"Нақыл сөздер шайқасы" немесе "Сөзден сөз шығады"

Ойын ұсынамын.
Біреу нақыл сөз, афоризм, қара сөздерден үзінді, мақал, мәтел жазады. Соған жауап ретінде қарама-қарсы немесе толықтыратын нақыл сөз жазылуы керек. Таба алмасаңдар, басқа тақырыпта мақал, мәтел, нақыл сөз жазуға болады.
Ойдан шығаруға да болады, бірақ қисыны бар болуы керек. Ерекше жағдайда абсурд жазуға болады, бірақ ол әзіл не алдыңғы мақалмен /нақыл сөзбен үндес болуы шарт. Афоризм авторы белгілі болса, жазған дұрыс.
Мысалы:
Қилызаман — «Жалғыздық тек Құдайға жарасқан»
(бірнеше вариант жазуға болады)
Сакен: — «Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас»
ВКМ: «Арақ ішкен дәруішке жарасқан»
Сатыбалды: «Бұтақ жеген Әбдірашқа жарасқан»
т.сс
Кеттік!
Бөлісу:

701 пікір

Gastarbaiter
Ал кеттік:
«Отырған орнын табады!»
Gastarbaiter
Жүгірген жолын табады!
Gastarbaiter
Кәрі қыз ер танымайды,
Өлген адам жер танымайды.
Gastarbaiter
Көн етіктіге бармай жүр,
Көк етікті алмай жүр.
Gastarbaiter
Корғасын — қотыр қыздың сырғасы.
Gastarbaiter
Арақ атаңнан қалған ас емес!
AKA
Ішпе шарап, әйел қуып арыма — дақ түсірер бұлар беттің арына. /Жүсіп Баласағұн/
Gastarbaiter
Ауызға аққан харам болса да,
Ауыздан шыққан нәрсе харам болмасын. (Омар Хаям)
Abilakim
Ағынды сдың арамы жоқ
satibaldi
Вискиге су араластыру — екі керемет нәрсенің түбіне жету.
Gastarbaiter
Сыраға серік қосу ширк! ©
Gastarbaiter
Еңбек етсең емерсің!
Gastarbaiter
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның Тілендиев Нұрғиса!
AKA
Еңбегі аздың өнбегі аз.
Gastarbaiter
Құдай жатқанға берсін (халық мәтелі)
meirzhan
Шалқайғанға шалқай,
Жатқанға жат.
Ottegin
Тұрғанға тұр,
Отырғанға отыр
meirzhan
Қазақшаға қазақша,
Орысшаға да қазақша. © Көтриот
Ottegin
Орысшаға да, Қазақшаға қытайша
Жүңго төрағасы Мао Дзедун
meirzhan
Кантоншаға Фуцзяньша.
AKA
Жан тыныштық жақсы екен — жатып ішер ас болса.
meirzhan
Жаманның жан рахаты — ұйқы.
AKA
Жаманға жалынба, адамға табынба.
VKM
Суйгенды суй,
Суймегенге жалынба
AKA
Адамды сүй, Алланың хикметін сез!
VKM
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті, Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Абай
AKA
Адамдарға ақыл-парасат өз өмірін жақсарту үшін берілген. /Н.Ә.Н/
meirzhan
Нанды басуға болмайды.
AKA
  Мако — суперсіз!!! Еңбексіз нан жоқ.
meirzhan
Еңбексіз НӘН жоқ дейсің бе?

Нанды құрметтесең де, адамға табынба.
AKA
Астына жазайық, мына жер тар боп кетті.
meirzhan
Шешен тар жерде сөз бастайды.
AKA
Шешеннің тілі – семсердің жүзі. астына жазайық та
VKM
нан емес ҢӘН болған))
meirzhan
Нән нанды басуға болмайды.
VKM
қуып кеттің ғой)
meirzhan
Осы жерде бір мақалды айтпасқа болмайды.

