Тағы да дін туралы

Соңғы кездері мен өзі дін туралы көп жазып кеттім бе өзі қалай? Бұл жолы да дін туралы бірер сөз айтсам ешкім қарсы бола қоймас деп ойлаймын. Өздеріңіз білетіндей «хабар» арнасы көрсеткен «Ақиқат» фильмі біраз жерде талқыға салынды. Әркім өз ойын білдіріп жатыр. Тіпті елдің бетке ұстар зиялылары елбасыға ашық хат та жіберіп үлгерді. Соңында қол қойған кісілерге бір уақ назар аударып көрелікші.
Мекемтас МЫРЗАХМЕТҰЛЫ, филология ғылымдарының докторы, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың иегері;
Дидахмет ӘШІМХАН, жазушы, ҚР-на еңбек сіңірген қайраткер, баспагер;
Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ, жазушы, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның құрметті журналисі;
Тұрсынбек КӘКІШҰЛЫ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор;
Несіпбек ДӘУТАЙҰЛЫ, жазушы, «Жамбыл» әдеби-көпшілік журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы Жамбыл облыстық филиалының директоры;
Сейдахмет ҚҰТТЫҚАДАМ, қоғам қайраткері, саясаттанушы, «Мысль» журналының бас редакторы;
Шерхан МҰРТАЗА, халық жазушысы, Мемлекттік сыйлықтың иегері;
Байбота ҚОШЫМ-НОҒАЙ, жазушы, ақын, аудармашы;
Жанат АХМАДИ, жазушы, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының лауреаты;
Софы СМАТАЕВ, көрнекті қоғам қайраткері, жазушы, драматург;
Қабдеш ЖҰМАДІЛ, Қазақстанның халық жазушысы;
Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ, ақын, ҚР-на еңбек сіңірген қайраткер, Қарағанды қаласы;
Темірғали КӨКЕТАЙ, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, академик, 20-ғасырдың көрнекті адамы, Қарағанды қаласы;
Анар САЛҚЫНБАЙ, филология ғылымдарының докторы, профессор;
Әселхан ҚАЛЫБЕКОВА, халық ақыны, «Парасат» орденінің иегері, Оңтүстік Қазақстан облысы;
Әбдікерім МАНАПОВ, ақын-сазгер, Түркістан;
Есенқұл ЖАҚЫПБЕК, ақын, Жамбыл ауданы;
Жанат АСКЕРБЕКҚЫЗЫ, филология ғылымдарының докторы, ақын, Астана;
Светқали НҰРЖАН, ақын, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері;
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, қоғам қайраткері, жазушы;
Жұмабай ҚҰЛИЕВ, ақын;
Тасқара ҚАРАТАЙҰЛЫ, халық емшісі, Маңғыстау облысы;
Қазыбек ИСА, ақын, Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты, Қазақстан Мәдениет қайраткері, “Жас қазақ үні” газетінің бас директоры;
Абай БАЛАЖАН, Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты, «ОРДА-КZ» газетінің бас редакторы, Шымкент;
Құлбек ЕРГӨБЕК, жазушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Түркістан;
Еділ ЖАҢБЫРШИН, Маңғыстау облыстық маслихатының депутаты, техника ғылымдарының докторы, профессор, эколог-ғалым;
Оңайбек АБДИЛОВ, полиция полковнигі, ІІМ зейнеткері, техника ғылымдарының докторы, ҚР Заң ғылымдары академиясының академигі, Б.Сыртанов атындағы сыйлықтың лауреаты;
Халила Нұрлақұлы ӘБДІЛАҚ, журналист, биология ғылымдарының докторы, профессор, академик;
Мұқтар ҚОЖА, тарих ғылымдарының докторы;
Хазретәлі ТҰРСЫН МАХАНҰЛЫ, тарих ғылымдарының докторы, Түркістан;
Нұрлан МЫҢБАЙ, филология ғылымдарының докторы, Шымкент;
Бибайша НҰРДАУЛЕТОВА, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері;
