"А кто он?"

www.halyksozi.kzОблысымыздың мәдениетінің дамуына үлес қосып жүрген «көкеміздің» жұмыс орнына күтпеген жерден құда-құдағиы, келіні ұлымен келіп қалады. Екі аяғы бір етікке тығылған әлгі кісі жалма-жан жұмыс кабинетінің түкпірінде орналасқан «кухнясына» хатшысын жіберіп, шай демдетеді. Ұятты кісілері әп-сәтте келе қалды. Құдасының даңғазадай кабинетін аралап, тамсанып жүр. Басын шайқап қояды. «Көкеміз» кісілерінің асты-үстіне түсіп, бәйек болып жүр. Шай ішіп, дем алатын бөлмесіне ертіп апарды. «О-О, мұнда тұруға болады ғой кәдімгідей»,-деп қояды құдасы кеңк-кеңк күліп. Оған қызын алып отырған бастық құдасы ырза. Шай құйылды. Шай үстіндегі әңгіме басталды. Былай қарасаң, жасына лайық сақал-мұрт қойған құдасы парасатты, оқыған болып көрінеді. Бір орысша, бір қазақша араластырып сөйлегені — өзінше «современныйлығын» таныту сияқты. Әңгіме ауаны Қасым Аманжоловтың мерейтойына ауды. Қолындағы өрігін еппен сүртіп отырған келін: «А кто он Касым Аманжолов?»- деді. Мамасы: «вроде бы поэт»,- дейді. Әкесі болса: «Не он молодец ақын, есть же у него стихи...қалай еді? Қасымның Рахымжанымымын ба или Рахымжанның Қасымымын ба? Ну, вроде того»… Шай құйып отырған қыз мырс ете қалды.
Бөлісу:

6 пікір

Abilakim
Мырс ете қалған қыз сен емес пе? Осыны агенттегі микроблогыңыздан оқыдым-ау деймін
KILYZAMAN
Жоғалтқанын бағалай алмайтын ақымақ қолындағысын бағалай алушы ма еді? :-(
Sayana
не дейміз енді?!..
KILYZAMAN
Орта түзелсін дейміз… Өз ортасында адасып жүргендер көп емеспе?
Sayana
Басқаларына қалай әсер ететінін білмеймін, өзім осындай оқиғалармен ұшырасып жатсам, жыным қозады. Біз білмейтін талай сұмдықтар, біз білмейтін талай адасып жүрген адамдар жетерлік
Aizhantabyn
тап осындай жағдай менімен де болған. Ол кезде Тоқтар Әубәкіровты кім ол деп сұраған бір қыз… мда дедім… (кемінде өз универінің профессорын білсе ғой, ғарышкер, қазақтың батыры екенін айтпағанда)