Желтая пресс... не ғой жазба

Осыдан 3 күн бұрын Алматыда Сергей Лазарев, Батырхан Шүкенов, Тимати, Анна Семенович, Дима Билан, Филипп Киркоров, Николай Басков, Шахзода, Митя Фомин, Томас Nevergreen, Анна Семенович, Елка, Анита Цой, Анжелика Агурбаш пен «Градусы», «А Студио» топтары, біз жақтан, тарап кеткен «Дуэт L» қатысқан МузТВ-ның қып-қызыл кәнсерті болды. Сол күні келе сап, жазжіберем деп ойлаған едім, суретті көшіру мұң болып, бүгін сәті түсті.

Сонымен «сары» жаңалықтан бір порция.

Кәнсертті Лера Кудрявцева деген сылқым жүргізді.Медеудің суығына тоңбайын деген болуы керек 100 граммдатып алған Николай Басков өлең айтып болған соң Лераға қарап: «Мына тамаша келіншекке қараңызшы, Лазарев әлі ұсыныс жасаған жоқ. Менің басым бос Лера, Федорова кетті, любой ұсынысыңа дайынмын»,- деп айғайлады. Бұны естіген Сергей сахнаның артынан атып шығып, «Басков өз ғашықтарыңа ие бол, менікі менікі болып қалады», -деді қызарақтап. Коля братқа қарап ауылдағы класстастар еске түсіп… қызу, ақкөңіл.

Киркоров өзімен бірге Алланың немересі, қазақтың күйеу баласы Никита Пресняковты, қазақ қызымен ертіп келді. Алматының дүкендерінен сауда жасап көріп, Мәскеуде таппайтын киімдерді кездестірдім деп қояды өзі.

Қазақтың менттерінің мықтылығы соншалық концертті ұйымдастырған МузТВ-ның музыкалық директоры Арман Давлетияровты (қазақ, жерлесіміз) сахнаға жібермей қойыпты. Баспасөз мәслихаты барысында Ресейде мені бәрі таниды, туған жерімде өзім ұйымдастырған концертте сахнаға жібермей қойды деп мұңайды.

Тимати журналистерді біраз таңқалдырды. Барлық әнші журналистерге сыпайы жауап беріп, сіз-біз десіп, суретке түсіп дегендей болып еді. Тиматиің сұрақтарды жауапсыз қалдырып, соңында суретке түспей тұрып кетті. Бір қыздар артынан жүгірмекші еді, мендей 31 адам болатын күзеті қабағын бір түйіп еді, жым болды. Айтпақшы, Тимати баспасөз мәслихатына күзетін ертіп келген жалғыз әнші болды. Күзетіне тым қатты сенеді екен деп сыбырласып жатты журиктер. Бізде күзет жағынан мәселе жоқ деп гүмпілдеп отырған Тимекең, ақыры әуежайда төбелес шығарып әрең кетіпті.

Ресей әншілерінің пақаны Кобзон да келіпті, бірақ ол демалыс бөлмесінде неғып отырды деседі. Ән айтпады. Пресс залға қарай Шахзода, Анжелика Агурбаш, Дима Билан, Сергей Лазарев, Тиматилар келіп біраз сыр шертті. Шахзода жақында Әбіләкімнің ауылына барып қайтыпты. Бірақ не үшін барғанын есіне түсіре алмады. Вахтерлер күніне бардым деді. Модератор шахтер деп түзетіп, бір қыздар ойбуу деп бетін шымшып. Айтпақшы риза болғаным әншілердің көбі жанды дауыспен айтты. Әндері сол күнде радиодан естіп, ТВ-дан көріп жүрген гүмпілдер. Ұйымдастыру жағы сәл не толау. Жалпы болады.

(3627.88 Kb, 3888x2592) Шахзода деген осы кісі екен. Сіз туралы интернетте неше түрлі видеолар жүр, неужели түстіңіз сондайға деп еді, ол лас пиар, мен түскем жоқ, түспейм де деп жатты.