Сайтан қу ма, найман қу ма?   
meirzhan
Нән десең де, нан десең де мақалдың мағынасы өзгермейді.
Нанды басуға болмайды.
VKM
Жаманның ақылы тамағында)))
meirzhan
Жаман айтпай жақсы жоқ.)
Aramza
еңкейгенге еңкей
Gastarbaiter
Тоңқайғанға да еңкей
konvict
Сәби болсаң да, Қасымолжас болсаң да емерсің
Gastarbaiter
Ұрлық түбі қорлық!
Gastarbaiter
Мемлекеттен қанша ұрласаң да, өзіңдікін қайтара алмайсың!
AKA
Ұрының қасында ұры жүреді. /Ж.Б/
Ottegin
Ұры ұрыны мініп, к...-ке тепті (Орыс нақыл сөзі)
Gastarbaiter
«Егер Кірпіш ұры болса, онда ол түрмеде отыруы керек!» © Глеб Жиглов (Владимир Высоцкий)
Ottegin
Ұрының ұрты майланды,
Бастық болып сайланды)))
AKA
Ұры — байымайды, сұғанақ — семірмейді.
konvict
Көршің ұры болса бір көтзіңді қысып жүр
AKA
Сабыр етсең — ісің оңға асады, шүкір қылсаң — жамандық та қашады. /Ж.Б/
AKA
Сабыр — ақыл серігі /Майлықожа/
AKA
Сабын кірді ашады,
Сабырсыз сырды ашады.
AKA
Мен ойынды түсінбей қалдым-ау деймін, I am sorry! Бір тақырып басталады, соған байланысты жазу керек деп ұғыппын…
Соған жауап ретінде қарама-қарсы немесе толықтыратын
… енді түсіндім.
meirzhan
Адасқанның айыбы жоқ,
Қайтіп үйірін тапқан соң.
Gastarbaiter
Алдыңа келсе, жауыңды кеш
meirzhan
Кешірерсің кешерсің,
Жетілерсің жетерсің.
AKA
Кішіпейілділіктен — кішіреймессің.
Abilakim
«Алдыңа келсе атаңның құнын кеш»"
Ottegin
Артыңа келсе, артты байқа)))
Abilakim
Алдыңмен, артыңмен, сегізінші мартыңмен
konvict
Әйіңмен, шәйіңмен, тоғызыншы майыңмен
AKA
Ақылды қарт айып іздемейді.  
meirzhan
орыс хатына сенеді, қазақ қартына сенеді.
AKA
Қартың болса, жазып қойған хатпен тең.
meirzhan
Халық атынан сөйлеуге тек Президенттің құқығы бар. © Сатыбалды
Gastarbaiter
Құқығы бардың, бутигі бар © Баха «Фестиваль»
AKA
Хан халықтан үлкен емес.
a63a1
Нан балықтан үлкен емес © Ақтау халық даналығы
AKA
Ас атасы — нан.
ushkin
нансаң нан, нанбасаң, нанба, қазақстан телеарнасы қазақшаға көшті. енді, меннен бір мақал: жалғыздың үні шықпас
AKA
Жалғыздың жары — құдай.
ushkin
құдай ұдайы қасымда
AKA
Құдайшылық — жүректе. Қалпыңды таза сақта! /А.Қ/
ushkin
сақтансаң, сақтармын
ushkin
«аттан» дегеннен сақтан деген жақсы деп қойсаң)
AKA
Күле кіріп, күңіреніп шыққаннан сақтасын.
ushkin
осы мақалдарды жұрт ойына сақтасын )
AKA
 Тәуба қылмай, сауда қылғаннан сақтағай.
ushkin
лағып жатырған жоқпын, өзің лағып отырсың
Gastarbaiter
Менімен ұрсысқың келіп отыр ма?)) Ережеге сай жаз, или минусқа көміл.
ushkin
минусқа мыңк етпеймін, минусқа мыңк ететіндер рейтинг қуалап қалғандар.) жалпы ешкіммен ұрысқым келмейді, бірақ өзің ғой барымды салып тырысып отырсам «лаға берме» деген. сосын лақсаң, лақ деп отырмын.
Gastarbaiter
"Ұрыстың басы боқ жеме"
ushkin
ұрысыңа да, анау тырнақшаның ішіндегі сөздерге де қолымды бір-ақ сілтедім
Gastarbaiter
Венканың артынан кетсең, сәлем айта бар)
ushkin
осы жерде қалай мұңайған боққа айналып кетпеген шедевр пост жасайтыныңды сырттай бақылап отырамын.
Gastarbaiter
Е-е-е дұрыс, «лақпа» дегенім үшін тағы бір мұртынан күлген қара ниетті дос таптым де
AKA
Сақтықта — қорлық жоқ.
ushkin
қорлықта зорлық бар
AKA
Ауызы күйген — үріп ішеді.
ushkin
аузы күйген үріп ішеді, күймеген нені біліп ішеді? )
Abilakim
У ішсең де руыңмен іш
AKA
Рулы елдің уысы бір.
dauren85
Жалғыз жүріп жол тапқанша, Көппен жүріп адас
AKA
Көппен көрген ұлы той.
Erlan
Биреу отка тусти екендеп, отка тусесин бе )
AKA
Екі елі ауызға төрт елі қақпақ.
Abilakim
Құдай жүректе,
Кімнің қатыны жақсы соның үйі- жұмақ
Кімнің қатыны жаман соның үйі- тозақ (Мәшһүр Жүсіп Көпеев)
ushkin
жұма күні ғана жұмақ тілемейік )
AKA
Жұмақ — ананың алақанында.
ushkin
ананың киімі жақсы дегенше, мынаның білімі жақсы де )
AKA
Білім гауһар
Бағасы жоқ.
Надандық кесел
Дауасы жоқ.
ushkin
Мына жер ыстық ауасы жоқ )Енді жауап: «Бар»деген мың сөз, «жоқ»деген бір сөз.
AKA
Үй оңаша демегін, үй сыртында адам бар.
ushkin
әркімге сене берме, ту сыртыңда пышақ бар )
AKA
Өткір пышақ қол кесер.
ushkin
өткір пышақ қол кесер, кеспесе, несіне өткір? ) өткір пышақ қол кесер, арам пиғыл жол кесер.
AKA
зашем сұрақ  Көз — қорқақ, қол — батыр.
ushkin
пышақтың өткір екені және оның қол кесетіні мақал ма? батыр болсаң батырып айт )))
ushkin
батыр болсаң, батырып айт, тапқыр болсаң, қатырып айт )
ushkin
қатырып айтпасаң, жөніңе қайт ))
AKA
қайтпа айт  Тапқыр болсаң тауып көр.
AKA
мақал ғой  Шешен жігіт — жол бастар, батыр жігіт — қол бастар.
ushkin
жол бастаудан сөз бастау қиын
AKA
Сөз асылы – мақал.
AKA
Асыл сөзге өлім жоқ.
ushkin
асылы, тіл болмаса, ұлт та жоқ.
AKA
Тарих пен тіл — тамырлас. /Н.Ә.Н/
AKA
Тіл- салақ сөйлегеннен бұзылады. /Ғ.М/
ushkin
тіл тіліп түсер қылыш, қылышпен абай болғаның дұрыс.
AKA
Тіл — қай халықтың болсын басты белгісі. /Ш.У/
AKA
Тіл – қылыштан да өткір.
AKA
Ауыл кетсе — ұлттың ұйтқысы кетеді.
AKA
Тіл – ұлттың сүйенетін тамыры,
Сыйынатын тәңірі.
konvict
Өтпес пышақ секілді еді…
AKA
Жақсы әйел — ері ұялар іс қылмайды. /А.Қ/
ushkin
еріңді ұялтқаның еліңді ұялтқаның.
AKA
Жетесіз жігіт — ел қадірін білмес, некесіз әйел — ер қадірін білмес.
AKA
Жалғыз шапқан ат жүйрік.
ushkin
жалғыз шапқаннан есің барда еліңді тапқан жақсы )
AKA
Жалғыз ағаш — үй болмас, жалғыз адам — би болмас.
ushkin
жалғыз адам би болар, билік біреуге ғана сый болар )
AKA
Жалғыз жігіт қол болмас.
Abilakim
Ортақ өгізден оңаша бұзау артық
AKA
Әңгіме бұзау емізер — Бұзау таяқ жегізер.
saken
таяқ жегеннің сүйегі сынар, шынымен жесе тісі сынар )
AKA
Тісі шыққан балаға,. Шайнап берген ас болмас.
dauren85
Сөз сүйектен өтеді, Таяқ еттен
saken
Ет етке, сорпа бетке
AKA
Қонақ келсе ет қызарар, Ет қызармаса, бет қызарар.
Esmeralda
Уау АКА, осынша мақал-мәтел білесің бе? Молодчина, я в шоке
AKA
/ялдым/ негізі бұрын көп жаттағам мақалды, мектеп кезде. Қазір нақыл сөздерді жинап, жаттап жүрмін, сөздік қорды көбейту керек  
dauren85
Асың барда беріп жүріп ел таны
Атың бардыа шауып жүріп жер таны
AKA
Ас адамның арқауы.
dauren85
Темекі оның тарқауы
AKA
 Темекіні ермек етер – Түбіне өзі жетер.
Adiletshu
Қонақ 1 күн қонса құт, 2 күн қонса жұт
Adiletshu
Сүйек шетке, Қалғаны пакетке
dauren85
Бұқаға туған күн бұзауға да туады
AKA
Сиыр су ішсе, Бұзау мұз жалайды.
dauren85
Ішің күйсе тұз жала,
Сыртың күйсе домала
AKA
Тұз астың дәмін келтіреді, Мақал сөздің дәмін келтіреді.
VKM
Су тіршіліктің нәрін береді, от өмірдің сәнін береді, тұз астың дәмін келтіреді, қыз көңілдің сәнін келтіреді, ақыл өмірдің мәнін береді.
AKA
Тау мен тасты су бұзар, Адамзатты сөз бұзар.
VKM
Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйіні бар.
AKA
Сөз атасы — құлақ, Су атасы — бұлақ.
VKM
Бұлақ көрсең-көзін аш
AKA
Дария басы – бұлақ.
VKM
Өнер — ағып жатқан бұлақ,
Ілім — жанып тұрған шырақ.
AKA
Өнер алды — қызыл тіл
VKM
асыл тастан,өнер-жастан
AKA
Өнерлі өрге жүзеді.
VKM
Жігітке жеті өнер де аз
AKA
астына жазамын, мына жер тығылысып қалды
VKM
Көзің ауырса қолыңды тый, ішің ауырса аузыңды тый.
AKA
Құлақ естігенді көз көрер.
VKM
Құлақ естігенді көз көрер.
Real_man
Бұқаның арамзасы бұзау арасында жүреді
AKA
Үйде өскен бұзау, Түзде өгіз болмас.
dauren85
Мал өсірсең қой өсір,Өнімі оның көл көсір
AKA
Қойшы көп болса, Қой арам өлер.
dauren85
Сен саларда мен салар, Атқа жемді кім салар
AKA
Тұлпардан тұяқ қалар, Сұңқардан қыяқ қалар.
saken
Жақсы ат аяқтан қалар
AKA
Арқанды ат қазығына оралар.
saken
құл қашып бара жатып, ат су ішпей қалмасын деген екен
AKA
Күріш арқасымен күрмек су ішер.
saken
Күрмектің «арқасында» келіндер шаршар ) (күрмегін тазалаудан)
VKM
Келін жаман емес, келген жері жаман)))
AKA
Келін ененің топырағынан.
AKA
Келелі сөзді келін де айтады.
AKA
Өнерлі жігіт өрде озар, Өнерсіз жігіт жер соғар.
VKM
Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған.
AKA
Жігіттің түсін айтпа, ісін айт.
VKM
Адам болар жігіттің,
Жары өзіне лайық.
Керуен бастар жігіттің,
Нары өзіне лайық.
AKA
Адамның жан жолдасы — сүйген жары.
meirzhan
Жау жоқ деме жар астында.
VKM
невтемщик. Жары мен жар астынданың мағнасы 1 емес сияқты
meirzhan
Жасыңда қалжың болсаң;
Өскенде мылжың боларсың.
meirzhan
Смайл көрсең, қалжың деп ұқ.
meirzhan
Мысқал сезімімен қатар әдептілік сезімі де болған жақсы.

