Оянған ойлар-2. Мақымның мақамымен...

Ішіп кеткім келеді. Менікі Нұрекеңдей емес, анда-санда “за күйік” ішкісі келу. Сөйтсең бәрі дұрысталып орнына келе қалатындай. Жаман ойлап қалдыңыз ба, әрине “ақаңнан” емес, жай сырадан сыраптап қана. Өйткені, өзі өмір сүріп отырған қоғамға ешкімнің де көңілі 100 пайыз толған емес. Толған болса маған әкеліп көрсетіңізші. Мен содан интервью алайын  Зар заманның “зарлауықтары” қай кезде де табылады. Ұлтына өлердей жаны ашитын, тіл, дін, рух деушілердің!!! Аттан, ойбай аттан! Құрдымға кетіп бара жатқан да қазақ, өз елінде жүріп чмо болған да қазақ. Общем, абайламасақ, жаһандану деген айдаһардың аузында тұрмыз. Жыны келсе, бізді “әуп” деп жұтып қоюы мүмкін. Бірақ, че-то бізді әлі жұтқан жоқ! ( Бұдан тез жұтылуды армандап жүр екен деп ойланып үлгермеңіз). Жан-жағымызға қарап қалсақ, байбалам салып жүрген өзіміз екен.

Құсып кеткім келеді. Жоғары жақтағылардың құрып қойған системасына әсіресе. Сосын, “мен бастықпын, көңілімді табыңдар, мақтаңдар, ақша беріңдер, жағынып, қас-қабағыма қарап өмір сүріңдер, аяқтарыңнан ұшынан басып жүріңдер, бүгін көңілді екенімді көрсетпеуім керек, әйтпесе жылы жүзімді байқап қойса, подчиненныйларым түрлі просьбаларымен келіп, миды шірітуі мүмкін” деген сияқты. Орнынан босап қалмас үшін, өзінен жоғарылардың ұртын “бір майлап” қоюды ұмытпау, тағысын тағы осы сияқты түсініктерге, және креслодан айрылып қалмас үшін үреймен ұйықтап, үреймен оянатындардың бейшаралығына құсып кеткім келеді.

Ұшып кеткім келеді. Ұшып емес, безіп кеткім келеді. Безіп емес, білә, өліп қала салғым келеді. Қысқасы осы.
Бөлісу:

55 пікір

AKY
защем так жестоко
sigma
Жоғары жақтағылардың құрып қойған системасына әсіресе

меніңше жоғпрвдпғвлар еш система құрған емес, құрмайды да. Системаны жасайтын сол бағынышты халық па деп қалам.
Сол сәбет заманының сарқыншақтары (әке буын) кетпейінше бұл система өзгермейтін сияқты. Әрине тек басшылықтан емес, жалпы сәбеттіктер бәрі.
Қызметкерлердің орта жасы 25-35 құрайтын мекемелерде басқаша да, 45-50 құрайтындарда басқаша. Ол мекемелерге келген бастықтарды системаға тәрбиелеп алады.
Ойлап көрсеңіз, бастық бола қалсаңыз адамдар асты-үстіңізге түсіп жүрсе жаман емес сиқты.
KILYZAMAN
Лауазым мен қызыметтің қасиеті кетіп, сыбайластар мен ұйымдасқандардың арас ындағы әмеңгерлікке ұстайтын тестігіне айланған заман… Бұл жерде: топастық, дарынсыздық, жауапкерсіздік
meirzhan
Құсып кеткім келеді. Жоғары жақтағылардың құрып қойған системасына
Бәрінде ойлар осылай ояна берсе, түйіншектерімізді алып, қара машинаны есіктің алдында күтуімізге тура келетін сияқты.
asaubota
Ойлар жанрын дамыту керек, бірақ ол жердегі басты сөздерді көшіріп емес.

