Жамағаттардың да жақсы жақтары бар

Дін туралы БАҚ өкілдерінің бүгінгі жазғандары тым біражақты пікір деп айтуға болады. Себебі қай газетті, журналды, қай арнаны ашып қарасаң да ислам діні жамағаттарын жамандаған мақала мен түсірілімге куә боласың. Бірақ, сол жамағаттардың елімізге тигізген аз да болса пайдасына көз жұма қарағанымыз әділдік пе? Түріктердің жақсы бір мақала бар. «Жақсылар жақсылықты, жамандар тек жамандықты көреді» дейді түбі бір халық. Біз де жақсылар қатарынан табылуға тырысып көрелік.

Сәләфилер. Елдің атын естісе шошитын ең бірінші ағымы осы сәләфи-уахабилер. Ислам дінінде ең ауыр күнә Аллаға серік қосу. Құранда “Шынында да, Алла Оған серік қосқанды кешірмейді, ал одан өзгесін қалағанына кешіреді” (Ниса сүресі, 48-аят). Сақалы өсіруді сүннет, тек құран мен хадиспен жүреміз дейтін бұл жамағаттың біздің елге тигізген ең бірінші пайдасы «Отырарда отыз баб, Сайрамда бар сансыз баб, Түркістанда түмен баб, Ең үлкені Арыстан баб» деп Яссауиді, Бекет атаны, Арыстан Бабты табынатын орынға айналдырып алған «Ақ жол», «Ата жолы» сынды топтарға қарсы жақсы күрес жүргізді. «Ақ жол» деген атты желеу еткен топтар халықты көпе-көрнеу алдап, әлеуметтік жағынан зиян тигізді. Қазақ қоғамына әруаққа сиынудың дұрыс емес екендігін алғаш көтерген де солар емес пе? Рас, кей кезде олар шектен шығып жатты. Дегемен, сәләфилер жасаған ізгі амалдарын біле тұра неліктен біз оларды жамандауға тиіспіз?

Дағуатшылар. Ел ішінде ең назарға көп ілінетін топтардың бірі таблиғ жамағаты. Үш күндік, бес күндік, қырық күндік сапарға шығып, ел ішін аралап халықты ислам дініне шақыру мақсатында біраз тер төкті. Солардың шақыруымен өмірі мешіт есігін ашып көрмеген жанның намаз бастап кеткенін көз көрді. Бұл топ өткен ғасырдың 1820 жылдары Үндістанда Мұхаммед Иляс ибн Маулади Имағил (1303-1364 һ.ж.) есімді кісінің бастауымен ұйымдастырылған. Ол Үндістанның Кандағлақ елді мекенінде дүниеге келген. Осы елдегі Әбу Ханифа мазһабы бойынша ең ірі білім ордасы саналған «Диапант» мектебін тәмамдаған. Дағуатшылардың негізгі мақсаты ислам құндылықтарын уағыздау, халықты исламға шақыру, мұсылмандарға ислам үкімдеріне толық амал ету қажет екендігін түсіндіру және олардың Алла тағаланың алдындағы жауапкершілігін арттыру. Талай адамның мешітке келуіне ықпал еткен жамағатқа қалай қара күй жаға аламыз?

Нұршылар. Түрік ғұламасы Саид Нұрсидің артынан еретін жамағат «Нұршылар» деп аталады. Елімізде бұлардың белсенділігі қатты байқала қоймаса да, саны біршама. Бұлардың кеңге қанат жаюына себеп елімізде көптеп ашылған қазақ-түрік лицейлері деп айта аламыз. Нұршылардың басшыларының бірі Фетхуллаһ Гүленнің кітаптарын кез-келген кітап дүкендерінен таба аласыз. Нұршыларды жамағат деп қарағанмен олардың жібектей мінезімен өзіміздікін салыстыра аламыз ба? Шет елдерге олимпиадаларға барып қоржынымызды толтырып жүргендер де осы Нұршылардың лицейінде оқығандар емес пе? Батысқа мұсылманның ғылымнан кенде емес екендігін де дәлелдеген осылар болатын. Соның әсері болар әлемнің көптеген елдерінде Нұршылар өздерінің мектептерін беймарал ашуда. Осындай еңбектері бар жамағатты біз неге бөле жаруымыз керек?
Бөлісу:

94 пікір

meirzhan
Мынау дипломаттың жазбасы ғой.  

