Нәски хикаясы
Бұл оқиға менің емес, ауылдастарымның басынан өткен. Бір өтірігі жоқ шынайы хикая. Сонымен…
Елдос таң ертең анасың "қақпас, әлі жатырсың ба? Тұр бол омалмай. Үйде отын жоқ, анау Рақыш көкең сексауылға шығады екен бүгін. Солармен бірге барып «куча» алып кел" деген даусынан оянды.(Куча — сексауылға шыққандардың үйіне деп алып келетін үймек отыны. Аптыр) Жылы төсектен тұрғысы жоқ. Алайда, шешесі жер-жеберіне жетіп барады. "Қап, болмас. Отынға шықсам, шығайын" деген ой келді басына. Үстіне күпәйкесін, аяғына керзі етік, қолына қолғабын киіп даладағы жаңа жауған қарды күрт-күрт басып Рақыш көкесінің үйіне аяңдады. Рақыш — қақ-соқпен ісі жоқ, момын шаруа. Бір ғана кемшілігі мұрнының астынан сөйлейді.
Хош, сонымен Рақыш бастаған, Елдос қоштаған бірнеше жігіт сексауыл алып келуге 80 шақырым жердегі бауға Беларус 80 тракторымен шығып кетті. Күн суық. Тележкіден дірдектеген жігіттер діттеген жерге жеткенше бір-екі стопкіден лақтырып алды. Қалың сексауылдың ортасына жеткесін жапа тармағай отынды тележкіге тиеуге кірісті. Бір тележкіні күн бата бітірген олар қайта ауылға жиналды. Тағы да бір-екі шөлмектің иманы саламат болғасын ба, жігіттер көңілді. Ән айтып, құмның шөбін шегіп мәз. Осылайша жалғаса берер ме еді, кенет трактор бір жағына ауып кетті. Тележкі үстіндегі жігіттер у-шу. Сөйтсе шопыр бала құм төбені қиялай жүргенде ауырлыққа шыдамай тележкі ауып, өзімен бірге траторды ала кетіпті.
Амалы құрыған сексауылшылар таңды күтуге тура келді. Жаурамас үшін алып шыққан «ақ тайда» таусылған. Ендігі кезек шай қайнатып ішу. От жағылды. Мосы асылды. Құлап үстері малмандай болған жігіттер отты айнала отырып, киімдерін кептіре бастады. Көптен күткен шай де қайнап айнала отырғандарға құйыла бастады. Мұрны бәрін сезер Думан құр отырмай: «шайдан сасық иіс шығады» деп қойып қалды. Оған мән беретін жігіттер ме? ыстық шайды ішіп жатыр барлығы. Ақыр соңында шай да ішілді, киім де кептірілді. Тек бір ғана келеңсіздік Рақыш көкеміздің бір нәскиі жоқ. «Бағана ғана ошақтың қасына қойып едім» деп Рақыш мұрнының астынан мыңқ-мыңқ етеді. Нәски жоқ! Ұшты-күйлі.
Бір кезде шайдың орнын жинастырып жатқан Елдос шайниктің ішінен езіліп кеткен қап-қара нәски тауып алды…

9 пікір