Орыстың пәмилиелері

Жаңа Керекке МузТВ-ның кәнсерті туралы жазып отырып кәнсертті жүргізген Лера Кудрявцеваның пәмилиесін ерігіп Кудряеее атамның қызы Лера деп жазайын дегем. Пәмлилиесін қысқартып айтудың ыңғайы келмеді. Атасының аты Кудрявец болды дейін десең тағы болмайды. Сосын ойлансам орыстарда осындай пәмилие көп екен. Мысалы: Жуков атасының аты жук болған ба, Путин атасы путь, Медведев атасы медведь болмаған шығар. Сонда деймін бұлар фамилиясын қалай, қайдан алады. Бізде ғой түсінікті, Азанбеков яғни атасы Азанбек.
Бөлісу:

125 пікір

madlen
Детдомда өскен көп балалрға осындай фамилиялар беріле салады екен. сосын ол өз балалрына беріледі.

МузТВ концертінің жазылған уақыттан соншама кеш басталғаны ужас болды. Сосын сууууууық болды. Жейтін дым жоқ жақын арада. Условия жоқ, қысқасы
e_zhalgas
сол концертке барып уақыт жоғалтқандарды түсіне алмаймын
madlen
Демалыс, Алматы, Медеу, концерт, романтика, халявные билеты...
e_zhalgas
«романтика» дегеннен басқасының бәрін түсінемін. Әсіресе, «халявные билеты» деген пункті ұнады
e_zhalgas
фамилияны қазаққа ұқсап бәрі атаға қарамайды, тұратын жеріне, еліне, жағдайына қарап бере салады ғой. сосын, олар фамилиясын үйдегі тәпке сияқты ауыстырмайды.
Erbol
Қазақтар тәпке сияқты ауыстыра бере ма? Мысалы өзің қанша рет ауыстырдың?
e_zhalgas
айтайын дегенім, әр ұрпақ ауысқан сайын
Erbol
ааа солай десеші.
sammita
осыны мен де қызығып сұрағам бір орыстан. Өзі де анық білмейді. Түсінгенім, міндетті түрде атасының тегін алмайды, арғыыыы аталарының атын-фамилиясын таңдап алады. Мына жердегідей.
asaubota
тек біздер ғана ғой СССР құрамында болған түркітілдес халықтар ғана аталарының атымен фамилияланған. қалған халықтардың бәрінде фамилия адам атынан құралмайды.
Erbol
Соны ойлап көрмеппін. Жаңа жазып отырып, ойланып қалдым.
Gastarbaiter
Орыстарда, еуропалық кейбір елдерде Мидл Нейм- деген болады.
Фамилия деген нәрсе орыстарға да тән емес.
Ежелгі орыстар тек өз аты, әкесінің аты ғана болатын. Ерекше тұлғаларға лақап ат берілетін.
Мәселен, Иван Васильевич Грозный, Федор Игнатьевич Воробей деген сияқты.
Фамилия деген атау (ру-тайпаның орнына жүрген атау) еуропадан келеді.
Содан бұл қай фамилиядан? деген сұраққа:
Бұл әлгі Воробейлерден ғой (Орысша: Он из Воробьевых) деп жауап берген. Аты жөні кім? — Леонтий Михайлович. — А-а-а.
Міне бұдан көріп отырғанымыз, көптеген фамилияра тек адам атымен емес, лақап атымен де атала берген.
Орловы, Волковы, Громовы, Зайцевы, Незабудкины, Дроздовы, Синицины -деген сияқты флора мен фауна атаулары солай пайда болған.
satibaldi
Бұл жерде көбіне тұрғылықты, не отырған жерімен байланысты фамилия иелерінің де көп екенін жоққа шығаруға болмайды. Мысалы: Юра Магадан, Тәрен Құсмұрын, Қажығұмар Воркута.
Zilola
ух ты ))
satibaldi
Шохзодо Жанатасская.
