Іріктеу сайысы №3: "Қыздарды тек қалай сәтті күйеуге шығу ғана қызықтырады!"


Кейінгі түсініксіздердің алдын алу үшін қатысушыларды төмендегі ақпаратты мұқият оқып шығуына кеңес беремін.

Дебат тақырыбы:
Қыздарды тек қалай сәтті күйеуге шықсам деген ой ғана қызықтырады!
Қатысушылар:
Сары аватарлы
Yesman — Пікірді жақтайды.
Көк аватарлы
Noman — Тақырыпқа кері пікірді жақтайды
.

Өткізілу уақыты:
Сейсенбі. 13-ші қыркүйек, 2011 жыл.

Жаңарған ережелері :
1) Әр қатысушы 10-пікірден артық жазбайды (флуды, флеймі, сөзсіз смайлы, демотиватор, постерлері бәрі пікір болып саналады). Және әр пікірдің ұзақтығы 5-жол жазбадан аспауы керек.
2) Айтыс 1 күннен артыққа созылмайды.
3) Айтыс қорытындысына төмендегі адамдардың пікірі әсер етеді, яғни толыққанды жюрилер осылар.
Жеңімпазды жариялау үшін кемінде үш жюри осы тақырыпта пікір білдірулері қажет.

Құзырлы қазылар:
1) Сатыбалды/Омарбырат
2) Сигма / Нұрғиса
3) Асаубота /Қисық
4) Саммита / Айгерім
5) Алиша / Зилола
6) Бальзаминка/ Айжанатабын


4) Мүшелердің шын есімдері мен логиндері шайқас нәтижесі анықталғанда белгілі болады.
  • Кибердебаттар жюри пікірін күтпестен аяқталады, егер:
1) Айтыс/пікірталас/дебат бір жақ жеңілгенін мойындағанда жедел аяқталады.
2)Бір жақ екінші жақтың жазбасынан кейін 3 сағат ішінде пікір жазбаса, жеңілгенін мойындаған болып есептеледі.
3) Бір ойыншы өзінің не екінші ойыншының лақап атын шайқас аяғына дейін айтып қойса, ол ойыншы автоматты түрде жеңілген боп есептеледі.
Сурет: 4.bp.blogspot.com
Бөлісу:

149 пікір

Gastarbaiter
Өткізілу уақыты:
Сейсенбі. 13-ші қыркүйек, 2011 жыл.
Нақты уақыты: Түскі үзіліс, яғни сағат 12-мен 14-00 арасында басталады!
Асығыңыздар!
blackbeard
Мынадай ұсыныс:
Тұрақты 6 әділ қазы, ауысып тұратын 6 әділ қазы болса…
Gastarbaiter
Оны ойламады дейсің бе, қазылара айлық төлеуге келіссең, тіпті 20 тұрақты әділқазыны тамақ ішіп/жыныстық қатынасқа түсіп/жұмыс істеп (аха кейде сондай пәтуасыз тірлікпен де айналысамыз кейбіріміз) жатқан жерінен жетектеп әкелер едім.
qisyq
Тұрақты алты әділқазы баға беретін және бермейтін болып екі топқа бөлінсін. Беретін топ беру сипаттамалары бойынша түрлерге тағы бөлінсін. Бермейтін топ тұрақсыз әділ қазылармен қосылып коалиция құрсын. Тұрақсыз алты әділқазының біреуі тұрақты әділқазы болуға кандидат болып, қалған бесеуінің үшеуі әділқазы болудан әрдайым бас тартып отсырын. Ендігі екеуі пікр таластырушы екі жақты бөліп алып, өзара қырылысып жатсын. Бола ма, Қарасақал?
blackbeard
сгиннннн(тоже сын есім)!
Gastarbaiter
Ал ағайын, ертерек ашып қоя берейін. Йесман мен Номанның кезекті бет-пе-бетін Будда бұйырса, тамашалап қалармыз.
qisyq
Өйдөйт! Шап, Йесме, Ноумен! Ағайын, айқайлап, қышқырып отырыңдар!
a63a1
ставкі қойамызба? мен Йесменге 500 бірлік қоямын
balzaminka
бұл бірліктер кімге бұйырды екен?
a63a1
алдын-ала қойып алыңыздар жамағат!!!
Esmeralda
неге қыздар мен қыздар пікірталасқа шықпайды?)
Gastarbaiter
Шықсайшы енді.
Esmeralda
мен емес, осындағы бұрыннан жазып жүрген қыздардың пікірталасын көргім келед))
Gastarbaiter
А-а-а, ол енді сол қыздардың өздеріне байланысты. Өркениетті ел құрамыз деп жүрген жоқпыз ба, олардың өз құқықтары өздерінде қатысамын десе.
a63a1
өздерің ұсыныс жасамасаңдар қалай шығад
Gastarbaiter
Келесі аптаның 4 күні бос қатысам деушілерге
Yesman
Міне мен де келдім. Кешіккенім үшін ғафу өтінемін
Gastarbaiter
Noman — 1 сағаттан асты Yesman- ды күтіп отыр. Кеше Noman-ды күтіп едік. Бүгін ситуация керісінше.
Nомеке өзің бастай бер.
direct
"Қыздарды тек қалай сәтті күйеуге шығу ғана қызықтырады!"
Үесмэн!!! Бассссс!!! Қамшыла құлагеріңді!!! Yahoooo!©
Yesman
Сонымен… Қыздарды тек қалай сәтті күйеуге шығу ғана қызықтырады! Әрине, бұл ешқандай дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома екені рас. Себебі, қыз баласы жастайынан-ақ өзінің принцін күтеді. Ақ боз атымен келіп алып кетеді деп ойлайды. Бірақ өсе келе бұның мүмкін емес екенін білсе де, жүректің түбінде қалған ол ой бәрібір жігіт таңдауда әсер етеді. Кім өзіне жамандық ойласын? Ешкім! Барлық адам өмірінің қалған бөлігін жақсы бір адаммен бірге өткізуді ойлайды. Енді, қыздың күйеуден басқа да ойлайтын, қызықтыратын мәселелері бар дегенге келер болсақ, түптің түбінде карера болсын, басқа да жағдайлар қыздың болашақ өміріне толықтай қанағаттандырмайды. Тек, сәтті болған неке ғана
direct
Бобурым, мына пікірің шота слабы шықты.
Қамшыны құлагердің қай жеріне сабаватсың өзі?)) Шапсиш, шап!!!)))
Noman
Кім өзіне жамандық ойласын? Ешкім! Барлық адам өмірінің қалған бөлігін жақсы бір адаммен бірге өткізуді ойлайды.

Жақсы, демек мінсіз адамның аз екенін, жоқ десек те артық болмас, ескерсек, Омар Хайамның кім болса, сонымен болғанша жалғыз болған артық дегені қазіргі заман қыздарының ұраны екенін мойындаймысыз?

Енді, қыздың күйеуден басқа да ойлайтын, қызықтыратын мәселелері бар дегенге келер болсақ, түптің түбінде карера болсын, басқа да жағдайлар қыздың болашақ өміріне толықтай қанағаттандырмайды. Тек, сәтті болған неке ғана

Бақытсыз отбасын құрып, бақытсыз балаларды дүниеге әкелгенше, өзім-ақ туып алып, дені сау, бәрімен қамтылған бала өсіргенім жақсы дейтін некесіз қыздарды қайда қоясыз? Қоғам қазір салиқалы, бетке баспайды, өркениетіміздің өскені дейтін де солар болар
Gastarbaiter
Үзінді салу үшін " деген қызметті пайдалнуға болады.
Yesman
1-мінсіз адам болмайды. Адамды мінсіз қылатан оның сүйгеніне деген көзқарасы. егер сәтті күйеу кездессе оның кішігірім міндерін көзі уақытша көрмей, өзінің идеалына айналдырып алады. Омар Хаямның аты айтқандай қазіргі қыздарды қызықтырмайды да. Олар кім болса сонымен емес, тағы қайталап айтамын «СӘТТІ КҮЙЕУ»-ді ойлайды
Noman
Ол уақытша ошки ертең шешілмей ме? Сәтті күйеу дегеніңіз бүгін солай, ертең уақыт өзгере келе сәтсіз де болып шығатынын ескерсек, сүйгеннің жары болған, болмаса карьера жасап өз өміріңді игере білген әлде қайда артық қыздарға. Адам аласы ішінде екенін тағы да ескерсек, сәтті күйеулеткенше, лашықта болса да сүйгенімен бақытты болуды көздейді бұл ақылды қыздар
Yesman
Сүйгенімен бақытты болады дейтін еш қандай мысал көре алмай отырмын мына жалғаннан. Қыз Жібек пен Төлеген? Қозы мен Баян? Ләйлі-Мәжнүн? Ешқайсы! Сүйгенімен бақытты бола салады деу ол ақымақтық.

