"Қазақстанда" енді тек қазақша...
Кешелі бері "Қазақстан" арнасы телетаратылымды тұтастай қазақ тіліне көшірді. Елбасының пәрмені бар-ды. Кесім сол болды. Орыстілді сегментіндегілер жазда жұмыстан өз қалауларымен кетіп үлгерген.
"Қазақстан" ұлттық арнасында енді төл мәдениетіміздің өркен жаюына бұл жақсы ықылас деп білем. Бұдан шовинисттік пиғыл тіміскілеп жүргендер аз боп жатқан жоқ. Шарқ ұруда. Өткендегі Теміртаудағы мектептерге қатысты да лап ете қалды. Орыстілді бір депутат барып қайтқан ұқсайды, «тынышталмаңдар, беріспеңдер» деп. Кеше сот ГорОНОның ұйғарымын дұрыс деп тауып, мектептер қазақыландырылды.
Мемлекеттік машинаның аса даурықпай, еміс-еміс осы мәселені осылайша шешуі қазіргі конъюнктура жағдайында дұрыс та шығар. «Кереку» прожекті сабақ болмады емес, болды…
Енді "Қазақстаннан" әдемі жобалар күтем. Рас, бұл арнаны Евроньюс, Комеди клаб, Спорт каналдары қатарлы көп қарамаймын. Бірақ бұдан былай іліп аларлығы болса, отандық өнімнен сусындап жүруге кетәрі емен.

Әркімде бұл мәселеге көзқарас түрліше ғой. Бірақ дәл осы декадаларда шегініс жасау "қайтып оралу нүктесінен" тым алшақтатып жібермес пе екен деп алаңдайтындай бар.
Бір жағынан, Қазақ жерінде қазақ тілінің басымдау үстемдікке ие болып келе жатқанына масаттанғансығансу да заманамыздың қасіреті емей немене…
ИМХО, маған бәрібір мемарналарда не болатыны. тек футбол болған кезде амалсыздан қараймын.
Теміртау мектептері бойынша 1 — 0.
Мәдениет министрлігі заңға өзгеріс енгізуінің өтпей қалуы. 1-1 дейміз бе. бәлкім 2-0 шығар. Бәлкім, сөйтіп бөлінбеген дұрыс. «Кемедегенің жаны бір»
Соңғы жаңалықтардан хабардар мес сияқтысыз ғой.
Әйелімнің бір құрбысы өткен аптада Петербургке көшіп кетті. Әрине, қараптан қарап емес. Бұл жерден де жақсы өмір барын оған дейін барып көріп келген болатын. Сол құрбы қыздың айтуы бойынша: Көші-қон полициясында кісі қырғын екен, бәрі де елден кетуге арыз беріп жүргендер.
Менше, бұлайша бір тілге көшу ол телеарнаға үлкен жауапкершілік артады. Сәйкесінше, ол жақтағы жұмыстар жаңа қарқын алады. Мемлекеттік тілде бағдарлама дайындауда бұл арнаның тәжірибесі бар. Қазақстан базасында дүниеге келген 100пайыздық қазақтілді Балапан телеарнасында өздерінің тамаша өнімдері бар. Аударма өнімдерінің де сапасы жоғары. Мысалы, менің балаларым үшін керемет ермек пен оқу құралы болды.
Сосын, конкурент жоқ дегенмен келіспеймін. Конкуренция бір арнаның ішіндегі орыс және қазақ редакцияларының арасында емес, телеарналар арасында болады. Сондықтан да, Қазақстан телеарнасы алдында тек қана қазақтілді контентпен жарнама беруші алдында қалайша тартымды көрінуге болады деген міндет тұр.
Материалдарды екі тілде дайындау бір жаман жері бір жұмысты екінші рет қайталап жасау керек болады. Сәйкесінше, мамандар екі есе көбірек тартылып, уақытта текке кететін еді. Енді, жұмыстан босатылған орыс тілді мамандар орнына жаңа жобаларды қолға алу үшін басқа мамандар тартуға мүмкіндік бар.
Шын мәнісінде, қазіргі таңда талантты журналист те, режиссер де бар. Идеялар да мешок мешогымен жатқан болар. Ал, мынау солар үшін тамаша мүмкіндік.
Сондықтан ақ жол.
Қарама-қарсы топ болса, керісінше қазақтарда алға шығарды.
қарама-қайшылықтар теке-тіресі
Қазақстан телеарнасының базасы жақсы деп естігенмін.
@Kasymolzhas'тың базынасы.