Бәрі жақсы көрінер алғашқыда дейді ғой. Бастапқыда жақсы істерімен көрініп ап, күш алып кеткенде лаңдатпауына кім кепіл?!

Олар жақсылықты өзддерінің пайдасы үшін істейді деп ойлаймын. Түптің түбінде өздері үшін.
Aldarkose
Олар жақсылықты өзддерінің пайдасы үшін істейді деп ойлаймын. Түптің түбінде өздері үшін.
@konvict осылай ойламаған-ау.
Aldarkose
Қай жамағаттан боласың?
Aldarkose
Барлығы бірдей жақсы болса, осыларыңның басын енді бір қазанға сыйдырып көр.

Барлық жамағаттың кемшіліктері жетіп, артылады. Олардың бөлек жамағат болуларының өзі ең үлкен кемшіліктері деп білемін.
konvict
Рас, әр жамағатта кемшілік жетіп артылады. Бірақ оның кемшілігін бетіне басатындай сенде де, менде де білім жоқ. Демек біз бір орталық ҚМДБ-ге бағынуымыз керек. Олар қай жамағатты адасқан деп көрсетті, сол жамағат біз үшін адасқан, қайсысын дұрыс деді, біз үшін сол да дұрыс болуы керек.

Менің әр түрлі жамағатта достарым бар. Өзім Нұршылармен оқыдым. Жолдастарымның біразы Нұршы. Үлкен ағам сәләфтармен жақын. Сол арқылы танысқан жолдастарым сәләф. Сопы достарым, дағуатшы таныстарым бар. Тіпті, жақында бір танысымның Исматуллашы екенін білдім. Бірақ біз ешқашан қызыл кеңірдек болып айтысқан емеспіз.

Адамға ең маңызды өзгенің тілін таба білу. Қателікті көзге шұқып көрсетпей ақ, жайлап отырып жеткізуге болады. (Хасан мен Хусейннің мысалын қара). Яғни, өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай жүруге болады.

Сосын барлығы бірдей жақсы болса бастары бір қазанға сыяды деген қағида да, заңнама да жоқ. Бірлікті іздесең бірігесің. ірілікті іздесең қанша жерден жақсы бол басың бір қазан емес, тай қазанға да сыймайды.

Олардың бөлек жамағат болуларының өзі ең үлкен кемшіліктері деп білемін.
"Үметімнің әр түрлі түсінікті болуы мұсылмандар үшін берекет" © Мұхаммед
Жамағат пен ағымды шатыстырма
satibaldi
© Мұхаммед
Сен немене, сахабасың ба?
konvict
Жоқ, Ленинмін!!!
satibaldi
Төртінші қабаттағы саяси қайраткерлердің палатасын жөндеп болғанша, үштегі мәдени ағартушылармен отыра тұрад дегені қайда?
Aldarkose
"Үметімнің әр түрлі түсінікті болуы мұсылмандар үшін берекет" © Мұхаммед
Дәлел бар ма? Кімнен жеткен хадис? ©Ahi

Жамағат пен ағымды шатыстырма
Аа, солай де. Мен жамағаттарды ағымдарға теңеймін. Ағым деген не? Секта деген не?