Біріншісі болмаса, тым болмаса екіншісі.
AKA
Кідааай... негізі түсінбей қалды, өзім ұқтым бірақ. Жауап жазамын дегенше… ошым күлкілі боп кетті ғой
meirzhan
Кейде бар әлемде мені сеннен басқа ешкім түсінбейтін сияқты көрінеді.
Gastarbaiter
Ипать, жаңа нақыл сөзді жаңа жолдан бастап жазады! Мына жерде «городки» ойнап кетіпсіңдер)))Біләт, өзім кінәлі шығармын, сендерге тағы да шайнаңқырап түсіндіруім керек еді.
VKM
онда ойнамаймыз(
Gastarbaiter
Ойнамасаң бір жерім қирап қалатын сияқты міндет қылдың ғо.)))
VKM
ой, Гаста демалшы, а? Бар негативіңді бізге лақтырмай(((Барып боксерская грушаны соқ, болмаса
Gastarbaiter
Ол жағын өзіме қалдыр, интеллектіңе тегін комплимент айтпай тұрғанда.)
VKM
айтаверш, басқаларды қорқыта бер, мен сенен қорықпаймын.
И вообще… осы тақырыпқа жазбаса не болады екен? кеттім… чао!
Gastarbaiter
Қоя ғой енді… келе ғой енді… Ойнашы бізбен.
meirzhan
боксерская грушаны соқ, болмаса
 үстелдің астына құладым. непостредственно ұрысасың ғой.  
AKA
Соны айтам, шамалы кідіре тұрайық, жаңа жолдан жазып. Рахмет сізге Гаста ағай, сіз кереметсіз ойын ұйымдастырған.
meirzhan
Гаста ағай бала-бақшаның тәрбиешісі сияқты.
AKA
Ұят болды /ялдым/, ережеге сай жазайық иә?
meirzhan
Бұрышқа тұрғызбай тұрғанында ережеге сай жазайық.
Gastarbaiter
Өздерің кішкентай бала сияқтысыңдар ғой енді, бөлмені шашып-шашып, бүлдіріп, нақыл сөзді беталды жазып кеткен. Мен тек кезекті мұңайған боққа айналып бара жатқан тақырыпты құтқаруға тырысып жатырмын.
AKA
Мойындаймын оны, басында-ақ талқыланып жатқанда сезгем дұрыс болмай жатқанын, кешірім сұраймын сізден  
Gastarbaiter
Кешірімнің қажеті жоқ. Ештеңе емес. Кінә менен. Тәптіштеп түсіндіріп жазуым керек еді арнайылап.
Esmeralda
Қайта осы жақсы болған сияқты, қаншама мақалдар мен нақыл сөздерді біліп қалдық, енді google-дан мақал-мәтел іздесек, осы постқа келетін болдық
Gastarbaiter
Ондай да қулық болған негізі
meirzhan
Жақына арада осылай жалғастыра берсек, гуглдан жаңа мақал таба алмайтын сияқтымыз ғой.
Gastarbaiter
Нақыл сөздер бір -біріне жауап сияқты болуы керек. Әншейін ішіндегі бір сөзді іліп алып, соған қатысты мақалдың бәрін тізбей.
Идалында:
Мақал мақалға жауап болуы керек! Өййй…
AKA
Толық қосыламын!
meirzhan
Шешеннің тілі – семсердің жүзі.
Шешен жігіт жол бастар,
шешен блогшы пост бастар.
dauren85
Не боп кеткен мына жақта түсіндіретін бір мұсылман табылады ма?
meirzhan
Құдайдан қорыққан мұсылман — қарауыл қояр сөзіне.
dauren85
Қорықпағандардың өз обалы өзіне
meirzhan
Қытайдан қорықпа, Құдайдан қорық
saken
Құдайдан қорықпағаннан қорық.
meirzhan
Жалғыздық Құдайға ғана жарасады.
dauren85
Басы ауырмағанның Құдайменен ісі жоқ
meirzhan
Кірсіз ай, мінсіз бір құдай.
AL-ASTER
Тазалық — иманның жартысы
meirzhan
Иман сақтауға — қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек. © Абай
AL-ASTER
Қорқыныш — алға жылжуға себепші болады (афоризм)
meirzhan
Автор — Михаэль Лайтман.

Қорқыныш атаулының ең жақсысы — басқа адам тағдыры үшін қорқу. © Редьярд Киплинг.
AL-ASTER
Жақсы адам ашуы — шәй орамал кепкенше,
Жаман адам ашуы — басы жерге жеткенше.
meirzhan
Жақсы бишілерде аяқ көбінесе басынан жақсы істейді. © Фуллер.
AL-ASTER
Істемейтін бас — екі аяқтың соры.
meirzhan
Құрбылар сенің бетіңе қарайды, ал ерлер — аяғыңа.
AL-ASTER
Әйел — өз өзін безендіретін бірден бір сыйлық.
meirzhan
Әйелдерсіз күн көре алмайтын бірден-бір еркек — гинеколог. © Шопенгауэр.
AL-ASTER
Кешегі қара күндерде,
Жұлдызсыз, айсыз түндерде
Жол таба алмай сенделіп,
Адасып алаш жүргенде,
Бұл күнгі көп көсемдер,
Сұраймын, сонда қайда едің?!


М. Дулатов
meirzhan
Бөгде жерде адасқаннан жаман жоқ. © Гомер
AL-ASTER
Адасқанның айыбы жоқ, қайта үйірін тапқан соң.
meirzhan
Іздеген адасуға мәжбүр. Гете.

Адасу мен бұзылудың үлкен айырмашылығы жоқ. © Евгений Багашов
AL-ASTER
Әділ өмір сүргің келсе, жұлқын, адас, ұрысқа түс, қателес, бастап көріп қайта таста, және бастап, қайта таста, ал тыныштық — рухи төмендік.

Л. Толстой
meirzhan
Өмір үшін күрес, бірақ өлімге дайын бол.

Не күрес, не жеңіл. Өмірде тек солай.
AL-ASTER
Өмірде бәрі біз ойлағандай, біз күткендей бола бермейді.
meirzhan
Өмір қозғалысты қажет етеді. © Аристотель

Өмірде ештеңе тегін берілмейді, тағдыр сыйының да өз құпия бағасы бар. © Стефан Цвейг
AL-ASTER
Тегін зат — интернеттің тірегі
meirzhan
Өмір — заттарды жасау, сатып алу емес. © Сократ

Адамды анықтайтын зат емес, затқа деген қатынасы(көзқарас).
AL-ASTER
Адамның мәдениеттілігін — оның әйел адаммен қатынасынан анықтауға болады.

М. Горький
meirzhan
Еркек үйден керексіз шүперек тапса, лақтырып жібереді, егер әйел үйде керексіз шүперек тапса, оны 10 бөлікке кесіп, 10 керексіз шүперек жасайды.

Сравнивая в целом мужчину и женщину, можно сказать следующее: женщина не была бы так гениальна в искусстве наряжаться, если бы не чувствовала инстинктивно, что её удел — вторые роли.

Ер мен әйелді салыстыра келе мынаны айтуға болады: әйел екінші рольдерді ойнауды тағдырдың жазғанын іштей сезбесе, киіну өнерінде гений болмаушы еді. © Фридрих Ницше
AL-ASTER
Лібә, оптым бірақ жіберіпсіз ғой)))

*Адам көркі — шүперек.
meirzhan
Әйел көркінің 90 пайызы еркек қиялынан тұрады.
AL-ASTER
Әйелдер! Мейлі көрікті болыңдар, бола алсаңдар, дана да болыңдар! Бірақ, ақылды болуға міндеттісіңдер!
meirzhan
Әйелдерге қарапайым көрінуге әрқашан ақыл жетеді.

Әйелдер күлегеш еркектерді ұнатпайды, еркектер ақылды әйелдерді ұнатпайды.
AL-ASTER
Ұлылық — қарапайымдылықта
meirzhan
Ұлы адамның артында ұлы тәрбие тұрады.
AL-ASTER
Тәрбие — тал бесіктен
meirzhan
Балаларды жақсы адам қылып тәрбиелеудің жолы — оларды бақытты ету. © Оскар Уайльд.
AL-ASTER
Балалық шақта, бақыт алдымнан күтіп тұрғандай еді, қартайғанда тек оның өтіп кеткендігін ғана түсіндім.

М. Твен
meirzhan
Ұлылық жаратушы күштен беріледі, кейде еріксіз. © «Мұражайдағы түн» фильміндегі президент.
AL-ASTER
Жасау керектігін біліп тұрып, оны жасамау — аяуға тұрарлық қорқақтық.

