гендік қасиеттеріңіз (мықты особь ғана тірі қалады деген) өзінікін алып шығады, әлден соң қарсыласыңыз қырсық, қыңыр, кежегесі кейін тартқан есек болып та көрінуі мүмкін. Осының бәрі Сіздің көзіңізді жабады, көңіліңізді буылдыр тұманға орайды, көкірегіңізді түсіністікке емес, ызаға толтырады. Бұл — шындық.Сіз адамның ақылын оқи алмайсыз ғой, оның жағдайын 100 процентке түсіне алмайсыз ғой. Кей адамдар ұрыс жасағанда, олар қарапайым бір түсініспеушіліктің кесірінен ақылға сыймайтын өшпенділікке барып жатады. Сол адамның сол кезде ашуланып жасап қойған дүниесіне бола, біліп тұрып сіз ақылсыз әрекетке баруыңыз адамның көрегенділігін ғана көрсететін сияқты. Сонымен, қандай шайқас болсын, түбінде саналы адам үшін шындық маңызды. Мен өзімнің қарсыласымның сөзінің ақиқат екенін байқасам, пікірталасымыздағы ақиқат сенікі бауырым деп қолымды ұсына салуға кетәрі емеспін.
Мәселе, дауыс көтеріп ұрсысуда немесе қараңғы түннің құшағында сыбыр-сыбыр етіп айтысуда емес. Мәселе, пікірталастың формасы мен форматына қарамастан, әр жақтың өз пікірінде қалатындығында.
Бір нәрсеге мән беруіңізде өтінемін! Біздің таұырыбымыз «келісімде шындық тумайды» емес, «пікірталаста шындық тумайды». Сіз саналы адам болып, мәселен, қарсыласыңыздың пікірмен келісіп, қолыңызды бере қойдыңыз делік. Бірақ, осы пікірталаста шындық туды ма? Кім айтты оның Сіз келісіп отырған пікірі шындық деп? Тек сіз келісе салғаннан ол шындық бола қалған жоқ қой!? Яғни шындық туған жоқ. Сіз тек қарсыласыңыздың «псевдошындығымен» келістіңіз.
Пікірталас адаммен қатар жасап келе жатқан дүние. Егер пікірталаста шындық туатын болса, жер бетінде баяғыда-ақ (мәселен, б.з.д. 456 жылы) жұмақ орнап, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман туар еді. Себебі, шындық, по умолчанию, жағымды құбылыс, жалғандық, о бастан, жағымсыз дүние, соу, пікірталаста шындық туатын болса, кең ойлы, көкіректері ашық (тура мағынасында емес), иманды адамдар жер бетін жаулап алғысы келетін а-ля гитлерлердің, педофилдардың, зорлағыш, қанағыштардың, жалпы қара мінезді адамдардың шындыққа көздерін жеткізер еді.
Кез келген адам (қанша жерден күйреген болса да) намысты болады, табиғаты солай. дау басында ол намысқа тырысып өзінік қалай да дәлелдеуге тырысады. Тіпті, аузын жауып, қол-аяғын байласаң да, миының түкпірінде өз шындығы жайлы ойлап тұратын болады. Кім біледі, пенденің кемшілігі де, артықшылығы да осыда шығар.
Дін мәселесін айттыңыз. Бұл баяғыдан келе жатқан дау. Пікір. Біз бұрынғылардан ақылды емеспіз. Біздің заманымыздың ғұламалары да бұрынғылардан кем емес. Алайда неге адамзаттың әдемі дәуірін көксеушілер, хақ жолында жүргендер, «адам өлтіру — харам» дейтіндер, «не убий!» дейтіндер соларға қарсы мардымды күрес жүргізе алмайды? неге дастарханға шақырып, пікірталаста шындыққа көздерін жеткізбейді? немесе, неге өздері солардың ойларына қосылып кетпейді? Себебі, бұл екі тараптың өз шындығы бар. Впрочем, басқа кез келген пікірталас секілді.
рас, сол сіз айтып отырған конференциялардан мен өзім қорытынды шығарамын. бірақ ол мен үшін шындық болмауы да мүмкін. болған күннің өзінде ол сол үстелдің басында отырып пікірталас жасағандар үшін ОРТАҚ шындық болып қалды ма? Жоқ.