Сәтті күйеу дегеніңіз бүгін солай, ертең уақыт өзгере келе сәтсіз де болып шығатынын ескерсек
Мынауыңыз қыз күнінде бәрі жақсы, жаман қатын қайда шығады дегеннің мужской түрі екен да. Жігіт күнінде бәрі жақсы, жаман күйеу қайдан шығады
Тәәәк, Гастаның бес жол дегенін арамдыққа салып код арқылы созып жатырмын. Карера жасадыңыз делік мейлі. Бірақ күндердің бір күні біреудің сүйегіңді сындыратындай құшақтап, бір кусок ерніңнен құшырлана сүйіп, құмарыңды қандыратын біреуді іздемеймін деп айта алады ма қыздар?  
konvict
Ромео мен Джулеттаны қалдырып кетіпсің  
Noman
Айтылып өткен ғашықтар қосылған ба еді?! Сол сияқты «сәтті күйеуге» шығып бақыттан басы айналып отырған кім бар екен? Қайдай да бір жетістікке жеткен әйел сүйгеніне қосылып бақытты екенін айтады. Елизавета ІІ, Маргерет Тэтчер, Ангела Меркель, Хиллари Клинтон «сәтті күйеудің» арқасында емес, өз еңбектерімен жетістікке жеткен бақытты әйелдер
Yesman
Біреудің жетістікке жетуіне әлбетте өзінің шынайы еңбегі керек. Бірақ жетістікке жету мен бақытты болу екі басқа нәрсе. Жетістікке жеткен күннің өзінде бақытсыз болуға болады. Немесе керісінше ішіп келген күйеуің боққа аунап жатқанын көрсең де бақытты бола аласың. Кей кезде моральді құндылықтардың болуы материалды құндылықтың болып, болмасына қарамастан адамды бақытты етеді
Noman
Йесмән-ау, бұл жерде «сәтті күйеу» қай жерде ұйықтап қалды? Каламбур арасында өзі тұрмақ, ізі де көрінбей қалды ғой
Aldarkose
Бұл кибер-айтыста Йесмэннің еркек, Ноумэннің әйел болғаны дұрыс еді. Кім білсін, солай да болып шығар
Noman
Ал, бісміллә деп бастамасам уақыт озып, Йесмән кешігіп жатыр.