ішіп кету, ұшып кету дерті бұрын болды менде де. кейін оны похуизммен емдедім. еркек болғанның жақсы жері сол, «ой, сгиншнаху» деп қолды бір сілтеп жүре бере аласың.
e_zhalgas
здоровый пофигизм — онымен мен де ауырады екенмін
Zhan
Мә, действительно қандай рахат еркектерге! «Пофигизммен» ауыру үшін біз не істесек екен?
qisyq
жаңа бір проблема шықты. Қатты уайымдап кеттім. Сосын, "үйна, не болса о болсын, көреміз" дедім, әлем кеңіп сала берді.
e_zhalgas
доктор хаусты көр, нағыз пофигист болып шығасың )))
Zhan
Доктор Хауст???? ммм жарайды көреміз…
Gastarbaiter
Гете «Фауст» — ты оқып жүрме мына түріңмен
Zhan
несі бар, оқысам оқимын. студент кезімде типа кітаптың сыртын көргем.
Gastarbaiter
Зилоланың айтып жүрген бұйрабасы сен емес пе?
Gulistan
мен де ақырындап осы жүйеге жақындап келем
e_zhalgas
Құрдымға кетіп бара жатқан да қазақ, өз елінде жүріп чмо болған да қазақ.
Мына тұжырыммен келіспейтіндер де бар екен
Zhan
Мәссаған, расында аттай (8 — СЕГІЗ) миллиардер бар екен…
e_zhalgas
чмо еместер де бар дегенім ғо
Zhan
Ну да точна, мен дегенің Мақымның жазғандарынан кейін жазғым кеп кеткені ғой енді… Әдейі бастапқы сөздерін жалау етіп алып. Бірақ, Аршаттың ескертпесінен кейін түзетуге тырысамыз…
KILYZAMAN
Аңқау(мүкін олай емес шығар) елдің, дорбасын(қазынасын) тесуді кнәсіп қылған өңшең найсаптар ғой шетінен :-(
e_zhalgas
есесіне чмо емес
KILYZAMAN
ЧМО, нағыз ЧМОлар. ҚКАлар — Қоғамға кедергі жасайтын адамдар болмаса қоғам үшін не істепті? Ең құрығанда бір өндіріс көзін ашты ма екен?
e_zhalgas
оны ашса, чмо болмай қалады ма сонда?
KILYZAMAN
Сен қалай ойлайсың?.. Неге ашпады?
e_zhalgas
бұл сұраққа жиырма жылдан бері ешкім жауап таппады
Zhan
Зато үш жыл қатарынан парад өтуде, не в тему…
KILYZAMAN
Жауап іздемеді деген ойыңа келген жоқпа?
e_zhalgas
бейуақытта келіп, далбаса екенін түсінген соң, жауап іздемегені қызықсыз болып қалды. олардың жауаптан өзге талай нәрсені іздемеуі таң қалдырмайды
KILYZAMAN
Табаныңды жалтыратып сырғанамастан бұрын, қылжақтап күлместен бұрын, сынамастан бұрын...«Көштегі өркешті қалай теңшесем екен? Менің бір мысқал салмағым бар шығар» — деп ойланғаның жөн
сияқты!!!
satibaldi
әрине “ақаңнан” емес, жай сырадан сыраптап қана.
Пьяница.
e_zhalgas
балағаттағанша, шөлмек тартысуға шақырмайсың ба?
madlen
Неге ешкім Мальдив аралдарына дем аулға кетіп қалғым келед деп жазбайды екен
Gastarbaiter
Мальдив аралдарынан хабары жоқ та құрсын.
Zhan
Басқасы басқа, былш еткізіп айта салатын Гастаның пікірінен кейін Мальдиваға кетіп қалуға болатын шығар
meirzhan
Гетенің «Фаустын» да оқуға болады.
e_zhalgas
ішіп кетеді оны оқыса, онсыз да жоғарыдағы жазбадан бақсақ, алғашқы белгілері бар екен
Zhan
Не соншалықты ішіп кетуге әсері бар кітап па?
e_zhalgas
интрига туғыза алдық қой деймін  арқарай, өзің шеш!
Zhan
сыра ішу қоғамға және өзіме соншалықты қатер төндіретін алғашқы белгілер емес шығар енді…
e_zhalgas
алғашқы белгілер қатер төндірмейді… ендеше, сыралатайық!
e_zhalgas
патша көңілің қалаған күні
TERISKEY
ық-ық, Жәкең кетәрі емес қо)))))
Zhan
Өздерің шақырмайсыңдар, шақырғанды көре алмайсыңдар
Gastarbaiter
Айтпа, ия десең жеңілтек, жоқ десең базына айтып, ақын боп кетед деш
e_zhalgas
ақындыққа қиылған қыздар сирек қой бұл күнде
Zhan
Иә, дәл айтасың… Бірақ, сенен қатты қорқам, тағы бірдемені былш еткізіп айта сала ма деп…
Gastarbaiter
Қорықпа қызым қонақтан…
e_zhalgas
: көзі шарасынан шыққан смайл:
e_zhalgas
сырадан кетәрі адам бар ма өзі?
Zhan
Сыраға кет әрі адам бар. Ол ертесіне бас ауырып, «білә, енді ішпеймін» дейтіндер айтады
e_zhalgas
кешкісін тағы отырад бөтелкесін құшақтап десиш
meirzhan
айтпа, Гетеге жақсы жарнама болды.
meirzhan
құсып кеткісі келетін кітаптар да болатын шығар
Beytanis
«Постың „керекинфолық“ (керек жері, моралі) жері бар ма?», «Бар болса несімен?», т.т. сауалдар туындап отыр…