Туфлиім қайда?

Бұл оқиғаның өткеніне де 2-3 жылдың көлемі толыпты. Еркектерде екі шалбар болса болды ғой. Кезек-кезек жуып алып киіп жүре береміз. соның біреуі сыр бере бастаған соң базарға бардым. Өзіме жарасады-ау деген біреуін киіп көріп, пакетке оратып алдым. Қолтығымда пакет, пакетте шалбар, езуімде күлкі аялдамаға қарай алшаңдай басып келемін.
Табаныма ептеп тас батқандай болды. “Қолымызға бір қарға тышқанда” табаны қалың туфли алып алу керек екен” деп ойлап қоямын. Автобусқа да міндім. Жұрттың бәрі маған қарайды. Артқы жақтағы бос орындықтың біріне жайғастым.” Мыналар маған неге қарайды-ей” деген оймен жайлап өзімді тексере бастадым. көйлегімнің түймесі түгел, дұрыс түймеленген. Шалбардың замогы жабық, ауы бүтін. Туфли, ох, лібә! Туфлиім қайда?! Үйден шыққанда бар болатын. Сөйтсем, мен байғұс шалбар өлшеген жерімде туфлиімді кимей кетіппін ғой)))
Суреттің орыны
Бөлісу:

25 пікір

meirzhan
Шығармайтыныңыз жоқ. ұшқыр қиял.
Abilakim
Талай қызықтар болды ғой
Janasil
Бүкіл смайлдардың бәрі қыран топан күліп аунап жатыр.
omarbirat
«Базардан киім алғанша, аяқ киім алып алмадың ба, байғұс-ау» деп кейбіреулерінің жаны ашып та кеткен шығар
Beytanis
Әбеке, осыны бұрын блогыңда жариялап па едің?
Abilakim
«Жастар порталында» болған
Gastarbaiter
Тақырыптың аты детективтің көтін ашып тұрғаны болмаса… былай… енді мырс етуге тұрады… жоқ қайтып алдым, дым күлкілі емес. :=(
Abilakim
Біреу көтті ашқанға күледі, біреуга саусағыңды шошайта салсаңда күлкілі
serjan
Ойдан құрастырдың ба деп қала берем. аяқ киімнің жоқ екенін сезбеу мүмкін емес шығар.
Abilakim
Мысал үшін, мен кейде өзімнің үйленгенімді ұмытып қала беремін.Былай қарасаң мүмкін емес нәрсе секілді
Beytanis
Ауыспалы мағынада секілді.
Abilakim
Негізінде баяғыда өтірік әңгімелер жазатын әдетім бар еді. «Жастар порталы» сайтындағы қолданушыларды қосып отырып жазатынмын. Мынау сол әңгімелердің бірі ғой. Көбісі болған оқиғаларға құралатын дегенменен.
Beytanis
Бір қараған адамға жәй күлкілі нәрсе секілді, бірақ түсінген адамға жақсы тұспал.
Abilakim
Тіпті, ғибратты демегеніңе шүкір)))
Beytanis
Әркімге әрқалай. Біреу ұрып-соққанды, қарғап-сілеп, жер-жебіріне жетіп айтқанды амалсыз ұғады, біреуге қабақпен ұқтыртасың. Өмір ғой, Әбеке.
edige
Қазіргі туфлилер сондай
Abilakim
ия, негізі көбінің табаны жұқа.
a63a1
Муахахахаха  Қоджа нассыр
bazuka
Айс шығармайтынын жоқ)))))))))))))
Abilakim
шығарып отырғанымды қайдан көріп қойдың?!
bazuka
қаааасқааа өзін айтып қойдын)))))
Abilakim
қасқа екенін қайдан білдің?)))
Makhabbat
псих больницадан қашып кеткендер туралы анекдоттарга уксайды екен
Gastarbaiter
Тазша баланың тасынан кешкендері