Құранды Сіз бен біз мойындасақ, ол бүкіл әлем мойындады деген сөз емес. Мойындаса, әнеубір американдық епископ елдің алдына шығып өртемес еді қасиетті кітапты. "Ұлтымызға, әлемге танылған ғұламалардың шынды үшін шарқ ұрып жазған еңбектеріне" де қатысты осыны айта аламын.
өзіңізге қарсы шықтыңыз. Егер сол қашатындар Шындықты шын мәнінде мойындаса, ол шындық пікірталаста туар еді.
Сол арқылы қазір көптеген адамдар бірі шындық үшін, бірі өз пайдалары үшін қан майдан кешуде. Пікірталаста шындық тумайды, себебі шындық полибетті. Біруеге алдын, біреуге артын көрсетеді. шындық, сонымен қатар, көп ағайынды. Мен інісін, Сіз ағасын көруіңіз мүмкін. «Ақылғай» шешендеріміз талайдың аузын жапқан, алайда сол аузы жабылғандар «уа, осы қазақтың ақылманы шындқты айтты-ау, рас-ау» деген жоқ. Сөз таппаса таба алмаған шығар, бірақ, бәрібір өзінің ойынан бас тартпады.
Бірақ, шұбырып жатыр. Пікірталастың басы сонау адам атаулының үңгірде маймылтектес болып жүрген кезінде әлде Адам атаның жерге түскен кезінде басталды. Әлі созылып келеді. Қалай деген күннің өзінде де, біздің малтамызды езіп, мыжып отырғанымыз сол баяғы тақырыптар. Өңі өзгергенмен, мәні өзгермеген. Сағызша созылауының себебі де ортақ шындықтың жоқтығында.
осы сөзіңізбен сіз тағы қарсы шықтыңыз өзіңізге. Яғни пікірталаста шындықтың тумайтыны, кейбіреудің, мейлі ол көкбеттенсін, мейлі ол шырқырап жыласын, өз шындығы бар екенін жеткіздіңіз.
Маңыздылығын қайтейін, даушы, пікір таластырушы тараптар ортақ мәмілеге келмесе. Келсе де түбегейлі Бір шындықты мойындамаса.
Йесеке де, Жоқеке де сойып айтады екен
Ол жақтың адамдары құранды ашып та көрмеген болар. Білмеген соң, көптің сөзіне ере салатын адамдар бұл өмірде баршылық қой. Құранды ниетімен ашып соңына дейін оқыған адам оның ақиқат кітабы екенін мойндамайды деп ойлайсыз ба?
Түбінде ақиқат туатынына күмәнім жоқ.
Өз ойынан бас тартпады, себебі бұл жерде ақиқат басты рөлде емес. Ол елдің басындағы ақиқатқа түкіргені бар шенділер болуы мүмкін. Бірақ, ежелгі жау деп саналған жұрттар түгелімен бір бірімен қырқысуда деген сөз емес. Оның арасында ақиқатты көзімен көріп, мойындап, жақсылықпен өмір кешіп жатқандар жетерлік.
Небір ақиқат үшін пікірталастың созылып келе жатқаны шын. Бірақ, ғұмыры ұзақ пікірталастар сияқты біздің ғұмырымыз ұзық емес. Өмірге ештеңеден бейхабар болып келеміз, қамшыдай қысқа ғұмырымызда шындықты іздеумен өтеміз. Екі адам бір оқиғаны екі түрлі қабылдағанымен, оның жалғыз ақиқаты бар.
Ал маған, пікірталастың ақиқатты ашуымен маңызды. Әйтпесе, өмірде пікірталас иттің боғынан көп. Олар үшін бас қатырмаймын және оларды нағыз пікірталас емес, бол мылжың деп қараймын.
Обана, өте қауіпті пікір. Қасиетті мыңжылдық соғысқа айналып кете ме деп қорқам
: ашуландым нақтың:
Дабай соңғы дуэль, гонгтың соңғы дабылы шыққанша тырысыңдар, жеңісті қолдан бермеңдер! Намыс! Намыс!
