Үй болудан бұрын үйлену қиын.
Группамда менен өзге он қыз, оның екеуі тұрмыс құрған, бір-бір ұлдары бар. Сегіз қыздың ата-аналарының рұқсатымен, енді сол кісілердің таңдауы ғой, жүріп жүрген жігіттері бар. Бәрі де оқуды бітіргендерін күтіп жүрген жағдай :). Болашақ күйеубалдармен танысу бақытына ие екенімді айтып кеткім келіп отыр :). Сол көп күйеубалдардың бірі, Сугу жайлы айтып берсем қарсы болмассыздар деп ойлаймын.
Сугу осы Ченнайда қызмет жасап жүрген, ашық мінезді, өмірі жадырап жүретін жігіт. Қазақстан қызық па, әлде мені сөйлеткенді жақсы көре ме, әйтеуір көөөөөөп сұрақ қояды. Мен көп сұрақ қойма деп жынданам оған. Ол күліп алады да қайта бастайды сұрақтар легін :) Соңғы уақытта Сугу және Моһана деген жұпты бірге көре алмай жүргенім, Моһана сол Сугудің қызы. Жұмыстан қолы босамай жүрген шығар деп Моһанадан ешнәрсе сұрамаймын да. Кеше сол Моһанам керемет жаңалық айтқаны.
«Сугу басқа қызбен жүріп жүр!» — мен бұған қатты таң қалдым. Неге дерсіз, себебі, бұл жақта болашақ келін мен күйеубаланы ата-аналар таңдайды. Жігіт болсын, қыз болсын қашан ата-анасы таңдап бермей жұп құрмайды. Ал, менің білуімше, Моһананы Сугудің ата-анасы таңдаған. Содан енді апам өзі бастағасын сұрақты жаудырдым, қайдан, кім айтты деген сияқты.
Сугудің ата-анасы басқа қыз тауыпты. Ал, Сугудің өзі Моһананы жақсы көрсе де ата-анама қарсы шықпаймын, осыған көнелік деген екен.
Неге олай болды екен деген сұраққа Моһана өзім де түсінбеймін, былтыр ағам қайтқаннан кейін әкемнің бар байлығы маған қалады, соған қарамағандарын түсіне алмадым дейді.
Сугудің өзінен сұрауға дәтім жоқ, әйтеуір смс жазудан бас тартпай жазып тұрады. Бірақ, бірде-бір смс-да бұл жағдай туралы жазбағасын мен қалай сұраймын, өзі бастаса сұраймын деп дайындалып отырған жайым бар қазір :)
Сөз аяғында, болашақ жарды осы ата-ана таңдаған дұрыс па, әлде еріктің өзімізде болғаны дұрыс па?

Өз ойымша, еріктің өзімізде болғаны дұрыс, әрине қай ата-ана болсын жақсы, көргенді жанұямен құда болғысы келеді. Бірақ екі жастың сезімімен санасу керек қой. Егер ата-ана таңдауымен тұрмыс құратын болсам, бұл уақта бала-шағалы боп отырар едім...))
Бала-шағалы болу құдды бір жаман нәрсе сияқты айттың ғой. Лайым баланың рахатынан құр қалмағай!
— Түйу, папа, оған үйленбеймін, ол — әдемі емес, сосын сеп-семіз
— Қой, за то папасында бір отар қой, үш үйір жылқы, 75 бас сиыр бар. Өзінде трактор, екі жеңіл машинасы бар.
— Папа, қойш дим, үйленбеймін…
— Жап аузыңды, мені ертең қалай асырайын деп отсың, ептібаймайд?!
Осылай мектеп жасындағы баласын пайда табу мақсатымен баулыған адамдарды да көргенмін.
Ата-анаң ең жақын адамың болғандықтан, қанша санаспаймын, өзім білем десең де, олардың берген батасына ештеңе жетпейді. Тіпті, бірге тұрмаймын, үйтпеймін бүйтпеймін деген қыз-жігіттер басы піспегенде, олардың ата-аналарының ақылдылығының арасында жанұялық келіспеушіліктердің талайын ымыраға келтіріп, достастырған ата-аналарды білдіремін. Талай семьялар осы үлкендердің арқасында қарттыққа жетіп немере сүйіп отыр.
Осы жағдайға тура керісінше, тым жақсы отбасы болуға мүмкіндігі бар жастардың басын қажетсіз ренішпен, өзеуара келіспеушіліктермен, әйеліңнің ағасы бүйдеді, апасы бүй деді деп іріткі салып қырылыстыратын ақымақ ата-аналардың да кесірінен талай тым-жақсы отбасылар қираған.
Ақылға салып шешсең біраз нәрсені жеңуге болады. Кейде алғашында жақтырмаған ата-ана таңдаған жарыңды қызынан кем көрмейді, кейде тойда жұбайыңның әке-шешесінің байлығына мәз болған ата-ана уақыт өте келеді өкініп, жарыңды жақтырмай кетуі мүмкін.
Үй болу сырт көзге қарапайым көрінгенмен, оның бір мақалаға арқау болатындай, өз қиындықтары бар:
Көбіне еркек пен әйел жуылмаған тарелка немесе сасық нәски үшін араздаспайды. Оның себептері түпкі тереңде жатады, ол төсек салқындығы, жұбайлар арасындағы кәдімгі ортақ әңгіменің таусылуы (әйелдер еркектің назарын аулау үшін ұрыс бастайтын кездер болады), бір бірінің бала тәрбиелеудегі әдісімен келіспеушілік, және әрине көшбасшылыққа талас (яғни неге менімен санаспайсың? Неге менен рұқсат сұрамайсың? Неге менің атымнан шешім қабылдайсың?) деген мәселелер.
Ал үйлену мәселесі адамды қанша жерден танимын дегеніңмен, бәрібір лотерея ойыны сияқты. Оның да сенің де нағыз жақсы қасиеттерің мен оншамес қасиеттерің отау құрған соң ғана сыналады.
Осы ретте Айнаға қатты қызығам, сондай енем болса ғой деп, эххх, арман-арман
Меніңше, бұл жерде сценарий бойынша қыз аянышты ән айтуы керек.
қыздыңда түснігі қызық кен*
Бала кезіңнен әке-шешеңмен тіл табысып, жақсы қарым қатынаста болуды үйрену керек.
Сонда да айтарым:
адамдар өскенсін көп нәрсені түсініп жатады ғой. Кішкентай балалар сана болмайды ғой: «Е-е, маған әке-шешемен общение болу керек» деп. Олар қалай чувтсвовать етсе, солай істейді. Жүрекпен. Сезімге байланысты әрекет етеді. Инуитивно.
P.S. Қайда барсаң да адам жанының дәрігерлері болған өңшең әжесстер екенсіңдер нақ.