Адамға ең маңызды өзгенің тілін таба білу.
«Бәрімен доспын» дейтін адам ешкімнің досы емес" деп келетін жақсы сөз бар емес пе. Соған не дейсің? Сәләф пен Нұршылардың ортақ тілін қалай табамыз? Ең қиыны, Уаххабшылар мен Исматуллашылардың ортақ тілін қалай табамыз?
konvict
1)http://www.muftyat.kz/index.php?newsid=898
2) Сен жамағат пен ағымды теңеді екен деп екеуі тең бола салмайды. Ағым мен сектаның айырмасын білмейтін болсаң онда несіне пернатақтаңды басып қолыңды ауыртып отырсың? Керек болса іздеп, оқып, тауып ал!!!
3) "Қазақ сөздерінің іске татырлығы да бар, іске татымақ тұрмақ не адамшылыққа, не құдайшылыққа жатпайтындары да бар"(Абай Құнанбайұлы 27-қара сөз). Дипломат© бола біл. Очм тілін таба алмасаң ол сенің проблемаң, менікі емес. Мен өзім табуға тырысамын
Aldarkose
Қазір кәпір мен мұсылманның ортақ тілін табу оңайырақ болып қалды да дедім.
Aldarkose
2) Сен жамағат пен ағымды теңеді екен деп екеуі тең бола салмайды. Ағым мен сектаның айырмасын білмейтін болсаң онда несіне пернатақтаңды басып қолыңды ауыртып отырсың? Керек болса іздеп, оқып, тауып ал!!!

Жас бала екенің көрініп тұр. Бұрындары намазын қала қылмаған аталарымыздың аузынан еститін «жамаған» сөзін сен келдің де сектанттық тобырларға, топтарға жапсыра кеттің. Мұсылман қазақтар «жамағат» деп әр жердің, қоныстың адамдарын айтқа. Мысалы, Қапшағай жамағаты, Қаскелең жамағаты деп айтатын. Бірақ Барлығының оқитын намазы мен ұстанған бағыты 100 пайызға бірдей болатын. Ал сенің айтып отырған жамағаттарыңды қалайша жамағат деуге болады?
konvict
жамағат сөзі арабтардан келген. мағынасы топ, тобыр дегенге келеді. яғни жамағат сөзі ислам дінімен бірге келген. Сен айтқан Қапшағай жамағаты дегенді естімеппін. Мұсылман мұсылманға бауыр. Мен үшін «Лә иләһә иллә Аллаһ, Мухаммадур расулуллаһ» дейтін әрбір адам бауырым. Мейлі оның қателігі бар шығар, бірақ оны мен елемеймін. Оның сектада, адасқан-адаспағандығын «көкіректе шаңның тозаңындай тәккәппарлық болса да білетін» Аллаһ қана айырады.
Aldarkose
Сенің ең дұрыс пікірің осы болды мен үшін. Осылай айтатының баре кен, постыңды шулатпай жазсаң болады ғой.
konvict
Дәлел бар ма? Кімнен жеткен хадис? ©Ahi
Білә, сцука. бұл қайсың басқа никпен келіп отырған
Aldarkose
Ник маңыды ма менің саған жазған сұрақтарым маңызды ма?
konvict
Сұрағыңа жауап беремін. Бірақ өзге атпен жасынырын келіп менің постыма құсуыңды жігіттік деп есептемеймін. еркек болсаң шынайы бейнеңде кел
Aldarkose
Жарайды. Сен үшін қатындық жасайын. Жауап бер енді.
Onlasyn
@konvict,
"Үметімнің әр түрлі түсінікті болуы мұсылмандар үшін берекет"
бұл хадис мазхабтар үшін айтылған (төрт мазхаб туралы).
"Үмбетім 73 топқа бөлінеді. Олардың тек біреуі ғана жұмаққа кіреді. Олар менің және сахабаларымның жолында болғандар" деген хадис бар.
Aldarkose
Суретті дұрыс таңдамағансың.
urimtal
Дін туралы тақырыпқа басқаша қарауға түрткі болғаның ұнады. Діннің өзі жамандыққа үйретпейтіні аян. Сондықтан қай ағымның болса да түбінде өздері дұрыс деп тапқан ізгі амалы жатады. Барлық гәп сол жақсылықтарының шектен шығып кетуін болып тұрған тәрізді. Шектен шыққан соң жақсылық — жақсылық болудан қалады. Орта жолды ұстаныңдар деп айтуы да бекер емес болар.
Aldarkose
Қай жамағаттан боласың?
Aizhantabyn
позитивненько! Алайда, әр кімнің ниеті ішінде жатыр. Қай сектаның не үшін, кімнің арқасында, қандай мақсат-ниетпен ашылып жатқанын бір АЛЛА біледі. Сол себеп, жаманнан жақсы іздеп отырған сияқты болғым келмейді и наоборот.
satibaldi
Алайда, әр кімнің ниеті ішінде жатыр.
Сіздің қонжығыңыздың встроенный динамигінен ақиқат өкіріп жылап тұр!!!
Aldarkose
Қай жамағаттан боласың?
satibaldi
Иегова айыптаушылары.
Aldarkose
Жамағат, жамағат дейсің. Олардың жақсылықтарын асырып, жамандықтарын жасырайық дегің келеді. Қалай өзіңде. Бірақ күндердің бір күнінде қазақтар дінге емес, жамағаттарға бөлініп, қауымдық өмірге көшкенде қандай ойда болар екенсің.