Болат ҚОРҒАНБЕК, филология ғылымдарының кандидаты, ясауитанушы;
Бибігүл СҰЛТАНОВА, филология ғылымдарының кандидаты;
Нұрлан ҚАМИ, жазушы, аудармашы;
Жаңабек ШАҒАТАЙ, жазушы, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері;;
Темірғали КӨПБАЕВ, ақын, журналист, заңгер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты;
Еркін ЕРМҰҚАНОВ, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент;
Болат ЖЕТЕКБАЙ, ақын, журналист;
Серік ӘБДІРЕШҰЛЫ, публицист, Астана;
Ордалы ҚОСАЙ, ҚР білім беру ісінің үздігі, жоғары санатты ұстаз, Ы.Алтынсарин медалінің иегері;
Іргебай ЖАРЫЛҒАСЫНОВ, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, ҚР Конституциясына 10 жыл мерекелік медалінің иегері;
Аманжол МЕЙІРМАНОВ, ҚР ҒБМ ҒК Философия және саясаттану институтының ғылыми қызметкері, ясауитанушы;
Алмас ҚУАНБАЙ, «Үш қиян» Республикалық ұлттық тәуелсіз апталық газетінің бас редакторы;
Шолпан САПАРБАЙҚЫЗЫ, педагогика ғылымдарының кандидаты;
Ықылас КӨШЕРБАЙ, Ақтау қалалық мәслихатының III-IV шақырылымының депутаты;
Амандық КӨМЕКҰЛЫ, ҚР мәдениет қайраткері, Ақтау қаласы;
Күріш Құбашұлы ТАСБОЛАТОВ, ҚР еңбегі сіңген қайраткері, Ақтау қаласы;
Жанаш НҰРМАХАН, республикалық дәрежедегі дербес пенсионер, Құлсары қаласы;
Бүркіт БАЗАРБАЕВ, ақын, Құлсары қаласы;
Сәрсен ҚАДЫР, ақын, өлкетанушы;
Базарбай ӘБДІРАХМАН, қажы, дінтанушы, өлкетанушы, Ақтау қаласы;
Амангелді ЖҰМАШ, зерттеуші-журналист;
Марат ОСПАН, Кенен Әзірбаев әдеби-мемориалдық музейінің директоры;
Қазбек ҚАБЖАНОВ, ақын, журналист, «Шабыт» фестивалінің лауреаты;
Ақмарал ЕРІМБЕТОВА, дәстүрлі әнші;
Елтай БИМАХАНБЕТҰЛЫ, жазушы, Түркістан;
Ислам ДОСБОЛ АМАНГЕЛДІҰЛЫ, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Түркістан;
Сапарбек Сәрсенұлы ЕРГӨБЕК, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Түркістан;
Жанар Жақсыбекқызы ӘБДІҒАППАРОВА, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Түркістан;
Жанымгүл КАМАЛҚЫЗЫ, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Түркістан;
Назгүл Тұрсынханқызы БАТЫРОВА, экономика ғылымдарының кандидаты, Түркістан;
Ғаппар Амантайұлы САРСЕНБАЕВ, Түркістан қалалық мәслихатының депутаты, Түркістан;
Мұхит Жылқайдарұлы ТӨЛЕГЕНОВ, дінтанушы, Түркістан;
Әдемау ТҰРДЫБАЙҚЫЗЫ Толысбаева, филология ғылымдарының кандидаты, Түркістан;
Әбілда АЙМАҚ, жазушы, Шымкент;
Нышанбек ТӨЛЕГЕНОВ, әнші-сазгер, ҚР еңбек сіңірген қызметкері, Шымкент;
Әдхам ШІЛТЕРХАНОВ, жазушы, Шымкент;
Құралай СӘТМҰХАМБЕТ, сазгер, Шымкент;
Санап шықсаңыз екеуі ғана дінтанушы екен. Қалғаны журналис, кандидат, доцент, мұғалім, ақын, әнші, әйтеуір дінге 10 қайнаса сорпасы қосылмайтын адамдар. Рас, олардың ойы нақақтан адамды жазаға тартпайық деуге келетін шығар. Әсіресе, әкесі «халық жауы» болып атылған Шер ағаңа бұл беймарал қарайтын нәрсе емес екені анық. Бірақ біз бір нәрсені естен шығармайықшы. Әр нәрсені өз маманы істеу керек емес пе? Демек біз Исматулла туралы да ҚМДБ-ның пікіріне сүйенуіміз керек қой?! Қазақ әдебиеті газетіне бас мүфти Әбдісаттар қажы Дербісәлінің Исматулла туралы пікірі 2009-жылы шыққан екен.
