Шешендерді іріктеу сайысы: Жалғас VS Дәурен
Алғашқы дебат сайысымыз басталды. Алғашқы тақырып: «Көп білген зиян ба?»
Бұл пікірді теріске шығаруға ниет білдірген алғашқы сөзуар Он.Кз- блогосферасының жарқын жұлдызы, ЦТ — сайтынан және Түркістан қаласынан Жалғас Ертай шығады.
Ал енді онымен сөз тірестіруден қашпаған батыр Дәурен Жақсылық ұлы қандай екен?
Жалғас Ертайдың аргументтеріне қарсы қояр қандай айласы бар екен?
Шайқас тек бір жақ жеңілгенін мойындағанда, немесе сөзуарлардың пікірлерінің саны 15-тен асқанда, немесе 5 тәулік ішінде қарсыластардың бірі тақырыпқа бір де бір пікір жазбай қойса, аяқталған болып есептеледі.
Сонымен тағы да палуандарымыздың аттарын және бастарына түскен пікірді атап өтейін:
Көп білген зиян емес! — e_zhalgas — Жалғас Ертай
Көп білген зиян! — dauren85 — Дәурен Жақсылықұлы
Уа халайық, байқайық, ой балуандарының шамасын бағамдайық!
Бұл пікірді теріске шығаруға ниет білдірген алғашқы сөзуар Он.Кз- блогосферасының жарқын жұлдызы, ЦТ — сайтынан және Түркістан қаласынан Жалғас Ертай шығады.
Ал енді онымен сөз тірестіруден қашпаған батыр Дәурен Жақсылық ұлы қандай екен?
Жалғас Ертайдың аргументтеріне қарсы қояр қандай айласы бар екен?
Шайқас тек бір жақ жеңілгенін мойындағанда, немесе сөзуарлардың пікірлерінің саны 15-тен асқанда, немесе 5 тәулік ішінде қарсыластардың бірі тақырыпқа бір де бір пікір жазбай қойса, аяқталған болып есептеледі.
Сонымен тағы да палуандарымыздың аттарын және бастарына түскен пікірді атап өтейін:
Көп білген зиян емес! — e_zhalgas — Жалғас Ертай
Көп білген зиян! — dauren85 — Дәурен Жақсылықұлы
Уа халайық, байқайық, ой балуандарының шамасын бағамдайық!
Керекке кел бізбенен ойнап күлгін
Көп білгеннің кесірі осы емеспе
Жұмысыңнан шыға алмай әлі жүрсің
Көп біліп басты көтере алмай жатырмысыз
Админ мырза айтысты бастап кеттім
Gastarbaiterге Жалғасты шақыртыңыз
Көп білген көп өмір сүреді. Өмір сүрудің игі амалдарына білім арқылы ғана жетуге болады.
Көп білген бар игілікке қолын жеткізеді. Білімнің күші игіліктің қадірін түсіндіруге жол ашады.
Көп білгеннің жолдасы болсаң, өкінбейсің. Яки, білімнің әр жағдайда құтқарушылық, түсінушілік, қабылдаушылық және қабылдатушылық қасиеттері бар екенін ұмытпаған абзал.
Білім — адамзаттың ең ұлық қазынасы. Оны теріске шығарып, не мойындамауға тырысу — өзіңнің бүгінгі заманның бар игіліктерін пайдаланып жүргендігіңнен бас тарту. Яки, әрбір тарихи есептелген уақыттың артықшылығы сол, ол — адамдарға өзінің өлшеусіз қазынасын, білім қоры мен мол танымын, тастап кеткен.
Оппоненттің алдын алу:
Менің оппонентім өзінің сөзін өрбітуі мүмкін бағыттар деп мыналарды қарастыруға болады: 1) көп білген қартайтады. 2) оқымысты адам тез алжуға бейім келеді. 3) білім мен діннің арақатынасы. яки, бізге барлық нәрсе қасиетті кітаптарда түсірілген деген сипатта.
Осы үш аргумент те өзінің актуалдығын және түкке тұрғысыз қорғану амалдары екенін ескертіп қойғым келеді. Себебі, көп білген қартайса, еліне пайдасын тигізіп қартайған. көп білген алжыса, қоршағандарының оған түсіністікпен қарамағандығы үшін алжыған. Ал, үшінші аргументті бастасақ, бөлек әңгіме болып кетеді.