Жамағат, жамағат дейсің. Қай қайсысына бара қалсаң да айтатындары: «Бізге кел. Басқа жамағаттардың істеп жатқары жақсы, біздіңкі барлығынан жақсы. Біз тура жолдамыз. Қалғандары аздап адасқан» дейтіндерін қайда қоясың? Төмендегі хадис пен жамағаттардың арасындағы ауызбіршіліктің болмауын қалай жасырып қалуға болады?
"Үметімнің әр түрлі түсінікті болуы мұсылмандар үшін берекет" © Мұхаммед
konvict
Бірақ күндердің бір күнінде қазақтар дінге емес, жамағаттарға бөлініп, қауымдық өмірге көшкенде қандай ойда болар екенсің.
Сен алдымен өзіңді құтқарып алшы. Кейін қазақты құтқара жатарсың.
Aldarkose
Құтқарып? Кімнен? Неден? Қашан? Қалай? Ай Нид Хелп
konvict
Press F1 for further information or to get a help
Aldarkose
Қай жамағатқа қосылсам құтқарыламын, Конвикт?
konvict
Сен менің тозақтағы құдайы көршім боласың
Aldarkose
Кім қай жамағаттан? Жамағатының қандай ерекшеліктері бар?
Aldarkose
Оу, жамағатының бетке ұстарлары, қара сөзге де минус қойдандарыңа қалай?
Aldarkose
Түрік ғұламасы Саид Нұрсидің артынан еретін жамағат «Нұршылар» деп аталады. Елімізде бұлардың белсенділігі қатты байқала қоймаса да...
және
Бұлардың кеңге қанат жаюына себеп елімізде көптеп ашылған қазақ-түрік лицейлері деп айта аламыз.
мына сөйлемдер бір біріне мағыналық жағынан қарсы келіп тұрған жоқ па? Әр қаладан бір лицей ашудан асқан қандай белсенділік болуы мүмкін?
Исматуллашыларды белсенді дейді, олар қай қаладан қандай оқу орындарын ашты? Сәләфтар қандай оқу орнын ашыпты?
konvict
Белсенді дегенде мен БАҚ-тың көзіне көп түскендігі туралы айтқан едім
Aldarkose
Адамдар арттарына (тікелей мағынасында) қарап алмай жамағаттарын дамытады. арандастақн жамағатыңдысссс егер туалетің мынадай болса
a63a1
Тұбалетте бірдеңе басып кеткенсіңғой шамасы Қайта қайта жазуыңа қарағанда
satibaldi
Жамағаттардың да жақсы жақтары бар
Богатые тоже плачут.
Gastarbaiter
Гейлер мен Лесбилер де адам)
Aldarkose
Медальдің екі жағы бар.
satvaldo
Нұршылардың басшыларының бірі Фетхуллаһ Гүлен
нұршы ол рисаледен басқасын мойындамайтын санасы «шектеулі» адам. ал, Гүленнің идеялары рисалемен шектелмейді. оның білімі тереңірек. Абу Ханифадан Нурсиге дейінгі ғалымдардың еңбектерін осы заман түсінігіне сай «бейімдей» білгендігінде. сондықтан оны Нұршы деу басқа қырларын көрмеумен пара-пар. ПыСы шын Нұршылар Гүленді лидер деп санамайды. ал сен көрген «нұршыларды» Гүленші деу дұрысырақ.
Aldarkose
Білгіштер Гүленшілерді нео Нұршылар дейді.
konvict
гүленжі мен нұршының айырамасы жоқ
Khan
Бұл жазғандарыңнан не жақсылық көріп отырсың?
e_zhalgas
не деген парадокс, фото мен мазмұнды айтамын
пы.сы. біздің қазіргі жағдай былай ғой: бір «діннің»
e_zhalgas
… басылып кетті…