(3738.28 Kb, 3888x2592) Анжелика Агурбашпын дейді, танымайды екем.

(3658.81 Kb, 3888x2592) Томас Невергрин деген батыр.

(3550.32 Kb, 3888x2592) Лазаревпен суретке түсіп жатқан Ұшқын, Мейіргүлді көріп қалдым. Сережаң ешкімнің көңілін қалдырмады. Бар сұраққа жауап беріп, бәрімен суретке түсіп, журиктер разы болды.

(3122 Kb, 3888x2592) Мистер қара жұлдыз.Ана үстіндегі киім өз өнімі екен. Кеудемдегі Арыстан менің компаниямның белгісі, қыркүйекте Алматыдан арнайы дүкен ашам. Арыстан белгісі бар киімді алуды ұмытпаңдар, бұл белгісі бар киімді көрсеңдер демек Тиматидікі еу, деп қояды.

(3458.74 Kb, 3888x2592) Голая-ны айтатын Градусы деген осы пияншіктер екен.

(3183 Kb, 3888x2592) Төстің төресі менде,- деді Анна Семенович.

(2452.18 Kb, 3888x2592) Сахна.

(3505.33 Kb, 3888x2592) Біз өстіп қарап тұрдық.
Бөлісу:

46 пікір

Zilola
Агурбаштың әндерін жылааап орындаған жақсы  Мен оны танимын, танығанда тілебизірден да
Zilola
Градусыды шақыра береді, ол күйдіргілер мүлде ұнамайды маған, бізді яғни Қазақстан халқын менсінбид та олар ((
e_zhalgas
төбедегі тізімнен менсініп отырған бір адамды көрмедім
meirzhan
пресс-конференцияда микрофонға иіліп "өнер" көрсетті.
Erbol
Өй, тұрқ қой, төбедегі тізімге дұрыстап қара
konvict
ТҰРҚан кісі де төбеден қарап тұрған секілді ғой )))
Onlasyn
Төстің төресі менде,- деді Анна Семенович.
)))))))
konvict
Қасым олжастың бармағаны жақсы болыпты: күліп ішегім жарылды:
e_zhalgas
қызық үшін: ол «төстің төресі» ханым нендей өнер көрсетті?
Erbol
Фонограммамен 3 өлең айтып берді.
e_zhalgas
онысы қуантады, әйтпесе «төстің төресі осындай болады» деп сахнаға атып шықпағанына қуанып отырмын
konvict
Өнерін сыйлағандарды менсінбейтіндерге таң қаламын. Оларды мықты да, бай да қылып отырған халық емес па? Оларды қашанғы тобыр ретінде қарау керек.

Ех, крестің орнында басқа нәрсе…
omarbirat
Шынымен пияншіктер сияқты екен
madlen
Шахзода! Эххх, қандай сұлу өзі!
e_zhalgas
жастығыңның жарқын кумирі екенін ауыз аймағынан сорғалаған сұйықтықтың көлемінен анықтауға болатын сияқты )
Zilola
кетЧ, жынД десе ))))))
Nurgisa
Ереке, жазбаға cut қойып, қия сал, мүмкіндік болса.
Erbol
Нұреке, орындалды пәрменіңіз
Nurgisa
Биллбордтарға алтын қаріппен жазып қоятындай екен мынауың, бәлду-бәлду.
BIRKYZ
мәәәә, ана Семенович татеміз үстіне бар жылтырды құйыпты ғой)))))))))збезда ғо енді
serjan
Әнші мәншіде шаруам жоқ Ерболдың пост жазу мәнері жақсы екен.
Esmeralda
қосылам, ұнады, жақсы пост екен)
Zilola
Енді журналист осылай жазбағанда басқаша қалай жазуы керек
serjan
Соны білмей отырмын, басқаша қалай жазу керек?
Esmeralda
әр журналистің жазу ерекшелігі әрқалай болады ғой, ал бұл кісі түсінуге оңай әрі қызықты ғып жазыпты)
Nurgisa
бұл белгісі бар киімді көрсеңдер демек Тиматидікі еу