Конфуций
rakisheva
Шөп өспесе шөптің басы қимылдамайды!
AL-ASTER
Өсер елдің баласы — бірін бірі батыр дер
Өшер елдің баласы — бірін бірі қатын дер
AL-ASTER
(негізі жел тұрмаса, щөптің басы қимылдамайды сияқты, бұныңыз, адам туылмаса, аузы сөйлемейдіге саяды екен )
rakisheva
Негізі сол ғой, жай достармен өз арамызда солай айтамыз (калжын гооооооооооой )
AL-ASTER
Чудың полесы аман болсын.
meirzhan
Ата-ана бала мүху арқылы тісін қайрайтын сүйек.
meirzhan
мүжу
AL-ASTER
Әке тұрып, ұл сөйлегеннен без,
Шеше тұрып, қыз сөйлегеннен без
meirzhan
Бір әке 100 мұғалімнен артық.
AL-ASTER
Ағамның алтын сарайынан, ананмның жыртық лашығы артық
meirzhan
Махаббатқа орын табылмаған сарай, — тек сорлы лашық қана, ал махаббат өмір сүретін жұпыны лашық, — бұл жан сарайы. © Роберт Ингерсол
AL-ASTER
Махаббат — бір біріне жұмбақ екі адамнын ақымақтығынан туған сезім
meirzhan
Махаббаттың бір сағатында — бүкіл ғұмыр. © Оноре де Бальзак.
AL-ASTER
Ғұмырым қысқа екен деп кейіме, қорқыныштысы сол, қамшының сабындай ғұмырың сол күйі басталмай кетуінен қорық
meirzhan
Өмір өлім аллдында қымбаттай түседі.
AL-ASTER
Өмірде жақсы жүрсең де, жаман жүрсең де қиналумен өтесің. Жаман жүріп қиналғанша, жақсы жүріп қиналу, адамзат үшін лайықты тірлік.
meirzhan
«Адамзатта» көбелектің түріндегідей немесе орхидеядағыдай ешқандай мақсат, ешқандай жоспар жоқ. «Адамзат» — құр сөз ғана. © Шпенглер
AL-ASTER
Аз білген — құр сөз бен бос мылжыңға әуес келеді,
Аз көрген — көп жылағанға әуес келеді
meirzhan
Демагогияда сенімді дәлелдер көп болады. © Севрус.
AL-ASTER
Ақиқатты таптым деген адамға сенбеңдер,
Оны іздеген адамға еріңдер
meirzhan
Әр ақиқат сандырақ болып туады, жалған наным болып өледі. © Томас Гексли
AL-ASTER
Жаманның айтқаны келмейді, сандырағы келеді
meirzhan
Кейбір афоризмдер — біркүндік «сандырақ».
AL-ASTER
Афоризмнің басты қасиеті — аз сөз бен терең мағына
meirzhan
Афоризм теңізіне түсіп, адам рухани тазарады.
AL-ASTER
Өмір — теңіз,
Онда жүзем демеңіз,
Ізгіліктен жасалмаса — кемеңіз

Рудаки
meirzhan
Кейбірлер өздерін мейірімді жүректі санайды, ал шынтуайтына келгенде олардың жүйкелері жұқа. © Эбнер-Эшенбах.
AL-ASTER
Басыңа іс түскенде, ең бірінші болып көмекке келіп, мейірімділік танытқаннан күдіктен
meirzhan
Күдікшілдік кемістікке қарағанда ізгілікке жақынырақ, алайда ол қаппайтын ит сияқты. © Д. Галифакс
AL-ASTER
Бұралқы ит — үрігенімен жағады
AL-ASTER
Жауларыңды кешіріңдер, бірақ аттарын ұмытпаңдар

Джон Кеннеди
meirzhan
Досты көпті жау алмайды.

Кеннедиді өлтірген де мен едім. © Сатыбалды
AL-ASTER
Ақылы көпті дау алмайды
meirzhan
Ақылды шектен шығып кетуден қашады.
meirzhan
Аватарды қайта жүктемесе көрінбейді. ©
satibaldi
Юэге жолға жиналып жатқан кісі — бұрыннан сонда. © Хуйей Ши.
satibaldi
Қазақ мотоциклін шашып, қайта жинаса — екі мотоцикл шығатын құрал қалад, лібәдтар © Бөлеген аға.
AL-ASTER
қара қытай қаптағанда, сары орыс джынды одақтас болып көрінер
satibaldi
Жолдасың орыстан болса, «Игла» кешендерінің пульттерін жастанып жат.
AL-ASTER
Көршің қытай көптігімен сес көрсетсе, бір басып жоқ қылатын Семейдегі кнопкаңды әзірле
satibaldi
Бұл жерде Сіз майыстырып жібердіңіз: Семейдегі шахталарға баяғыда цемент құйылған болатын (қараңыз: Н.Ә. Назарбаев, "Ғасырлар тоғысында").
saken
қолыңда ядролық қаруың жоқ болса да, ядролық бомбаны көмген цементті де қару қылып пайдалана бер.
satibaldi
Пәледен машайық қашып құтылыпты.
saken
«Басқа пәле тілден» © қазақ
satibaldi
Өнер алды, кейде арты да — қызыл тіл. © Тап солар.
saken
Артты қысқан бай болар © тағы да солар
satibaldi
«Көз!» дегенді — «Көт!» деген жеңеді. © Лібә, қайтадан солар.
meirzhan
Көз сатпады, бірақ жүрек тоқылдады.
meirzhan
Лашықтардың бақытсыз болғанында сарайлар қауіпсіздікте емес. © Бенджамин Дизраэли
AL-ASTER
Құйылатын цементтің көптеген бөлігі құйылмас бұрын, коттедждер көтеруге сатылып кеткен деген аңыз бар
meirzhan
Қытайда болса да ілім ізде © Хадис
satibaldi
Есектің артын жу да — мал тап. © Хадистерді қатты оқыған бір кісі.
saken
«Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» © қазақ
meirzhan
Еңбек адамды қынжылысқа сезімсіз етеді. © Цицерон.
AL-ASTER
Адамды адам еткен — еңбек
meirzhan
Еңбек етсең емерсің.
saken
Кім еңбек етпесе, сол тамақ ішеді! © Шуриктің басынан кешкендерінен
meirzhan
Компот қайда??? © Шуриктің естігені
AL-ASTER
Бәлен жерде алтын бар,
Барсаң бақыр да жоқ
meirzhan
Отқа барған әйелдің – отыз ауыз сөзі бар
AL-ASTER
Көлденең сөз — *өтіме,
Бұралқы сөз — бұтыма
saken
Мотоцикіл дың-дың,
Неміс өлсін мың-мың.
Орыс өлсін бес-алтау,
Қазақ қалсын аман-сау! © балалық шақ санамақтарынан
satibaldi
Шекспирдің трагедияларын сахнадан көргенмен қоймай, ысқырып, жұмыртқа лақтыра білен де дұрыс.© Бернард Шоу.
meirzhan
Бүкіл әлем — театр, ондағы әйелдер, еркектер — барлығы актерлер. © Шекспир
saken
"ҚАТЫН керек пе, ӘЙЕЛ керек пе?" ©@Kasymolzhas
meirzhan
Әйелдер оларды түсіну үшін емес, жақсы көру үшін жаратылған. © Оскар Уайльд
AL-ASTER
Тауыққа жұмыртқа ақыл айтпайды
saken
Соқыр тауыққа бәрі бидай © солар ғой баяғы
AL-ASTER
Әтешсіз де таң атады
saken
Таразы туса таң суыйды
meirzhan
Тауық құс емес, ол тамақ сондай.
saken
Соғыс соғысымен, түскі тамақ уақытында!
meirzhan
Тамақ СЭС-тен өтпесе, қауіпті
satibaldi
"Өзі тар көшеде қазақ тонымен жүреді" © Өзбек мәтелі.
AL-ASTER
Битке өкпелеп, дубленкаңды отқа тастама
saken
Отан үшін отқа түс,
Күймейсің!
meirzhan
Отан оттан да ыстық.
AL-ASTER
Ит — тойған жеріне,
Ер жігіт — туған жеріне
meirzhan
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас
AL-ASTER
Өшер елдің баласы — он бесінде жаспын дер,
Өсер елдің баласы — он бесінде баспын дер!
meirzhan
Балаларды аяққа тұрғызу оңай емес, әсіресе таңертең.
saken
Таңертеңнен бір сұлу қыз суға келеді © Поляк халық даналығы
meirzhan
Қызға қырық үйлен тыйым.
AL-ASTER
Көп — қорқытады,
Терең (су) — батырады
AL-ASTER
Су ішкен құдығыңа түкірме
satibaldi
«Орыс болу үшін әуелі қазақ болып ал.» © Өзбек мәтелі.
meirzhan
Орысқа не жақсы болса, неміске өлім
saken
Біреуге өлім тілегенше, өзіңе өмір тіле.
meirzhan
Өмір — гүл, ал махаббат — нектар.
AL-ASTER
Өзіңе тілемегенді, өзгеге тілеме
meirzhan
Қадір түнінде тілек тіле.
saken
Өз құттықтауларыңызды «Ақ тілек» бағдарламасына жолда! © Қазақ радиосы
meirzhan
"Өзінің тамаша әндерімен ғашық жүректерді ТЕРБЕГЕН Қайрат Нұртас тағы бір жаңа әнімен ТЕРБЕТПЕК". © Бұттан кетіретін Қайрат нұртас клипінде радтожүргізуші
satibaldi
Олай емес: «Орыстың „күшті!“ деген дүниесі неміске өлім.
meirzhan
Қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен қосындының мәні өзгермейді
satibaldi
Қосылғыштардың орнында сан емес, сөз тұр ғой.
meirzhan
Сөз тапқанға қолқа жоқ.
AL-ASTER
Көп сөз — көмір, аз сөз — алтын
AL-ASTER
Көп сөз — көмір, аз сөз — афоризм)
meirzhan
Аз сөз афоризм, жоқ сөз — үнсіздік.
AL-ASTER
Айтылған сөз — атылған оқ
meirzhan
Сөз сүйектен өтеді.
AL-ASTER
Ет — етке,
Сорпа — бетке,
Сүйек — итке)
meirzhan
Ит екеш ит те ет жегісі келеді.
AL-ASTER
Саясаткер болу үшін, беттің қалыңдығы, пілдің терісінің қалыңдығындай қалыңдық (лібә келін емес) керек
meirzhan
Саясатта мылжыңдық мемлекетті құртуы мүмкін.
saken
Жылқының етін жесең тісіңе кіреді, жемесең түсіңе кіреді! © қазекем
AL-ASTER
Түс — түлкінің богы
meirzhan
Жалт еттің де жоқ болдың көрген түстей сағымдай.
saken
Тауықтың түсіне тары кіреді!
meirzhan
Жылқы мінсең көлік, жесең ет.
KILYZAMAN
Көлігіңе көңіл бөлмесең — өлігі ас болмас…
AKA
Ет етке, сорпа бетке, қалғаны пакетке. (а) авторы белгісіз   
KILYZAMAN
Төртеудің түгелдігіне алтауқызығыпты…
saken
Күшті артымен диірмен айналдырады!
AL-ASTER
Сасқан үйрек — артымен жүзер
satibaldi
Егер ақсүйектер біз сияқты қарасүйектер сияқты дүниеге келмей, бірден қолына әулеттік гербі мен корольдің грамотасын ұстап туатын болса, тап қазір-ақ құл болып, қызметін жасауға даярмын. © Вольтер.
AL-ASTER
Мейлің кім болсын, әркімнің президент болуға құқығы бар! (Демократия жасасын журналы, 1984 ж басылым, 14 нөмір, 124-бет)
meirzhan
Теңқұқылық — адамзаттың қасиетті заңы. © Шиллер
AL-ASTER
Заң — бұзылу үшін жасалған
satibaldi
Заңды жүздеген адам жасақтап жатқанда, оны бұзуды — миллиондаған адам әлден ойланып жатады. © Путин.
meirzhan
«Тубалетте де тігеміз» © тағы сол
AL-ASTER
Адамдар екіге бөлінеді: түрмеде отырғандар және түрмеде отыруға тиістілер