пы.сы. біздің қазіргі жағдай былай сияқты: бір «діннің» астынан шыққандар көп «дінділікті» (жамағаттықты, топтықты, ойлықты, партиялықты және т.б.) көтере алмайтын сияқты
Aldarkose
@konvict, табытқа салынып жерленген мұсылманды елестетпей алып тасташы анау кресті. Жазғаның Ислам дініндегі жамағаттар екен, олай болса христиандардың крестіне неге шектеу қоясың?
e_zhalgas
крестті шектегені — «самовыражение» йопдігідік
Aldarkose
Христиан дінін ұстанатын жамағаттың ар-намысына тию.
konvict
@satibaldi ештеме демегеніне қарап бәрі норм секілді деп ойлайМ
meirzhan
мәселе крестте емес, мәселе жазуда
Aldarkose
Қалай крестте емес?
meirzhan
қай жамағаттансың?
Aldarkose
Керекинфо жамағатынанмын
meirzhan
бір терінің пұшпағын илесек осы постты оффыр-топыр қылғаның не?
Aldarkose
Қай жерде?
meirzhan
Бір сұрақты бәріне қойып флудты арттырғаннан жамағатқа тиген пайда қане?
Aldarkose
Соңынан бір рет жазуға бас жатпей қалды. Бойым қысқа еді
nurjanbay
сопылардың жақсылықтары туралы неге жазбадың? мысалы: олардың халыққа салафиттердің, таблиғтардың, нұршылардың шын бейнесін көрсеткендерін. әлде бұл жақсылыққа жатпай ма?
meirzhan
сол ғана ма?
nurjanbay
аз ба? мысалы ҚМДБ бұл мәселе бойынша «Салафия» елдегі қауіпті діни ағымдардың бірі деп есептейді. бірақ қауіпті ағыммен күресіп жатқаны шамалы. керісінше «бір жағадан бас, бір жеңнен қол, бір балақтан аяқ шығарып» тату-тәтті мамыражай күн кешіп жатыр. мұны Конвикт сияқты «орта жол» ұстанатындардың бейқам жазбаларынан көруге болады.
konvict
www.muftyat.kz/index.php?newsid=4143
www.muftyat.kz/index.php?newsid=1812
сәләфтар туралы мында жақсы жазылған екен
nurjanbay
"Үш қиян" газетіне 2009 жылдың қаңтарынан 2011 жылдың қыркүйегіне дейінгі аралықта жарияланған Қазақстанның діни ахуалы туралы мақалалар:
Мұсылман атын жамылған бандылар
«Далаға пальма өсірудің қажеті жоқ»
«Атыраудың жайы алаңдатарлық»
ХАНАБАДТАҒЫ ҚАҚТЫҒЫС
Аңқау елді алдаған арамзалар
Ғалым сыңарезу болса, ғылымның соры
“МАҢҒЫСТАУДАҒЫ ВАНДАЛИЗМНЕН” кейінгі сөз
«ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТЕРРОРИЗМ» – ШЫНДЫҚ ПА?!
ДІН ДҰШПАНЫ – ДОГМАТИЗМ
Мәнсіз мәжіліс
Дін істері жөніндегі жаңа агенттіктен не күтеміз?
«Ширк» деп шиқылдаған шерменделердің көксегені не?
Дін тақырыбына сергектік керек
ЖАЙЫҚТА ЖИҺАДШЫ КӨБЕЙІП БАРА МА?
Тағы да қазақстандық жамағат дертінің өсуі туралы
Кертартпа діни ағымдармен күрес – кімге тиген үлес?
Қырғыз қаупі қайдан?
ҚАУІПТІ АҒЫМДАРДЫҢ ҚАҚПАНЫНАН АУЛАҚ ЖҮР!
«ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМДІ ҚЫЗҒА ГҮЛ СЫЙЛАҒАНДАЙ ОРАП ӘКЕЛМЕЙДІ»
“Жастар сырттың сыланған сеніміне ауыз ашып отыр…”
ҚАТЕРЛІ ДІНИ ИДЕОЛОГИЯНЫ АҚТАУ –
ИЗБАИРОВ ДИССЕРТАЦИЯСЫНЫҢ МАҚСАТЫ МА?