Zilola
бiздiн Жанатасты зекендер салганынан да хабардар екенсiз ау
satibaldi
Дәлірек — зауыттарды.
Zilola
а иә, одан да хабардар екенсіз ғо
Gastarbaiter
Илья Муромец, Алеша Попович, Добрыня Никитич — 1-сі келген жері
2-Әкесінің мамандығы болуы мүмкін «Кузнецов» сияқты.
3) Әкесінің аты.

Негізі орыстар-қазақтар дейтіні жоқ барлың елдерде ондай үрдіс болған. Дәлел:
— Әб Әл фараби
Gastarbaiter
Идит: Абу Наср Әл Фараби
konvict
Жүсіп Баласағұн, Махмуд Қашқари, М.Х Дулати, Әл Хорезми, тізе берсең көп қой ондайлар
Gulistan
Сатыбалды, Қазақтар Қажығұмарды дәл сендей мадақтамаған болар.
patick
Ия, славяндарда фамилия тұрған жеріне, лақап есіміне, т.б. атауларға орай қойылып кеткен. Кезінде сауатсыз мұжықтарды құжаттаған кезде:
— Кімсің? — деп сұрайды. Мұжық:
— Иван.
Құжатшы:
— Қайсы Иван?
— Жұрт мені қолы жоқ Иван дейді.
— Онда Безруков боласың.
Сөйтіп, бүкіл үрім-бұтағы Безруков болып жалғаса береді.
satibaldi
— Гоги!
-Здесь!
— Гоги!
-Здесь!
-Гоги! Гоги!??? Черт подери, опять его несет где то! © «Rrrrrrr!!!».
konvict
Оффтоп: Орыс елі туралы әңгіме болып кетті ғой. мен тілі туралы бір сұрағым бар. Неге осы орыс тілінде көпше түр әр түрлі жасалады. Мысалы: пес-псы, рот-рты, кот-коты, неге кот кты болмайды? Шынымды айтсам мен үшін қиын бұлар үйренуіме
meirzhan
Орыс тілі грамматикасын оқысай.) Мен нақты заңдылықтарын білмейді екенмін. Автоматты түрле айта берем. үндесуіне байланысты.
Gastarbaiter
У рыбей нет зубей деп ұра берем деш
meirzhan
Қазір олай емес, бұрын «нажми» десе, «нажмал, нажмал» деп жауап береді екенмін.
konvict
Лібә, мен әлі күнге солай жауап беремін
e_zhalgas
«можу, можу» (можешь, могу) деген темадағы проблемалар ғой, проблемасы жоқ тіл жоқ  қазақ тілінде де жетеді ондай түсініспестіктер.
meirzhan
Орыс тілі қиын тіл ғой негізі. Қазақ тілі де… Ағылшын тілі де… и ваще тіл деген қиын десем :-)
Орыс тілі шын ең қиыны
konvict
Ағылшын тілінде де тура осындай. ox-oxen, potato-potatoes, child-children…
meirzhan
Иә, оларда айтылуы бір басқа, жазылуы бір басқа. Өздері де бұл туралы әзілдейді. ұмыт тұрм әзілін
qisyq
Уахахахахахаха)))))))) Әзілің жарад на!)))))))))
meirzhan
әзілді айтпап едім негізі.
менің де кейде кейбір әзілдерге күлкім келмейді. Бірақ "әзілің жарад" деп әжуалаған емеспін.
qisyq
Әзілді айтпағаныңды түсіндік. Алайда, пікіріңнің астына жазылған сөзді әжуә, сықақ, іліп шалу, аяқтан тарту, қанаттан қайыру деп түсінсең, ол менің олай түсінгенім деген емес қой Еш әжуа жоқ, сенің аса кең пейілді, дархан көңіліңнің қалжыңы деп түсініп, жалғастырмақ едім.
Сенің де кейде кейбір әзілдерге күлкіңнің келмейтіні қалыпты дүние ғой.
Esmeralda
ең қиын тілдер қытай тілі, араб тілі, жапон тілі, орыс тілі болып саналады екен:-)
meirzhan
Соның 4-сін меңгерген біз мықтымыз.
