Кешегі Ұлы отан соғысы жылдарында Доссор кен орындарынан атқылаған қара майды, еш химиялық айырмастан бірден майшиналарға құйғанын айтып, бүгінде сол Доссор мұнайына 100 жыл мерейтойын дүркіретіп өткізіп отырған Атырауда кешеден бері жанар жағар май жоқ. Аи 92,95 маркалы бензин баяғы кеңес дәуіріндегідей талон жүйесімен жіберілуде. Кей жанар-жағар май бекеттерінде Аи95тің литрі 150 теңгеден, ол да тапшы халық талап әкетіп жатыр. Қаладағы бензин тапшылығы едәір білініп тұр, таңертеңгідегідер кептелген машинаны, түскі үзіліске таман уақытта байқамадық. түстен кейінгі уақытта да, ауыз толтырып айтарлықтай көлік кептелісі қалада байқалмады. Осыған қарағанда көліктер тұрған болса керек. Түске дейін біраз АЗСтердің телефондарын алып, хабарластым. Мардымды жауап ала алмадым, Қазмұнайгаз тек түскі 13-00 шамасында АИ92 болатынын айтты, жақын жанар-жағармай бекетіне барғанымда, әлі құйып жатырғанын, одан соң жаты сағат тұндыратынын айтты. Түс кезінде „Меркурий„ АЗСтері АИ95 маркалы бензинді 150 теңгеден сатты. Жақын жердегісіне барып, сыйғанынша құйғызып алдым. А80 маркалы бензин мен дизелдік отын бос тұр.
Бар көрген баққанымыз осы, түске дейін агентіміз тулап, талон сұрап жүрген бір адам.
Бензин қымбаттағанда машинам бензинді көп жейтін болып тұр.
Өткен жолы бензин бітуге таяп қалды. Датчик шиқылдап есті шығарды. Сонда жол бойында әншейінде кірмейтін заправкаға соға кетейін десем, жан-жағын темір листтермен қоршап тастапты нақ. Лібә, орта жолда бензин таусылып қалмаса екен деп, үй жақтағы заправкіге дейін жеттім, абырой болғанда.
Сол шеретте тұрып бір уахаббимен төбелесіп қала жаздадым. Без очереда машинасын колонкаға әкеп қадап тастады. Жағасынан сілкіп жіберіп едім есін жиып алды. сол жамааттың konvict жазғандай кішкентай да болса бір жақсы жағын көргім ақ келеді. Мұсылман баласы ғой десең анау баса көктеп. Басты парыз Имандылық туралы тіпті жақ аша алмайсың
Бір әңгіме естігенмін осы Доссор жайлы. Бір әміриканес шал өліп бара жатып баласына айтыпты «Кезінде Доссор деген жерде мұнай шығатын еді, қазір дамып кеткен шығар, барып көр» деп. Сөйтіп баласы келген ғо Далласты елестетіп, біздің Доссорды көріпті. Ну ощм әңгіменің қысқасы дым да гүлденбеген ит пен құс жеп кетіп жатыр деген әңгіме ғо.
алдыңкүні түнде Шымкенттен тойдан қайтарда қаладан шыға бере 2-3 АЗСтан айналып бензин таппадық, амалсыздан синойлға барсақ кезекауысу екен, оны күтіп әзер деп, кезек көп, машина көп, бәріне бензин керек, біз сияқты алыстан тойға келгендер кажся.
Талонмен сататын АЗС-тарға барып, банкомат картасымен есеп айырысуға болады. Өткенде RP бензинін жағып жүр едім, талон енгізілген соң қытайдыкыне көштім амалсыз. Содан жұмыстас жігіт айтады, талонмен беретін жерлерде банкомат картасымен барсаң құйып береді, деп. Шынымен де солай екен. Қайтадан RP-ге көштім.
Өткен жолы бензин бітуге таяп қалды. Датчик шиқылдап есті шығарды. Сонда жол бойында әншейінде кірмейтін заправкаға соға кетейін десем, жан-жағын темір листтермен қоршап тастапты нақ. Лібә, орта жолда бензин таусылып қалмаса екен деп, үй жақтағы заправкіге дейін жеттім, абырой болғанда.
қымбат бензин дәмдірек шығар (((:
Мәселе неде екен а? Үш НПЗ 16млн халыққа бензин тауып бере алмай отыр. Бұл есепке сүйенер болсақ Қытайға 300 НПЗ да аздық етуі керек.
байшұбарымның жаманшылықты күншілік жерден сезетінін білмеппінше
Олардан өмірі құйғызып көрмеппін тегі.