...Өз басым сен құрмет тұтатын пәкістандық яки ауғанстандық па, жеке басында шаруам жоқ. Дінтанушы, дінжанды, ұлтжанды көптеген ғалымдардың пікірінше оның ұстанымы: «халқымыздың туа бітті бойына сіңген, қазақтың болмысынан айырып алғысыз Ханафи мәзһабымен үйлеспейді». Оған алғашында мүрид болып, ақырында сырын білген соң «Сматулласы бар болсын» деп одан тұра қашқан ізбасарларын да көріп жүрміз. Ал енді Сматулланың өзің тәуір көріп шығарған кітабі туралы «Қазақ әдебиеті» газетінде (№46, 18-24 қараша, 2008 ж.) оны зерделеп жазған Қасен Ғақыпұлы және тағы да сол автордың «Дала мен қала» газетінде (№25, 24 маусым, 2005 жыл) «Құран сырларының әліппесі» шынымен-ақ Құраннан кейінгі екінші кітап па?" деген мақалаларынан кітаптың және авторының ғылыми деңгейін байқау қиын емес. Мысалы, Қасен Ғақыпұлы мақаласында Сматулланың «Құран сырларының әліппесі» атты кітабында мынандай адам күлерлік, тіпті шариғатқа қайшы жолдар келтіріледі: «Автордың өз сөзіне жүгінсек бұл еңбегіне қырық жылын тіпті қырық бес жылын сарп еткен көрінеді. Иә, жарыққа шығуына қырық жыл уақыт кеткен әрі қазақта теңдесі жоқ деп жар салынған бұл кітапта мектеп жасындағы балаларға таңсық емес көптеген қарапайым нәрселерді тізбектеп жазғаны соншалық, оқып отырған адам «жерден жеті қоян тапқандай жар салып мұны несіне жазған?»-деп еріксіз кеюге мәжбүр болады. Мысалы, автор кейбір нәрселерге бірінен кейін бірін нөмірлеп тұрып жаңадан жаңалық ашқандай күлкілі түрде былай деп түсінік берген: – Тамақтың өнімдері: таза клеткалар, ескі клеткалардың орнын басады. Ескі клеткалар артық болып, кір түрінде денеден шығады. – Дүниенің айналыс тәртібі: банктен шыққан қағаз ақша, үкіметтен халыққа, халықтан үкіметке барады. – Техникалық мәшинелердің айналыс тәртібі: жел берумен болады. Баллондарға жел беріледі. Оны шығарса ауаға тарап кетеді. – Жел – жер бетінің ауасын өзгертіп, алмастырып отыратын зат. – Кейін қалған қоғамдағы әке – отбасына керекті киім-кешек және ішіп-жемді тасушы. – Кейін қалған қоғамдағы ана – үйге әкелген заттарды пісіріп, дайындап, қолданып, жуып-шаюшы. – Бастан-аяқ дене – екі немесе миллиондаған тірі дененің дос болуына себепкер. – Бастан-аяқ дене – бес түрлі аспаптың иесі: көз, құлақ, мұрын, тіл, сипап-сезу сияқты. – Ірімшік – кепкен, тәтті сүт. – Ақыл – үйренудің және үйретудің әсерінен өте жоғары күш-қуатты білімнің иесі болады. – Ақыл – жұмыстарды және тіршіліктерді ұзағынан, күнілгері, алдын ала ойластырушы, тіпті немере, шөбере, шөпшегіне дейін. – Ақыл – жақсы-жаманды ажыратып, көрсетуші. – Ақыл – бүкіл жараты-лыстарға және денелерге ат қоюшы. – Ақыл – адам ұрпақтарының шарапатты болуына өте ұлық себепкер. – Судағы жануарлардың өлімі – оларды судан шығару. – Көптеген адам ұрпақ-тарының «фильмі» – оннан отыз бес сантиметрге дейін немесе бұдан үлкенірек перде (теледидар мен кинотеатр экраны) бетінде жүреді. Міне, кітап толған осындай барлығымызға белгілі, тіпті кейбіреуі қате, кейбіреуінің мағынасы қамтылмаған дүдәмал түсініктерге толы. Кейде автор осындай әркімге белгілі шала түсініктемелерінен кейін «Мұқият болыңыз! Жақсы түсіну үшін терең түсініп, миларыңа тасқа басқан таңбадай сіңіріңдер!» деп те қалады. Ал енді ислами тұрғыдан қате кейбір түсініктемелеріне назар аударайық. Мысалы, кітаптың елуінші бетінде