Өлмес МакКлейн бесінші рет экранға шықпақ

Comingsoon.net сайтындағы сыбыс бойынша, «Крепкий орешек» (Die Hard) фильмнің бесінші бөлімі түсірілгелі жатыр дейді. Фильмнің қалай аталатыны әзірге белгісіз*.
Фильмнің режиссері ретінде Джон Мур (Макс Пейн) бекітіліпті. Фильмнің Скип Вудз (А командасы, Х-адамдар) жазған сценарийінің жобасы бойынша, Брюс Уиллистің кейіпкері мен оның ұлы Ресейге барады екен. Оқиғалар сол жерде орын алмақ.
Басты рольді Брюс Уиллис ойнайтыны белгілі болғанымен, оның ұлының ролін кім ойнайтыны әлі белгісіз екен. Оның үстіне, фильмнің басқа бөлімдерінде тек қызы бар еді, ұлы бірінші бөлімде қысқаша ғана көрсетіліп (актер Ноа Лэнд бала кезінде ойнаған), ол туралы сөзді төртінші бөлімде аяқ асты ойдан шығарып қоса салған екен.

Опшым, көреміз, қалай шығады екен

*Фильмнің екіншісінен басқа бөлімдерінің түпнұсқа атауында нөмір жоқ. Әр фильмнің аты әр түрлі. Мыс.: Die Hard, Die Hard 2 немесе Die Harder, Die Hard With A Vengeance, Live Free Or Die Hard.
Бөлісу:

3 пікір

omarbirat
Фильмнің қалай аталатыны әзірге белгісіз*.
деген екенмін. Википедиядан көзім шалып қалған мәлімет бойынша, фильмнің аты «Die Hard 24/7» болады-мыс.
Doctor
Брюс Уиллистің Крепкий орешек киносының 4-еуін де көрдім! Әсіресе 4-сі қатты ұнады! Бесіншісін асыға күтемін!
Abilakim
Тікұшақты машинамен қағып түсіріп" Оғым таусылып қалды" дейтін жеріне ырза болған ем