Әншейін жазылатын ілтипаттар

Егер шетелдік ішпиендер кенет @KILYZAMAN -ды жұмыстан шығарып жіберіп, қазақтарға өз бетінше барлау жасаса — олар туралы жалған түсінікке тап келер еді. Мысалы, қазақтардың әлеуметтік желілердегі бірі-біріне жазатын ілтипаттарды көріп, бұ қазақ деген халық — Елисей алаңында әдеби ертеңгіліктер ұйымдастырып, Булон тоғайындағы түскі саятшылықтан эстетикалық ләззат алып, ал кешке міндетті түрде балет қарайтын ел екен деп ойлап қалар еді. Лібә, Фейсбуктегі Аманқосты алқаш трактористтер, былғанған жолдар мен електір өмірі бармаған ауылдан шықты десең, өзіңнің бетіңе тарқылдап күліп кететін шығар, әнасс. Хуле нақ, лебіздері мен ілтипаттарынан — пәтері Трафальгар қақпасына тура қарап тұр деп ойлайсың.
Очм, паразит ілтипат-лебіздер:
— ОК, асыға күтетін боламын! (суретті, постты. Үлкен бұтақ нақ: оның бірдеңе асыға күткен басқа каменттерінің санын көріп төбе, кейде — барлық шашың тік тұрады);
— Красавица! (эксперимент жасап көр нақ: осындай комплимент жазылған 15 суретті бір бумаға жинап, ашып қал: табиғаттың адамды мазақ қылудағы ауру фантазиясына қол соқпасқа шара жоқ; Париж Мақан Құдай соборының байырғы тұрғындары Гюгоның әруағымен бірігіп, қызғаныштан бұрышта қолдары дір-дір етіп, темекі шегіп тұрад);
))) (Астына: бұтағымның жапырақтарына ыржиясың ба? — деп жазып кеткім келед те тұрад кейде, әжесстің.).
Кім тағы стандарт квазимәдениетті қылықтар білед, жазыңдар нақ!
Бөлісу:

17 пікір

meirzhan
Маған тақырыптың қасына мынадай белгіні қойған ұнамайды: )))))).
Немесе есімінің қасына )))) қойып қояды. Мысалы: Sweet girl)))). Тәтті де күлкілі кім ол сонда?
«Айгуля))))» — есімі күлкілі ме не.

Жалған тупо позитив ұнамайды.
a63a1
Мәселе күлу де емес, жымию былай міне —
blackbeard
Mine, nagyz kazakhtyn aruy)))
Suretke karasan, mini ubka men topik kigen akbas parodaly siyr turad
Aizhantabyn
ағам бәрін де біледі!
edige
Келесі жазбаңызды асыға күтетін боламын!
)))
Ох красавец!!!
a63a1
М-агенттің блогына көп жазылатын құсық ілтипат білдіру — «Бәріңізге қайырлы түн!» Осыны айтпай жай ғана блогты зорламай шығып кетсе бір жерін кесіп алама?!
qisyq
-Вау!
-Wow!
-Респект, братуха!
-Респект!
-От меня рэспект!
-Рахмет, джиги, и всем вам респект!

Лібә, суреттің астындағы каменттардың таза өзін алып қарасаң Гарлемның ең Құдай атқан ортасына түскен екем деп ойлайсың, сөйтсең суреттен көрші Алдиярдың баласы басына «капишон» киіп, тыртық-тыртық қолдарын алға созып, екі саусағын шошайтып тұрады.
omarbirat
Әрбір екінші кәмент «Рахмет», «Раха», «И тебе респект» деп тұра ма?
VKM
Мен Ылғи да Күүүүшті деймін)
asaubota
тақырып меңгерілмеді.

Төмен! © Sayan3
Esmeralda
Келісемін. Болмайтын жайларға мынадай(((( нерв жұқартқанша, үнемі позитивте ))))) жүрейік та)
Kazanova_Jakomo
Негативтен позитив алатындар бар. Солар көбейіп барады-ау. Суб.пікірім. Асаубота продакшыныс бұл пікіріме жауап бермейді!!! ))))
Esmeralda
қарсылығым жоқ, міне позитив алыңыз(((((((
Kazanova_Jakomo
Қойшы, біреудің бірдеңе дегенін не қыласың, көңіл бөлме! Игнорға жібер, қыз-ау, игнорға. Бір туған болмаса да, қазақта жасы үлкенді аға дейді емес пе, сол себепті ағаңның тілін алсаң «игнор» түймесін бас, қыз!!!
Esmeralda
а-а-а, аға, менде бәрі позитив қой)))
Kazanova_Jakomo
Бас бармақ жоғары көтерулі!!!