М. Твен
meirzhan
Саналы адамға бұл дүние қапас.
saken
Кроссовкің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда?
meirzhan
Кроссовканың жақсысы фирмадан,
Жиеннің жақсысы нағашыдан.
saken
Жиен ел болмас,
Желке ас болмас!
meirzhan
Жиен неге ел болмасын жайлы болса, Желке неге ас болмасын майлы болса
satibaldi
Осы жұртАмериканың ашылғанына қатты таңырқайды. Бірақ ол ашылмағанда — тіпті таңғажайып болмас па еді?.. © Марк Твен.
meirzhan
Америка оны Колумб ашқандықтан Америка атанды.
satibaldi
Копирайтын көрсетпеген — әлі ұрлық емес, бірақ заңнан тыс.
meirzhan
Қателік табуды мақсат етіп оқитындар бар. © Люк де Клапье Вовенарг
meirzhan
Адам құқықтары Америкадан шыққан жоқ, америка адам құқықтарынан шықты.
AL-ASTER
Адам боламын десең, алдымен адамды адам деп танып ал
meirzhan
Адам болу — күрескер болу. © Гете ғой
meirzhan
Американы Колумбқа дейін бірнеше рет ашқан, алайда ешкімге айтпаған. © Оскар Уайльд
meirzhan
Ақылды әрі әділетті сатира заңнан мықты.
AL-ASTER
Асықты асық деме, салмағы болса — сақа болар,
Баланы бала деме, ақылы болса — аға болар
meirzhan
Аға болсаң ақыл айт, ақыл айтсаң мақұл айт
saken
Ақыл — тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.
meirzhan
Білім — теңіз,
Мектеп — кеме.
AL-ASTER
Білімдінің — күні жарық,
Білімсіздің — күні кәріп
meirzhan
Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез. © Абай
saken
Таудай талап бергенше,
Бармақтай бақ бер! ©
AL-ASTER
Жүрген соң бауырында күнде көріп,
Таулардың биіктігі байқалмайды
meirzhan
Мен — таулықпын, таудан мен жаратылғам
saken
Тауларды аласартпай, даланы биіктетейік! © О.С.
AL-ASTER
Тау баласы тауға қарап өсер
meirzhan
Өсер елдің баласы бірін-бірі блогер дер,
Өшер елдің баласы бірін-бірі флудер дер.
AL-ASTER
Өсер сайттың баласы бірін-бірі блогер дер,
Өшер сайттың баласы бірін-бірі флудер дер.
meirzhan
Та кто дала возможность, погладить свое тело, будет делать как ты скажешь.
meirzhan
Бақ шаба ма, бап шаба ма
saken
Екі кеменің басын ұстаған, Жерорта теңізіне батып кетеді!
AL-ASTER
Тәуекел кемесі — Бермуд үшбұрышында да батпайды
meirzhan
Тәуекел түбі жел қайық, өтерсің де кетерсің.
satibaldi
Әрине, адамды сүйетіндерден Құдайды сүйетіндер көп: арзандау шығады ғой. ©
AL-ASTER
Адамға сенсең — мұрттай ұшасың,
Аллаға сенсең — құстай ұшасың
meirzhan
Мұртты келді бәрін құртты
meirzhan
Адам аласы ішінде,
Мал аласы сыртында.
satibaldi
Құдаймен сәлемдесетініміз болмаса, Сіздер құсап әңгімелесіп көрмеппіз. ©
AL-ASTER
Сәлем сөздің анасы
saken
Анасы бар адамдар,
Ешқашан қартаймайды!
meirzhan
Күлсең, қартқа күл.
AL-ASTER
Күлме досқа,
Келер басқа
meirzhan
Күлкі адам өмірін ұзартады.
AL-ASTER
Ұзын мәнсіз ғұмырдан, қысқа мағыналы өмір артық
satibaldi
Адамды жастай әкетсең — жазыым не деп жылдайды; әбден қартайғанда алсаң — бір қой солай жылдайды.© Құдай.
meirzhan
Өмір қамшының сабындай қысқа
meirzhan
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп
meirzhan
Сүй, жан сәулем, тағы да сүй. © Мағжан
AL-ASTER
Сұлу — сұлу емес, сүйген — сұлу
satibaldi
Біздің арманымыздағы қыз баяғыда кемпір болды. ©
meirzhan
Қыз күнінде бәрі жақсы.
AL-ASTER
Жаман қатын қайдан шығады??
saken
Бәрі жақсы көрінер, алғашында
meirzhan
Алғашқы махаббат қоштасқым келмейді. © Мейрамбек
saken
Жаулап алды махаббат © Нұрлан мен Мұрат
AL-ASTER
Қарсыласыңды оңай жаулап алғың келсе, алдымен ерікті түрде беріле сал
meirzhan
 