Zilola
лгу мен лжу, лгет пен лжет сияҚт ғо
e_zhalgas
мәәә, не деген проницательная едің
meirzhan
Жалғас, бүгінгі комменттерің бұрынғыдан өзгерек. Обедсіз отырған жоқсың ба случайны)
Zilola
біздің мектепте де орыс тілі деген сабақ болды
meirzhan
иә, небір тығырыққа тірейтін сөздер болады ғой
konvict
Мен оқып көргем, склолнениелер миымды шайқап жіберген етін
meirzhan
Орыс тілі мұғалімі кезінде талап қоймаған ғой. Біздегілер өлтіріп оқытатын. Даже қазақ тілін ысырып қойып.
Zilola
Қай облыс, қай ауданнансың?
konvict
Батыс қой,: жүрегім көтерілді:
meirzhan
Шығыс Қазақстан облысы
Zilola
онда мынау точно
Орыс тілі мұғалімі кезінде талап қоймаған ғой. Біздегілер өлтіріп оқытатын. Даже қазақ тілін ысырып қойып.
meirzhan
Мен солт, бат, шығ-тағы обл-тың кез-келгенін атасам да «онда мынау точно» деуге болады, Зилола
Zilola
жөғәәә, біздің ауылда орыс тілі мұғалімі орыс тілін білмейтін десем сенесің бе?
e_zhalgas
сенемін! өзім бір-екі рет куә болғанмын
meirzhan
мамандығы математик шығар
Кейбер жерлерде солай ғой. әмбебап мұғалімдер
Zilola
жоооқ, ауылға бір қызды алып қашып келеді, ал оның мамандығы ауылда жоқ, енді не стейд, мұғалімдікке оқыбатр сырттай деген құжат табады да мұғалім бола салад именны қай мұғалімнің орны бос сондай боп ))
konvict
Мен үй тапсырмаларын мамама орындатып алатынмын және не айту керек екенін жаттап айтып беретінмін. Рас онша қыспады бізді. Акцентке мән бермейтін
meirzhan
Ешқашан кеш емес.
konvict
Қазір тілімді бұрап орысша үйренгім келмейді. За то рахат, түсінбеймін деп ұра бересің
meirzhan
Жындысың ба. Небір мысалдар-әнектер бар ғой, тілді түсінбей неше түрлі жағдайлар болатын. Бір күні бір қазақ 03-ге звандаған ғой, сйөтсе трубка ар жағынан орысша сөйлейді дид. Қазақ қара терге түсіп түсіндіре алмай әбігерге түсіпті дид. Қысқасы, 2 тілді де білу керек әзірше. одан кейін ағылшынша және қазақша ғана сөйлейтін боламын, Алла жазса.
konvict
Менде ондай жағдайлар болып тұрады. Мен орысша білмейтінімді айтып, маған қазақша сөйлеуін талап етемін
meirzhan
Мен кейде қырсығып солай істеймін, түсінсем де. Бірақ негізі олай болмайды стеуге
sammita
ол трубканың арғы жағындағы адамның проблемасы ғой.
Бірақ бұным тілді білме дегенді білдірмейді.
Сәтсіз мысал.
meirzhan
сен тағы түсінбедің. орысша білмей 03-ге звондайд. И түсіндіре алмайды. сөйтіп the end болады. хэппи емес бірақ.
sammita
Орысша емес қазақша айтсын деймін. Түсінсін-түсінбесін ана адамның проблемасы.
сен тағы түсінбедің
сен ғана ақылды сияқтысың ғой.
meirzhan
Орысша емес қазақша айтсын деймін. Түсінсін-түсінбесін ана адамның проблемасы.
Өліп бара жатыр адам, дәрігерлік көмек керек болып, сонда тәжікелесіп тұрмайды ғой, 03-ге "қазақша сөйле" деп. жан қысылғанда оны ойламайды.