Беу, беу! деп қолдап отырдыңдар ма, @Erbol Азанбекіп?
Erbol
Үсті-басы көкала қойдай тату, қабағы қату, бар ой дисксін сату, түнгі клубта билеп, жату Тиматиге беу деу жалко ғой Нұреке.
Erbol
Дікің-дікің етіп отырған соң беу дегің келмей қалады екен. Майами, Сан Тропе, Сноуп Дог деп қыртып отырған соң, қойшы дедім. Біздің сым-кәстөммен қатып тұрып ән айтатын Саят Медеуовтар т.б-лардан садаға кетсін.
Zilola
ужссс, қатырып жазып жібердің ғо
мини өлең болды
Zilola
Сіз туралы интернетте неше түрлі видеолар жүр, неужели түстіңіз сондайға деп еді, ол лас пиар, мен түскем жоқ, түспейм де деп жатты.
Бұған енді сенбеймін
Erbol
Бұған енді сенбеймін
Аха мен өтірікті соғып жібердім. Болмаған әңгімені аспаннан алып жазатын әдетім жоқ. Бір орыс тілді журналист қойды осы сұрақты. Сөзбе-сөз келтірейін. Сұрақ: «Интернетте сіздің қатысуыңызбен „эротикалық характердегі“ видеолар жүр. Сіздің түскеніңіз рас па?»
Шахзоданың жауабы: -Жоқ ол «грязный пиар», желтый прессаның шығарғаны. Кез-келген танымал әншіні алып қарасаңыз сондай лас пиарға ілігіп жатады. Сондай дүние. Мен ондайға түспегем, түспеймін де. Менің 11 жыл отасқан күйеуім, балам бар. Оның үстіне өзім мұсылман болғандықтан ондай нәрсе маған жат". Бұны сол жерде болған журналистер дәлелдей алады. Тағы қай жеріне күнән бар?
Zilola
сенбеймін деп, Шахзодаға сенбеймін деп отрм, видеода анық кім екені көрініп тұр, ол аздай суреттері де бар
Erbol
ааа түсінбеппін. Видеосын көрмедім, түріне қарасаң періште сияқты.
Zilola
Да фрикте өлесі мас болып көрінгеннің жетегінде кеткенде періште ме пері ме деп қаласың
Erbol
Көз алдымдағы қанатты періште ғайып болды
Zilola
кешірім өтінемін, бірақ расы сол еді
Erbol
Күнән емес Күмән бар. Түзету функциясын таппадым.
Zilola
Ал күйеуі өзінің құрбысы Лоланың әкесі, Тарона рекордстың бастығы ма сондай, так что оның жайын жақсы білемін
Erbol
Иә, күйеуім продюсер, сондай бирдеменің бастығы деп жатты.
Zilola

А за то детилері әкесімен Шахзоданы жақтыра бермейді
e_zhalgas
Мына сұхбатты оқып отырып, редакторлардың оны редакторлау барысында қаншалықты қиналғанын елестетіп отырмын. Соңында примитив етіп бере салыпты.
Пы.Сы. Ал жалпы, бұл (кім екенін онша хабардар емеспін) адамның түрінен стерва екені білініп тұр
Zilola
Сережаң ешкімнің көңілін қалдырмады. Бар сұраққа жауап беріп, бәрімен суретке түсіп, журиктер разы болды.
Наурызда Астана алаңында концертін тамашалағаным есімде, өзіміздің (керекші) қаракөз жігіттер алдап әкетпегенінде «Сееерееежааа ай лав ю» деп концерт соңына деуір жүрер едім
Erbol
Серекең шын мәнінде сері екен.
Zilola
8 қырлы жігіт, маңдайына Лерадан басқа жас сұлу жазылған шығар деп сенемін