Алдыңдағы ауды көрмесең де ұзақтағы жауды көре біл
AL-ASTER
Адамның нөмірі бірінші жауы — өзі
meirzhan
Өзін-өзі танымағанды ешкім танымайды.
AL-ASTER
Ей, тәкәппар дүние, маған да бір қарашы,
Танимысың сен мені, сен қазақтың баласы!
meirzhan
Қазақтың қара баласы біріне-бірі қас болмас. © Серілер тобы
AL-ASTER
Қарға қарғаның көзін шұқымас
meirzhan
Қарқылдап қара қарға — бүркіт болмас
AL-ASTER
Өгіз боп көл ішемін деп, құрбақа суға тұншығып өліпті…
meirzhan
Өзімдікі дегенде өгіз қара күшім бар, өзгенікі дегенде анау-мынау ісім
AL-ASTER
Өз үйім — өлең төсегім
meirzhan
Ұялмаған өлеңші болады.
meirzhan
Үй алмаған үйсіз болады.
AL-ASTER
Ятсызға ялған жараспайд
meirzhan
Өлімнен ұят күшті.
AL-ASTER
Ұят — адам қорғаны
meirzhan
Жақсы ағаң — орман, жақсы інің — қорған
AL-ASTER
Ағасы бардың — жағасы бар,
Інісі бардың — тынысы бар
meirzhan
Ақылы артса аға тұт
AL-ASTER
Білім — басқа,
Қына тасқа бітеді
meirzhan
Оқу инемен құдық қазғандай.
AL-ASTER
Өмірде оқысаң да, оқымасаң да өзің біл, ең соңында өкінетін өзіңсің © Физик
meirzhan
Бір нәрсені нақты білу — себебін білу. © Фрэнсис Бэкон.
AL-ASTER
Кейде не деп тұрғанымды өзім де білмеймін, бірақ менікі дұрыс екенін нақты білемін

М. Али
Gastarbaiter
Жұдырықпен сендіру қиын, көндіру оңай © Әскери мақал
AL-ASTER
Қымызды кім ішпейді,
Қызды кім алмайды
meirzhan
Қыз өссе елдің көркі
AL-ASTER
Шөп өссе — Чудың көркі
meirzhan
Адам әдебімен көрікті.
AL-ASTER
Әдепті деген әйелдер, оңашада не істейтінін білгенде, еркекетер оларға жоламас еді

О«Генри
satibaldi
Гугльден афоризм ұрлау — әлі шала шаруа, оны нақышына келтіріп аудару және бар. ©
meirzhan
Гуглдан қазақша афоризм ұрлау сахарадан су тапқандай.
meirzhan
Аудару да өнер әрі еңбек.
satibaldi
Мықты көп еңбек пен өнердің жерітетін кездері де болады.
meirzhan
Жігітке жеті өнер де аз
satibaldi
Сегіз өнер — уже дахуя; бояғыш, бояғыш дегенге сақалын бояпты боп кетпесін.
meirzhan
Боянның жақсысы ескілерден.
AL-ASTER
Білгенің — бір тоғыз, білмегенің — тоқсан тоғыз
satibaldi
Алтау ала болса, қалғандарын да однотонный қылып бояп тастауға кім мешать етіп тұр?
AL-ASTER
Төртеу түгел болса, қалғандары наққа керек?
meirzhan
Төртеу болу тек қана Битлзге жарасқан.
AL-ASTER
Аудару — автор атандым дегенді білдірмейді,
Көшірген — тапқыр атандым дегенді білдірмейді
satibaldi
Ақын екенсің дағы, жиденің бұтағына бір табан жақын екенсің.
meirzhan
Қазақтың мақал-мәтел — ұлттық тәлім-тәрбиенің бұтағы. ©

Бұтақ басын сындырмаған — бұтақбас. © Прораб
satibaldi
Газет — халықтың құлағы, көзі һәм тілі; ал басқа мүшелерін журналдан жасаған дұрыс сияқты. ©
AL-ASTER
Ел боламын десең, телигіңді түзе
meirzhan
Болу яки бордай езілу, міне қайда сұрақ
meirzhan
БАҚ шаба ма, бап шаба ма.
meirzhan
Қазіргі балалар көз десе құлақ дейді, құлақ десе көз дейді. © Қазззақ мектебінің жүйкесі тозған мұғалімі
AL-ASTER
Бастан — құлақ садаға
meirzhan
Баланы жастан,
Қатынды бастан.
AL-ASTER
Балалы үй — базар,
Баласыз үй — мазар
meirzhan
Өлетін бала көрге қарай жүгіреді.
AL-ASTER
Қиын шақта, сенген досың сатып кетер,
Уақыты келсе, дұшпаның өлтіріп кетер,
Бәріне де жәйбарақат қарайтын адамдардан қорық, бұндайлардан екеуі де шығады
meirzhan
Бір күні өлетінім анық менің,
Қайда, қашан, киллер кім, айта алмаймын… © Нұрғиса Асылбеков
AL-ASTER
Cоғысты бастайтын — кәрілер,
Өлуге баратын — жастар
meirzhan
Бәріміз де Майл.ру-дың жастары едік,
Бәріміз де Мой мирді ашқан едік.
Онлайндар ойда, Отошелдер тойда,
Отключендер, Невидимдер қайда екен? © Балғынбек Имашев
AL-ASTER
ЖАстық шақ — тез өтетін ауру
meirzhan
Жастар нені қалайтынын білмесе де, қол жеткізуге бел байлаған. © Федерико Феллини
AL-ASTER
Жалындамаған жастық шақтарың құрысын
meirzhan
Түн қарттарға тыныштық берсе, жастарға үміт береді. © Бернард Шоу
AL-ASTER
Нағыз тұнып тұрған тарих — ол біздің қарттарымыз
meirzhan
Қарттықта адам ақылды болмайды, ол тек ерекше сақ болады. © Эрнест Хэменгуей
AL-ASTER
Көп адамдар қартайып жатқанымен, ересектенетіндері сирек
meirzhan
Қарттық — емі жоқ ауру. © Сенека
meirzhan
Газет — интернеттің барымташысы.
satibaldi
Нан ұннан жасалады. © Джавахарлал Неру.
meirzhan
НАН — бәріне ел басы. © Орыс мақалы
satibaldi
Бес метр — үш метрден ұзын, дегенмен жеті метрден қысқа. © Бауыржан Момышұлы.
meirzhan
Кедейдің қолы қысқа
AL-ASTER
Кедей — бай болсам дейді,
Бай — құдай болсам дейді
meirzhan
Құдайда дін жоқ. © Махатма Ганди.
Gastarbaiter
Не в тему Мақал тойымсыздық туралы ғой. Екі секунд ойланып барып жазсайш.
meirzhan
Тақырып туралы емес, сөзге байланысты ойнап кеттік.
Gastarbaiter
Ә-ә-ә оңайлатып алыпсыңдар, миларыңа жүк түсірмеудің амалы ма?
Мен ойлап едім, нақыл сөздермен айтысады екен деп, сендердің қабілеттеріңді асыра бағалап жіберіппін.
meirzhan
Рас, тақырыпқа байланысты ғана айтса қиындау түседі екен. негізі солай істеу керек.
Тақырыпқа қатысты жазайық. Мәселен астында "қанағат" туралы. егер нақыл сөздер таусылса, жазбай-ақ қоюға болады. жаңадан басқа тақырыпқа ашу керек.
Gastarbaiter
Во*во міне, дошло -дощло! (қалпағын аспанға лақтырған смайлик)
meirzhan
дошло болу үшін 500-ден астам пікір жазылуы керек бопты.
AKA
   Жоғарыда мақалмен айтысып ек, соңы нақыл сөздер болыпты, керремет!  тоқтамаңыз
Gastarbaiter
1 тәулікке жетпей саны 600-ден асып түсті.
AKA
Иә, таң қаларлық, бірақ қалай қызығына түсіп кеткеніңді білмей қаласың. Менде загрузка болып ашылмай қала береді осы тақырып. Тағы жаңасын ашып, басқалай ойын, сәл күрделірек болса ұсыныс
AL-ASTER
ия! менің браузерім қиналып жатыр.
Gastarbaiter
Егер ондай сәл күрделірек тақырыпты ашуға өзіңнің қауқарың жетпесе, онда оны қалай ойнайсың?
meirzhan
осы ойын тақырыптан ауытқымауды үйретеді екен. Негізгі ойды бөліп алып, соған жауап беру, соны жалғастыру,
AL-ASTER
Дін – ғылымның анасы, Дін – ғылымның әкесі, Ғылым – діннің баласы, Дін – ғылымның көкесі