Жамағат сөзуарлар жауаптарын бағамдай отырайық!
Жалғастыкі, сонша уақыт үндемеуге тұратын жауап па әлде әлсіз дәйектер ме екен? Қардай жауған тұжырымдарды Дәурен қалай тойтарады екен?
Әрине, бұл одағай сөздеріңнің қазіргі саяси ахуал мен сипатқа арналып тұрғандығын және өзің қазіргі заманның тазысы болып, талай түлкіні шауып жүргендігің артық сөзсіз көрініп-ақ тұр. Осыны жұқ деп айтып отырғаныңа, «білім» мағынасын соншалық бүгінгі күнмен әрі бүгінгі лас саяси сахнамен ғана шектеп қойғаныңа өзімнің ішім удай ашып отыр.
Сенің бар білгенің осы шындық болса, онда көп білуге неге ішкі жан дүниеңмен қарсы тұрғаныңның түп төркінін енді ғана түсіндім
Желге қарсы тұру, ағысқа қарсы жүзу, билікпен күресу — байқауымша, өзіңде сирек кездесетін, тіпті кездеспейтін де табандылықты қажет етеді. Өзің атап өткен кісілер, «білім» мен «көп білуді» идеал тұтып, сол мақсатта қаза тапқан тұлғалар, ал қашып жүргендер өздерінің іштарлығынан білгенін халқынан қызғанып жүргендер. Олардың білімін кірпияз еңбек пен терең зерттеудің арқасында емес, өз уақытында өз орнында пайда болу эффектісімен түсіндірер едім. Оларда демон етіп көрсетудің еш қажеті жоқ. Яки, пайдасыз адамдар.
Соңғы сөз:
Көп білгеннің пайдасы жоқ-қой маған,
Таласасың бекерге Оу Жалғасжан
Көп білгеннің кесірі емес пе екепе
Көмусіз қалды емеспе Ленин атаң
Оған не дерсің
санау білгенің — қарызыңды алғанда сені ешкім алдамайды
оқи білгенің — ауру туралы анықтама алғанда, ешкім саған есалаңдық туралы анықтама ұсынбайды
тоқи білгенің — әйелің мен бала-шағаңа пайда, қыста жылы киіммен қамтамасыз етесің
жүре білгенің — масыл болудан құтқарады
сөйлей білгенің — достарыңның көз және құлақ қуанышы боласың
көпті көргенің — қоршаған ортаңның гүлі боп жайнайсың
көпті білгенің — көмегіңмен адамдардың рахметіне ие боласың
Жалғас-ау көп білсең де аз білсең де құдайдың берген жасынан артық жасай алмайсың емеспе.Ал сенің мына айтып отырғандарың көп білу емес қарапайым адамдардың білетіні ғой тақырыпты тағы да бір жақсылап қарап ал.Мәселе көп білуде демек шамадан тыс.Компютерге де шамадан тыс жүктесең істемей қалады.Адамды да көп білу тоқырауға әкеліп соқтырады.
Ал компьютер мен адам санасын салыстыруың — алғашқы неке түніндегі қыздың әрекетіндей әлсіз аргумент.
Сен де бір нәрсені біліп жазып отырсың, білместігіңнен емес. Сенің «көп білгендер оңбағандар» позицияң да өз кезегінде бір білгендігіңді білдірсе керек. Өзіңді жоққа шығарып отырсың, философияды терістеуді терістеу ұғым бар. Бірақ, ол сен туралы емес екен
Қысқасы, мына паранойяңның барлығын үйіңдегі балаңа айтып көр, ал мен тыңдап көрейін
Көп әнек білген — көп білген болып саналады ма екен?
Ал мына қатар сенің бірдеңені болса да білетініңнің дәлелі емес пе? Өзіңе қарсы шығып отырсың…
Мынауың диагноз ба?
Шамадан тыс көп біледі деген тіркесті сенен алғаш естіп отырмын, керісінше, бар білгенім — болмашы деген тезис тұрады көбінің көкейінде
Білуге құмарлықты дұрыс деп мойындағаның — жеңілгендігің емес пе?!
Зияндарын да біліп отырсаң, онда несіне түк білмегенсіп, міңгірлеп отырсың?
Өзің секілді өтірік білмей қалатындарды жөнге сала алмай, қуып кетеді де. Өзің секілді, қуық кеудесіне сенгендерді білімге үйрете алмай қуып кетеді де.
