Gmail жүйесінде тегін SMS жолдау

Жеке поштам Gmail жүйесінде. Бүгін әкімгерлерінің опциялар қатарына тегін SMS жолдауды қосқанын байқадым. Сол бағанадғы мәзір ішінде «Send SMS» арқылы толық телефон нөмірін көрсетіп (+7701XXXXXXX) форматында жазып, байланыстағы адамның аты-жөнін көрсетіп жолдауға болады екен. Әзірше Kcell/Activ нөмірлеріне ғана жолданатын сияқты, Beeline нөміріне жолдағаным кетпеді. Тегін SMS саны шектеулі, бір эккаунттан 50 қысқа хабарлама жолдау мүмкіндігі қарастырылыпты. Сынап көріңіз!
Бөлісу:

27 пікір

Nurgisa
Өз поштасын Gmail'де ашуға итермелейтін жақсы ПиАр қадам, меніңше.
Onlasyn
Примечание. В зависимости от тарифного плана, которым пользуется ваш контакт, с него может взиматься плата за получение текстовых сообщений.
sammita
Майл.руда бар ғой тожы.
Nurgisa
Ол жерде не жоқ десейші. Мейлруды аса қолдана бермейді екенмін, өз басым қауіпсіздігіне күмәнмен қараймын.
sammita
алғашқы пікіріңе жазғаным ғой.
Nurgisa
Мейлруда бір сурет орналастырғанымда жалаңаш қыздар қаптап кетіп, баға қойып кеткен. Бәтшағарлар. Шошытты, болса да. Ақырын жүріп, анық басуға тырысам мәселе суретке келіп тіреле қалса.
sammita
жігіттерге ондайлар көп үйір екенін мен де байқадым. Баға + пікір жазады
a63a1
менде мындайлар қаптап жүр, күнде келед
meirzhan
рас, соңғы кезде осындайлар көбейіп кетті. сайт әкімшілігі шара қолданбаса школолодан басқа ешкім қалмайтын түрі бар.
balzaminka
kaupsizdigi tomen wynymen de, bolawakta koyamn go dim agentti
satibaldi
Арақты қоятындардың уәдесі сияқты үмітсіз естіледі екен.
balzaminka
hehe, ant-su iwein, ollyahi-billayahi deu kaldy ma endi
a63a1
Осы қауіпсіздігіне неге шамданасыңдар? "Құпия грифімен" деген құжаттар сақтамайтын шығарсың? Ондай болмаса несіне қашасың агенттен?
satibaldi
Негізі шынымен, қауіпсіздігі аздап құсықтау. Құпия грифімен жазбағанмен, мысалы, қатындарға жазып жүрген хатыңды біреу оқып жүр деп ойлағанның өзі қызық қой нақ. Құпия грифімен жазбасасаң, әкел бере қойш поштаң мен пароліңді. Жарасың нақ лібә.
a63a1
бұзып ал, сосын оңды-солды шайқай бер майы шыққанша. Азар болса жаңасын ашып алам Сатеке
satibaldi
Керемет позиция. 1914 жылы сен ұлы генерал болар едің, әттең.
a63a1
Әттең өз заманымда тумағаныма өкінем.
satibaldi
Мен де сен үшін қ ам жеп қалдым.
a63a1
Көттім уәй лібәә кеттім араққа, құрғақтай жи берме мен кәз келем.
saken
тексеріп көрдім. Жақсы екен. Тіпті соткіден жауап жазуға болады екен. Сосын ше… жауап жазған кезде жіберген СМС көлемі қайта келеді екен
Khan
соңғы кездері Gmailде файлдармен жұмыс істеу қиындап кетті. Тегін қол жеткізген 7Gb жәшігім толып кетіп және 20Gb кеңістікті 5$ға сатып алып едім, ішім күйіп жүр.

Мәселе, gmailда емес windowsта дейді. linux пайдаланатындарыңда бұл мәселе қалай екен?
meirzhan
джиэйл арқылы вордты қабылдай алмадым жақында
Nurgisa
Иә: download жасамағанымен, upload жасайды, есесіне. Сонысы қызық.
meirzhan
иә, беруді ғана біледі джимэйл. джимэйлға емес, джай мэйлге жібермесе, ешкім қабылдай алмайды да оны.
Khan
Есесіне View арқылы келіп тұрған файлдарды ашып қарауға болады. Алайда, қызықтың көкесі келіп тұрған файлды сол күйінде компьютерге көшіріп алу үшін MailRuдағы поштама Forward жасағанда болып тұр
Nurgisa
Бүгін байқадым: заңдағы кейбір талаптар себебімен www.google.kz нарықтан кеткенін жария қылып, одан бері www.google.kz деп тергенімізді сыпайы түрде www.google.com'ға қайта бағыттап отырушы еді. Бүгін www.google.kz жұмысын қайта жаңғыртқанын байқап отырмын.
Milzhyng
1-2 аптадай солай сияқты.