Әзірбайжан-Қазақстан (тікелей репортаж)

Қайырлы кеш, патшакөңіл футболсүйер қауым.
«Керекинфодағы» кезекті тікелей репортажымызды бастаймыз.
Әзірбайжанның Бакуінде жергілікті ұлттық құрамамен біздің команда Еуро-2012 бәсіне іріктеу шеңберінде қарымта кездесуді өткізуде.
Астанадағы «Астана Аренада» өткен кездесуде жерлестеріміз қонақтаушы команданы 2-1 есебімен қапыда қалдырғанын естеріңізге сала кетейік.
Бакуде алғашқы қырықбесминуттықтан кейін Қазақстан құрама командасы 0-1 есебімен басым түсуде. Матч бойында жауынды-шашынды күн райы айтарлықтай қолайсыздықтар тудырса да, хас шеберді ол тұсаулай қоймасын Остапенко әдемі дәлелдеді: сол қапталдан әуелей берілген допқа басын озат тосып, әзірге ойындағы жалғыз голдың авторы атанды.
Шешуші қырықбесминуттықты күтудеміз.
Бөлісу:

70 пікір

Nurgisa
Бір қызығы, бастапқыда "Қазақстан" арнасынан беріледі деген ойынды SportKz арнасы көрсетуде. Өткен жолы, Түркиямен болған матчта соңғы минутқа дейін жанкүйерлерге "Қазақстан" арнасының Стамбұлдағы матчты көрсете алмайтындығы айтылмай қалып, көп фанат ұлттық құрамасының матчын қарау мүмкіндігінен өз еріктерінсіз айрылып қалған болатын.
dauren85
Ссылкасын жазып жібересізбе?
Nurgisa
Матч СпортКЗ арнасынан таратылуда. «Керекинфода» мәтіндік тікелей трансляция.
Nurgisa
Әзірбайжандарда бас қауіп жетінші нөмірлі капитан Джавадовтан. Нам алаңда небір тосын қарекеттерден опық жеп қалатын небір майталман командалардың зар илеп қалғанын көрген көз біздің көз…
Nurgisa
Екінші таймды біздікілер жақсы бастап жатыр. Жылдамдықты үдетуге қатты құмарта бермейтіні белгілі. Бұрыштамадан допты ойынға қосқалы жатырмыз.
Nurgisa
Иә, доп та сулы, Мокин нық ұстай алмай жатыр қарапайым ғана соққыны…
Nurgisa
Біздің қақпа маңында қауіпті сәт. Оң қапталдан Әзірбайжан ойыншысы Ринат Дасаевқа гол соққан Ван Бастен стилінде әдемі бағыттап еді, қиыс кетті.
Nurgisa
Біздің қорғаушы шабуылдап жатқан 11 нөмірлі әзірбайжандықты құлатты. Бізге қарсы айып добы белгіленді.
Nurgisa
Юрий Логвиненкомыз сары карточкамен жазаланды.
Nurgisa
Джавадов тебуге оқталып жатыр… Жоқ, әріптесіне ұзатты, Мокин өз орнында.
Nurgisa
Біздікілерге Беранек алдымен гол дарытып алмауды міндеттеген сияқты. Остапенкомызға дейін өз жартымызда қорғаныстамыз.
Nurgisa
Қап, Әзірбайжандықтар гол соғып кетті.
Nurgisa
Мокиннің қатесі. 11 нөмір өз дегеніне жетті. Оң жақтан көтерілген допты Мокин «жіберіп» алып, бос қалған қақпаға 11-ші шірене тепті. Есеп 1-1.
Nurgisa
Жамбыл Көкеев сол қапталдан ортаға көтерді, баспен әрі қарай ұзатқан Ұланның добы қауіп тудыратындай болған жоқ.
Nurgisa
Остапенко жалғыз өзі үш қорғаушының арасында алыстан соққы бағыттап еді, қақпашыдан ыршыған допқа кипердің өзі алғаш болып жетті.
Nurgisa
Мокин Джавадовтың жақсы соққысын бұрыштамаға жіберді…
Nurgisa
Бұрыштамадан берілген доп біздікілерде. Өзара доп сыйласып жатырмыз. Гридинге берілген пас сәл қаттылау болды ма, форвардымыз жете алмай қалды.
Nurgisa
Паста қате көп… Тым көп… Аздап сабамызға түсу керекпіз. Жамбыл Көкеевтің орнына Марат Хайруллин шықты ойынға.
Nurgisa
Ойынның алпысыншы минуты өтуде. Жарты сағат бар алда жан алысып, жан берісер.
dauren85
Қазақтардың ойыны енді түзеліп келе жатыр
dauren85
Біздің қақпаға пенальти
Nurgisa
Біздің қақпамызға пенальти белгіленді.
Nurgisa
Мокин допты қайтара алмады. Шукуров дәл бағыттады.
Nurgisa
Есеп 2-1, жергілікті команданың пайдасына.
Nurgisa
Соғылған голдан кейін әзірбайжандықтарға «жан бітті»… Шабыттана көсілуде.