«ТҰЗСЫЗ ЖИНАЛЫС»
Даудың басы – дағуатта
Түн жамылған “Таблиғтар”
ВАХХАБИТТЕР ПАЙҒАМБАРҒА (С.Ғ.С.) НЕГЕ ҚАРСЫ?!
БУРЯТСКИЙДІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАУЫРЛАРЫ
«Ресми діни басшылықтың бытыраңқылығы экстремистерге ғана тиімді»
«ТАЗАБЕКОВ СИЯҚТЫЛАРДЫҢ КЕРЕГІ ЖОҚ!»
Мәскеу метросындағы дүмпудің эпицентрі қай жақта?!
ҚАШҚАНДАР ҚҰТЫЛМАДЫ
ҚАТЕР – ҚАПАСТАН ШЫҚТЫ
ЖОЛДАН ҚОСЫЛҒАН «ЖОЛДЫБАЙШЫЛАР» КІМДЕР?
Пайғамбарымызға (ғ.с.) тіл тигізгендердің тілін қалай тиямыз?!.
Тағы да Тәжікстан туралы
Әулиеағашты өртеп жіберді
«Біздің қоғамды уаххабизмнен арылту үшін біріккен, үлкен бағдарлама қажет»
«Экстремизммен» кім бір бауыр?
Астанадағы жарылыс «қатардағы оқиға» ма?
ҚМДБ: «Салафия» –Қазақстандағы қауіпті діни ағым»
«Ертеңгі күні сопылар сотталып, террористер тайраңдап жүрсе, Чеховтың «Алтыншы палатасы» сол болады !..»
АЙҚАП! АҚТӨБЕДЕГІ «ҚЫЗ ӘУЛИЕ» АҒАШЫН НЕГЕ ӨРТЕДІ?
«БАСҚЫНШЫ ДІНИ ИДЕОЛОГИЯЛАРДЫ КӨЗСІЗ ҚОЛДАЙТЫНДАР ӨЗДЕРІ СОЛАРДЫҢ ҚҰРБАНЫНА АЙНАЛАДЫ»