Осы біздің Түркістандағы көрші подъезде Бәкөнай өмірінде түк білместен, бірақ құтты күні удай мас болып, арғы дүниеге аттанып кеткені бар еді.
Басыңнан өткен ғой деймін Инфаркт алатындардың бәрі гений болса — бақытты өмір сүретін едік.
Әлсіздің әлдіге көрсеткен болмашы қарсылығындай ғана тыпыршуды байқап тұрмын мына сөздердің сызынан
Ауылдағылардың бәрі түк білмейді дегің келіп тұр ғой, мойында, сайтан алғыр :)
Мынаны сенің сана қыртыстарыңның өзіңе бейтаныс сөздерді тым көп пайдаланғандықтан, кері әсер беруінің нәтижесі деп қабылдау керек пе?
лағынет атқыр Шиваның құсығымен айтпасқа мал қалмады:
Мына бір өз сөзінен өзі тайқып, бар білгенін ортаға жайып салған, ауылдағылардың бәрін баспа-бас түк-білместер деп айыптаған, соған қарамастан өзі «энергетикалық тоқырау» деген терминді ебедейсіз қолдануды намыс көрмейтін бейбақтың сөздерінен құтқара көр
Жалпы, көп білген зиян емес, пайдалы, оның пайдасын өзің де көріп жүрген шығарсың, ендеше босқа оттама.
Осындай да құсық айтыс болады екен.
Адамдар өмірге қонақ екен.
Парақтап жинаған бар білімің,
Бір сүйген көңіліңе-аааай тұрар ма екен???
Дәурен «Жалғаспен шығам» дегеніне өкініп қалмас па екен, әлде кейінге сақтаған амалдары бар ма екен?
Есеп 2-де-2.
Не де болса біреу осы сайыстен үлкен сабақ алатын сияқты
Осы пікірдің астына қолдайтындарыңды білдіріп, жаза беріңдер…
Бірақ Дәурен сөзуар атағына лайық па?
Мірдің оғындай аргументтері мен фактілерін қашан іске қосады? Қоса ала ма?
Қайтсе де жауынгерлерге ұшқыр ойлар мен ұтымды тіркестер тілейік.
Маягыңның бір курсты безвозвратно ұстап тұрғанын эмоцияландырмашшейш, орбитррррррыңдысс
Қосарым, 15 пікірден асқанда берілген дауыстар санынан белгілі болады.
Мен «жеңген адам мынау, жеңілген адам мынау» деп ұсынамын. Егер ұсынысым бірден минусқа кіріп кетпесе, немесе бірден басқа көрермендердің сынына ұшырамаса дұрыс шешім қабылдағаным.
Басқа жағдайда, шешімді өзгертуге тура келед
«Бойцовский клуб» киносындағыдай екен.
агрессивтілік жетіспей жатыр, шабыңдар шап
ЗЫ. Сәтсіздік тілеймін нақтар кілең!!!
Дәурен — 9 пікір жазып -24 ұпай жинады.
Біреудің жағдайы мүшкіл сияқты.
Қатысушының біреуі бір пікірімен 10-плюстен аса дауыс жинаса, екіншісі нокдаун болып есептеледі. Егер оның оған берген жауабы 24-сағат ішінде -10 ұпай жинай алмаса, сайыс нокаутпен аяқталады. Бірақ бұлар келесі сайысқа ғана қатысты.
Ұмтыласың білмекке.
Көп білгеннің зияндығын айтып бердім емеспе.
Сен қызыққан көпті білгіш Сатыбалды ағаңда,
Қарапайым жұртпен бірге жүр ғой осы Керекте.
Көпті білсең қаларсың көп өсекке,
Түнде тыныш жата алмайсың төсекте.
Сәл-пәл тоқтап ойланып ал інішек,
Шынымен де саған осы Керекпе.
Алда Дәурен85.
Жеңімпзады анықтайық. Дауыс бермегендерің беріп қалыңдар. 30 минуттан соң жеңімпаз анықталады. Жеңген адам келесі турға жолдама алады
есебімен Жалғас жеңді десем әділ ме ағайын?
Мына жігіттке тағы бір шанс береміз бе «аноним айтысуға», әлде бұны сайыс аренасында енді көргілерің келмей ме?
Әділін айтыңыздар, не ойлайсыздар?