Минут тілі жарты жолын тәмамдап... (Лирика)

***
Минут тілі жарты жолын тәмамдап,
Кеш сағаты шала өлген шағында
Қолдарымыз қабысады амалдап,
Сол бір дүкен кіре беріс жағында…

«Сәлем!» десем, сен жасқана аласұрған,
Мен балық боп, көздеріңе сүңгіп кетем,
Жүрегіңнің түбіне сен жасырған
Қас алмасқа тылсым жолмен жүзіп жетем.

Мықтап ұстап, шынжырынан үзіп алып,
Кері жүзем, енді қайтып келмеске ұрын,
Алақанға асыл тасты үріп салып,
Сыйға тартам, ерініңнен сүймес бұрын.

Сен қарқылдап, қылшық беттен бір иіскеп,
Ұмтыларсың атқан оқтай көкке көздеп,
Күмбезіне аспанның «Еркегім!» деп,
Жазарсың да қойныма енерсің кеп.

Бөлісіп бір шылымды, қосақтасып,
Бақылаймыз, қызарған күнді бүгін,
Шілденің ортасында құшақтасып
Көз ілерміз түсіргенде түн түндігін.

(2011)
Асқар Базарбай
Бөлісу:

4 пікір

Gastarbaiter
Түпнұсқасымен салыстырғанда әлсіз екенін мойындаймын.
***
Когда вечерний час умрёт наполовину,

Когда вечерний час умрёт наполовину,
Минутною стрелой закончив полукруг,
Мы встретимся с тобой у двери магазина,
И накрепко сомкнём ладони наших рук

И на моё «Привет!» ты «Да» ответишь робко
Я ловко заскочу дельфином в омут глаз,
И, донырнув до дна, пройду заветной тропкой
В хрустальный грот, где ты хранишь души алмаз

И, крепко ухватив, его с цепей сорву я,
И пулею наверх метнусь, как снежный барс,
Чтоб протянуть тебе, в преддверьи поцелуя
Искрящийся в лучах магический алмаз.

И ты, захохотав, лизнёшь меня в щетину,
И яркою стрелой взлетишь куда-то ввысь,
И на холсте небес напишешь «Мой мужчина!»,
И скатишься звездой ко мне в объятья вниз.

Мы на двоих одну закурим сигарету
И будем наблюдать, как день уходит прочь,
И, обо всём забыв, мы в самом центре лета
Сольёмся и уснём, когда наступит ночь.

16.07.2002
Л.Долгачев
Пікір түзетілген: 29 тамыз 2011, 13:47
e_zhalgas
үшінші және төртінші шумақтарында әсіресе білінеді екен
Gastarbaiter
Осы стильдегі өлеңдер ұнайд.