Сырдың суы сирағымнан келмейді..


Сырдың суы сирағымнан келмейді деген міне осы екен. Тамыздың жартысына жетпей Сырдарияның суы бірден тартылды да төменгі жақта отырған дихан қауымына су жетей шулады да қалды. Шулайтын да жөндері бар. Жаздайғы пейнеттері онша ақталмайтын болды. Дәнді дақылдар толық бас ала алмай қалды. Көксарай су қоймасының пайдасы тиер, су жіберер деп біраз үміттенген еді. Ол да ақталмады.
Бөлісу:

15 пікір

Mansy
Мына жер сырдын кай жері?
Janasil
Түркістан қаласынан қырық шақырымдай жер.
balzaminka
мемлекетаралық өзендердің бірі, жауып тастамаған ба? Суретті көріп жүрегім ауырып кетті ғой
saken
таныс суреттер (((
Түркістан жақ анандай болып жатқанда, Қазалы жақтың қандай болып жатырғанын бағамдай беріңіздер (((
Nurgisa
Өткенде Елеусізовтың айтып отырған «сандырағы» да осы жанашырлықтан шығар. Кім білсін. Жылда егіс алқаптарын суаруға келгенде ирригациялық қайнаркөз жетіспеуінен өзбектерге телміре қалатынымыз қиын осы. Олар білгенін істейді, қыста керек болмағасын бөгет қоймайды. Біз зарлаймыз. Жазда кетпен ұстанған өз диқандары тас қамал етіп бекітіп тастайды. Біз зарлаймыз…
edige
Жөн де болар… Біреулер үндемей тыңдапты ғой… Дұрыс та шығар… Бірақ түсініксіз жері: Елді бір жерге шоғырландыру мақсатымен көшіру ме әле су қорларынан салалап тарату ма? соны түсінбедім…
Nurgisa
Ана Көксарай контррегуляторын ойластырғанда «мессиядай» презнтеациялап еді. Қазу, ору, құю, толтыру жұмыстары туралы да позитивті райда хабарлап жатқандары бар еді. Өз финалына дұрыстап жетпеген бе сонда бұл іс?
sigma
Бізге де су қоймалар керек, су келгенде жинап алатындай. Жайықтың да күйі осы іспеттес
Gastarbaiter
Су кәдімгідей тартылып қалыпты. Алдыңы күні сыныптастармен балыққа бардым. Суды кешіп жүріп ауладық
meirzhan
Балықтар қырыла бастады ма? Су тартылса балықтардың тағдыры қандай болмақ, бұрын қандай болушы еді?
belgisiz_birey
Қайран Арал… Қайран қазақ… тағдырларың ұқсас ау…
Momin
Ия, бұл ОҚО мен Қызылорда облысы диқандарының жылда қайталанып келетін «кеселі». Сырдария мемлекетаралық өзен болған соң, оның проблемаларын шешу тек өзімізге ғана байланысты болмай тұр ғой. Диқандарға қажет емес кезде су жинап алып, қажет кезде диқандарды сумен қамтамасыз етеді және көктемгі су тасқынының алдын алады деген Көксарай суреттегішіміздің бұл функцияларды атқаруға әлеуеті жеткіліксіз болғаны ма, әлде Көксарай толығымен іске қосылмады ма екен?! Қазіргі кезде өзендегі мұз кептелісінің кесірінен Отырар ауданы Маяқұм ауылын су алғалы тұр (Алла сақтасын!).
Zhan
Көксарайдың жырын жыл сайын оңтүстіктің журналистері жыр қылып жазушы еді. Былтыр іске қосылғалы қалай болды екен нәтижесі?
Janasil
Әлі тақырыптан түскен жоқ секілді. Отырардағы бірнеше ауылды су алуы мүмкін деп жатыр.
NurbaiShakim-Bai
«Сырдың суы сирағымнан келмейді» деген сөздің мәнін дұрыс түсінбегенсіз-ау шамасы. Ақын Аймақ Әбілда ағамыздың мына өлең жолдары осы сөздің мән-мағынасын ашып беретін болар.
Сырдың суы келмеді сирағымнан,
Басыртқы жеп жырымның құймағынан,
Естен шықты бәрі де, бәрі, бәрі,
Өлтіруге ақынды қимады лаң.
Сізді сынайтындай тіл білімінің білікті маманы емеспін. Дегенмен есте жүрсін дегенім ғой.