Қыздарды тек сәтті күйеуге шығу қызықтырғаннан бұрын, өзі күйеуге шыққысы келе ме қазіргі қыздар? Жоқ!!! Тағы да жоқ! Бас бостандығынан айрылып, күйеудің, оның туыстарының малайы болғанша оқуын оқып, тоқуын тоқып, қызметте шен көтеруге асық қазіргі қыздар. Материалды тәуелсіздікті жоғары қояды қыздар, осыны көксеген қыз қалай ғана өз табысынан айрылып тұрмыс құрғысы келеді?
kuniqumar
Ноумен жақсы айттың. Плюс бір
Yesman
Сізден бұрын пікір жазғанымды ескерте кетіп, жарайды материалды тәуелсіздікті жоғары қойғанның өзінде ары кетсе карераң 10-15 жылға созылар. Күйеуге шығу мен сәтті күйеуге шығу екі бөлек нәрсе. Егер күйеуің сәтті болса сенің болашақта карераңа, әнші болсаң сахнаға шығып ән айтуыңа көмегін беруде аянбайды. Иә, жігіттен қызы көп мына заманда қыздар күйеуге шығуға асықпауы мүмкін. Бірақ, бәрібір түптің-түбінде сәтті күйеуді ойлайтыны анық. Әйтпесе, неліктен оқуын оқып, тоқуын тоқитын қыздар шет елдіктердің қолтығын ұстап жүр? Еркек пен әйелдің бір-біріне деген жыныстық қажеттілігі әйтеуір бір уақытта өз белгісін көрсетіп, тіпті қыздарды кері жолға итеруі мүмкін. Сонықтан қыздарды тек күйеуге емес, сәтті күйеуге шығу қызықтырады
Noman
Әрине, дұрыс айтасыз, қажеттілік туындайды, содан да сәтті шыққанды көксеген жайына қалып көн етіктінің де етегін ұстап бақытсыз болып жатқын қыздарымыз қаншама. Өзіңіз-ақ мойындап отырсыз, қызды сәтті тұрмыс құру емес, жеме жемге келгенде жалғыз қалмау қызықтырады. Олай болса, қыздардың түпкі мақсаты жалғыз қалмау!!!
Noman
«бақытты болып жатқан» деп оқысаңыздар екен
Yesman
Жоқ! жалғыз қалмау үшін біреуге екінші әйелдікке шығуға болады. Бірақ оған қазіргі қыздар көне ме? Жалғыз қалмау керек болса өзіңіз айтқандай бала туып алып, көн етіктен шуашын иіскеп жүре беруіне болады. Ондай қыздың бақытсыз болатынын өзіңіз де айтып кеттіңіз. Осыларды ойлаған әрбір қыз жалғыз қалмауды емес сәтті күйеуге шығуды ойлайды!!!
19852407
позицияңмен келісе кісінедім! екінші плюс
Gastarbaiter
Жалғыз қалмау керек болса өзіңіз айтқандай бала туып алып, көн етіктен шуашын иіскеп жүре беруіне болады

Таласқа аздап тіршілік енейін деген сияқты ма қалай өзі, жамағатт?
edige
Тап ортаға түскенде құм құйыладше… енді міне тілдің қышыватқаны…
тоқтама, Гигок, гигор, аридаш, даридаш.... ертең «лібә мына аргументті айтқанда айырар ем» дейсіңдер
Noman
Тоқал бола алады деп заңсыздыққа итермелеп отырсыз бұл пікіріңізбен, сондай-ақ заңды әйелдің сезімін таптап! Сәтті күйеуге шығу деген болмайтынын назарыңызға салып өткім келеді. Ол миф, қыздар бұл өмірде күйеуге шығып бай боламын демей, діттеген мұратына өз күші арқылы жете отырып сүйгенімен, сүйікті ісінде жетістікке жету, бақытты болуды көздейді
Yesman
Мен бұл жерде тоқал болуы мүмкін екендігін, бірақ тоқал болуға көнбейтіндігін айтып кеттім. Сәтті күйеуге шығу бай болуға қатысы жоқ. Сіздің айтып отырған бақытты тек сәтті күйеуге шыққанда ғана таба алады.
kuniqumar
”Әдемі қыздар тышпайды” деген жөнінде пікрталастыру керек еді.
e_zhalgas
прагматизммен сасыған адамдар практикалық пайда жағын ойлайды, мойындау керек, қыздарға тән қасиет. сасу емес, прагматизм
Gastarbaiter
Екі жаққа да ескерту, пікір білдіру регламентін сақтаңыз, ережені бір оқып шығыңыз.
Abilakim
Айтып-айтып тастаңдаршы кәне!
Gastarbaiter
Ит жығыс па немене боп кетті өзі
Abilakim
Жалпы бұл жерден ит таласты көре алмай отырмын))) Жеріне жеткізе айтса шіркін
Aldarkose
Тақырыбы ит таластың форматына сай емес
edige
Ғылыми дәлелдер, өмірден мысалдар, эгаистік сезімдер қайда? «Болса болсын, болмаса қойсын» ғой мынау
— Болад… — Болмайд… — Болат дедім — Болмайт дедім…
e_zhalgas
лақтырылған жігіттің тағдыры немесе қызын лақтыра алмай жүрген жігіттің тағдыры. қайда осының бәрі?!
Abilakim
"Өмір атты осынау дарияға, ұстап ап бұрымымнан лақтырдың..."
edige
Идеал деп тиген күйеуінен алдынғысы артық түсіп көтіашу. Сырыңды ешкімге айталмай іштей жұтыну
/- Оның қауын бұлай қымбаттап, Ресей асарын, байып кетерін… Ал мынаның маздасының асты шіріп кетеді деп кім ойлапты/
Gastarbaiter
шырқын бұзбаңдар, тартыс біткен соң үлгересіңдер сынап-мінеуге
meirzhan
Айтыскерлер ойларын жинақтап алсын, 10 коммент жазу мүмкіндігін жақсылап пайдаланса екен. ысырап етпей.
Gastarbaiter
номан кешке жалғастырам дейді
Meru
Келесі тақырып жігіттер жағына арналса
AKY
Қадйасың, Ноуман??? Бер мыналардың сазайын жақсылап тұрып! Өзім-ақ тірі мысал болайын
Meru
AKY, сен сондай ма едің?
konvict
Лібәә, сізге жақындаған жігіттің жүрегінің «тестостерон» көп болатын шығар
AKY
антикомплимент қабылданды
balzaminka
Жоқмәннің геройы болып пиар жасағың бар ма?
kuniqumar
Чета сиырқұйымшақтанып кетті ме, қалай?
balzaminka
айтпаңыз, дым қызық
Zilola
бугiнгi айтысты жасанды айтактатудан туган десем кателеспеймiн. акындар оу хотябы алдын ала архив актарып, материал котерiп дайындалмадындар ма?
a63a1
оған уақыт қайда?? Оданда өз ойңды жазған дұрысырақ
Zilola
апамнын бешпентiне айтысады дурыс далел келтiре алмаса. бос шымшыс кызык емес!
a63a1
қатысуыңды сұқраймын!
Zilola
мен айтысып жарытпаймын, созге шоркак, кiтап окымайтын кызбын
know_how88
«Мортал Комбаттың» кейіпкерлері «Мортал айтыс» жасай ма десем…
… тіпті қазақы айтысқа да ұқсамады-ау… «айт» десе «тс» деген…
balzaminka
АлдарКөсе мұндай көреген болар ма еді
Aizhantabyn
қыздар жайлы жігіттер сөйлегені қызық екен))) қыздардың өздерінен артық кім білсін, нені армандайтынын)))

