"Оққұм" қаласының орнына бардым

Осыдан екі күн бұрын ауыл жаққа бір күнге барып қайтқанбыз. Мейрамымен құтықтап, түгендеп дегендей. Қайтарда жолай «Оққұм» қаласының орнына соға кеттік. Қала төрт бұрышты етіп жасалған. Жамбыл облысы, Байзақ ауданына қарасты. Бостандық-Тегістік тас жолынан екі шақырым батысқа қарай орналасқан. Сарыбарақ ауылынан 15 шақырым қашықтықта. 7-12 ғасырға тиесілі. Толық зерттеу жүргізілмеген. Ең алғашқы зерттеген француз туристі, әйел адам. аты есімде емес. Кіре беріс қақпасы шығысқа қараған екен. Екі қабатты етіп қорған тұрғызылған. Бірінші қорғанның алдын ор қылып қазыпты. Сыртында үлкен төрт мұнара, ішінде үлкен бір мұнара болған секілді. Бірінші қорғаннан соң қарапайым қалық тұрған секілді. Ішкі қорғанда хандары тұруы мүмкін. Очм көрген адамға осылай әсер етеді. Бұл қала орнына бірінші рет келуім. Сол жерден құмыра сынықтарын тауып алдық.

Қаланың орны алыстан қарағанда

Ағам мен жеңгем және бала-шаға

Құмыра сынықтары

Құмыраның табаны

Кірпіш
Бөлісу:

4 пікір

Zilola
Қай ауданда орналасқан? Қай ауылға жақын? ең жақын ауылмен ара қашықтығы неше шақырым?
konvict
Жамбыл облысы, Байзақ ауданына қарасты. Бостандық-Тегістік тас жолынан екі шақырым батысқа қарай орналасқан. Сарыбарақ ауылынан 15 шақырым қашықтықта. 7-12 ғасырға тиесілі. Толық зерттеу жүргізілмеген. Ең алғашқы зерттеген француз туристі, әйел адам. аты есімде емес.
Zilola
рахмет
Енді түсінікті болды, әйтпесе басы жоқ, аяғы жоқ еді
konvict
Сорри, есімнен шығып кетіпті жазу.