кім сол жазудан нені түсінгісі келеді соны түсінеді. мен кейбір адамдар сияқты «кетшіәй» деген емеспін.
sammita
мен жақтырмаған адамға айтам солай.
meirzhan
мен де айтқым келіп тұрады. Бірақ айтқың келгеннің бәрін айтуға болмайды деген ой ұстап тұрады. оффыр-топыр болды. тақырыпты «боссың» деген ұлағатты сөзбен жабайық.
sammita
маған пікір жазу азабынан босаттым сені©.
meirzhan
пікір жазған сен болатынсың. Мен жауап бермеуді «кетшіәйдан» да асқан дөрекілік санадым.
madlen
Склонение оп-оңай и қызық, конвикт.
Орсы тілі жалпы әдемі, бай, мағыналы тіл. Shame on u!
blackbeard
Әлі мысық мінезіңді көрсетіп жатырсың ба, @konvict?
konvict
: кетнақ: мысық мінезімді сен Таразға келгенде көрсетем: ызаландырдым:
konvict
Ин май майнд итс шейм уен ай доунт ноу лангуаж уич из май натив
meirzhan
ағылшын мен түрік тіліне жүйрік адамға орыс тілі сөз боп па
madlen
I'm sure u'r native lang. is excellent! But it's not what mean!
Өзінше болмаш сенен басқа адам орысша білмейм десе таң қалмайм ғой. Сен талантливый мальчиксің ғой, постарайся деватырм саған!
konvict
мәәә, мына сөздерден кейін Ожеговты жаттап алу керек шығар.
e_zhalgas
мальчиксің дейді
Esmeralda
Орыс тілінде көпше түрдің өзі 3-ке бөлінеді:
1.сөздің незізгі түбірі сақталып жазылу: стол — столы; паук — пауки; шкаф-шкафы.
2.сөз түбіріндедауысты дыбыстың түсіп қалуына байланысты: носок — носки; рот — рты; пень — пни.
3.дауыссыздардың кезектесіп келуі: ухо-уши
Ескерту: көпше түрді керек етпейтін сөздер: сахар, бензин, земляника, молоко, асфальт. Есіме түскені осылар))
meirzhan
Конвикт, жаз, жазып ал.)
konvict
кот пен рот-ты айтшы. екеуінің де жасалуы бірдеу ғой
Esmeralda
бұл жерде орыс тіліндегі ударениелерге де байланысты, ударениеге байланысты сөз мағынасы өзгеріп отырады. Сосын «ауыздар» мен «мысықтар» деген сөздердің заттық мағынасында да айырмашылық бар:-)
konvict
шынымды айтсам түк ұқпадым.
e_zhalgas
орыс жазушыларының кітаптарын оқу керек, сонда грамматика да қажет болмай қалады. орыс тілінің жүйелік құрылымы автоматты түрде санаға сіңген соң, грамматиканы білмей-ақ сауатты жазуға болады.
a63a1
ЫХХХХАХАХАХА сахары, бензины, земляники, молоки, муахахахаахахахахахахах осылай болса охх столдан ауып түстім
Nurgisa
@Erbolдың пәмилья туралы «ашқанын» тіл ұстарту курсына айналдырып жібергендеріңе жол болсын

Айтпақшы, сүйікті сайтымызда орыс тілі сағатын қайта жаңғырту қажет сияқты ма, жіктеу-міктеуді реттестіріп алу үшін…
Zilola
Айтпақшы, сүйікті сайтымызда орыс тілі сағатын қайта жаңғырту қажет сияқты ма, жіктеу-міктеуді реттестіріп алу үшін…
Бұл пікірге қосыламын, қайта сабақтап алайық
meirzhan
@Erbolдың пәмилья туралы «ашқанын» тіл ұстарту курсына айналдырып жібергендеріңе жол болсын
Конвикттің жеңіл қолымен
Esmeralda
орыс тілін қолдау емес қой бұл жазғанымыз, мен өзім білмейтін сұрақтарды (қай тіл болса да) сұраудан ұялмас едім))
e_zhalgas
білмейтін сұрақтарға жауапты gramota.ru сайтынан білсең болады
Esmeralda
рахмет, ол орыс тілінің сайты емес пе(орыс тілін жақсы білем), маған қытай тілінің грамматикасына байланысты сайт керек ед)
e_zhalgas
қайдан білейін, орыс тілі сөз болып жатыр еді мына жерде )))
meirzhan
орыс тілін ептеп қорлап алатынымыз да жоқ емес
qisyq
Вот, Ғосподи, нашелся-таки… Куды смотрел, коғда я тут ғлотку рвал, дохазывал, что русский язык, а значит… а ЗНАЧИТ (!) и казахский принадлежит народу, понимаешь нароооду, а не ғруппе бездарных чиновников! Тьфу, ты, конвихт, уйди отсюдова!
