«Ракушка» туралы білгіңіз келсе...
Шілде айында қаладағы құрбым Зухра Ақтауға жиен сіңлісін ұзата барып келген еді. «Каспийден теріп алдым, сен осындайға әуес едің ғой» деп тойдың сарқытымен қоса бір уыс ракушкаларды қолыма ұстатты. Содан бері блогыма жазайын деп сәті түспей жүрген еді.
Егер жаздыкүндері теңіз жағалауында серуендеген болсаңыз, құм арасынан толқын тасқынымен шығарылып тасталған теңіз ракушкаларын әсте көрген шығарсыз. Мұндай ракушкалар әдетте іші қуыс, бос болады, яғни өліп қалған кейбір теңіз жануарларының бұрынғы «үйшігі» деп түсінген дұрыс. Дей тұрғанмен, ракушкалар орманды алқаптарда да, өзендерде де кездеседі екен. Жалпы, адамдар ракушкалар туралы сөз қозғағанда «ұлу» деп аталатын /былқылдақденелілер/ теңіз жануарын көз алдына елестетеді. Ұлу жұмсақ терілерін қорғайтын қалқандарда (бақалшық) өмір сүреді. Бақалшық- ұлудың қаңқасы немесе жануардың бір бөлігі деп айтуға болады, яғни, ұлу оған денесімен бекіп орналасқан. Былқылдақденелілер өз «үйлерін» ешқашан тастап кетпейді. Бақалшық — ұлудың белгілі бір бездері судан әкті тарту арқылы түзіледі екен. Бір қызығы, былқылдақденелі өскен сайын бақалшық көлемі де ұлғая түсетін көрінеді. Өсу сызығын бақалшық шеттеріндегі жанама қатпарлардан көруге болады.Ұлудың бақалшығы 3 қабатты: сырты құрамында әк жоқ қасаң қабықтармен жабынған, одан кейінгі кальций карбонаты қабаты, ал «маржан анасы» деп аталатын ішкі жағы өте жұқа кальций карбонаты мен қабықты қабаттан тұрады. Ал түсі ұлу бездерінен бөлінген заттарға байланысты түзіледі.Сондықтан ракушка біртүсті, кейде түрлі түсті жолақты сызықты болып келеді.
Ежелгі Рим адамдары осы бақалшықтарды жинағаны туралы кейіннен жүргізілген қазба жұмыстары дәлел болған. Рим тарихшысы Светонийдің айтуы бойынша, теңіз бақалшықтарын жинаған ең алғашқы коллекционерлердің бірі император Калигула екен. Ал Ресейде бақалшық жинау жағынан меценант Павел Григорьевич Демидов ешкімге дес бермеген көрінеді. 1804 жылы үлкен топтамасын Мәскеу императоры университетінің тарих кабинетіне сыйлапты, аталған топтама кейіннен МГУ-дің Зоологиялық мұражайының негізін қалаған.
Тамыз айында Астанада мұхитсуын аралағанда /океанариум/ сатылымнан ракушкаларды қызықтағанмын. Осы материалды әзірлеу үстінде отырғанда, ғаламтордан да не түрлісін көріп, тіпті олардан сәнді бұйымдар жасайтынын да байқадым. Арнайы әзірленген желімнің көмегімен одан әр түрлі пішіндегі кәдесыйлар әзірлеуге болады екен. Әрине, ракушкадан жасалған композицияңыздың сәтті шығуы сіздің шығармашылық талабыңызға байланысты.
Мәліметтер орыс тілінен аударылды: potomy.ru/; shells.ucoz.ru/
Сурет сілтемесі: igrushka.kz/
арал теңізіне барғанда біршама колекция жинап алғам
Ендігі демалысымда өзімді қолөнерге арнамасам