P.S.: бұл мақалаларды оқып @konvict -тің пікірі өзгере қоюы екіталай. санасы уланбаған, ақылға салып ойлай алатын адамдар бар.
Onlasyn
Бұлар зікіршілер туралы не дейді?
nurjanbay
әуелі… «Ислам дінінде „зікір“ жоқ екен» деді. сосын «Олар намаз оқымайды екен» деді. сосын «Зікірді намаздан жоғары қояды екен» деді. сосын «Суфизм исламға жат ағым» деді. сосын «Бұлардың ұстанғаны жалған сопылық» деді. қазір… «Бұлар Исматуллашылар. Исматуллаға табынады екен» дейді.
nurjanbay
мен бір жағында тұрған адаммын. менен сұрама. өзіңнің ақылыңа сал.

Шәкәрім атамыз:
Шын ақылмен таппаған дін,
Дін емес ол – жындылық,
Қармалаған бір соқырсың,
Өлген ой мен көз-құлақ.
Дін тазасын діннен ізде,
Дін шатағын сынға сал,
Анық айна өзіңізде,
Айда ақылды қаттырақ.
Onlasyn
Шәкәрімді қатты ұстанасыңдар иә?!
nurjanbay
басқа айтатын сөзің жоқ па?
Onlasyn
Зікірді намаздан жоғары қоятындарың рас па?
konvict
Сен өзіңді шын ақылмен таптым деп ойлайсың ба? Жоқ! Сен де, мен де ата-баба дініне жармастық. Шын ақылмен тапқан адам деп Жак Кустоны айтуға болады. Міне, олар зерттеді, ақырында барып Алланың бар екеніне көзі жетті. Ал, сен болсаң өзіңнің сенген жамағатыңның қателесуі мүмкін екендігін мойындамайсың
nurjanbay
Исламның бес тірегі: иман, намаз, ораза, зекет, хадж. адамға ең басты керегі иман. Иман Алланың зікірімен көркейеді дейміз. адам құдайға иманы болмаса басқа құлшылықтарынан не пайда? намаз оқитын, ораза ұстайтын, зекет беретін, қажылық жасайтын, бірақ лаңкестікпен айналысатын адамда иман бар ма? имандары намаз оқығаннан, ораза ұстағаннан, зекет бергеннен, хажылыққа барғанан күшейетін болса қайда? керісінше «намаз оқысам күнәдән пәкпін» дейді, «мен қажымын» деп шіренеді, «мен сияқты зекет берген адам бар ма» деп мақтанады. намазын показуха үшін емес, шын ниетімен «Алла ризалығы үшін» деп оқыса иманы күшейеді. зекетін, садақасын мақтану үшін емес «Алла ризалығы үшін» деп берсе иманы күшейеді. Пайғамбар «Оң қолың садақа бергенін сол қолың көрмейтін болсын» деген. қажылыққа «Алла ризалығы үшін» барса иманы күшейеді. керісінше болса тірнектеп жиғанын шелектеп шашып алады. үйінде отырып «Лә иләһә иллалла» деп қайталап Алланы зікір етіп отырған адам несімен мақтанады? зікір иманды тез күшейтетін құлшылық. намазды тек бес уақытта ғана оқиды. ал зікірді кез келген уақытта, кез келген жерде (дәретхана мен моншадан басқа), кез келген жағдайда орындауға болады.