Жалпы, слабоватенько, братцы))))
Aldarkose
қыздар жайлы жігіттер сөйлегені қызық екен)))
Мына түсініксіз, міңгірлеген айтыстан кейін айтысқандардың жігіттер екендігіне күмән туып датса, ахундар ренжіп қалмас деп ойлаймын.
a63a1
негізі айтыстың уақытын 1 сағат қана қылу керек! Жанталас сонда болады. Әйтпесе асықпай жүріп алады екен
Aldarkose
4-5 сағат болса да көп емес. Мына екі ақын ағып кетті.
Aldarkose
Иопта… не мынау? Айтыс емес, тартыс емес. Соңы не болар екен деп күтіп, күтіп, ұйқы келді. Тақырыбы қандай болса, айтысқышғыштары да солай шықты. Дабай. Аман болыңдар. Қыртымбайлардың аты-жөндерін білсем де жеткілікті. Бүгінгі айтыстан қызық күтпеген едім кеше.
Aldarkose
Гастарбайтер, мына екеуінің аты-эөндерін айтпағаның екеуіне жақсы. Абыройлы керекші болған болса, мына айтыс абыройсыз қалдырмасын.
Noman
Йесмән, қанша жерден «сәтті күйеу» қызықтырғанмен қыз бала жүрегімен сүйер нәзік жан, сүйгеннің құлағы тас керең, көзі соқыр. Қитұрқы ой, қулық, расчет дегенге жол жоқ
Noman
Бүгінгі айтысты тағатсыздана күткен, керекші қауым! Назарларыңызға рахмет, сенімнен шықпадық, ол үшін бас иіп кешірім сұраймын. Бүгінгі талқыға түскен тақырып ашылмаса да, қызу болмаса да қыздарымыздың діттеген мақсаттары жүзеге ассын деп осымен мен де сөзімді аяқтағым келіп отыр.
Оппонентім Йесмәнге рахмет және Сіздерге мың алғыс, құрметті қолдау көрсеткен қауым!
Yesman
Мен де кешіккенім үшін кешірім сұраймын. Рас, тақырыпты дұрыс аша алмадық, оған өкініштімін. Алдағы уақытта болатын айтыстар көптің көңілінен шығады деген ойдамын
a63a1
сонымен кім жеңді?
Gastarbaiter
Құрметті,
1) Сатыбалды/Омарбырат
2) Сигма / Нұрғиса
3) Асаубота /Қисық
4) Саммита / Айгерім
5) Алиша / Зилола
6) Бальзаминка/ Айжанатабын
— онлайн болсаңдар сайысты қорыта беріңдер, екінші жұпты дайындай берейік ертеңге.
Zilola
екеуiне де сене алмадым. дауысымды екеуiне де бермеймiн
Gastarbaiter
Сонымен аты аталғандар кімді жеңді деп ойлайсыңдар?
Немесе ерекше әлсіз айтысқан қайсысың?
BIRKYZ
натижеси али шыкпаган ба?
satibaldi
Бұ жолы Noman-нан салмақтырақ ойлар шыққан сияқты, шертолқытқантүрінсстің.
Noman
Менің жеке пікірімше тартыс өте жұмсақ болды. Сақалы жұлып, тұмсық бұзылған жоқ. Көрерменнің рационалдыққа қойғаны бар. Оларға айғай шу, балағаттар, әзілдер керек
Әзіл деген шынжырлы шоқпар сияқты өте жойқан қару, бірақ жойқандығы соншалық, егер орынымен қолдана білмесең өз басыңа тиіп күлдіру орнына, құстырасың.
Сыпайы тартыстың алғашқы раундтарында Yesman басымдау болған сияқты, Түскі үзілістен кейін Йесекеңнің бензині бітіп, Ноуман керісінше күшіне енген сияқты.
Ал жалпы айтыс бойынша кім жеңгенін анықтау үшін кемінде үш дауыс керек.
Сигма, Нұрғиса, Қисық, Асау, Айгерімдерді күтейік.
Gastarbaiter
О, Афродитаның артынссс… Соңғы ноуман пікірі менікі. Пароль ауыстырып жатып, қайта логин жасауды мұткетіппін.
madlen
Al Yesman bolyp jurgen kim onda?
Gastarbaiter
Жоқ сен түсінюедің, Ноуман болған мен емес, мен кеше Йесманды да Ноуманды да қатысушылардан алып қойып, келесі жұпқа дайындап, тазартып, паролін ауыстырып жатқанда Ноуманның акауынтында отырып әлгі пікірді басжвердім.
madlen
Мм, енді цүндім. Енді жазшы шын есімдерін…
meirzhan
Көрерменнің рационалдыққа қойғаны бар. Оларға айғай шу, балағаттар, әзілдер керек
Өкініштісі сол.
Gastarbaiter
Балағат міндетті түрде емес, опционалды түрде. Мысалы, Айголек она же Леди балағатсыз ақ жүн-жұрқаңды шығарып, қарсыласына қайнақ су сигізе алады.
Aizhantabyn
Nomanға кетті дауысым… чисто менің пікіріммен пікірлес болған үшін, ал айтыскер ретінде че то дебат көрмедім…
meirzhan
негізі бұндайдан сақ болсақ қайтеді. әйтпесе кибердебатымыз лотореяға айналып кетер. Позицияны дәлелдегеніне қарасақ.
Gastarbaiter
Анық жеңімпаз көрінбеген жерде фортунаға сүйенуге тура келед Мәке!
meirzhan
иә, тамыр-таныстыққа сүйенгеннен көрі фортунаға сүйенген жақсы.

