ҚАТЫН керек пе, ӘЙЕЛ керек пе?

Біздің жұртта нәзікжандыларды күйеуге шыққаннан кейін қатын деп атаған. Ол сөзді көбі ерсі сөз ретінде ұғынып жүр. Қатын байырға қызақ тілінде ҚҰТЫМ деген мағынаны берген. Уақыт өте келе дыбыстардың ассимляциялануы барысында ҚҰТЫМ сөзі Қатынға ауысыпты.
Ал, қазір Әйел деген сөзді әспеттейтін болдық. Әйел сөзі парсы тілінен алғанда ЖЕЗӨКШЕ деген мағына береді дейді тіл мамандары. Бірақ, көбіміз әлі күнге ҚАТЫННАН қашып, әйелді ардақтап жүрміз. Не істейміз???
Бөлісу:

65 пікір

Abilakim
Не істейміз???


Жезөкшемен не істеу керегін біз үйретпей-ақ қояйық…
meirzhan
Қатын сөзі парсы тілінде түн ләззаты дегенді білдіреді деп оқып ем.

Мына жерден де осы туралы бар екен. Тақырыптың боян болғаны ма.
Әйел парсы тілінен алғанда әййәл “сайқал” деген мағына білдіреді.

Қатын араб тілінде хатун “таң нұры”, ал парсы тілінде қатун “түнгі ләззаты”.

Бәсе өзбек ағайындарда қатын-қыздар деп сөйлейді, негізінде өзбек ағайындарда сөздердің 70-80 пайызы арабшадан енген. Ал енді біздерде қатын деген ерсі көрінеді. Әйел деген сыпайы болганмен, мағынасы сайқал деген ерсілеу сияқты. Қатынның мағынасы дұрыс сияқты. Қыз- келіншектер не дер екен?

Дереккөзі
saken
Қырғыздар қыздарына Сайқал деп ат қоятына не айтар екенбіз?
meirzhan
Сөздің мағынасы уақыт өте келе өзгерген шығар. Әйтпесе қай ұлт ұрпағын жаман болсын дейді.
meirzhan
Осындай сөздер көп қой. Мысалы, филолог-ғалымдар: «паш ету» деген сөздің жаман жақты білдеріді" дейді. Адам белгілі бір іс-әрекеті арқылы жаман адам екенін паш етті дегендей.
e_zhalgas
"ҚҰТЫМ" дегенді бірінші рет естіп отырмын, «Хатун» араб-парсы сөзі  мағынасынан онша хабарым жоқ екен!
e_zhalgas
сосын, "ҚҰТЫМ" деген сөз қанша дыбыстық ассимиляцияға ұшыраса да "Қатын" болып деформациялануы мүмкін емес сияқты. Қарапайым логика!
TERISKEY
" Қатын байырға қызақ тілінде ҚҰТЫМ деген мағынаны берген. Уақыт өте келе дыбыстардың ассимляциялануы барысында ҚҰТЫМ сөзі Қатынға ауысыпты." — derek kozine silteme bere ketwi???
Nurgisa
Қасымолжас, сұрағыңа өзің жауап бере қойшы: Саған қатын керек пе, әйел керек пе?
Gastarbaiter
Қатын сөзі грубо естілед дейді қыздар. Соған қарағанда, жігіттер қатын сөзі грубо айтады. Өзіміз кінәлі.
Қатын деген сөзді ерекше жылылықпен айта білу керек.
"қхххаттын неме!" десең әрине бәрі жиренет.

"Қатыны сол, қатекем сол" десең басқаша естіледі. Әйелдерге қандай сөз пайдаланғаның сайып келгенде поқу. Тіпті жезөкше деп айтсаң да. Олар сенің сөзге қандай мағына беріп, қандай арам/адал ниетпен айтқаныңды тембріңнің өзгеруінен, бет-әлпетіңнің мимикасынан ақ түсінеді.
Және бәрі қарым-қатынасқа байланысты.
Талай қыздарға, «Прелесть моя» дегенде көт-е-еен болып «Я не твоя прелесть!» дейтіндерді және «Ах, ты засранка маленькая» дегенде ерніне қан толып, демі жиілеп, бетінің ұшы қызарғандарына куәлік бар.
Nurgisa
Әйелдерге қандай сөз пайдаланғаның сайып келгенде поқу. Тіпті жезөкше деп айтсаң да.

Тәәәк… Қандай әйелдермен әбщение ұстап кеткенсің, Асқаржан?
Gastarbaiter
Әйел мен сөзде тұрған ештең ежоқ, мәселе қарым-қатынаста.
Боқтап отырып сүйгеніңді білдіруге болады, мақтап отырып салқындығыңды көрсетуге болады.
e_zhalgas

әрібі көп комментіңді оқып отырып, өзбектердің "қатын" сөзін айту тембрін еріксіз ести алдым
Gastarbaiter
Бірдеңе қосайын, айтылғанға.
Оңашада зайыбыңды қалай атасаң да, көпшілікте атын атаған немесе пәленшекең деп атаған дұрыс деп ойлаймын. Әкемнен көргенім. Сол дұрыс сияқты.
Meru
Қатын сөзі грубо естіледі, әйел деген сыпайырақ естіледі деп жүрсем, мағынасы ужс(( оданда есімімен атаған жақсы.
Nurgisa
  