Nurgisa
Ойынның турнирлік маңызы болмағанымен, Орталық Азияның мұнайлы қос алыбының Еуропа бәсінде өз асығын алшысынан түсіруг барын салатыны айқын.
dauren85
Біздің де гол соғатын уақыт жақындап қалған сияқты
Nurgisa
Жалпы, біздің құрама «2-1» дертіне шалдықты ма дерсің… Өз алаңымызда бұл есеппен жеңгеніміз бар қазіргі визавиді, Түркияда да 2-1, қазір…
Nurgisa
Ал біз, осы уақытты үшінші голды жіберіп үлгердік.
Khan
Тағы бір гол жіберіп алды
dauren85
Қазақтар енді жақсы ойнайды
Nurgisa
Джавадов соқты. Есеп 3-1.
Nurgisa
Біздің орталық алаңда ойынымызды шебер ұйымдастырушы Шмидтгаль Түркияда жарақат алып қалғаны жаман болды, орны ойсыра тұр. Орта алаңда позицияны беріп қойып жатырмыз.
Nurgisa
Бізде Шаяхметовтың орнына Мұжықов шықты.
Nurgisa
Алиев рандевуға шығып еді Мокинмен. Оң жаққа пас бергісі келді ме… әйтеуір, ойлағаны іске аспады.
Nurgisa
Әзірбайжан қақпасының артында бір рота солдат жүгіріп өтті… Кезекті жаттығулары шығар.
Nurgisa
Хижниченко араласпақшы ойынға. Бірақ айналдырғаны н алты минут ішінде не үлгерсін…
Nurgisa
Зіңгіттей-зіңгіттей екі дәу бізде алда, Остапенко және Гридин… Бірақ екінші таймда сылбыр өте.
Nurgisa
ФАНТАСТИКА!!! КҮШТІ ГОЛ СОҚТЫҚ!!!
Nurgisa
Ауысымға шыққан Евстигнеев допқа алғаш тиі мұң екен, отыз метрлерден қақырата тепті және супер кіргізді!!! 3-2 есеп…
dauren85
Автогол деуге де болатын шығар
Nurgisa
Біздің құрамаға Гурман не үшін таңдалып алынғаны түсініксіз. Е көрсетіп жатқан ойыны жоқ, е басқасы… Сары карточка алды, оның үстіне…
asaubota
Олай деме. ол ұлы еврей халқынан және пидерация басшыларының бірінің ұлы.
Khan
Есепті теңестіретін мүмкіндік бар. Қазақтардың жағдайы жаман емес
Khan
Мына минус не үшін? Кім болса да пи*раз біреу.
Nurgisa
Таусылып қайтерсің! Құрама үшін егіліп отырған біреу ашу үстінде қоя салған болар…
Khan
Осы сайтта крысалар бар. Тығылып, жазықсыз минустағаннан рахат алады, қотақбастар. Енді аянатын ештеме қалмады, минустан мақаланы не бағалай алмайсың, не жаңа пост жаза алмайсың. Жылама, дейді кейбіреулер. Ну и нах жылап. Осы минусты қойған адамды о дүниеде ұстап жатсам, амын шығарам
Nurgisa
Бұл жерде басқаларды сыйлай отырып жазу жағын есте ұстайық, @Khan! Әдеп сақтай отырып жазуға тырыс.
Nurgisa
Шешуші он минуттық… Бірақ ойын соңы біздің көзірімізден гөрі, осал тұсымыз-ау…
Nurgisa
Тек қана алғы шепке ұзату керек пасты. Өз жартымызда сырғыта беруден қайран аз…
Nurgisa
Алаң иелері да қарап отырған жоқ, сәті түссе көздеп қалғысы келеді. Дәнеңе дейтіндей жоқ, дегенмен…
Nurgisa
Біздің пайдамызға айып добы белгіленді. Қақпа 24 метрдей ұзақта.
Nurgisa
Доп дарынсыз тебілді де, қаз-қатар тізілген шегіністегілердің біреуіне тиіп, кері ыршыды.
Nurgisa
Күйгелек ойын болып кетті. Қос командада да қате тым көп, тым көп…
Nurgisa
Голеодор Шукуров сары карточкамен айыпталды.
Nurgisa
Төрт минут қосылды…
Khan
Қосымша төрт минут берілді
Nurgisa
Фантомас тәріздес рефери бізге нау айтқандай қастандық жасай қойған жоқ… Ал әзірбайжандық фанаттар жеңісті тойлау үстінде. Мәз-мейрам, мәре-сәре күй кешуде…
Nurgisa
Біз бұрыштамадан допты ойынға қосатын боламыз.
Nurgisa
Түк шықпады. Ойынның бітуіне бір минут уақыт қалды.
Khan
Бұрыштама добы қазақтарда
Nurgisa
Болды, осымен тәмам. Бакуде біз бүгін 3-2 есебімен кезекті жеңілістің ащы дәмін татуға мәжбүрміз. Кешіре гөр бізді, қазақ жанкүйері…
dauren85
Ноль мен жеңілгеннен гөрі бұл да болса жақсы ғой Тауба Тауба
TERISKEY
Салынған голдар жөнінде видео іле салыңдарш, амиголар!