менікі төрешілер өзінің позициясымен санаспай, ойыншылардың өз позициясын қалай қорғағанына ғана көңіл бөлсе дегенім ғой. максимум салқынандылық, тақырыпқа байланысты субъективті пікірлерін іркіп қалса
AKY
Мынаны да жюриге қосыңдаршы, қақылдатпай. Ақыры жеңілді ғой.
meirzhan
Жоқ, менікі тек ұйымдастыруға деген тілегім ғой. "Қақылдатпай" деген сөзіңді ойынға қатысып, дебатта қолданбасаң. әйтпесе жайсыз сезініп кеттім өзімді.
AKY
Ути-пути.
meirzhan
өйстіп айтып отырсың айналып қана отырам ғой.
AKY
Айналып-айналып құлап қалма
TERISKEY
Bulardin shin ati-jonderin ayta otirsandarwi, jamagat!
Nurgisa
Noman жаман айтпапты.
AKY
3 жюри піқыр білдіріпті ғо. Ноуманды жеңді деп, аты-жөндерін жариялаңдаршы.
Meru
Сонымен кім жеңді?
meirzhan
Демо нұсқасын оқысам.
Gastarbaiter
Noman — келесі шешендер тартысына жолдама алды.
Yesman — ға сәл тәжірибе жетпеді дейміз бе?
Noman -ды сомдаған Бальзамминка мен Жақтаушы-Конвиктке ду қол шапалақтайық ағайын, барымен базар қылды.
Бальзаминка құтты болсын
madlen
Аххх так ))
Бальзаминка ханым, құтты болсын!
AKY
Уряяяяяяяяяяя!!! Ішім сезген еді осы)))) Бальзаминка екенін)))
Gulistan
Өз аттарымен шығуға не кедергі болды??
Aldarkose
Өз аттарымен шықса, аттары кісінеп кетер ме еді. Тойыс, таныс адамдары қолдап кетер ме еді деген күдік.
Gastarbaiter
Таныс адамдар қолдау енді актуалдылығы азайды, жюрилер шешеді, плюс қойған адам саны емес.
Бірақ, басқа никпен шығу арқылы «сен еркек басыңмен плен түген», сен әйел басыңмен түген-пәлен, сен шал ұялмай жастармен отырсың, сен щегол/арық/семіз/ұсқынсыз/сантехник болғандықтан оны білмейсің деп адамның жеке ерекшеліктерін аргумент қылудың алдын алады.
konvict
Құтты болсын Бальзаминканың жеңісі! Шын жүректен қуаныштымын
meirzhan
Анонимді пікір-сайысшылардың бірі — қыз екенін сездім. Тым сыпайы өтті дебат. 2-сі Конвикт екені бұрыннан белгілі болды. Бір комментінде осы тақырыпты таңдадым деп айтып еді. Конвикт қарсыласының кім екенін біліп, сыпайылық танытқан сияқты.