Исматулла Мақсұмның Ақырет әлемі жайлы исламда жоқ мынандай тосын жаңалығына тап болдық: «Ақырет дүниесінің үздіксіз айналыстары: Жәннат иелерінің пайдаланғаннан соң шыққан өнімдерінің жарамсыз қалдықтары өртеліп, тозаққа құйылады. Оның таза булары қайтып жәннатқа келеді». Иә, жәннаттағы пайдалан-ған өнімдердің жарамсыз қал-дықтарының өртеліп, одан кейін тозаққа құйылатындығын, содан кейін оның тозақтағы таза булары жәннатқа қайта кіретіндігін Исматулла Мақсұм қайдан алған? Құранның қай аятында, Пайғамбарымыздың қай хадисінде жазылыпты? Әуелі бұл дүниенің келте заңдарымен өлшенбейтін, ғажайыптарын көз көріп, құлақ естіп, ақыл ойлап елестете алмаған «жәннат» мекенінде жарамсыз қалдық бола ма екен? Екіншіден жәннатта Аллаһтың теңдессіз сый¬сыяпатына бөленген салиқалы құлдардың тозақтың таза буына нендей мұқтаждығы бар? Тіпті тозақта таза бу болады деген қайдан шыққан шатасу? Иә, Иасауидің қазіргі таңдағы жалғыз мұрагерімін деп жар салған кітап авторы Иасауи бабамыз айтпаған бұл шатасуымен кімді шатастырмақ? Жоқ әлде Иасауидің пәк атын перде етіп, өзінің бұзақы ойларын айлаға асырғалы жүрген біреу ме? Адамның рухы жайлы ешбір ғалым толық түсінік бере алмаған. Тіпті ғалымдар былай тұрсын Хақ тағаладан үнемі уахи алып тұрған Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өзі рух жайлы толық мағлұмат білдірмеген. Өйткені Құранның өзі рух жайлы былай дейді: «Сенен рух туралы сұрап жатыр. Оларға айт: Рух – Аллаһтың әмірінен. Рух туралы сендерге аз мағлұмат берілді». Осындай жаратылысы мен болмысы Құранның өзінде сыр болып сақталған адамның ғажайып рухын Исматулла Мақсұм кітаптың 84-ші бетінде «Адам ұрпақтарының рухы – екі дүниенің кілті немесе екі дүниеде мақсатқа жеткізуші «ракет໬деп, «ракетаға» теңеген. Қай ислам ғалымы толықтай түсінуге ақыл жетпейтін адамның ғажайып сырлы рухын темірден жасалатын «ракетаға» балаған? Иә, Исматулла Мақсұмның кітабында жоғарыдағы «Рух туралы сендерге аз мағлұмат берілді» делінген аятты қолдана отырып, адамның ғажайып та сансыз сырға толы рухын темірден жасалған «ракетаға» теңеуін түсіне алмадық. Автор бірде адамның рухын «ракета» деп түсіндірсе, енді бірде адам ұрпақтарын «ракетаға» балаған. Кітаптың 32-ші бетінде «Адам ұрпақтары – пәк әлемнен жіберілген «ракета» делінген. Кітаптың 48-ші бетінде «Рух – ең төменгі дәрежедегісінің жүру жылдамдығының өзі, жарық жылдамдығымен бірдей болатын ерекше ғажап жаратылыс (300 000 км/сек.)»-деп, адам рухының ең төменгі жылдамдығын 300 000 км/сек деп белгілеген. Иә, рухтың болмысы мен жаратылысы жайлы адамға аз ғана білім берілгені белгілі. Ал енді кітап авторы рухтың ең төменгі жылдамдығын қай лабораторияда зерттеп білген? Немесе бұл мағлұматты қайдан алғандығы туралы неге сілтеме жасап көрсетпеген? Кітаптың 37 — ші бетінде «бастан аяқ дене – рухты көтеріп жүруші зат» деп, рухтың денені емес, дененің рухты көтеріп жүретіндігін айтып тағы қателескен. Алайда, исламда дене рухты емес, рух денені көтеріп жүреді деген еш талассыз түсінік бар. Рухтың денеден шыққаннан кейін дененің жерде еш бір қимылсыз қалатындығы осының дәлелі емес пе?..." Дінтанушы ғалымның жан-жақты сараптамалық талдауы бұл кітапты «Құраннан кейінгі қасиетті екінші кітап» деуші топтың діни білімі мен танымының аса шектеулі екенін байқатты..