ал «Олар зікірді намаздан артық көреді екен. Намаз оқымай тек зікір салып жүре болады деп айтады екен» деген көрмей, білмей тұрып айтылған нәрсе.
konvict
намазды тек бес уақытта ғана оқиды
Осы жерден ақ намаз туралы хабарың аз екені байқалады. Сәжде намазын, жолаушы намазын, садақа намазын, бой дәрет намазын қайда қоясың?
Исламның ең бірінші парызы иман екенін дұрыс айттың, ал иманның алты шарты қандай? Ол зікір салу емес. Ол былай айтылады: «Әмәнту билләһи уә мәләикәтиһи уә кутубиһи уә русулиһи уәл-яумил ахири уә бил-қадари хайриһи уә шарриһи миналлоһи тағала уәл-бағсу бағдәл-мәути хаққун. Әшһәду ән лә иләһә иллоллоһу уә әшһәду әннә Мухаммадан абдуһу уә расулуһу»
Мағынасы: «Мен Аллаһқа, Оның періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, ақырет күніне, тағдырға, жақсылық пен жамандықтың Аллаһтың жаратуымен болатындығына иман еттім. Өлгеннен кейін қайта тірілу хақ. Аллаһтан басқа ешбір тәңірі жоқ, Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) Аллаһтың құлы және елшісі екендігіне куәлік етемін».
konvict
"Үш қиянның" қандай газет екені белгілі. ҚМДБ-ны жоққа шығарған басылымға қалай сенемін? Исматулланың айтқанын дұрыстайтын газеттің бізге керегі жоқ.
nurjanbay
бірінші сілтемеде сәләфтар туралы жазған, яғни олардың ұстанатын бағыты, көзқарастары туралы аздаған мағлұмат берген. бірақ… салафия қайдан келіп жатыр, Қазақстандағы салафияның таралуы, Қазақстанға салафиядан келетін қауіп туралы, жастарды қауіпті ағымнан сақтандыру жайында бір сөз де жазылмаған.
екінші сілтемеңде сәләфтар туралы бір де сөз жазылмаған.
nurjanbay
өзің ойлап қара. егер ваххабизмге қарсы жұмыс жасалмаса, ваххабисттер ойына келгенін еш кедергісіз жасаса не болар еді? осы кезге дейін дағыстанға джихадқа кеткен жастардың саны бұдан да көп болар еді. (құдай сақтасын!!!) немесе өзін өзі жаратындарды екі күннін бірінде жаңалықтардан көріп отыратын едік.(құдай сақтасын!!!) немесе Атыраудаға молалардың қирағаны, Ақтөбедегі қанды қырғындардан да сорақы нәрселер болар еді.(құдай сақтасын!!!)
сондықтан «еліміз аман, жеріміз тыныш болсын» деп тілеңдер.
konvict
өзің ойлап қара. егер ваххабизмге қарсы жұмыс жасалмаса, ваххабисттер ойына келгенін еш кедергісіз жасаса не болар еді? осы кезге дейін дағыстанға джихадқа кеткен жастардың саны бұдан да көп болар еді. (құдай сақтасын!!!) немесе өзін өзі жаратындарды екі күннін бірінде жаңалықтардан көріп отыратын едік.(құдай сақтасын!!!) немесе Атыраудаға молалардың қирағаны, Ақтөбедегі қанды қырғындардан да сорақы нәрселер болар еді.(құдай сақтасын!!!)
Лібәәә, Сауд Арабиясында адамдар қалай барады екен. Қажылыққа келгендерді қырмайтын жақсы сәләфтар екен олар
nurjanbay
араптар қыратын адамдарын қырып, өздерінің ата-бабаларының молаларын тегістеп болған. сен сөзді басқа жаққа бұрма. біздің Сауд Арабиясындағы «жақсы сәләфтарда» шаруамыз жоқ. біз Қазақстандағы діни ахуал жайында сөз қозғап жатырмыз.
сен мынаған жауап бер: егер муфтият «Салафия» елдегі қауіпті діни ағымдардың бірі деп есептесе мүфти бастап, мешіттің имамдары қостап, бүкіл халық болып қауіпті ағымға қарсы неге жұмыс істелмей жатыр?
Khan
Салафиттерді ештемемен ақтап ала алмайсың. Еш жақсылық көріп отырғаным жоқ олардан
Milzhyng
Мынаны жазған адам өзі бір жамағаттан!!!
Khan
ия, қазақ деген жамааттанмын. Айтатын бірдемең бар ма?
Milzhyng
Бәріміз қазақпыз ғой. әлде мазақпыз ба. әлде аз-ақпыз ба.

мақаланы сен жаздың ба? автор сен бе? konvict дейді ғой
satibaldi
Бәріміз қазақпыз ғой. әлде мазақпыз ба. әлде аз-ақпыз ба.
Сен 1989 жылдың күзіндегі Октябрь алаңындағы митингте мәңгіге қалып қойған сияқтысың.
Milzhyng
сен де сол митингте болдың ба?
әлгі бұйра басты, формовка шапка киген, шашы өскен сен емеспе едің?
Khan
Кешір брат, зіренье нашар ет.
a63a1
Осы @AHI қайда жоғалып кетті құрбан болып кетпедіме екен?
alisha
Солай десе де болады ғой енді...Үйленді демеп пе еді…
a63a1
ол жағын естімеппін! Келуіңмен деп осы жерге жазып кетеиін))))
a63a1
Өйткені бізде бір сектамызғой)) Тақырыпқа байланысты болсын дегенімғой))
konvict
Лібәә, екінші Ахи мен болайын дедім ғой
a63a1
Жарлы байымайма, жас өспейме деген осы шырағым, Ахи салған тура жолды әрі қарай жалғауыңа тілектеспін