Дегенмен де кибер-дебатерлер шынында кім екенін білдіртпеу үшін ресми стильді қолдана алды.
Gastarbaiter
Барған сайын сайысшыларды жасыру қиынға соғады. Дегенмен, еш мүмкіндіксіз ойсырата жеңген адамды қанша танысың болса да жеңілді деуге қай қазының аузы барады. АЛ спорный моментте таныстарын тартып кетсе. Не дейміз енді. Өмірдің өзі әділетсіздікке толы ғой. Оның қасында бұл жәй ойын ғана.
Скрупулезно обьективтілікке айналшықтап қалмау керек.
meirzhan
Әділ қазылар алқасы өз шешімін комментте негіздеп жазса қалай болады. Жай ғана дауыс бере салмай.
Қақтығыс нүктелерін атап өтсе. Мысалы, қақтығыс нүктелерінің бірі — қыз баланың материалдық жағдайды ойлауы болды. Осы қақтығыс нүктелерінде кім қанда йой айтып басым түсті.
Анализді түр-түрмен жазса. Мысалы, аргументтеу тұрғысынан, ойын жеткізуі жағынан, қарсыласына жауап беруі тұрғысынан, фактілерді қолдану жағынан, сөз шеберлігі жағынан айтып кетсе.
AKY
Келесіде сөйтерміз. Мүмкіндік болса.
meirzhan
Барған сайын сайысшыларды жасыру қиынға соғады.
Иә, уже білеміз мөлшермен.