жалғасы

Исматулла туралы дінбасы осындай пікірде екен. Қалғанын оқырман өзің шеш.
Бөлісу:

19 пікір

satibaldi
Соңғы кездері мен өзі дін туралы көп жазып кеттім бе өзі қалай?
Қой, о не дегеніңіз, жазыңыз тағы шөлдетіп қоймай…
e_zhalgas
уау! қол қойғандардың ішінде талайы түркістандық екен ғой, тіпті біразын жеке танимын
satibaldi
Өзіңді де таныдың ба?
e_zhalgas
«анықтағаның» үшін рахмет
Abilakim
Уау, екі қарағандылық бар екен! Біреуін жеке танимын, біреуін сыртынан танимын
e_zhalgas
кімдікі мықты?
Abilakim
Менікі мықты шығар))) / физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, академик, 20-ғасырдың көрнекті адамы/)))))
omarbirat
Уау! Барлығы қазақтар екен. Бірнешесінің атын бір жерлерден оқығаным болмаса, ешқайсысын танымайды екенмін
e_zhalgas
әдемі пиар кетіп жатыр, осы жазбадан соң, анау мақсұмның кітабын оқымасам
Abilakim
Былай өзі басы нұрланып тұратын адам ба,әлде суретте солай ма? Көп суреттерде Иса пайғамбардың басы нұрланып жүруші еді
e_zhalgas
фотошаптың көмегімен, басы түгіл бәрі жерін нұрландырып жіберуге болады ғой
nurjanbay
Иә, жарыққа шығуына қырық жыл уақыт кеткен әрі қазақта теңдесі жоқ деп жар салынған бұл кітапта мектеп жасындағы балаларға таңсық емес көптеген қарапайым нәрселерді тізбектеп жазғаны соншалық, оқып отырған адам «жерден жеті қоян тапқандай жар салып мұны несіне жазған?»-деп еріксіз кеюге мәжбүр болады.
кітапты тек қана профессордокторнаукакадемикғалымдар ғана түсінетін, ал қара халық түсінбейтін етіп жазып қажеті қанша?
e_zhalgas
біздің күшіміз массада десейш
Aldarkose
Исматуллашылардың да жақсы жақтары бар дейді @konvict
e_zhalgas
мен бүкіл жазбаға бүй дер ем: «байка о двух концах»
qisyq
Мына мақаланы форточкаға маса кірмеу үшін қағып қоюға болады екен.
meirzhan
Исматулиттер туралы дөңгелек үстелде Мақсұмның баннері жерге түсіп қалған сияқты, осы мақала да суретімен қоса түсіп қалуы мүмкін
Aldarkose
Соңғы кездері мен өзі дін туралы көп жазып кеттім бе өзі қалай?
Бұл жолы да сектанттық жамағат туралы жазып кеттің.
Бұл жолы да дін туралы бірер сөз айтсам ешкім қарсы бола қоймас деп ойлаймын.
Мен қарсымын. Жамағаттарды жарнамалағанша…
meirzhan
қап, Конвикттің сенің көңіліңнен шыға алмағаны-ай