Қателеспесем, соңғы, оныншы пікірімді жазып отырмын. Менандрдың айтқаны бар: «В споре часто побеждает дерзость и красноречие, а не истина», — деп. Мұнымен келіспеуіңіз де мүмкін (келіссеңіз, бұл пікірталаста менікі дұрыс болғаны, келіспесеңіз, Менандрмен болған пікірталаста әрқайсыларыңыз өз шындықтарыңызда қалдыңыздар).
Көп созбайын.
Пікірталаста шындық тумайды. Себебі, бір шындық, бір ақиқат жоқ. Бес миллиард адам мойындаған құбылысты бір миллиард адам мойындамауы мүмкін. Немесе, керісінше. Шындық көп. Және ол көбейгеннің үстіне, көбейе береді. Әр адамның бір, тіпті бірнеше шындығы болуы мүмкін. Олардың қалыптасуына қандай да бір индивидтың өмір сүрген ортасы, өсен жері, отбасы, әйелі, бала-шағасы, жұмысы, қызметі, тәжірибесі, тағы басқа факторлар әсер етеді. Бірақ, оның факторлары екінші бір тұлғаның факторларымен сәйкес болуға міндетті емес және болмайды да. Яғни екінші тұлғаның өз шындығы/шындықтары қалыптасады.
Адам біреумен пікірталасқа түскенде, сол пікірталас созылған уақыт ішінде (ол бір сағат па, үш күн бе маңызды емес) оппонентінің пікірімен келісе қоймайды. Себебі, ұзақ жылдар бойы қалыптасқан, тіпті генмен берілген шындықтың аз мерзімде бұзыла салуы мүмкін емес. Оның үстіне, пікір таластырып отырған адам ә дегеннен немесе дискуссия барысында қарсыласына деген негатив сезімдерге ие болады. Адамның табиғаты сондай. Бұл да маңызды рөл ойнамай қоймайды.
Дүниеде қанша пенде болса сонша шындық бар. Сіз үшін ол шындық болмауы да мүмкін, бірақ олар үшін шындық. Сіздің айтып, дәлелдеуге тырысып отырғаныңыз мағынасыз, бос дүние, себебі, осы қарапайым біздің пікірталастың өзінде-ақ мен шындықтың туып отырғанын көріп тұрған жоқпын.
Рас, философияда абсолютті шындық деген бар. Бірақ, бар болғанымен философтар оған нақты бір құбылыстарды толықтай жатқыза алмады. Себебі, мұндай түсінік бар болғанымен, онымен адам атаулының бәрі жабылып келісе қоймайды. Мәселен, "Құдай бар, ол хақ" деген күннің өзінде, бізге қарсы шығатын атеистар бар.
Пікірталаста шындық тумайды. Себебі, пікір — жеке тұлғаның шындығының жарық көруі, сөз формасына ие болуы. Басқаша айтсақ, пікірталас — шындық таласы дегенді білдіреді. Ал таласта әдетте түпкілікті жеңімпаз болмайды. Ол үшін қарсыласты толықтай жою керек. Бірақ, мұнымыз адами іс емес. Ал, шындық оң құбылыс болған соң, адами емес іс, оған жат. Яғни, қарама-қайшылық. Түпкілікті шындық жоқ.
Пікірталаста шындық туады деген мәнсіз, аяқсыз дүние. Тумайды. Тіпті, осы тақырып бойынша да керекшілер екіге жарылып отыр меніңше. Екі шындық бар. Қайсысы нағыз? Оны Сіз бен біз анықтай алмаймыз. Жалпы бұл анықталмайтын нәрсе. Себебі, шындық көп. Және пікірталаста екі немесе одан да шындық жүреді. Нақтың.
Ұйымдастырушы Гастаға, сойып сөз айтқан, тысқыртқан қарсыласыма және қышқырып, айтақтап, желпіп отырған жанкүйерлерге алғыс айтамын.