Сондықтан кімнің кім екенін айтпаса ше? қалай болады.
Gastarbaiter
айтылмайды бәрібір. Аз да болса интрига болсын.
meirzhan
ойын біткеннен кейін де айтпаса дегенім ғой. бұгінгі ойыннан бастап.
AKY
Айту керек! А то дым қызық емес. Оқымайм да ұзыннан-шұбақ пікірлерді.
meirzhan
ең бастысы маска шешу ме  иә, ол да қызық көрермен үшін
AKY
Сол үшін отырған жоқпыз ба.
Gastarbaiter
айтыс қызық болмаса, маска шешу де онша қызық болмайды.
Негізі көптеген боксерский мачтар маскамен әлдеқайда азырақ көрермен жинайды. Матчтқа адам шақыратын қатысушының есімі емес пе?
Жалпы плюспен бағалау деген бәледен құтылғалы бері, тамыр-таныстық қатты алаңдандырмайды. Қазылардың әділдігіне сенем. Басым бөлігінің әділдігіне.
asaubota
қатысушылар жеке хат арқылы достарына айтуы мүмкін ғой, ана Номен деген менмін, маған поддержка беріңдер деп. немесе достары подсказка беруі мүмкін ғой, былай деп айтып жібершиш деп. сол жағы қалай болады өзі? біреулер наезд жасауы мүмкін, лібә братишка зайып ал қылмашиш, жеңіл деп
Gastarbaiter
Ондайды тек аты жоқ арзан жуликтер жасайды. ӘДіл қазылардың ішінде әділеттілікті чикушкадай жақсы көретін кісілер бар.
Сосын, мен өзім алдын-ала өзімнің сорлылығымды білдіретін «Маған дауыс бержверш амиго, досымсың ғой» деген сөйлем жазуға намысым жібермес еді.
Басқаларда да сондай бірдеңенің нышаны бар екеніне сенемін.
meirzhan
Негізі көптеген боксерский мачтар маскамен әлдеқайда азырақ көрермен жинайды. Матчтқа адам шақыратын қатысушының есімі емес пе?
офф-топ болса да айта кетейінші: бокста шлем кигендерге кісі аз баратын себебі, көрермен бұндай кездесулерді тым безопасный көреді. травма алу қаупі тым аз.
Gastarbaiter
Қумашиш амиго, мен шлем туралы айтып тұрғам жоқ. Белгісіздік пен танымалдылық туралы айтып отырмын. Танымалдардың матчтары көбірек көрермен жинайды.
meirzhan
Белгісіздіктің де қызықтыратыны бар. 1 күндік жұмбақ жан.
е-е. соны меңзедің бе. мен просса бокста маскамен қалай шығуға болатынын түсінбедім де.
Gastarbaiter
Жұмбақтың қызығы жауабында.
Сен біреуге жұмбақ қойып, жауабын ешқашан айтпайтын болсаң, сені адам тыңдамайды да. Жұмбақтың қызығы жауабын білуге құштарлықта.
Aldarkose
Конвикт пен Қарасақалды шығару керек еді біреуге таластырып.
meirzhan
Кибер-дебаттар ұйымдастырғаннан бастап сайтта агрессия азайғандай көрінді.
KILYZAMAN
Бұл дебаттардың мақсатын аса сіңіре алмадым… Дегенімен пайдасы көп. Дебаттағы өзің таңдаған көз қарас сенікі болмаса да, ұқсап баққаныңда екені — Қызық… Сөз бұйдаға кездейсоқ байланған гөрі, мойыныңды өз талғамыңмен ұсынып бәдіктенгеннен кейінгі шегініс немесе ұмтылыс — Қызық!
Gastarbaiter
Әу бастағы мақсат та сол еді, сөз жүзіндегі талас тартысты жүрегіне жақын қабылдайтындар көбейді. Ал біз оның жәй ғана спорт түрі екенін дәлелдемекпіз
KILYZAMAN
Жүректілердің болғанына да қуана біліу керек :-)
KILYZAMAN
Жалпылама жазам деп Мейіржанға түсіп кетіптім…
balzaminka
Баршаңызға рахмет!

Алдымен қыздардан кешірім сұраймын , аноним қалу өте ыңғайсыз екен, сөз саптауымнан танып қалмаса екен деп агрессияға да кетіп қалдым, ол айтқандарым өз көзқарасымды білдірмейді

Айрықша алғысым Абайға!!! Қыздарды біраз жерден алып, жерге салатын шығар деп ойлаған едім, өзім асып түстім одан

Гастаның отқа май құйып отыратыны өте-мөте қажет екен, соған көзім жетті

Алдағы айтыстар өте жоғарғы деңгейде болып, көңілдеріңізден шығады деген үмітпен сөзімді аяқтаймын, тағы да баршаңызға рахмет!