М. Мақатаев
meirzhan
Қанағат қарын тойғызады.
AL-ASTER
Ойнап айтсаң да, ойлап айт.
Kazanova_Jakomo
Қанағатсыз жалғыз атын сойғызар. © Майқы би.
meirzhan
Азға қанағат етпесең,

Оған да зар боларсын.
Gastarbaiter
Қажетсізді сатып алсаң,
Керегіңді сатарсың…
Kazanova_Jakomo
Керек тастың ауырлығы жоқ.
meirzhan
Адамға бақытты болу үшін аз нәрсе керек, сондықтан өзіңе қажеттілікті ойдан шығарма. © Али Апшерони
meirzhan
Еріншек, бекер мал шашпақ —. Бес дұшпаның білсеңіз. © Абай
Gastarbaiter
Сараңның көзі тойса да, өзі тоймайды.
Gastarbaiter
тойыс керісінше, өзі тойса да, көзі тоймайды.
meirzhan
Сараң 2 рет төлейді.
Gastarbaiter
Өзіме тиесілінің бәрін өзіммен алып жүремін ©Биант қария
meirzhan
Біздікі дегеннен менікі деген жақсы. © Бенджамин Франклин
Gastarbaiter
Бергеннен алған жақсы © Рақым Базарком
meirzhan
Жомарттық сараңдықтан көп табыс әкеледі. © Лион Фейхтвангер.
Gastarbaiter
Теңге тиыннан құралады © Орыс мақалы
meirzhan
Түйрегішті еңкейіп алмаған, алтынға ие болуға тұрмайды. © Ағылшын мақалы
Gastarbaiter
Қанағат жарлының байлығы, ашкөздік байдың жарлылығы. © Сенека
meirzhan
Үнемшілдік — кедейдің теңге сарайы. ©?
Gastarbaiter
Қолдағының құны жоқ.
meirzhan
Үнемшіл болмаған қиналады. © Конфуций
Gastarbaiter
Жақсы қыз мейман келсе құрмет етер,
Жаман қыз бірге жатқанын міндет етер.
meirzhan
Екі жол бір-бірімен қабыспайды
AL-ASTER
Бақытты бола алмайтын әйел, өзін бақытты еткенді күтумен өтеді,
Бақытты ететін әйел, үйленбей тұрып бақытты етуге сөз береді
Onlasyn
Шешесс, жібересің иә әңгімені ))
KILYZAMAN
Асқабақтың бәрі бірдей мәнтіге жарамайды…
Gastarbaiter
Қызға қырық үйден тыю (Қыз тәрбиесі)
AL-ASTER
Ердің екі сөйлегені — өлгені
Gastarbaiter
ердің не қатысы бар?
meirzhan
физиологиялық
Gastarbaiter
Тіпті де
meirzhan
тартылыс күші
Gastarbaiter
Арпа берсең атқа бер, қатыр-құтыр шайнасын.
Қызды берсең шалға бер сақалымен ойнасын.
AL-ASTER
Ат басына күн туса, ауыздықпен су ішер,
Ер басына күн туса, етігімен су ішер
Gastarbaiter
Қыз қылығымен тәтті
meirzhan
Қыздың жүрегі — жабулы кітап. © Антуан Франсуа Прево
AL-ASTER
Мақтаған қыз тойда о*ырады
Dinara
Қыз назы қырық кісіні мас қылады
omarbirat
Қыз назы қырық кісіні мас қылады
Чайкалық — қазақ қыздарының әже кәсібі.
meirzhan
Қызды тәрбиелеу — қоғамды тәрбиелеу, себебі қоғам отбасыдан шығады, ал отбасының жаны — әйел. ©
Ж. Мишле.
Gastarbaiter
Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі.
meirzhan
Бұрын қыздарды ұялтқанда қызаратын, ал қазір қызарса ұялатын болды. © М. Шевалье
Gastarbaiter
Қызды ауылдың иті жатпас
meirzhan
Әйелге бара жатырсың ба? Қамшыны ұмытпа. © Фридрих Ницше
meirzhan
Қыздың күлгені жартылай жаулап алынуы. ©
Gastarbaiter
Ішіп қойса, күліп қояр,
Күліп қойса, беріп қояр.
meirzhan
Әйелді билеу құқығына ие болу үшін оған бір сәт бағына білу керек. © Гюго
Gastarbaiter
Қырсыққан қыз бай таппас, қырсыз жігіт мал таппас.
meirzhan
Әйелдер ерлерге қарағанда «жоқты» жақсы айтады. © Тэтчер
Gastarbaiter
Тойынған қыз төркінін менсінбейд
AL-ASTER
Шалқайғанға — шалқай, пайғампардың ұлы емес,
Еңкейгенге — еңкей, әкеден қалған құл емес
Gastarbaiter
Құл құтырса құдыққа қармақ салар, күң құтырса көтіне бармақ салар
meirzhan
тақырыптан ауытқу ойын шарттарына қарсы. ©
AL-ASTER
Ойын шарттары бұзылуымен қызықты
Gastarbaiter
осы ветканың басына қарасайш қырсығу мен шалқаю жайлы.
meirzhan
мына бұтақтың ең басында Қыз туралы дейді. жаңа тақырып болса, жаңадан ашу керек леп келісілді ғой. Бұл қыздың бұ… тойыс веткасы.
Менің постым ғой, өзім білем
AL-ASTER
Қазаншының өз еркі, қайдан құлақ шығарса да
AL-ASTER
Шешесіне қарап қызын ал
meirzhan
Нағыз ерлерді тәрбиелеу үшін алдымен нағыз әйелдерді тәрбиелеп алу керек.
Gastarbaiter
Қызым саған айтам, келiнiм сен тыңда.
Gastarbaiter
Жақсы қыз — жағадағы құндыз
Gastarbaiter
Қыздың қырсықтығы қырық есекке жүк
AL-ASTER
Қыздың айласы қырық есекке жүк (дегенді аңызымен естігенмін)

