Ақшаға сатылмайтын адам жоқ па?!
«Кез-келген адамды ақшаға сатып алуға болады» дегенді қалай түсінесіздер?
Және ол қазіргі заманда қаншалықты шындыққа жақын? Шынымен кез-келген адамды сатып алуға бола ма?
Шынымен барлық адамдар ақша тілін түсіне ме? Әлде ақша тілін түсінбейтіндер де бар ма?
Ақша тілін түсінбейтіндер нені түсінеді? Кез-келген нәрсенің номиналды құны бар дегенді қалай қабылдайсыз?
сурет көзі: www.123rf.com
жоғарыдағы балаға жауап бергендей саған солай айтқым келмейді.
көп слишкам
25-мың демей ақ, 15 мың десең жаға жыртысып бір біріне қастық қылатындар бар ма деймін.
Ал жеңіліп, жұмысқа тұра алмай қалғаны, барлық жерге «Біләд, пол жуып, унитаз тазартып жүр, менің ондайға арым бармады» дейтін шығар.
Әлгі, көне копейкасын «ешқашан жолда қалдырмаған, любой Бентлиіңнен жақсы» деп мақтайтындар сияқты.
Сукаөмір, әнасстың.
Немесе екі дос көшеде келе жатқанда, гопниктер қарсы алады ғой. Біреуі тұра қашса, сатып кеткендік қой?
Қайдан келді олар? не себептен сондай құбылыстар орын алуда?
Себебі адамдар сатылады.
Бәрі сатылады!
Ол — ақша. Ақшаның мәні бұрынғыдан да шарықтай түсуде.
Павка Корчагин бұрын идеяға әкесін сатып жіберген, өзін де. идеяға.
өйткені бұрын ақшамен қатар, идея да құнды болды. ал қазір ақшаға сатады корчагиндер.
ақша билеген заман! ақша — күш!
Анау қырғыздар да өздері үшін қасиетті жерлерді де қазақтарға сатып жіберді.
Бәрі сатылады. тек қны әр түрлі.
әлде мені тормоз деп күлкі етпекшісің бе?
сөздерім ерсі көрінсе, ренжіме, қарындас. менің сөздерім сондай өзі.
жұлдыздар көп болған соң сатылады ғой, ал вот Күн мен Ай точно сатылмайды)
әлде күн мен айды ешкім алғысы келмейді дейсің бе?
содан кейін ай мен күнге біреуді сатып алушы ем.
бәрі сатылады. ақша — күш! (саған айтып тұрғаным жоқ)
Соңғы жұмысыма тұрғанда мен сатылдым. Бұрынғы жұмысымда жағдайым жаман болмады. Қызметте өсу перспективасы, әріптестермен қарым-қатынас жақсы деңгейде болса да, директордың ренжігеніне қарамай басқа жұмысқа ауысып кеттім. Себебі, ол жұмыста материалдық жағдайым біршама жақсарды
Мұхтар Шахановтың мына өлеңі жанға жақын лібадтың:
adebiet.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=3157&Itemid=23
Ақыры бере салдым… Бас аман болсын… теңгеге де ала алмайтын нарселер көп…
Досымның риза болғанынан артық не бар, шешесссеее.....
Біреуге бірнарсе беріп, ақырында өкінсе ол заттың бұзылып қалатыны бар…
Шынымен еш ақшаға сатылмайтын адамдар бар. Мысалы, совет уақытында X. ауданының прокуроры туралы халық көп айтатын көрінеді. Адалдығы сонша, бірде қорасына басы артық қой кіргізіп алған әкесін нарядпен алдырып, қаматып тастапты деседі.
Бір күні сол прокурордың қолына аудандық үлкеееен бастық түсіпті. Заңсыз аң аулау ісімен. Сол бастық прокурорға айтыпты:
— Лібә, иә, сатылмайсың, әулиесің. Міне мында тура 10 000 сом. Сен сатылмасаң — облыс орталығына барып, бастығыңды 20 000 сомға сатып алам. Бар болғаны маған шамалы қымбатқа түседі.
Шынымен, прокурор «жоғалнақ!» деп, анау облыс орталығындағы прокурорды сатып алыпты. Амалы жоқ: өзінен жоғары инстанция істі жап десе, заң бойынша тоқтатуың керек.
«Сатылмаған» прокурор ақымақ па? Меніңше жоқ. Өз жұмысынан эстетикалық ләззат ала алды. Бірақ. Кейін әлгі бастықсымақ қатты күндеп, ақыры ауданнан көшіп кетуіне тура кепті дейді ел артындағы аңыз.
Ақша деген адам өмірін жеңілдетпесе, қиын қылмайтын дүние. Ақша деген не бары адамзаттың үздіктерінің жеткен жетістігіне қол жеткізуге көмек беретін универсалды құрал ғана.
Бұл жерде тек қағаз түріндегі ақша емес, жалпы ақшалық құны бар дүниені айтып отырғанымыз анық.
Жоқшылық қол байлайды деп бекер айтпаған ғой.
Бостандық деген мүмкіндік. Ақша мүмкіндіктерді көбейте алады.
Кейбір ыңғайсыз жағдайда, кілт үшін тоқтыны басжіверуге дайын боласың.
Ол қандай жағдай екені әр адамның мораліне байланысты.
Біреу үшін ол айдалада қалып қойып, сандықтың ішінде тамақ жатса, соны ашатын жалғыз кілт үшін. Немесе құлыптаулы сандық ішінде туған бауырың тұншығып өлгелі жатса…