Алладан сұрау

Жағдайы жоқ отбасының кіші қызы бір күні алақанын жайып «Аллаһым, келесі аптада теледидар алуымызға жәрдем ете көр» — деп дұға етеді. оны көрген көрші үйдің кенже қызы індемей шығып кетеді. Келесі аптада жаңағы отбасы теледидар ала алмайды. Сол кезде көрші үйдің қызы келіп бағанағы қызды мазақтапты.
— Сен Аллаһтан тілеп жатыр едің, тіпті ол сендердің тілектеріңді орындамақ түгілі жауап та берген жоқ қой.
— Жоқ, жауап берді маған.
— Қалай?
— «Жоқ» деп жауап берді, — дейді қыз.
Бөлісу:

7 пікір

e_zhalgas
түсінгенім: көзсіз сенімнен рационализмге бағыт алған ұрпақ келе жатыр
meirzhan
Күтпеген концовка.
Khan
Мынау 2020 жылдардың мысалы болса керек. Как раз телевидениені интернет алмастырады. Телик керек емес болып қалады
blackbeard
Құсатын жерді көрсетіп жіберсеңіз