О, Мейрамбек, тоғыз әріп бір арман!
Мына төмендегі өлеңдерді сүйіп тыңдаймын, өлеңнің атын білмесем де сөздерін осында ілуді жөн көрдім.
1-ші өлең
I Қарағым-ай қанбаймын қылығыңа
Ғашық еттің еріксіз жылуыңа
Қос жанарым байланып қалды ме екен
Толқыған бұрымыңа
Амалсыздан шөлдедім шырыныңа
Жүрегіме қарашы сыр ұғына
Дамыл таппай алқынған асау жүрек
Ілінді құрығыңа
Қарағым-ай, ерке маралым-ай
Елітеді жанымды жанарың-ай
Қарағым-ай, қимай қарадың-ай
Жалыныңа өртеніп барамын-ай
II Сүйкімдісің ұқсайсың балапанға
Сені ойлаумен жетемін ала таңға
Дәл өзіңдей сұлуды періштедей
Жаратқан жаратар ма?
Еркеледің ұнаған бар адамға
Көгершінім қонсаңшы алақанға
Жұлдыздардан берейін алқа тағып
Шығарып Алатауға
2-ші өлең
Көздеріңмен құрық салдың
Тұтқындадың, тұрып қалдым
Сенсіз жүрсем, жетер қайғым
Енді өзіңнен кете алмаймын
Жанарымен қамауға алған
Сендей сұлу талайға арман
Сол жанардан сырандаймын
Шедерлеулі шұбардаймын
Қарасымен өттің шарпып
Қорғасындай кеттім балқып
Сенсіз қалай өтер ай күн
Енді сенен кете алмаймын
1-ші өлең
I Қарағым-ай қанбаймын қылығыңа
Ғашық еттің еріксіз жылуыңа
Қос жанарым байланып қалды ме екен
Толқыған бұрымыңа
Амалсыздан шөлдедім шырыныңа
Жүрегіме қарашы сыр ұғына
Дамыл таппай алқынған асау жүрек
Ілінді құрығыңа
Қарағым-ай, ерке маралым-ай
Елітеді жанымды жанарың-ай
Қарағым-ай, қимай қарадың-ай
Жалыныңа өртеніп барамын-ай
II Сүйкімдісің ұқсайсың балапанға
Сені ойлаумен жетемін ала таңға
Дәл өзіңдей сұлуды періштедей
Жаратқан жаратар ма?
Еркеледің ұнаған бар адамға
Көгершінім қонсаңшы алақанға
Жұлдыздардан берейін алқа тағып
Шығарып Алатауға
2-ші өлең
Көздеріңмен құрық салдың
Тұтқындадың, тұрып қалдым
Сенсіз жүрсем, жетер қайғым
Енді өзіңнен кете алмаймын
Жанарымен қамауға алған
Сендей сұлу талайға арман
Сол жанардан сырандаймын
Шедерлеулі шұбардаймын
Қарасымен өттің шарпып
Қорғасындай кеттім балқып
Сенсіз қалай өтер ай күн
Енді сенен кете алмаймын
5 пікір