konvict
Мына сөздерді түсіндіріп жіберетін бір пұсырман табыла ма екен
Esmeralda
смайликтерді қайдан алдыңыздар, мен таппадым)))))
Zilola
бұрынғы әдетше символдардың тіркесі смайлды жасай алады
e_zhalgas
мынау анықтаманы ақпараттық технологиялар сөздігіне кіргізу керек қой
Zilola
рас нәрсені ғана жаздым ғо, онысыз да белгілі нәрсені жаңалық қылып қайтемін Жалғас ))
Esmeralda
енді түсіндім, коп рахмет)
Maya
Ой орыс тіліне мен де шорқақпын. Туысқан ағам ұялмай сөйлей береді. Өткенде мейрамханада тойда отырдық, бір кезде суретке түсіретін қыз (орыс) келіп столдың жартысын суретке түсірмек болды, сонда төр алдында отырған ағам мені де қосып түсіре салшы деп айтпақшы болып — «Возми меня собой девушка» демесі бар ма? Еще біраз ары тұр дегенді — «Чуть-чуть иди отсюда» дейді. Ал үйіне қателесіп телефон шалған адамға — «Это не твой адрес» депті. Біз күлкіге қарық болып қалдық.
meirzhan
«Чуть-чуть иди отсюда»
konvict
Тимати өз туралы жазылған посттың орыс тілі туралы талқыламаға айналып кеткенін естісе не болар екен
konvict
Ой мен қуып кетіппін
Gastarbaiter
Е-е-е өстіп тағы бір күнді пайдасыз өткіздік деңдер…
satibaldi
XXI ғасырдың орта шенінен кейін адамдардың фамилясының орнына — Глобалды Гендік Идентификатор кодын жазады деген сыбыс бар. Мысалы @KILYZAMAN — 666.
Aizhantabyn
птичкины и рыбкины — евреилер))) Кажись Петрдің шешімімен солай болған ғой деим)
satibaldi
Менің шешіміммен Сізді госпожа Медведева деп кетсек қалай?
Aizhantabyn
Ал сіз Асқабақбаев десек ше, менің шешіміммен?
satibaldi
Бұл жерде қиын боп тұрғаны: сенің шешімің — менің шешімім емес қой. Әйтпесе келісер едім.
Aizhantabyn
сіздің шешіміңіз — Петрдің шешімі емес қой… Петрдей патша болсаңыз, мен бір сүмелек еврей болсам, хоть Какашкина десеңіз де көнер едім.
satibaldi
Бірақ Петрді мендей бола алад деп кім айтты, гәп сонда ғой. Очм, госпожа Гризли, жаңа лақабың құтты болсын.
Aizhantabyn
Мистер «Ту мач бла бла бла» сіздің де жаңа есіміңіз ұзағынан сүйіндірсін))

Неге Гризли? (Алматты танисыз ба не?)
satibaldi
Алматты танымай жын ұрып па! Ішпейтіні болмаса, жақсы жігіт.
Gastarbaiter
Буахахааха… Гималайлық Табын Аю әзілдің төркінін түсінбесе керек. Фетиш Қонжығыссс))))))