Негізі, алғы шепте Гридин, Остапенко және Хижниченкодан құралған бойшаң үштікті ойната беру керек сияқты. Ортада Шмидтгаль жаман алып жүрген жоқ тәрізді. Ал қорғаныста әлі де біраз эксперименттер жасау керегі сезілетіндей ме…
Нұр-аға, рахмет сізге!!! Жарайсыңдар! Соңғы екі кездесудегі біздің жігіттердің соққан голдары қандай сапалы, орындалуы да қандай керемет иә?! Риза болып қалдым! Бұл өскендікті білдіре ме, кездейсоқтық па? Меніңше бұрынғыға қарағанда біршама тәуірлену процесі белең алды! Жарайсыңдар!
сен өзі қай жылғысың? 90 жылғы ойындарға баға бере алатындай жастағы адамсың ба? әлде біздің ТД ол кезде қатты дамыған ба еді, мұрағаттарына қарап баға бере алатындай?
Негізі, шын. Пессимизм басымдау еді расында. Жігіттерде өздеріне деген сенім күшейіп жатқан сияқты соңғы төрт-бес ойынға қарар болсақ. Лағып кету жоқ. Дегенмен, тұтас тоқсан минут бойында жинақылық жетпей жататын сәттер кездесіп жатады. Өзара түсіністікте, комбинациялық шабуылдауда кейде кішкентай бір нәрселер жетіспей, шикі боп жатады. Бірақ соғылған голдар шынымен сапалы. Келісемін.
Қателесесің, Zako. Ол кездегі инфрақұрылым мен қазіргіні бірдей кесіндіге өңгеріп, салыстыру орынсыздау сияқты. Содан соң, қандай болсын ұлттық құрамаң ғой?! Тас лақтыру қашанда оңайдың оңайы, ал соңғы ойындарда көрсетіп жатқан перформанстарында сапалы даму барын біраздан бері бақылап жатқан өз басым байқадым, мысалы. Барлық матчты жібермей қараушыларданбысың, былай? Әлде, жүрдім-бардым «фанатсың» ба?
Түсінікті. Бразилияндық болып туыла қалсаң бақыттың құшағында жүрер екенсің, @Zako. Ол жерде кіл мықтылар ойнайды, бір соққанда екеулеп соғады… Дәл саған керегі
Әттең, осы жүгіріп жүрген атлеттерге ел бюджетінен миллиондаған доллар қаржы бөлінеді. Бірақ еш нәтиже жоқ. Неткен ысырап. Осындай жеңілістерден кейін футболшылар неге құрамадан кетпейді екен? Әлде намыстан гөрі ақша маңызды ма? Ақшасын алса, ойынға шыққанда әрі-бері жүгірсе, болды.
Негізі, өздерің де білесіңдер ғой жігіттер, қазір Бразилияда біраз жеткіншек тәлім алып жатыр. Өткенде Аршат та жазды твиттері бар біреуін. Міне, солардан көп нәрсе күтем өз басым. Қайткенмен, жақсы чемпионатта ысылып қайтса, ойын өрнегін дұрыстап алар. Тек, сабақтастық маңызды. Бізде осы Қазақстанда балалар футболы деген бар негізі. Шымкентте бірталай жарыстары да ұйымдастырылып тұрады. Қателеспесем, джуниор лиганың президенті Шымкенттік бір меценат аға. Дегенмен, кәсіби деңгейде ұстап тұру маңызды. Атырауда байқап едім, мырза кісілер аулаларда жасыл желектеп футбол алаңқайларын салып бергенін. Сондай әдемі үрдісті дәстүр етіп қалыптастыруға күш салу керек. Жаппай футболдануда әлі де жасалатын біраз іс бар, вакуум толықтырылмады әлі.
Оу, көкем, 90 жылдары бала кеөімізде Қазақстан ұтылғанын көп көруші едік Азияда ойнағанда. Қазір Еуропада ойнап «оңай шағылатын жаңғақ» болып алдық. енді қалай, ерте ме? 20 жылға жуық уақыт өтті.
мәәәә, неткен адамсың, Зако! Не 2002ге дейін түріктер бәрін ұта алатын ба еді, Әзербайжанның да алдыңғы толқынының ойынын көріп пе едің? Міне, біздердің қазіргі күйіміз секілді олар да жылдан-жылға ғана көтерілуде, бәрі бірден бола қоймайд. Бір Германияны көріп келдің, болды ма, өзгелер сұмдық екен деп ұлттың артын аша беруді қашан қоясыңдар нақ! Ұлттық құраманың (футбол тарапынан айтып жатырм, сен сияқты саяси жағынан емес) әр уровеньнен өтуге керек десең 20-жылдығың да аз ететін кездер болады, миды ашытып қырта бермей, ары ойнашы.
Әзербайжанның да алдыңғы толқынының ойынын көріп пе едің?
менің олай айтуыма қайдағы жоқ Әзерилердің құрамасынан жеңліп қалуы себеп болып еді. Егер Түркия мен Германиядан 5-0 болып жеңілсе, жарасы жеңіл болар еді.
Төртеу байқаса, жетеу байқамаған шығар, құрама сапынан алдыңғы толқын жастарға жол беріп жатыр. Жұмасқалиев, Карпин, Балтиев, Смақовтардың орнынан Қайраттар мен Ұландар кеп жатыр, Гридиндер… Және өзгерістер осы жаңадан жасақталған құрама есебінен болып жатыр емес пе екен деп те ойлайсың.
Енді алда екі ойын қалды.
7 қазан күні Бельгияға барамыз қонақтап. Алдынырақтағы прелиминирилердің бірінде сырт алаңда голсыз итжығысты місе тұтқызып едік оларға. Бұл жолғысы қалай болар екен… Былтыр 8 қазанда 0-2 есебімен есе жібердік…
11 қазанда өз алаңымызда Австрияны қабылдаймыз. Бұл да оңайға соқпайтын матч. Астанада болса, барамыз әрине, нәсіп болса.
ҚАЗАҚ БАУЫРЛАРЫМ! Бізге орыстардың керегі жоққой. ҚАЗАҚСТАНДА тек қана қазақтар ғана ойнаса деген армандамын. Арманым орындалса ғой шіркін. Анау орыс-морыс дегендер бәле болды. Қазақтарға кедергі болып!
тым қатты қызықпаймын. Дегенмен футбол тек спорт емес, саяси да ойын болғандықтан елдің алда болғаны дұрыс қой.
Жанкүйер болуға тұрмайтын тобыр атасының…
Қазақ футболы тематикасына, жалпы футбол тематикасына пікір жазуға құқылы емес сияқты көрінесіз маған
7 қазан күні Бельгияға барамыз қонақтап. Алдынырақтағы прелиминирилердің бірінде сырт алаңда голсыз итжығысты місе тұтқызып едік оларға. Бұл жолғысы қалай болар екен… Былтыр 8 қазанда 0-2 есебімен есе жібердік…
11 қазанда өз алаңымызда Австрияны қабылдаймыз. Бұл да оңайға соқпайтын матч. Астанада болса, барамыз әрине, нәсіп болса.