"Ұлттық Медициналық Холдинг" Интернетте қазақ тілін қорлап бітті

Шертсеңіз, үлкейтілген нұсқасын көресіз.

"Ұлттық Медициналық Холдинг" Интернетте қазақ тілін қорлап бітті. Ресми сайттарында масқара жағдай орын алған. Аталған холдингтің ресми сайтында (http://www.nmh.kz/kz) мынадай ұят жағдайлар орын алған:
1) Холдингтің атауы қате жазылған. «Медициналық» сөзінің орнына, өздеріңіз көріп отырғандай, «дәрігерлік» сөзін қолданған. Ал ол сөз холдигтің ресми атауындағы «медициналық» сөзіне сай келмейді.
2)Ұрандары ретінде тұрған «Келешек аурухана» сөзінің мағынасы холдигтің басқа тілдерде (орыс және ағылшын) жазылған ұрандарына сай келмейді. Бұл жердегі «Келешек» сөзі сын есім ретінде қолданылып тұр. Ұран дұрыс аударылмаған.
3) «Ең ақсыға сеніңіз!» деген тіркесте «ж» әрпі түсіп қалған. Айналайындар-ау, түсіп қалатын ол бір іліп қойған әріп емес қой. Бұны бір деңіз. Осы тіркестегі екінші мәселе қазақ тіліндегі тоғыз төл әріпті қолдамайтын қаріптің (фонт, шрифт) таңдалуы болып тұр. "ң", "қ" және "ғ" әріптері қаріптің стильдік қалыбына келмей тұр. Олай болса, неге басқа қаріп таңдаймайды?!

Аталған холдингтің ресми сайтындағы қазақ тілінің мәселесі жайлы холдингтің Басқарма төрағасы Елжан Биртанов мырзаға Twitter арқылы назымды айтып едім. Холдингтің Twitter-дегі ресми акаунтындағы адамдарға да айтып, "ұят тірлік" дедім. Соған қарамастан, сайттың қазақтілді бөлімінде контенттік қуаңшылық байқалып тұр. Орыс тілінде бірнеше мақала жариянған болса, қазақ тілде түк те жоқ.

Менің айтқан сөздерім Біртанов мырзаға ұнамаса керек, ол мені Twitter-де елемей тастапты, яғни мен оның жазғандарын оқи алмайтындай бұғауланыппын. Суреті төменде.


Әзірше, осы. Кеше айтқанымдай, президентке ашық хатты тасадан тұрып жолдайтындар «конституцияны өзгерту керек» демей, осындай, холдинг сияқты, мемлекеттік тілге қырын қарайтын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарды «жөнге салумен» айналысса екен. Конституцияны өзгертуден гөрі қазақшасы шала мынадай мекемелерді жөнге салу әлдеқайда оңайырақ деп білемін.

ҚОСЫМША
Холдингтің ресми сайтынан холдингтің түрлі-иүолі атауын кездестіруге болады. Мысалы,"Ұлттық ДӘРІГЕРЛІК холдинг" деген атау мүлдем қате делік. Ал одан бөлек тағы мағыналас екі сөзден (медицина, медициналық) тұратын тағы екі атауды кездестіруге болады. Соңғы екеуінің мағыналас сөздер екендігін ескердім. Дегенмен, жоғары деңгейдегі холдингтің бір ғана ресми атауы болуы керек қой.
_________________________________________________________________________
Өзгеріс
Холдингтің ресми сайтындағы алға жылжулар туралы мына жерден оқыңыз.
Бөлісу:

8 пікір

KeSHa
Заң аясында ешетеңе істей алмасаң, «Сомеdy Clab» резиденттеріндей приколға тығып жіберу керек мұндайларды. Бірақ, ол үшін «Сомеdy Clab» резиденттеріндей резиденттер керек, сосын ТНТ секілді канал керек. Біздің ел ондай деңгейге жетсе, тіл мәселесі болмайтын да шығар бізде, бірақ.
Arhun
"Ұлттық ДӘРЕТХАНАЛЫҚ холдинг" десе оған енді таңданбаймын )))) Ш
/Ең ақсыға сеніңіз/ дегендегі шрифтілерді королмен сәйкестіріп істей оншалықты қиынға соқпайды
Arhun
негізі бет-бетімен кеткендер… орысша жазса ғой неше сан рет тексер еді… үйткені орыстардың шуынан қорқады ғой
asaubota
қатырасың. білдей СЕО! холдинг және университеттің. не істесін ол тілді?
Zako
press@nmh.kz, press.nmh@gmail.com мына екі электронды поштаға бір-екі ауыз сөзбен наразылықті білдіретін ойларыңызды жазып жіберіңіздерші.