КИНО: Алматылық блогшылардың бас қосуына бір себеп

Алматылық блогшылардың бас қосуына керемет бір себеп болып тұр. Бүгін сағат 16-00-де Алматыда АҚШ елшілігі журналистер мен блоггерге арнап екі деректі фильмнің тұсаукесерін өткізеді. Бұл фильмдер -келесі аптада басталатын Еуразия кинофестивалінде көрсетуге ұсынылған таңдаулы туындылар екен (қалай таңдағандарынан хабарым жоқ. Поштама келген мәтін сол күйінше жарияланып отыр).

1. «Камера ұстаған балалар» деген деректі фильм аутизм ауруына ұшыраған балаларды кино түсіруге баулу туралы. Фильм авторлары неврологиялық дертке ұшыраған балаларды өнер арқылы емдеудің тамаш үлгісін көрсеткен.

2. «Мұқабадағы қыз» — мектеп қабырғасынан бірден Иракқа соғысқа аттанған қайсар қыздың тағдыр-тауқыметі туралы фильм. Армиялық журналдың мұқабасына суреті шыққан Робин Мюррей АҚШ-қа оралған соң психологиялық жарақаттың кесірінен күйзеліске ұшырайды. Бірақ соңынан өнер мен поэзия арқылы дағдарыстан шығады.

Көрсетілетін орны:

Алматы қаласы, Жолдасбеков к-сі, 97, Меңдіқұлов қиылысы, «БТА банк» ғимараты, А2 есігі, 2 – қабат, коференц-зал

Уақыты: 14 қыркүйек, 16-00

Қатысқысы келетіндерге Мұхтар Сеңгірбайға, АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің қызметкеріне төмендегі телефондар бойынша алдын ала хабарласуы керек.

8 727 250 48 14

8 777 221 86 91
Бөлісу:

5 пікір

qisyq
Авторға, рахмет!
Блогшыларға ұсыныс: ықыластарыңыз болса Киностанға мақала (репортаж, рецензия, шолу) жазсаңыздар болады.
urimtal
@qisyq Мұхтарға тікелей хабарласып көрсеңші. Мүмкін кино көрсетуінің бір жылдық бағдарламасын қолға түсіріп, соны сайтқа ілерсіңдер.
qisyq
Жақсы болар еді. Хабарласамын.
edige
Нақтырақ айтқанда «САМАЛ РАМСТОРДЫҢ қасында».
Кімдер келеді екен?
rakisheva
Кино корсетілім жаксы өтті, әсіресе «poster girl» (девушка с обложки) ұнады )