Айтайын дегенім
«Керекинфоға» тіркелгеніме көп болған жоқ. Шынымды айтсам, әрбір жариялаған (мейлі ол «умаждалған», мейлі тың тақырып болсын) жазбаға жан-жақтан, яғни сіздерден салмақты ой-пікірлер күтетінмін. Себебі бір мәселеге бірнеше көзбен қарап, өрбіту деген жақсы ғой. Бірақ, Аршат, Асхаттар бұл жерді боқауыз сөздердің қоймасы қылыңдар деп ашты ма? Бәрін жаза беру керек екен деп, жазып жатырмыз, жазып жатырмыз… Жазу мәдениетміз болса, құлдырап барады...((
Қыз күзгі балда жеңіліп қалды, біз күлеміз. Ғашық жігіт өзінің мұңын шағады, біз күлеміз. Кемпір төмен жылжыған эскалаторға міне алмай әлек, біз бұттан кетіп, тағы сұраймыз. Әділетсіздік, парақорлық, алкоголизм — біз күлеміз. Ұлтшылдық, түсініспеушілік, алалау, зорлық, балағат, себепсіз қақтығыстар — біздің ішегіміз қатады. Біз кез-келген жексұрынның тірлігіне бетіміз бүлк етпей қол қойып, қосыла кетуге дайынбыз. Біздің талғамдарымыз саналы қисынға негізделмеген, мақсатсыз даулар — біздің болмысымыз, біз — Қазнеттің бетпердесін шынайы кескініміз.
лібә бұттан кетті сразу )))))))
Тезірек пікірді жөндеу қосылса екен: армандамын:
тек қана Қазнет емес қоғам сондай десем ше?
дайынбыз, дайынбыз…
Күрішші атайдың қара қызы )))))))))))))
не дейміз, аянышты. "Қазақ ардақтылары" деген жаңа урна ойлап табамыз ба… Қазірде қоқыс салатын 3 бөлімді /қағаз, пластмасса, шыны/. Сонда 4 қоржынды урна пайда болады /қағаз, пластмасса, шыны, қазақ ғұламалары /…
немесе бопты, "Қап қап әттеген ай" дедім. Не өзгерді?