Сайысты ұйымдастырған аға-апайларыма, қазыларға, жанкүйерлерге алғыс білдіремін. Йесман бауырым, әкел қолыңды!))) Бүгінгі пікірталасты ұтсам да, жеңсем де мен үшін айырмашылығы жоқ…
Бастысы — сайыстардағы жеңіс емес, жеңістің де жеңісі бар — ол өмірдегі адамгершілікпен жеткен жетістіктер…
Өз басым пікірталаста шындық туады дегенді ұстансам да, Абай атамыздың пікірталасты шындықты анықтау үшін жүргіз деп айтып кеткеніне де қарамай, дауысымды шындықты тудырмаған азаматқа беремін. Ол азаматтың ойы басым түсті меніңше, қарсыласы да осал болмады, дегенмен Йесмәннің аргументтері өтімді болды мен үшін
Дейді Yesman, бұл тұрғыдан қарастырғанда, сол көп шындықтың бірі бүгін бәріміз тамашалап отырған айтыстың өте тартысты өткендігі!
Бұнымен де келіспеске шара жоқ дей отырып, осы сайыстың қорытындысын шығаруды құзырлы қазыларға бергім келеді.
Сонымен қадірменді жамағат, бұл айтыс та аяқталды. Сыйластықтарын бұзбау мен кескілескен шайқастан құр қалмаудың тепе-теңдігін бұзбай айтыса білген екі қатысушының көрсеткен өнеріне ду қол шапалақтап қоялық!
Кезінде ата-бабаларымыз шындықты анықтау үшін пікірлескен. Бірақ ол кезде сөзге тоқтаған. Дұрыс нәрсені айтса бірден келіскен. Саналы адам үшін өз пікірінен бас тарту айып емес. Бауыржан Момышұлы «шегіну жеңіліс емес» деп айтып кеткен. бірақ қазіргі кезде, тв-да болсын, газет беттерінде болсын, екі адамның арасында болсын пікірталас шындықты табу үшін емес, қарақан бастың қамымен өзінің атағын шығаруға арналып кеткендей
З Ы: ЙесМан деген Қисық сияқТ.
Әйтсе де, Йесманға дауыс берейін. Ар жағын фортуна көрсете жатар
Мейіржан, басымды ауыртпа. Отырсам сол, сен үшін анализ жасап, негіздеп.
Сосын не ғо, пікірді 5 жолдан асырмауды қолдаймын.
10 жол жетіп қалар ә? Тым созылып та кетпеу үшін, абзацын аяқтап үлгеруге де жетеді.
з ы: Дебатты, әсіресе дебатерларды жек көрем. Олар айтысып әдеттенгені сондай, өмірде де өз пікірлерін навязвать етеді. Көп жағдайда.
з ы: Нервіме тиесің!!! © Майра Итаяқова
Ақиқат тап осы жерде өзіне қол жұмсады
Егер навязчивый болу маңдайына қарадай тігілсе, ол адам дебатер болмай-ақ навязчивый болады.
Үш дауыспен
ПС: Қисық жеңді
Al-Aster жеңілді
Ал-Астердің аяқ алысы жаман емес. Оған әлгі счастливый билетикпен келесі турға жолдама беруді ұсынам. Егер біреу әлдеқандай себеппен қатыса алмаса немесе, адам саны тақ боқалса, ну ощм жетіспей қалса, орнына қатыссын!
Ноуман — Ал-Астер.
Мен — АКУ, сен — Жалғас.
Алеке, жеңісті күндер әлі алда, ойында жеңілгенмен өмірде жеңілмеңіз!
Егер менің даусымның тайдың тасағындай салмағы болса, мен екеуінің де келесі айналымға өтуін, Гүлфайруздың қос аяғын көтере қолдаймын
з ы: Гүлфайрус
@qisyq
Негізі, мен AL-ASTER-дың келесі айналымға өтуін сұраймын, өтінемін және талап етемін. Себебі, ол әдемі пікірталас жасай білді. Оның үстіне, мына тақырыптың өзі жеңіл жүрісті, қай жағынан кірсең де бола береді. Сондықтан кімдікі дұрыс екенін анықтау қиын (шешес, тағы бастадым ба!). Адамдардың екіұшты болғаны содан шығар. Қарсыласым мықты сөйледі деп ойлаймын және ол келесі пікірталаста өзін бұдан да жақсы көрсетеді деп сенемін.
(Лібә, түзету қашан қосылады екен?)
Алдаркөсе амиго, пышағын жалаңдатып осында жүруші еді ғой, қайда кеткен?
VKM (сәлем беріп): Қис-аға, Алдар көкем бағана қос тартып, Талды жаққа кетен…