Бір бай молда адамның тоқалдыққа алған әйелі болыпты. Тұрмысқа шықпай тұрып, сүйгені болған екен ол қыздың. Сөйтіп, қыз сүйгеніне қосылаудың жолын былай жасапты: молданың үйінен еркектің үйіне дейін жер астымен жол қаздырып, сол қазған жолдың құмы қырық есекке жүк болыпты. Жігіт молданы неке қидыруға шақырады, молда үйінен шыққанда тоқалы үйде болатын, молда жігіттің үйіне шыққанда, қыз жер астымен жігіттің үйіне бара қояды. Сөйтіп, молда жігіттің үйіне келіп, некені қияды. Келіннің бетін ашса, тоқалдыққа алмақ болған қыз екен.
Gastarbaiter
Жақсы келін – қызындай,
Жақсы күйеу — ұлындай.
meirzhan
Әйелдің шынында не ойлайтынын білгің келсе, оған қара, бірақ тыңдама. © Оскар Уайльд
AL-ASTER
Сенің мен туралы не ойлағаның маған поқ, себебі сен туралы ештеңе ойлап отырған жоқпын.
Gastarbaiter
Әкені көріп ұл өсер,
Шешені көріп қыз өсер.
AL-ASTER
Әке көрген — оқ жонар,
Шеше көрген — тон пішер
Gastarbaiter
Қайтып келген қыз жаман, қайта шапқан жау жаман.
AL-ASTER
Адам жасаған жақсылығын сол арада ұмытуы керек, көрген жақсылығын ешқашан ұмытпауы керек
Gastarbaiter
Лоқ.Лоқсыз өмір боқ! © Вася «Бриллиант»
AL-ASTER
Өмірде қанша рет сүрінсе де, қайта тұрудан жалықпайтын пенделер — лоқ жандар
AL-ASTER
(заттарынан себепсіз айрыла берсе де, беруден жалықпайтын адамдар ше)
Abilakim
"Өмір, өмір тек мені ғана жазбаған сүрінуге, қайта тұрып қақым бар жүгіруге" деп жырлаған мұқағалиды лоқ дей алмаспыз
AL-ASTER
(заттарынан себепсіз айрыла берсе де, беруден жалықпайтын адамдар ше)
Gastarbaiter
Кіші әріппен жазғаныңызға қарағанда бәрібір Мұқаңды лоқ көретін сияқтысыз.
KILYZAMAN
Сүрінгенің өзіңе арналған тағы бір дәлелге жүгінгенің…
Қайта сүрінуге себеп — електегі кебек!
Gastarbaiter
Қызға берген көрінбейд, құмға сиген білінбейд)))
AL-ASTER
Қыз бен қойдың жүрмейтін жері жоқ
Gastarbaiter
Жігіттердің ойлайтыны төсек, қыздардың ойлайтыны өсек
AL-ASTER
Көрпеңе қарай көсіл (Төсектің ажырамас бөлігі)
Abilakim
Қыз кезінде бәрі жақсы
AL-ASTER
Ердің екі сөйлегені — өлгені
Gastarbaiter
Пацан айтты, пацан істеді, істемесе пацан емес © Семен Дәруіш
meirzhan
Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді.
AL-ASTER
Ерлік білекте емес, жүректе
KILYZAMAN
Жүректегі ерлік салмақты, білектегі ерлік қары талса — көтере де алмас қармақты…
konvict
Білә, Гаста білед адамды қалай матап қояды бір тақырыпқа
meirzhan
Адамдарға нан мен ойыншық керек.
AKA
Мәссағаааан, өте жақсы жазыпсыздар
qisyq
Шешес… 605 пікір. Шешес…
Gastarbaiter
Ақылды ақымақтан да бірдеңе үйренеді
meirzhan
Ақыл азбайды, білім тозбайды.
Gastarbaiter
Өзің білме, білгеннің тілін алма!
meirzhan
Білу аз, оны кәдеге жарату керек.
Gastarbaiter
Жасаусыз қыз болса да, кәдесіз жігіт болмайды (Қалай екен қуған?)
19852407
Тауықты тойындыра алмайсың, қызды киіндіре алмайсың))
19852407
Ұлдың ұяты әкеге, Қыздың ұяты шешеге
19852407
Бір жақсы қыз екі жаман ұлға татиды  уа-ча саған!
19852407
Қыз жоқ жерде satibaldi түгілі Әбілакім де жоқ!
19852407
Астың дәмін тұз келтірер, Әбілакім мен достары жалдаған квартирдің сәнін на самом деле жоқ (!) қыз келтірер! ) уа-ча саған!
19852407
Қыз Әбілакім мен достары жалдаған кв-ға емес, өз үйіне қонақ!!!
19852407
Қыздың айласы қырық атанға жүк!
19852407
Қыз шешесінің жағасындағы құндыз, әкесінің маңдайындағы жұлдыз!
19852407
«алты жүз пәленше пікір» дегенді оқып, аяғына дейін оқуға шыдам да, көз де, уақыт та жетпет, сорри!
Gastarbaiter
Контрол +Ф саған көмек болсын. СОрриің қабылданды.
19852407
цүнбедім, неге минустап тастағансыз?!?
Ойдан шығаруға да болады, бірақ қисыны бар болуы керек
деген кім еді?
AL-ASTER
Гастаның өзі минусталып қалыпты ғой.
Gastarbaiter
Сол қисын таппай біраз қиналған соң қойдым Маған да қойыңыз, егер симптомдарыңызды жеңілдететін шара сол болса, оған да көнем.
19852407
мм, сол қиысыны әуелден бар болғасын жазып едім. Цүнбепсіз, амал который немесе мен ойынның шартын ұқпаған шығарм, кейімей-ақ қой
Gastarbaiter
Ердің көркі сақал
AL-ASTER
Өнегелі болса – бала көрікті
19852407
Күлшелі бала сүйкімді
Gastarbaiter
Күлшелі бала сүймекке жақсы.
AL-ASTER
Алтыға дейін бала ерке, алпыстан кейін қария ерке
19852407
Әкенің қадірін балалы болғанда білерсің
AL-ASTER
Жылуы болмаса, түбіт қасиетсіз
Жігері болмаса, жігіт қасиетсіз
saken
Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қария келіп сәлем береді.
AL-ASTER
Атаңды ер деп танысаң, ерлік қыл

Татар мақалы
KILYZAMAN
Егдемін(үлкенмін) шалқацғанша, жастардв тыңдап марқайғанға не жетсін…
KILYZAMAN
Егдемін(үлкенмін) деп шалқайғанша — жастарды тыңдап марқайғанға не жетеді?..
KILYZAMAN
Бетегілі даланың -өнегелі баласы
Adiletshu
Сақалы жоқ ер тоқал
Adiletshu
Ақылдыға біткен сақал-жөн, Ақымаққа біткен сақал-жүн.
KILYZAMAN
Сақалы бар малдардың болтаны сияқты, көсе шалдардың да болатынын ұмытпу керек ;-(
KILYZAMAN
Сақалды малдың бәрі ешкі емсетігі сияқты, сақалдылардың бәрі бірдей есті емсетігін де түсіне білу керек…
JAKO
Ерлік-ердің ісі, езе беру ездің ісі.
Gastarbaiter
Ерлік-ердің ісі, езе беру ездің ісі.
Тап осындай сәттілікпен "қатындық қатынның ісі, қаза беру қаздың ісі" деуге болады екен".
Gastarbaiter
«Елдік елдің ісі, елеу електің ісі»
Gastarbaiter
Сұмдық сұмның ісі, кезу кезбенің ісі, ал Нұрғиса жақсы бала.
Gastarbaiter
Ән айту әншінің ісі, ал галогендер жетінші топтың негізгі топшасында орналасқан. Оларға хлор, фтор, йод, бром, астат жатад.
KILYZAMAN
Електе қалған кебектің де, керек жері болады…
Aramza
шаршасаң демал
демалсаң шарша
Dinara
Адамдар шаршап туады, демалу үшін өмір сүреді (Гарфильд қағидаларынан)
Dinara
Демалып отқан біреуді көрсең, қасына отырып көмектес (бұл да сол қағидалардан)
VKM
Бейнетің қатты болса,
Татқаның тәтті болар.
Erlan
Татті -тіл уытады, Бейнет- қажытады)
sword
Бейнет түбі Зейнет
Gastarbaiter
Бейнет түбі Зейнет
Қалай Бейнет жынысын өзгертіп, Зейнет болды? Жексенбі күні ұлттық арнада! 20-00-де...«Былай жедік» бағдарламасында!
satibaldi
Арғыкүнге қалдыруға болатын жұмысты ешқашан ертеңге қалдырма.
AKY
ертеңге қалдыруға болатын жұмысты тупо ертеңге қалдыр.
a63a1
бүгін бітпейтін жұмысты бүгін бітірмей отырмыз
19852407
Жалқаудың ертеңі бітпес
a63a1
Көп өмір сүретіні де сондықтан.
satibaldi
Офф-топ: Фейісбоқ сенде де істемей тұр ма?
a63a1
фейсбоқтың хат жазысу құралы істеп тұр, сайты ашылмайд, Жалғас Ертай мен Зилола ханым отыр
satibaldi
фейсбоқтың хат жазысу құралы істеп тұр
Ол не қылған құрал болды, уа христиан бауыр???
a63a1
Агент деген ауылдың қасынан қос тігіп отау құрып алсаң болғаны.
satibaldi
Қылизаманның тұспалдап сөйлеу мұрасын қимай тұрсаң да, бір сәтке дүр сілкініп, пәниліктер үшін түсінікті тілмен ләм деп жіберсең, пірің Несторий әкей ұрысатын кейіпте ме?
a63a1
 агент дегеннің «настройка учетных записей» дегенін басып ашсаң әрі қарай ми зорлаудың қажеті жоқ, былай да бере салад
mercedes
енді 8 пікір болса 700-ге жетеді
Daniar-Alan
біріншісін қосып қойдық
mercedes
Көп түкірсе көл. дабай 700-ге жеткізейік
Adiletshu
Су 3шкен құдығыңа түкірме
Gastarbaiter
Админ не дейді екен? Бұл да сайтқа жүк сала ма, әлде суреттер көп емес деп өтіп кетер мүмкін))
mercedes
бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ!
AKY
басқа пәле тілден
alisha
Бас жарылса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде
alisha
Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады
mercedes
Болды тоқтатайық! 700-ге жетті