Аршаттың «Ер болып туғаныма қуанамын» деуінің мәнін енді ұғынғандаймын
Қыз-келіншек деген жақсы тіркес бар ғой осы.
boztorgai
нұқыл бомаса женам деңдер
Kasymolzhas
Маған қатын керек Нұрғиса Саған ШЕ?
VKM
жаным деген дұрыс сияқты)))
Onlasyn
Жан-қатыным
Onlasyn
деп па…
VKM
бүлдірдіңіз бәрін...әп-әдемі жаным деген сөзді)))
Onlasyn
Қасым Олжастың «пәлсәпәсі» бойынша ғой
VKM
хехе… Қасым Олжас тағы нені бүлдіреді екен деген өмір дейсіз ғой…
Khan
Қай қайсынан да аз-аздан болып тұрса кедергісі болмас еді
Aizhantabyn
Мәссағанда әдемі бар қыз бар еді (Гаста, есіңде ме, вечно ұрысып жүретін едіңдер же?), сол қыз "қатын«ды жақтап, мен оны қоштап жүргем. Негізі, біздің үйде қатын деген сөз еш уақыт анайы, дөрекі контекстпен айтылмаған, қайта әйел сөзі көбіне „ну әйел ғой, че с нее взять“ деген мағынада қолданылатын. Әр кімнің көргені мен естігеніне байланысты екен ғой…
Gastarbaiter
Гаста мәссағанда болған емес
Aizhantabyn
ах да, Грин Дог мырзаға деп, шатыстырып алдым ғой)
Gamk
Хатун деген арабша емес, көне Түркі сөзі емес пе? Қатын деп айтқан дұрыс. Ерсі емес ешқандай.
meirzhan
Меніңше ерсі естіледі көп ортада, көп жанұяларда. «Базардағы қатындар» деген тіркес те бар.
Gamk
Ерсі ғып қабылдайтын да, жағымсыз ғып айтатын да өзіміз. Сондықтан жақсы жағынан қарастыр. ))
meirzhan
Иә, айту интонациясы деген нюансты Гаста айтты.
izbasar
ҚАТЫН деген жақсы ғой қатындарымыз риза болсып отыратын, дәрежеміз өсіп қалды дейтін.
AL-ASTER
Мейлі қатын, мейлі әйел болсын, мен үшін екеуі бір мағына. Бастысы — осы атауға алғаның лайық болса болғаны.
ken
Kuieu kerek pe, bai kerek pe?
VKM
бір красавчик керек енді
Serzha
бұрын өзге тілде жаман мағынада болды деп одан бас тартуымыз керек пе?
satibaldi
Әйел сөзі парсы тілінен алғанда ЖЕЗӨКШЕ деген мағына береді дейді тіл мамандары.
— Ахмадинежад, танысып қойыңыз: мынау менің әйелім!
— Ма*маа…
balzaminka
неліктен жұбайым, болмаса жолдасым демеске? Зайыбым деген де бар ғой
satibaldi
Неліктен ештеңе демей-ақ, «анау» деген есімдікпен құтыла салмасқа?
balzaminka
мынау, ол-да бар
satibaldi
Түбінде өлетін болғасын — қандай дыбыспен әспеттелгеніңнің не маңызы бар?
balzaminka
ия, түбі өлетін болғасын өмір сүрүдің қажеттілігі де жоқ сияқты
satibaldi
Жоға, өлім — тек өмірдің финалы ретінде маңызы бар дүние ғана. Өмір сүру керек, бірақ анау-мынау шарттылықтармен тас ауыртпаған жүн сияқты.
balzaminka
міне көрдіңіз бе, өмір сүру керек екен, ал сол өмірдегі серігіңізді серігім, жарым демеске?
satibaldi
Жар деп біздің жақта қабырғаны айтады. Жау жоқ деме, жар… Басқа мәнге ие болайын деді ме бұ мәтел, әнасс…
satibaldi
ал сол өмірдегі серігіңізді серігім
Серік деп біздің жата досты айтады. Сосын әрине — Серіктерді кейде серік деп айта береміз…
balzaminka
дос дегеніңіз құрдас пен жолдас емес пе?
satibaldi
Жолдас дегенді өзің әйелдің синонимі ретінде беріп отырған жоқсың ба енді?
balzaminka
әйеліңіздің өзіңізге өмірлік серігіңіз бен жолдасыңыз болғанын қаламайтыныңыз көрініп қалғандай ма, қалай өз?!
satibaldi
Әрине. Қызық қой нақ: әйеліңнен зайып ал шығып… әйеліңе барып шағымданып жүрсең???
balzaminka
мәәә, ер кісілер де сондай ма не???
Gastarbaiter
Білә, жыным келеді жап жас жігіттер әйелдерін «Мынау менің жұбайым», «мынау менің зайыбым» тфунақ, зайып алы шыққыр еште.
Әйелді молодожен болсаң келіншегім дейсің, біраз жыл болса жолдасым, деуге болады. Ал жұбайым деген сөз Мырзам деген сөз сияқты өте сирек жағдайда, той-томалақта пайдаланбаса құны кетеді.

Әйелді күніне жүз рет Ханым, Ханшайымым, Періштем деп айта берсең, ол сөздер де "қатын" сияқты обыденный/дәмсіз сөздерге айналады.
balzaminka
жының келсе айналып өт, кім қарсы?
Gastarbaiter
Айналып өте алмай қалдым деп пе едім не?
balzaminka
айтпасаң да солай сияқты
Gastarbaiter
Сенің фантазияларыңмен таласа алмаймын енді.
balzaminka
менің фантазияма тиіспей, өзің жазған комментке қарасаңшы.
Кстати, фантазиямды Гаста айнала алды, алмады деп құртпайтынымды есіңе салғым бар
Gastarbaiter
Қарадым, вроде менің пікірім ғана бар Бұл сайтқа өз пікірімді жазу бостандығын пайдаланғанымды көп көргенің бе?
Kazanova_Jakomo
Қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен қосындының мәні өзгермейді! Бұл күнде бәрібір емес пе? Қатын не, әйел не? Флудилкі жалпы айтқанда.
Erkekyz
Мен өскелі естігенім папам мамамды «біздін кемпір» дейді .