Гладиаторлар шайқасына қатысыңыз!
Сонымен, бұл қауымдастық «шешендер сайысы» деп аталады. Немесе «Ережесіз дебат» десе де болады.
Бұл қауымдастықта талас тудыруы мүмкін тақырыптар сендердің ұсыныстарың бойынша жарияланады.
Дебатқа екі адам ғана қатыса алады. Кейде бір мықты адамға қарсы екі «новичок» адам қойылады.
Бүгіннен бастап, Керекинфоның маржан сөз шеберлері мен бейпіл ауыздарына және жаңадан кіргендерге өз шешендігін шыңдауға, немесе мықтылығын сынап көруге керемет мүмкіндік беріледі.
Шайқастың барысы былай болады, осы қауымдастықта мен немесе админ тақырып жариялаймыз. Сон-соң гладиаторлықтан үміткерлер тақырыптардың бірін қорғай алатыны жайлы маған @gastarbaiter және админге @asaubota хат жазады.
Сөйтіп шайқасқа арналған бөлек тақырып ашылады.
Шайқасқа түсуші екі сөзуар тақырып ашылғанға дейін, оны қорғайтынын не теріске шығаратынынан бехабар болады.
Сонымен біздің алғашқы тақырыбымыз
«Көп білген зиян»
Бұл пікірді теріске шығаруға ниет білдірген алғашқы сөзуар Он.Кз- блогосферасының жарқын жұлдызы, ЦТ- сайтынан дұғай сәлеммен Жалғас Ертай.
Ал енді онымен кім сөз тірестіретінін әлі жұмбақ. Жалғас Ертайдың өткір тіліне қарсы тұра алатын кім бар екен? Егер сіздің жүрегіңіз көп білу зиянды деген пікірді қолдап, қорғауға дауаласа, жеке хат жазып ниет білдіріңіз. Келесі тақырып екі үміткердің шайқас алаңына айналмақ! Әрине тек ойын шеңберінде. Қатысушылар берілген пікірмен келіспеуі де мүмкін, бірақ дәлелдеуге тырысуы шарт.
сурет: boi-gladiator.com -сайтыныкі.
Нге екенін қайдам, Саммитта топ ете қалды ойыма, екеуінің де жас шамалары сәйкесетіндей
АКУ, екеуі ақ езу, көк езу боп белдесіп, артынан өмір бойы шешендіктерін (тек Керекинфоның шатырының ғана астында емес)тізе қоса жүріп шыңдасааа деген арррам ой ғой менікі :-)
Патик — Қисық (әріптестер)
Қарасақал — Конвикт (тетелестер)
Едіге — Мейіржан (сериозныйлар)
Сатыбалды — Гастарбайтер (әртістер)
Қатыбалды — Қожеке (лақпалар)
Сержа — Ахи (атеист пен мұсылман)
Қылизаман — Зако (атасы мен баласы)
Табиғат — Нұрғиса (бұл тартыс өлең шумақтарымен)
көпті көргеннен сұра
Жалғас деген көп дауыс жинапты. Соған қарағанда, сендерге дәйектің мазмұнынан көрі, оның көлемі маңыздырақ па деп қалдым. Егер қарсы болмасаңдар, сендерді риза еткен каменттегі айтылғандарды жеке-жеке қарастырып көрсек.
Бос сөз. Адам өмірінің ұзын-қысқалығы оның көп немесе аз білгеніне байланысты емес.
Осындағы бірінші сөйлеміңнің тақырыпқа қатысы жоқ. Бұл жерде жалпы білім туралы емес, көп білу туралы айтылып жатыр. Өмір сүрудің игі амалдарына жету үшін көп білу шарт емес. Игілік деп нені айтып отырғаныңды білмедім. Алайда, егер игілік деп материалдық құндылықтарды айтып отырсаң, онда өзің көп-білетін-адам қатарына жатқызбайтын адамдардың да ауқатты өмір сүріп жатқанын білетін шығарсың. Ал егер игілік деп рухани құндылықтарды меңзеп отырсаң, онда рухани бай болу үшін өзіңе қажетсіз ақпараттарды басыңа толтырып алудың да қажеті шамалы. Тек өзіңе қажетті нәрселерді білсең және үнемі қажетті ақпараттарды ғана жинасаң, сол жетіп жатыр. Яни, көне мая өркениетін және оның тарихын саған білудің еш қажеті жоқ, егер әрине сен тарихшы болмасаң немесе өзің ол көне мәдениетпен қызығатын болмасаң. Ал егер өзіңе нақты керек білімнен көрі, өзіңе қажетсіз нәрселерді білу мақсатында уақытыңды босқа өлтірген болсаң, бұның саған пайдасынан көрі, зияны басымырақ болып шығады. Зияны сол – босқа кеткен уақытың.
Тағы да ауытқыдың. Бұл айтылғанның көп білуге қандай қатысы бар?
«Көп білгеннің жолдасы болсаң, өкінбейсің» дейсің. Ия, кей жағдайларда солай. Алайда кей жағдайларда аз білгенмен жолдас болғаның үшін де қуанатын кездер болады. Енді осыған қарап «Аз білгенмен жолдас болсаң, өкінбейсің» дейміз бе? Жалпы, жолдасыңның жақсы немесе жаман болуы оның көп немесе аз білгеніне байлансыты емес. Ол сендердің ортақ көзқарастарыңа, бір-біріңді түсінулеріңе, мінез-құлықтарыңа, бір-бірбіріңе деген симпатияларыңа көбірек байлансыты болса керек деп ойлаймын.
Рас айтасың. Бірақ, өкініштісі сол, бұл айтқаныңның тақырыпқа қатысы шамалы. Талас тудырмайтын ақиқатты әкеліп, орынсыз жерге қыстыра салдың, сөзіңе әсер беру үшін. Ең өкініштісі, осындағылардың көбі сенің бұл қулығыңа ілігіп қалды, «ия-ия, дұрыс айтасың» деп. Бірақ олар бұның жалпы білім туралы айтылған ой екенін ескермей кетті.
Қалған каменттері де тура осындай мазмұнда жазылған.
Бірақ тап сол тақырыпта Жалғас Дәуреннен мейлің жазбасы болсын, мейлің харизмасы болсын, сәл басымдау түсті.
ПС. Сосын не ғой. жау кеткен соң қылышыңды боққа шап деуші еді қазекем. Сенімен таласпаймын.