Статистикасымақ
Оқу жылы басталғалы Алматы тұрғындары (басқа қаланы білмедім) пробкаға тап болды. Баяғы жарты сағатта жететін жұмысыма 1 сағатта әреееең жетем. Үлкендер студенттерді неге ұнатпайтынын енді ұқтым. Өзім студент болғанда байқамаушы ем. КазГУ аялдамасынан соң қоғамдық көліктің ішінде футбол ойнауға болады. Кеңінен тыныстайсың.
Кеше жұмыстан соң кезекті көлік кептелісінде тұрып-тұрып іш пысқаннан жаңа ермек таптым өзіме. Шағын статистика жүргізу. Бір аялдамадан екіншісіне жеткенше неше көлік айдаған әйел адам өтеді екен деп санап тұрдым. Жарты аялдама өткенше шамамен 30-ға жуық көлік өтті, жүргізушісі – әйел. Тағы бір байқағаным, астындағы темір тұлпарлары осал емес. Көбісінікі қымбат көлік. Олар “либо лучшее, либо ничего” деген саясатты ұстанса керек.
Аталмыш статистикамның тез аяқталуының себебі, көзім талып кетті.
Керекті аялдамамнан түскен соң үйге 1 кварталдай жүру керекпін. Ендігі статистика нысаны джинси киген жандар болды. Үйге жеткенше 39 адамды көрдім джинси киім киген. Үлкені де, кішісі де қалыспайды. Елді қайтем айтып, өзім де жақсы көрем джинсиды. Мдаааа, әлі суық түспеді жаз мезгілі дегеннің өзінде осылай. Күн суыса стастистикам екі еселенеді-ау. Кеңес үкіметі кезінде адамдар қалай өмір сүрген джинсисыз а?
Ал басқалар қалай жол қысқартар екен?

Пы.Сы. Алматыда студент болып көрмеппін, сондықтан, алматылық студенттер маған жұмысқа не басқа жерде қоғамдық көлікпен жету жолындағы басты кедергі, әсіресе, оқу мезгілінде
Ол кезде де джинсы болған қарағым.
музыка тыңдаймын, агентке кірем немесе қиялдаймын.
Мен де дәл осылай есеп жүргізетінмін. Астанада он ер жүргізушіге төрт әйел келетін осыдан екі жыл бұрын, ендігі өскен шығар.
Ал, қазір көшедегі у-шудан қашып музыка тыңдаймын, әрі жерден көз алмай плиталарды санаймын, салып тастаған суреттерін қараймын сондай-ақ, нәжіс жоқ па деп сақ жүремін (аялдамадан үйге дейін бір жарым, екі км)
жерасты пойыздарыңды қостырып алсаңдрщ
Ол кезде джинсы дүкендерде сатыла бермейтін. Көбінесе қолдан сатылатын. Қымбатқа. Оны да көбінесе студенттер киетін. Ал джинсы киімге қолы жетпегендер үшін «Техас шалбар» (басқа жақтарда қалай болғанын білмеймін, әйтеуір біздің ауылда солай аталатын) деп аталатын джинсыдың баламасы бар еді. Ондайдың біреуін мен де кидім. Ол кезде джинсы алу қиын болғанымен, айылбасында «Levi's» деген жазуы бар белдіктерді табу оңай еді. Кейін 90-жылға жақын «варёнка» деген айғыз-айғыз джинсы көп болды.
Жұмысқа автобуспен зайып алып, тойыс қатынап жүрген кезімде көп айналысқан нәрселерім, өткен-кеткен мәшинелердің сыртқы детальдарын тексеріп, қай мәшиненің қай жылғы екені туралы өзімше долбарлап бал ашу болатын. Мәшине алу соңғы бес жылдағы бас ауыртатын мәселелерімнің бірі болып келді. Одан қалса, әрине, көз рентгені
Содан кейінгі ермегім, өмір сүруді жеңілдету жолдарын іздеу еді. Мысалы, автобустың ішінде салонның алды-арты бос тұрса да, есіктің жанында үмелеп тұратын адамдар көп болады. Сол адамдардың көбі келесі аялдамадан түсетіндер болмайды. Соның кесірінен автобустың ішіндегілер түсу үшін, сырттағылар міну үшін әдеттегіден бір-екі минут болса да артық уақыт кетеді. Аялдамадағылар да оңып тұрған жоқ — іштегілер түспей жатып, қаумалап лап қойып кіре бастайды ептібайымайттар. Әйтеуір бірінің уақытын бірі алып жатқан адамдар. Солар бос тұрған жерлерге өтіп кетіп, есіктің жанына тек түсерде барса, автобус тезірек жүрер еді ғой шешессстің деп ойлап тұрасың іштей.
мен жалғызбын ба десем, бәсе есі дұрыс кез келген еркек көз рентгенін жасайтын сияқты автобуста, аялдамада, машинада кетіп баратып…
Қанша өзгерткенімен, қанша сапасы мен бағасы артқанымен.
Таңғы және кешкі уақыттарда көптеп орын алады, басқа кезде бәрі қалыпты. Бұл тек автобустарға тән, ал маршруткаларда үнемі лық тола адам.
Жаңалықтардан ғана емес, күнделікті көруге болады. Әсіресе, қыста қиын, үсіп-тоңып, біраз уақытыңды күтуге жұмсағанда аузы мұрнына шыққан автобус...
СағындырыпБұрындары сабаққа кеш шығамын да үйден, барғанша уайыммен өзімді жеп бітетінмін.( Анау қатал мұғалім қуып шығады не есік алдына тұрғызып қояды. Қандай сылтау айтсам екен?) Оның үстіне, маңғазданып келе жатқан көліктен бар ашуымды алуға тырысам.
Автобуста отырып, министатистиканы жасап та жүрмін. Көбіне машинаға қызығушылығым жоғары болғандықтан, екі көзім соларда. Әсіресе нөмірлері маңызды, удачный номер көрсем(дұрысы іздеп тапсам)болды, қуанып қаламын. Екінші аңдитыным, жүргізушілердің жынысы, жас шамасы. Сонан соң музыка тыңдау деген де бар, сампылдап сөйлесетін, қарқылдап күлетіндерден — "қорғаныс".
" ер адам әлде әйел ме?" деген сұрақ қоййй, менің статистикам бойынша 50 де 50 боп қорытынды шыққан.